Архив за 16 Июл 2017

Сәтбаевтықтар Астана күнін серпінмен тойлады

Воскресенье, 16 Июл 2017

Сәтбаев қаласының тұрғындары ел ордасы – Астана күнін айшықты шаралармен атап өтті. Жылдағыдай сауда орындары бірінен соң бірі ашылмаса да елдің есінде қалатындай көпшілік шараларда шек болған жоқ…

Той шымылдығы қаланың жаңа шағынауданы – «Нұрлы мекенде» түрілді. Мұндағы заманауи үлгідегі балалар алаңының футбол кортында футболдан аула клубтары арасындағы біріншіліктің тұсауы кесілді. Оған 21 команда қатысып, бақ сынасуда. Жүлде қоры да қомақты. Бірінші орын алғандарға – 50 мың, екінші орындағыларға – 30 мың, ал үшінші орынға 20 мың теңге берілмек. Бір ерекшелігі, жарыс қаланың барлық аулаларындағы спорт алаңдарында кезекпен өтіп, ақтық сайыс «Қазақстан» спорт сауықтыру кешенінің футбол аренасында ойналатын болады. (далее…)