Рубрика: Спорт

Желаяқтар жарысы

Пятница, 19 Апр 2019

Өткен аптада жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы, жерлесіміз Виталий Савиннің жүлдесіне арналған облыстық жарыс жалауын түрді. Спорттық байқауда шашауына шаң жұқтырмаған желаяқтар жарыс жолына түсіп, бақ пен бап қатар шабатын бәсекенің көркін қыздырды.

Бұрынғы Никольск, қазіргі Сәтбаев қаласының тумасы, жеңіл атлетика жампозы Виталий Савиннің жүлдесіне арналған жарыс дәстүрге сай жыл сайын өткізіліп келеді. Байқау салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттың жеңіл атлетика сынды түрін насихаттау, елдің болашақ спортшыларының есімдерін анықтау, жасөспірімдерді дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға шақыру сынды мақсаттарды көздеді.

Виталий Анатольевичтің спорттағы жетістіктері жасөспірімдерге жігер беретіні анық. Маңдай тер мен ерік-жігердің арқасында спринтерші 1988 жылы Корея мемлекетінің Сеул қаласында эстафеталық жарыста асығы алшысынан түсіп, Олимпиада чемпионы атанды. Бақ таластырған жарыстарда жеңіске жетіп қана қоймай, рекорд жаңартып, дүние жүзіне танылды. 1994 жылы Азияда жүз метрге жүгіруде күміс медальға қол жеткізсе, сол жарыстың жабық кешеніндегі 50 метр қашықтықта рекордсмен атанған. (далее…)

Велосипедшілер белсенді

Пятница, 19 Апр 2019

Академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай, өткен жексенбіде қаламызда жасөспірімдер арасында веложарыс ұйымдастырылды. (далее…)

Жүзден жүйрік

Пятница, 19 Апр 2019

Жастардың денсаулығын нығайтып, белсенділігін арттыру мақсатында «Жастар» спорт сарайында ұйымдастырылған эстафеталық жарыста салауатты өмір салты насихатталды.

Бапкерлерге қоса спортшылар, ата-аналар белсене қатысқан шарада бес топ таныстыру, «Кім епті?», қапшық киіп секіру, скейдбордпен жүру, допты торға салу, арқан тарту секілді кезең бойынша сынға түсті. «Кім епті?» кезеңінде қатысушылар қасықпен допты алып келесі жаққа апарып, шелекке жинаудан бәсекелессе, қапшық киіп секіруде жылдамдық пен ептілігін танытты. Скейдбордқа мініп, кедергілерден өтіп, шарды қолдың көмегінсіз жару, секіртпемен секіріп, допты торға салу кезеңдері де эстафета қызығын арттыра түсті. Қатысушылардың көңіл-күйін арқан тартыс одан әрі көтере түскендей болды.

Нәтижесінде грек-рим бөлімі – бірінші, жеңіл атлетика бөлімі екінші орынды жеңіп алса, дзюдо бөлімі үшінші орынды еншіледі. Сонымен қатар, көзге түскен белсенділер арнайы номинацияға ие болды.

Мира ШАХАТ.
Сурет автордікі.

ТУРНИР ДЕМОНСТРАЦИИ МАСТЕРСТВА НА ТАТАМИ

Пятница, 05 Апр 2019

В воскресенье во Дворце спорта «Жастар» специализированной детско-юношеской школы олимпийского резерва прошел областной чемпионат среди детей, подростков, юношей и девушек по Киокушинкай-кан карате, который внесен в список видов спорта Олимпийских игр.

Всоревнованиях приняли участие порядка 250 спортсменов в возрасте от 6 до 17 лет из городов Караганда, Темиртау, Жезказган, Сатпаев, Абайского района, поселков Осакаровка и Карсакпай. Соседние Жезказган и Сатпаев для участия в турнире представили по 2 команды.

На торжественном параде, посвященном открытию чемпионата, со словами приветствия и добрыми напутствиями участникам соревнований, посвященных Наурыз-мейрамы, выступили: главный специалист отдела спорта и физической культуры города Нұрбақыт Табағұлов, руководитель Карагандинской областной Федерации Киокушинкай-кан карате Игорь Лим, заместитель директора СДЮШОР Біржан Мұқанов. «Данный турнир нацелен на то, чтобы вновь прибывшие спортсмены могли проявить себя и вдохновлялись от поединка к поединку к новым победам. (далее…)

Приходите заниматься спортом

Пятница, 22 Мар 2019

В спортивно-оздоровительном комплексе «Казахстан» прошел День открытых дверей, на которое были приглашены учащиеся начальных классов школ города.

– Цель проведения открытых дверей – это познакомить родителей и учеников с видами спорта, которые культивируются в нашем спорткомплексе, – говорит Манат Айтбаев, директор СОКа. – Хотим показать родителям и детям залы, где проводятся тренировки, представить тренеров и их воспитанников-спортсменов. Стоит отметить, что занятия по всем видам спорта являются бесплатными, кроме дополнительных групп. Делаем упор на секции рукопашного боя, пауэрлифинга, плавания, хоккея с шайбой, легкой атлетики. Уделяем большое внимание развитию национальных видов спорта, таких как қазақ күресі, тоғыз-құмалақ, а также футболу. (далее…)

Жекпе-жекте топ жарды

Пятница, 01 Мар 2019

Өткен аптада қоян-қолтық ұрыс жекпе-жегінің үздіктері анықталды. Қаламыздағы «Жастар» спорт кешенінде өткен ашық біріншілікке Астана, Қарағанды, Шахтинск, Жезқазғанның спортшылары қатысты.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін жекпе-жек жарыстың ашылу салтанатында «Қазақстан» спорттық-сауықтыру кешені басшысының орынбасары Лидия Гавриш сөз сөйлеп, додаға қатысқалы тұрған дарындарды құттықтады.

– Жастар жылына орайластырылған бұл жарыс спортшыларға тың күш, ерік-жігер береді деп ойлаймын. Бастысы, жарыстың жарақатсыз өтуіне тырысыңыздар. Өзге қаладан келген қатысушыларға көп алғысымды айтамын. Сәттілік серік болсын, – деді.

Жарыстың бас төрешісі, қоян-қолтық ұрысы бойынша бапкер-жаттықтырушы Нұрқанат Қуанышбек те жылы лебізін жеткізіп, ел сенім артқан жастарға жарқын жетістіктер тіледі. (далее…)

Қалалық біріншілік өтті

Пятница, 01 Мар 2019

Жуырда Абай атындағы №4 мектеп-лицейде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылуының 30 жылдығына орай шахматтан мектеп оқушылары арасында қалалық біріншілік өтті.

Екі күнге созылған жарыстың нәтижесінде Алема Джункураева Абай атындағы №4 мектеп-лицейдің 8 «б» сынып оқушысы І орынды, осы мектептің 7 «б» сынып оқушысы Аяулым Жакупова ІІ орынды жеңіп алды. Ал ІІІ орынның тұғырына №27 мектептің оқушысы Даяна Шахай көтерілді.

Ұлдар тобында Серікболсын Тынымбай (№15 мектеп, 10 сынып) І орынды, Темірлан Төлеген (Абай атындағы №4 мектеп-лицей, 11 «а» сынып), ІІ орынды, Алмаз Құндақбаев (№15 мектеп, 10 сынып) және Төлеген Жолдасбек (Абай атындағы №4 мектеп-лицей, 6 «а» сынып) ІІІ орынды жеңіп алды. (далее…)

Объективте: жеңімпаздар

Пятница, 01 Мар 2019

Үстіміздегі жылдың ақпан айының 23-24 күндері Теміртау қаласында балалар, кіші жасөспірімдер, жасөспірімдер арасында киокушинкай кан каратэден Теміртау қаласының ашық Чемпионаты өтті. Оған Астана, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Сәтбаев, Абай қалалары мен Осакаровка ауданынан барлығы 220 спортшы қатысты.

Осы додада Сәтбаев қаласындағы мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бапкер-жаттықтырушысы Тоқтыбаев Қуатбек Жұмабекұлының спортшылары жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда: Әбілхан Ярхан, Ерғалиұлы Бауыпан, Құланбаев Асылхан, Асайын Ернар, Батыршаев Дәуіт, Төлеубеков Ақылбай І орынды, Әміралин Айдын, Біліс Әсет, Кәрім Нұрдәулет ІІ орынды, Сәткен Алихан, Кәрім Бағдаулет, Ахметжан Айбол ІІІ орынды жеңіп алды.
Жас спортшылар чемпионатқа қатысуға демеушілік еткен Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөліміне алғыс айтады.

Өз тілшіміз.

Салтын сақтап өмірдің салауатты

Пятница, 22 Фев 2019

Шаһарымызда қала тұрғындары арасында облыстық «Ақ қыс-2019» Спартакиадасына іріктеу сайыстары өтті. Спорттық жарыстарда 200-ге жуық тұрғын төбе көрсетіп, бұқаралық спорттың қысқы түрлерімен де айналысатынын көрсетті. Үздік атанған спортшылар ақпан айының 22-24 күндері аралығында Қарағанды қаласында қала намысын қорғайтын болады.

Елбасы халыққа арнаған әр Жолдауында бұқаралық спортпен тұрақты түрде айналысу ұлт денсаулығының ажырамас бөлігі екендігін атап айтып келеді. Қоғамның қозғаушы күші саналатын халықтың денсаулығын жақсарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру бүгінгі күндегі өзекті мәселенің бірі. Сол мақсатты жолға қойған қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі қысқы ойындардың үздіктерін байқап көрді. (далее…)

Жетісудан жеңіспен оралды

Пятница, 22 Фев 2019

9-10 ақпан күндері Қаскелең қаласында киокушинкай-кан каратэден балалар, жасөспірімдер және қыздар арасында Республикалық турнир өтті. Турнирге еліміздің бірнеше облыстарынан және Астана, Алматы қалаларынан барлығы 420 спортшы қатысты.

Осы байрақты бәсекеге Сәтбаев қаласының мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебінің спортшылары да қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, №27 мектептің 7 сынып оқушысы Айдын Әміралин І орынды жеңіп алса, №19 мектептің 8 сынып оқушысы Дәуіт Батыршаев пен №27 мектептің 8 сынып оқушысы Әсет Біліс ІІ орынның, №27 мектептің 8 сынып оқушысы Марғұлан Жоламанұлы ІІІ орынның тұғырына көтерілді. Осылайша жас спортшыларымыз Жетісудан жеңіс жалауын желбіретіп қайтты. Бұл бағытта спортшылардың бапкері Қуатбек Тоқтыбаевтың да еңбегі зор екенін айта кеткен ләзім.

Аманкелді АҚШАЛ.