Архив за 09 Фев 2018

Міндет – ортақ, мақсат – бір

Пятница, 09 Фев 2018

Өткен жұмада Сәтбаев қаласындағы Достық үйінде Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауын талқылау мақсатында жиын өткізіліп, оған қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, қоғамдық бірлестіктер мен этно-мәдени орталықтардың өкілдері және жастар қатысты.

Жиынның ұйымдастырылуына Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Жезқазған қаласының қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Бекзат Алтынбеков, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қарағанды облысы бойынша Аналар кеңесінің төрайымы Зинаида Чумакова және Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ маман-өкілі Ұлан Тоқтарқұл ұйытқы болды.

Отырысты ашып, жүргізген қалалық ақпараттық -кеңес тобының төрағасы Амангелді Құрақбай алдымен Жолдауға қысқаша тоқталып, одан әрі сөз кезегін келген қонақтарға берді.

– Биылғы Жолдауда әрбір қазақстандықтың атқаратын қызметтерін айқындайтын 10 нақты тапсырма берілді. Қазір мемлекетке ауыз ашып қарап отыратын заман емес, кез келген адамға еңбек етіп, ақша табуға көп жағдай жасалған. Әсіресе, жастарға арнайы бизнес мектептер, «Даму» қоры, басқа да мүмкіндіктер берілген. Жолдауда көтерілген тапсырмалардың бірі – адами капитал. Бүгін білімді, көзі ашық, көкірегі ояу азамат қоғамдағы көптеген мәселелерді шеше алады. Адам өзіне қажетті дүниеге ақшасыз, тек біліммен қол жеткізе алатын уақыт келді. Бүгінгі таңда Жапонияның, Оңтүстік Кореяның, Батыстың, Американың ең озық үлгідегі әдістерін пайдалану арқылы қазақстандық білім берудің жаңа жүйесі жасалуда. Білім саласында жүріп жатқан түрлі реформалардың мақсаты – осы қазақстандық жаңа жүйені қалыптастыру. (далее…)

Әкелер лигасы – 2018

Пятница, 09 Фев 2018

Өткен аптада Абай атындағы №4 мектеп-лицейде «Әкеммен өткен әрбір күн көңілді» атты спорттық-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылды. Білім ордасы оқушылары мен 80-ге тарта ата-ана қатыстырылған байқау ұлттық құндылыққа тәрбиелеуге бағытталған.

Өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында аталған мектепте алдымен «Әкелер лигасы – 2018» спорттық шараның ашылуы өткізілді. Онда әкелер тобы флеш-моб билеп, жиналғандарды бір серпілтіп тастады. Жиын барысында сөз алған мектеп директоры отбасындағы әкенің алар орнын, оның балаға берер тәрбиесі жөнінде әңгімеледі. (далее…)

Балуандарымыздың бәсі жоғары болды

Пятница, 09 Фев 2018

Жезқазған қаласындағы «Ұлытау» спорт сарайында Республикалық және облыстық жарыстардың жеңімпазы Берік Дәулет Дәуренұлын еске алуға арналған дзюдо күресінен 2004-2005 және 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер мен қыздар арасында қалалық біріншілік өтті.

Оған Жезді кенті Мәдени-сауықтыру орталығының жаттықтырушылары Д.Алимбаев пен Б.Алшынбектің баптап жүрген шәкірттері де қатысып, бақтарын сынады. Сайыстың нәтижесінде №6 қазақ орта мектебінің оқушысы Аяулым Бексұлтан ІІІ орынды, аралас мектеп-интернатының оқушылары Арай Елімбай, Ақжол Алшынбек, Әлішер Медеуұлы ІІ орынды иеленсе, аралас мектеп-интернатының оқушысы Нұрхан Қуатбек І орынды жеңіп алды.
Бұл аталған балғын балуандырымыз бұған дейін Сәтбаев қаласында өткен бәсекеде де жеңіс тұғырынан көрінген еді.

Жанар Көшекова,
Жезді кенті мәдени-сауықтыру орталығының әдіскері.

СТУДЕНТ ПІКІРІ ТЫҢДАЛДЫ

Пятница, 09 Фев 2018

«Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты», – деп Елбасы айтқандай, латын әліпбиіне көшу – заман талабы болып табылады. Балалар мен жасөспірімдер кітапханасында  «Латын әліпбиі – әлемдік өркениетке бастар жол» атты дөңгелек үстел болып өтті. (далее…)

«Айтарым бар…»

Пятница, 09 Фев 2018

Мәдени және рухани мұрамызды жаңғырту, қазақ әдебиетін насихаттау, оқырмандарды кітап оқуға тарту мақсатында облыс бойынша «Бір аймақ – бір кітап» атты акция өтуде. Осыған орай, қала мектептері акцияға белсене қатысып, түрлі іс-шаралар ұйымдастыруда. (далее…)

Шыншыл бол!

Пятница, 09 Фев 2018

Шыншыл бол, шын сөйле! Шыншыл болу – адам баласы үшін аса қымбат, қадірлі қасиеттердің бірі. Шыншыл болу өтірік айтпауды, жалған сөйлемеуді білдіреді. Шыншылдық бар жерде тазалық бар, иман бар. Иман бар жерде берекет бар. Шыншыл болу – абыройлы болу. Мұндай қасиет бала кезден қалыптасады. Шыншылдық – рухани тазалықтың белгісі. (далее…)

«Ел болашағы – білімді ұрпақ»

Пятница, 09 Фев 2018

Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету мақсатында №9 жалпы орта білім беретін мектепте жаратылыстану-математика пәндер бірлестігінің онкүндігі өткізілді. (далее…)

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР ҮШІН – «ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ»

Пятница, 09 Фев 2018

Елімізде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры тарапынан жыл сайын олимпиада өткізіледі. Биыл осы республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы оныншы рет өткізіліп отыр. (далее…)

Бала саулығы – басты байлық

Пятница, 09 Фев 2018

Келешек жас ұрпақты жан-жақты дамыған, ой өрісі биік, сымбатты етіп тәрбиелеу мақсатында қаламыздағы №5 «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасында «Шеберлік» апталығы өтті. (далее…)

Ерте анықталған ауру – емделеді

Пятница, 09 Фев 2018

Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні аясында елімізде қаңтар айының 27 мен ақпанның 3-і аралығында жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алу бойынша онкүндік жарияланған болатын. Осыған орай, өткен жұмада Сәтбаев қаласының емханасында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. (далее…)