Архив за 07 Июл 2017

Жайнай бер, ару қала ‑ Астана!

Пятница, 07 Июл 2017

Құрметті сәтбаевтықтар! Уважаемые сатпаевцы!

Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

От всего сердца поздравляем вас с государственным праздником Республики Казахстан — Днем Астаны!

Астана күні әрбір қазақстандық үшін жай мереке ғана емес, ол бәрімізді біріктіретін, Отанын шынайы сүйетін және құрметтейтіндердің, оны күшті, осы заманғы және серпінді дамитын мемлекет ретінде мойындайтындардың және оның көпғасырлық тарихын мақтаныш тұтатындардың жақсы өмірге ұмтылыс белгісі болып табылады. Біздің мемлекетіміздің бас қаласы – Астана ұлттық идеяны іске асырудың, республика халқының топтасуының және Қазақстанның саяси салтанаты мен оның барлық азаматтарының мақтанышының белгісі болды. (далее…)

«Достықтағы» демалыс

Пятница, 07 Июл 2017

Сәрсенбі күні қаламыздағы №1 мектеп-гимназиясы жанынан ашылған «Достық» жазғы сауықтыру лагерінде Елордамыз Астана күніне орай бірқатар іс-шаралар өткізілді. Солардың бірі – «Астана – Отанымыздың жүрегі» деп аталып, оны аталмыш лагерьдің «Жас қыран» тобы ұйымдастырды.

Шара аясында тәрбиешілер Айжан Шаркенова мен Бейбіткүл Салықбаева оқушылардың қатысуымен «ЭКСПО – 2017» тақырыбына арналған үздік суреттер мен коллаждар байқауын, топтар арасында «Саған арнадым, Астана» флешмоб сайысын өткізді. Сонымен қатар, балалар өз қолдарымен «Астана – арман қала» атты буклеттер жасады. Осындай түрлі сайыстар мен көңілді ойын-сауықтар оқушылардың бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатуына, қызығушылықтарын арттырып, ұйымшылдыққа үйренуіне зор септігін тигізді. (далее…)

Созданы рабочие группы

Пятница, 07 Июл 2017

Во вторник, 4 июля, под председательством акима города прошло совещание по реализации проекта «Туған жер» в рамках программной статьи Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания», в котором приняли участие руководители государственных учреждений, творческая интеллигенция, депутаты маслихата, представители общественного совета, бизнеса. (далее…)

Мәртебелі міндетті жүзеге асырушылар лайықты бағаларын алды

Пятница, 07 Июл 2017

Маусым айының соңы қат-қабат келетін мерекелерге толы. Солардың бірі де бірегейі – Мемлекеттік қызметшілер күні. Биыл төртінші рет тойланған бұл кәсіби мереке кеншілер қаласында да бар сән-салтанатымен аталып өтті.

Өзге жылдардағыдан бір ерекшелігі, кәсіби мереке қарсаңында мемқызметшілер спорттың әр түрінен бақ сынасып, ептілері мен мықтылары жүзден жүйрік шықты. Ал, жеңімпаздар Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында өткен салтанатты жиында дүйім жұрттың алдында марапатталып, мерейлері бір өсіп қалды.

– Бұл кәсіби мереке – Елбасының бес институционалдық реформасын жүзеге асыру барысындағы «100 нақты қадам – Ұлт жоспары» бағдарламасының жемісі. Жүз нақты қадамның алғашқы 15 қадамы мемлекеттік қызметке қатысты. Басты мақсат – кәсіби мемлекеттік аппарат құру. (далее…)

«Ұлытау қымызы»

Пятница, 07 Июл 2017

«Кенебай тоғаны» төңірегінде өткен этнофестиваль осылай деп аталды. Оған ұйтқы болған — аудан әкімдігінің пәрменді қолдауына сүйенген «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы.

Бес жылдан бері жылқы жануарын дәріптеуге арналған «Терісаққан көктемі» этнофестивалін өткізу берік дәстүрге айналды. Әдетте мамырдың басында болатын онда «Терісаққан» тұрғындары «Бие байлау», «Айғыр қосу» және «Қымызмұрындық» салтын әспеттейді.
«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында өткізілген «Ұлытау қымызы» этнофестивалі — сол «Терісаққан көктемінің» заңды жалғасы. Оның негізгі мақсаты — жылқы жануарына қатысты ұлттық салт-дәстүрдің аксиологиялық мән-маңызын ұғындыру.

Бұл этнофестивальда «Терісаққан көктемінде» қамтылатын салттан тыс ет жеу мен қымыз ішуден «мешкейлік» бәсекесі, «Қатын күрес», асау үйрету мен жылқы жығу, садақ ату мен найза лақтыру өнері көпшілік назарына ұсынылды. Саба ыстау, қамшы өру мен арқан есуден шеберлік сағаты өткізілді.

Этнофестивальге ҚР мәдениет және спорт вице-министрі А.Баталов, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары А.Айдаров, Сәтбаев қаласының әкімі А.Ыдырысов, сондай-ақ, республикалық және облыстық туризм саласы өкілдері қатысты.

Әлібек Әбдіраш.

Жаңа өзгерістермен таныстырды

Пятница, 07 Июл 2017

Қала әкімдігінің мәжіліс залында Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Заңнамасына биылғы жылдан бастап енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында семинар өтті. Оны Сәтбаев қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Мылтықбай Серікбаев ашып, жүргізіп отырды.

Іс-шараға Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы Меруерт Саттыбаева, аталмыш басқарманың салық заңнамаларын түсіндіру бөлімінің басшысы Зәуреш Жойқымбаева, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатысты. (далее…)

САЯЖОЛ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

Пятница, 07 Июл 2017

Бұдан бес жылдай бұрын дүйім елді дүрліктіріп тұсаукесері жасалған «Кенші даңқы» саяжолы көңілдегідей күтім көрмегендіктен, кейінгі кезде әбден азып кеткен еді. Осыншама иесіздікке ұрынғаны еріксіз ойландыратын. Жуырда соның сырына қаныққандай болдым. Ол жөнінде сәл кейінірек, алдымен мәселенің мән-жайына қысқаша тоқталайын. (далее…)

Мәңгілік ел: менің қосар үлесім қандай?

Пятница, 07 Июл 2017

Мәңгілік ел болу – ғасырлар бойы ата-бабаларымыз аңсаған ұлы арман, биік мақсат. Осы мақсат жолында жұдырықтай жұмылып, елін, жерін қасық қаны қалғанша қорғады. «Ұрпағым» деп, «қалың елім қазағым» деп, қам жеп қолға найза алды. Ұлт болып қалыптасу жолында бірігіп, сан қилы заманды басынан кешірді. Тұлпардың тұяғы тасқа кетілді, сұңқардың қанаттары кесілді. Бұрын-соңды ел көрмеген күндер өтті. Құлақ естімес, көз көрмес сұмдықтарды да бастан кешірді. Бірақ, мойыған жоқ, жасыған жоқ, жігері мұқалған жоқ. Қанша жыл Кеңестің өгей баласындай күн кештік. Сонда да ұлтымызды, тілімізді, дінімізді сақтап қалдық. (далее…)

Маңызды мәселе талқыланды

Пятница, 07 Июл 2017

Аудан әкімінің орынбасары Мақсұт Оспанов «Қоскөлде» жиын өткізді. Оған аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Сағади Обайдуллин, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қарағанды облысы филиалының өкілі Ғалым Тұрсынбаев қатысты. (далее…)

Жұмыскерлермен кездесті

Пятница, 07 Июл 2017

Өткен аптада ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері «Қазақмыс Мейнтинанс сервисиз» ЖШС тау-кен шахталық жабдықтар зауытының жұмыскерлерімен «Дәстүрлі дін мен дәстүрлі емес діни ағымдардың айырмашылықтары және олардан сақтану жолдары» тақырыбында кездесу өткізді. (далее…)