Архив за Декабрь 2018

Им есть на кого равняться

Пятница, 21 Дек 2018

С 16 по 18 декабря в футбольном манеже спортивно-оздоровительного комплекса «Казахстан» прошел открытый турнир по мини-футболу среди юношей 2007-2009 г.р. На него съехались команды из Астаны, Караганды, Майкудука, Жезказгана и Сатпаева.

С открытием турнира юных футболистов поздравили заместитель директора СОКа Лидия Гавриш и тренер СДЮШОР №8 г.Астаны Рашид Мифтахов.

Рашид Вагизович в Сатпаеве уже в пятый раз и пожелал ребятам стать похожими на Виталия Ли.

Полузащитник клуба «Ордабасы» (Шымкент) Виталий Ли родился в Сатпаеве, занимался футболом, выступал за ФК «Казахмыс». В 2010 году перешел в карагандинский «Шахтер». Играл в юношеской и молодежной сборной Казахстана. В его карьере значатся такие команды, как «Астана», «Кайрат», «Иртыш», «Атырау». Он является чемпионом Казахстана (2012), обладателем Суперкубка Казахстана (2013, 2016 гг.), Кубка Казахстана (2014, 2016 гг.), серебряным (2015) и бронзовым призером Чемпионатов Казахстана (2013, 2014, 2016). (далее…)

Жауапты қызметті жолға қойғандар

Пятница, 21 Дек 2018

Ел Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай полиция қызметкерлерінің бір тобы марапатталды. Жауапты қызметтің басы-қасында жүрген ардагерлер мен майталман маман иелеріне алғыс білдіріліп, құрмет көрсетілді.

Салтанатты жиында Сәтбаев қаласының Полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Асхат Дүйсембеков қастерлі мерекенің егемендік ұстанымын биікке көтеретіндігін айтып, жауапты қызметті жолға қоюдың басы-қасында болған ардагерлер мен қатарда еңбек етіп жүргендерге алғыс білдірді.

– Ел жетістігінде полиция қызметкерлерінің алар орны ерекше. Елбасының сындарлы саясатын іске асырып, қоғамның жаңару үрдісіне белсенді атсалысудасыздар. Полицияда қызмет істеу – маңызды әрі жауапкершілігі мол жұмыс. Сіздерге қоғамдық тәртіпті қорғау, азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету және қылмыспен күрес, оның алдын алу бойынша күрделі міндеттер жүктелді. (далее…)

Тәуелсіздікке тарту

Пятница, 21 Дек 2018

Сәтбаев қаласындағы Тәуелсіздік даңғылы 31 а мекен-жайынан «Әлия» мейрамханасы ашылды. Заман талабына сәйкестендіріліп, өзгешеліктер енгізіле отырып, қолданысқа ұсынылған кешеннің тұсауы өткен жұмада кесілді.

Кәсіпкер Әлия Аяпбергенованың қолдауымен бой көтерген нысанның иесі – Азамат Бозтаев. Жүз жиырма адамға арналған бір қабатты мейрамхана отбасылық мерекелерге арналған. Жалпы көлемі 320 шаршы метрді құрайды. Жабдықталуы заманауи талаптарға сай.

Ел экономикасы басқа құрылымға өтіп, мемлекет есебінде тұрған ғимараттар жекешелендіруге берілген уақытта қалада тұрғындарды қамтамасыз ету тұрғысында қиындықтар туындады. Кейіннен қайта қалпына келтіріліп, жаңадан салынып, қадам-қадаммен қатарға қосылу үрдісі сақталып, әрі қарай жалғасып келе жатыр. Осының бір дәлелін «Әлия» мейрамханасынан көруге болады. Жасампаздық істермен алға басып келе жатқан шаһардағы тұсаукесер тойға бір топ кәсіпкерлер, қуаныш иелерінің туған-туыстары мен дос-жарандары жиылды. Салтанатты лента қию құрметіне Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Сұлтан Нарботаев пен мейрамхана директоры Әлия Аяпбергенова ие болды. (далее…)

Батырлық пен батылдық үлгісі

Пятница, 21 Дек 2018

«Нұр Отан» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Шыңғысов кәсіпорындардағы бастауыш партия ұйымының мүшелерімен бірге жылдағы дәстүр бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің шаңырағына атбасын тіреді.

– Жанқиярлық ерліктеріңіз, Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктеріңіз жастарға үлгі ғана емес, бірнеше ұрпақты байланыстыратын рухани даму мен ұлттық өрлеудің шыңы болып табылады. Сіздер қазақ халқының батырлығы мен батылдығының үлгісісіздер, – деген Б.Шыңғысов қарт жауынгерлерге сыйақыға қоса азық-түлік себетін табыс етті.

Қатары жыл өткен сайын сиреп бара жатқан ардагерлер ел басына күн туғанда жауды талқандап, жеңіске жетуге зор үлес қосқан кешегі жас сарбаздар. Сәтбаев қаласын мекендегендер қатарында қалғаны көзі тірісі Әкбар Аманжолов, Тоғай Дауылбаев қана. Көрсетілген құрметке разы болған майдангерлер өткенге шолу жасап, әңгіме тиегін ағытты. (далее…)

Байтақ елім – Қазақстан

Пятница, 21 Дек 2018

Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапханасында Тәуелсіздік күніне орай «Байтақ елім – Қазақстан» көрмесі ұйымдастырылды. Өткен жұмада күні бойы келушілерге қызмет көрсеткен көрменің мәні зор болды. (далее…)

Ардагерлер ардақталып, озаттар мадақталды

Пятница, 21 Дек 2018

«Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС Тау-кен шахта жабдықтары зауыты мен «Жезқазғансервис» ұжымы Тәуелсіздік мерекесін еңбек табысымен лайықты қарсы алды. Мереке құрметіне арналған шарада кәсіпорын әкімшілігі, «КәсіпҚорған» кәсіподағы және Жастар одағының ұйымдастыруымен ардагерлер мен озаттарға құрмет көрсетіліп, ән мен биден шашу шашылды.

Тау-кен шахта жабдықтары зауытының әкімшілік және шаруашылық сұрақтар бойынша бас маманы, қалалық мәслихаттың депутаты Ержан Тоқымбаев ізгі тілегін білдіре келе:
– Әрбір жұмысшының, әр от­басының әл-ауқатының артуы біз үшін басты міндет болып қала береді. Сондықтан, баршамыз  ауызбіршілік пен ынтымақты ту етіп, ортақ игілік жолында еселі еңбек етейік. Елімізді дамыту мақсатында жасалған қадамымыз сәтті болып, барлық шаңырақта жақсылық нұры шалқысын! Тәуелсіздік тойы құтты болсын! – дей келе, құрметті еңбек демалысына шыққан өндірісшілерді Құрмет грамотасымен марапаттады. (далее…)

Күлкіге қарық қылды

Пятница, 21 Дек 2018

Қаламызда мектеп оқушылары арасында Жайдарман сайыстары тұрақты түрде өткізіліп келеді. Әзілкештер мен тапқырлар ойынына қызығушылық білдірген жастардың қарасы қалыңдай түсті. Өткен аптада мектеп құрамалары арасында Тәуелсіздік кубогы сарапқа салынды. Ширек финалдың жеңімпаздары болған «Үштің өзі – күш» құрамасы Астана қаласында өтетін Жайдарман ойындарында қала намысын қорғамақ.

Көңілді тапқырлар ойыны – қағытпа әзілді қажет ететін ойын, астарлы қалжың мен уытты әзілге құмар ойыншылардың жарысы. Тәуелсіздік кубогы сарапқа салынған байқауға қала мектептерінен құралған 10 команда қатысты. Ойын ширату кезеңінен басталды. Қатысушыларға экран арқылы тосын сұрақтар қойылды. Мұнда ұтымды әзілмен жауап бергендердің асығы алшысынан түсті. «Сәлемдесу» кезеңінде алуан түрлі орын алған оқиғаларды әзілмен жеткізуге тырысты.

Ойынның қорытындысы бойынша, 8 команда жартылай финалға жолдама алды. «Күлмеңіздерші» (№1 мектеп-гимназия), «ЖЖ» (№27 жалпы білім беретін мектеп), «SSS» (С.Сейфуллин атындағы гимназия), «Қазақтың қыздары» (Абай атындағы №4 мектеп-лицей), «Паштет» (№5 мектеп), «Әдемі» (Абай атындағы №4 мектеп-лицей), «Техполюс» (Технологиялық колледж) топтары жарыс жолын жалғастыратын болады. Ал, Тәуелсіздік кубогын №3 мектептің «Үштің өзі – күш» командасы иеленді.

Әли МҰҢАЙТПАС.
Суретті түсірген Олжас Батырбеков.

Желтоқсан желі ызғарлы

Пятница, 21 Дек 2018

Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапханасында «Жыр жауһар» клубы ұйымдастырған «Желтоқсан желі ызғарлы» поэзия кеші Тәуелсіздік күніне арналды.

Желтоқсан оқиғасының орын алу себебін, Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіну мақсатында өткен кеш азаттық жолында күрескен тұлғалардың ерлігін ұлықтады. Шарада желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынып, «Желтоқсан қаһармандары» атты бейнекөрініс тамашаланды. Клуб мүшелері ойын ортаға салып, жас ақындар шығармашылығындағы тың туындылармен бөлісті. Д.Тембаева «Тәуелсіздік», Ә.Серікбай «Мен қазақпын!», А.Сәрсенова «Тәуелсіздік тұғыры», Ж.Сапақбай «Тәуелсіздікке арнау» өлеңдерін нақышына келтірді. Желтоқсан оқиғасынан жапа шеккен азаматтардың тағдыры туралы әңгімеленді. (далее…)

Кестелі жыр, сүбелі сөз төгілді

Пятница, 07 Дек 2018

Кенді өлке осымен үшінші жыл қатарынан кестелі жыр мен сүбелі сөзге қанық болып келеді. Сәтбаев жұртшылығы екі күн бойы II Республикалық «Сөйле, тілім, алаңдама, тартынба!» атты жас ақындар айтысына куә болып, ұлттық өнердің уызын қанып ішті. Төл өнерді төрге шығарған қала басшылығы сөз бәйгесінің жоғары деңгейде өткізілуіне мұрындық болып, жылдағы өнер мерекесін өзге шаралармен өрістете білді. Мәйекті сөздің мейрамы Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығы мен Сәтбаев қаласының 45 жылдығына орайластырылды.

Жас ақындардың жыр додасын дәстүрлі түрде өткізуді қолға алған қала басшысы Асқар Ыдырысов жылдағы дәстүрден жаңылмай, аламан айтыс жалғасын табады деп былтырғы сөз бәйгесінде сөз бергені дүйім елдің есінде. Биыл жүйелі жалғасын тапқан жарыстың бастамасы ретінде Асқар Абылайұлы қалалық әкімшілікте додаға түскен ақындармен ақ дастархан басында кездесу ұйымдастырғанды ұйғарыпты. Ресмиліктен ада болған жиынның ауаны былтырғы аламан төңірегінде өрбіп, кенді қаланың дамуы турасында баян етілді. (далее…)

Кемел келешек кепілі

Пятница, 07 Дек 2018

Жастар… Әдетте аға буынның сынайтыны да, үміт артатыны да, тіпті тұтас мемлекеттің болашағы да осылар. Жастар – кез келген қоғамның қозғаушы күші һәм келешегі. Білімі мен білігі, арманы мен аңсары бәсекеге қабілеттілігі – мемлекеттің тұрақты дамуының көрсеткіші. Өткен аптада Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген «Жалындап жастар жанамыз, Патриот біз де боламыз!» форумы сол жалындаған, келешегінен зор үміт күттірер белсенді жастарға арналды.

Бүгінде әлемде дамыған елдер қатарына қосылуда мемлекетіміз де жалындаған жастарға үкілеген үміт артып отыр. Жаңаша қөзқарас пен жаңа бастамаларға құмар буынның белсенділігімен баянды болашаққа қарай батыл қадам жасауға болатынын ескерген Елбасы да кезекті Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялап, бекітті. Бұл ертеңіне зор сеніммен қараған Ұлт көшбасшысының еліміздегі жастар саясатының жүйелі түрде жүргізілуін қадағалаумен байланысты екендігі анық. Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Төлендина Елбасының салиқалы саясатын жоғары бағалап, жастарға қолдау берудің өзі құрмет екендігін жеткізді.

– Қала жастары форумының өтуі заңдылық. Себебі, жыл сайын Елбасы жастар саясатына баса көңіл аударып келеді. Өтіп жатқан шараның негізі де қаланың қуатты жастарын қолдауға саяды. Біздің қала – жастар қаласы. Қай саланы алсақ та озат қызметкер, озық жұмыскер болып қаланың дамуына сүбелі үлес қосуда. «Жас келсе іске» деген қағиданы ұстанған елдің келешегі баянды екені аян, – деген Айгүл Қосманқызы қаланың көркеюіне үлес қосып жүрген бірқатар азаматты марапаттады. (далее…)