Рубрика: Разное

Жасыл шырша жанындағы жақсылық

Пятница, 10 Янв 2020

Қайырымдылық – жанға жылулық сыйлайтын ізгі амалдардың негізі. Мұқтаж жанға мейірім көрсету, жанашырлық таныту адамгершілік асыл қасиет болып саналады. Жуырда жаңа жыл қарсаңында бірқатар кәсіпорын қайырлы істер жасап, қамкөңіл жандарға демеу болды. Тұрғындарды электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырған «Қазэнергоцентр» ЖШС да аз қамтылған отбасы балаларына жаңажылдық көңіл-күй сыйлады.

Жаңа жылдан әр адам ерекше үміт күтеді. Жаңаша тілектер мен ізгі ниеттер тоғысатын бұл мерекеден бүлдіршіндер де тосын қуаныштан күдерін үзбейді. Биылғы мейрамда аз қамтылған отбасылардан барлығы 25 бала жасыл шырша жанында бас қосты. Іргелі кәсіпорын «Қазэнергоцентр» ұжымы жылдағы дәстүрге сай оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін жарасымды жақсылықтың нышанын сездірді. Оқушылар сарайында өткен шырша тойында танымал мультфильм кейіпкерлері балалармен түрлі ойындар ойнап, би биледі. Жаңа жылдың басты кейіпкерлері – Аяз Ата мен Ақшақар тосын сұрақтар қойып, қызыққа бөледі. Кеш соңында ұйымдастырушылар балаларға тәтті сый-қоржындар үлестіріп, қуанышты еселеді. (далее…)

Ертегі еліне шақырды

Пятница, 10 Янв 2020

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан балаларды жыл сайын ескерусіз қалдырмайтын «Нұр Отан» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалының өкілдері Жезқазғандағы «Аялы алақан» және №9 мектеп-интернатына атбасын тіреді.

– Жаңа жылды бала кезден ерекше қарсы аламыз. Ертегі әлеміне еніп, ғажайыптарды күтеміз. Десек те, алдымен, өзіңе сену керек. Сонда армандар орындалады. Бұл жолда Елбасы үлкен сенім артып отыр. Еліміздің болашағын айқындайтын ұрпақ сендер. Оқуда биік жетістіктер мен белестерді бағындыра беріңдер, – деген филиалдың қоғамдық-саяси жұмысы жөніндегі сектор меңгерушісі Сәкен Смағұлов жаңажылдық сыйлық таратып, балалардың жүзіне күлкі мен шаттық ұялатты. Жасыл шыршаның жанында бірлесіп ән салған кішкентай көрермендер үшін дайындалған театрландырылған қойылым ертегі еліне шақырды.

Мира ШАХАТ.
Сурет автордікі.

Құжат алу қанша тұрады?

Пятница, 10 Янв 2020

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда құжат алу қанша теңге тұратынын KAZ.NUR.KZ порталы электронды үкімет сайтына сілтеме жасап анықтады.

Елімізде құжат алу үшін мемлекеттік баж төлеу керек екендігі белгілі, ал мемлекеттік баж жыл сайын өзгеретін айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты. (далее…)

Жанармай бағасы өсті

Пятница, 10 Янв 2020

2020 жылдың 1 қаңтарынан бензин акцизі екі еседен артық көтерілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бензин акцизі екі еседен артық – тоннасына 10 500 теңгеден 24 435 теңгеге дейін көтерілді. Бұл өз кезегінде бензин бағасына әсер етті. Бензин бағасы литріне 10 теңгеге өсті. (далее…)

Верьте в добро, как добро верит в вас!

Пятница, 10 Янв 2020

Рождественские посиделки в честь главного православного праздника Рождество Христово прошли 7 января 2020 года, в Доме дружбы города Сатпаев. Детей и взрослых, не равнодушных к хорошему праздничному настроению, пригласили на торжество по случаю Русский и Украинский этнокультурные центры при поддержке отдела внутренней политики города и Дома дружбы.

Рождество Христово – праздник вечных духовных ценностей, объединяющих представителей разных народов и культур, наполняющий сердца людей любовью, милосердием, состраданием к ближнему, Рождественские дни учат нас ценить жизнь и жить в гармонии с окружающими, и вместе с этим к нам приходит мир, добро, благие помыслы и дела. Все эти ценности близки каждому из нас, и в этот добрый день мы от всего сердца желаем друг другу мира, добра, любви, благополучия и процветания. (далее…)

С победой, «Импульс»!

Пятница, 10 Янв 2020

На IV Международном фестивале-конкурсе «Аяулы Астана», проходившем в конце прошлого года в столице, талантливые и артистичные танцоры «Импульса» достойно представили наш город.

Успехами завершил минувший год образцовый хореографический коллектив «Импульс». Подтверждением тому в числе других побед является прекрасное выступление на столичной сцене в рамках IV Международного фестиваля «Аяулы Астана», в котором приняло участие огромнейшее количество талантливых ребят.

Воспитанники хореографа Татьяны Сурковой в очередной раз порадовали собравшихся в концертном зале нового столичного Дворца школьников зрителей прекрасной хореографией, представив на суд жюри две композиции: казахский танец «Нәзік» и «Кубанский танец». (далее…)

«Сарыарқа саңлағы» стартовал

Пятница, 10 Янв 2020

В Карагандинской области стартовал молодёжный проект «Сарыарқа саңлағы». Каждый месяц во всех учреждениях образования области будут организованы дебатные турниры и дискуссионные площадки. (далее…)

Наказание за нарушение тишины ужесточается

Пятница, 10 Янв 2020

Президент РК Касым-Жомарт Токаев подписал Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях», сообщает МИА «Казинформ». (далее…)

Ашық әңгіме құрды

Пятница, 10 Янв 2020

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің алтыншы шақырылымының депутаты Арман Қожахметов Жезқазған аймағына келген кезекті жұмыс сапарын Ғ.Омаров атындағы шахтапроходка тресінде «Нұр Отан» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалының белсенділерімен кездесуден бастап, түрлі мәселелер төңірегінде ашық әңгіме құрды.

Білім жүйесіндегі реформалардың шикі тұстары сынға алынып, көп балалы отбасыларға жасалуы тиіс қамқорлық пен денсаулық саласында да шешілмей жатқан түйткілдер тыңдалған отырыста халық қалаулысы жастар арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мәселесін де көтерді.

– Соңғы уақытта барлық жерде көпбалалы аналарға көмек қолын созу белең алды. Үймен қамтамасыз ету үшін заңға да өзгерістер енгізілді. Жалға пәтер беру үшін ел бюджетінен қыруар қаражат бөлінді. Пәтер кезегіне қоюға ерекше назар аударылып жатыр. Алдағы уақытта «Халыққа көмек» жобасы аясында көп балалы отбасылар үшін жұмыс істейтін әлеуметтік дүкендерді жандандырған дұрыс. Ондай дүкендерге аймақтағы кәсіпкерлер, түрлі мекеме өкілдері демеушілік жасауын ұйымдастыру керек, – деген Арман Төлешұлын «Нұр Отан» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Шыңғысов қол жеткізген табыстармен таныстырды. (далее…)

Жылды қорытындылады

Пятница, 10 Янв 2020

Жыл соңында қалалық мәслихаттың кезекті сессия отырысы өтті. Жиында бірқатар мәселелер талқыланып, алдағы жылда атқарылар жұмыстар баяндалды. Халық қалаулыларының кезекті жиналысында ҚР мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына байланысты бірқатар депутат атаулы медальмен марапатталды.

Сәтбаев қалалық мәслихат депутаттары қаланың қордаланған мәселелеріне бей-жай қарамай, олардың шешілуіне өзіндік үнін қосып келеді. Жергілікті өкілдік орган экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті бекітіп, ҚР Конституциялық нормаларына, заңдарына, нормативтік құқықтық актілерді орындауға қатысады.

Халық қалаулыларының биылғы жылдағы қорытынды жиналысына қала әкімі Асқар Ыдырысов пен бөлім басшылары да қатысты. Кезекті 58-ші сессияның күн тәртібінде қаралған мәселелер қатарында алдымен 2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджет есебі тыңдалды. Бұл туралы қалалық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Шапағат Әубәкіров баяндама жасады.

Жиында сондай-ақ, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңын орындау барысы, 2018-2019 жылдарға Сәтбаев қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарын іске асыру қорытындылары туралы, мәслихат хатшысының атқарған жұмысы туралы есебі, қалалық мәслихаттың 2020 жылға арналған жұмыс жоспары туралы есептер тыңдалып, бекітілді.

2019 жылы ҚР мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толды. Атаулы датаға орай тағайындалған медальға бірқатар шақырылымдардың депутаттары ие болды.

Әли МҰҢАЙТПАС.
Сурет автордікі.