Архив за Январь 2019

Қор берген қоныс құтты болсын!

Пятница, 25 Янв 2019

Кең болсаң, кем болмайсың. Әр жасаған жақсылықта береке бар. Оның көппен іске асуы көңіл жадыратады. Себебі, көп еңбегі көл. Жуырда «1000 теңгеге баспана» акциясын ұйымдастырушы республикалық «Харекет» қайырымдылық қоры тағы бір отбасының баспаналы болуына ұйытқы болды. Өткен жұмада қордың Қарағанды облысы бойынша өкілдігі Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында көмекке мұқтаж бір отбасыға пәтер кілтін салтанатты түрде табыстап, игілікті істен көрінді.

«Харекет» қайырымдылық қорының құрылғанына небәрі жыл толса да, атқарған жұмысы қыруар. Осы уақыт ішінде еліміз бойынша сан қиындыққа ұшыраған 62 отбасыға пәтер сыйлады. Оның 63-іншісі қала тұрғындары Азамат Бәкібаев пен Әйгерім Жұмақаеваның отбасына беріліп отыр. 4 баланы тәрбиелеп отырған мүгедек жандар күні бүгінге дейін пәтер жағалап жүрген. Енді бұл отбасыға қайырымдылықтан қалыс қалмаған ағайынның шарапаты тиді. Сахна төрінде көптен күткен пәтердің кілті бар сән-салтанатымен табысталды. (далее…)

БЕЗ РАБОТЫ, КАК БЕЗ РУК…

Пятница, 25 Янв 2019

28 января в более чем 20 странах мира отмечается по календарю Всемирный день безработных, который создан для привлечения внимания к проблемам безработицы. Отсутствие постоянного места работы у части населения – проблема №1 для сегодняшних реалий. О том, в чем сатпаевцы испытывают сложности с трудоустройством, а также, в общем, о ситуации с отсутствием работы среди наших горожан, рассказал директор ГУ «Центр занятости» Казыбек АШЫКБАЕВ.

– Казыбек Батырбекович, безработица является существенной проблемой, которая требует общественного внимания. Во многих странах уровень безработных превышает половину населения, и у нас, не секрет, многие люди страдают от этого явления.

– На самом деле, данное социальное явление сложно и многогранно, и решение проблемы требует целого комплекса мер. Как правило, низкий уровень безработицы свидетельствует о социальной стабильности. Государство оказывает гражданам содействие в трудоустройстве через центры занятости. Целью деятельности нашего Центра занятости является реализация активных мер содействия занятости в соответствии с Законом РК от 23 января 2001 года «О занятости населения», содействие повышению благосостояния населения путем организации устойчивой и продуктивной занятости, сокращение уровня безработицы. Скоро год, как мы работаем в новом формате, в приспособленном для нашей деятельности помещении, где созданы все необходимые для удобства горожан условия. (далее…)

Алда орындалатын жұмыс көп

Пятница, 25 Янв 2019

23 қаңтар күні Астана қаласындағы «Нұр әлем» павильонында («EXPO-2017» көрме кешені) «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атауымен Жастар жылының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады «Ұлт ақпарат» ҚР Қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. (далее…)

Басымдылық танытты

Пятница, 25 Янв 2019

«Қазақстан» спорттық кешенінің жанынан құрылған «Сәтбаевтық көкжалдар» командасы өткен жылды табысты аяқтады. 2009-2010 жылғы жасөспірімдерден құралған команда Қарағанды қаласында хоккейден өткен жолдастық кездесуде айқын басымдылық танытты.

Жаттықтырушы Егор Сергеев балалар хоккейінің дамуына барынша үлес қосып жүргендердің қатарында. Оның қоластында жүзге жуық бала шеберлігін шыңдау үстінде. (далее…)

Таланттар топ жарды

Пятница, 25 Янв 2019

Сәтбаев қаласының мәдени-сауық орталығы жанындағы «Сазды әуен» шығармашылық бірлестігінің өнерпаздары жуырда Алматы қаласында өткен Халықаралық «Жырлайды жүрек» байқауына қатысып, қаламыздың абыройын асқақтатып қайтты.

Ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерді шырқап, жырларын жатқа оқыған таланттар топ жарды. Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің оқушылары Дәулет Дүкенбай «Вокал» номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алса, Нұрдәулет Әбдіқалық бірінші орынды еншіледі. С.Сейфуллин атындағы гимназияның оқушысы Ерасыл Мұқанов та бірінші орынға лайық деп табылды. Ал, осы жас жұлдыздардың өнердегі бағын ашқан бірлестік жетекшісі Эльмара Жұбаниязоваға Алғыс хат табыс етілді.

М.АЛПЫСБАЙ.

Списать нельзя оставить

Пятница, 25 Янв 2019

Социально уязвимой категории казахстанцев могут списать ипотечные долги. Об этом телеканалу «Астана» рассказали в общественном объединении «Ел бірлігі», передает Zakon.kz. (далее…)

Tіl janashyrlary bas qosty

Пятница, 25 Янв 2019

«Qazaq tіlі» qoǵamy Sátbaev qalalyq uıymynyń kezektі otyrysynda tіl janashyrlary bas qosty.

Qoǵam tóraıymynyń oryn­basary Gúlnara Núsіpbaeva memlekettіk tіlge qatysty qol jetken tabystar týrasynda baıandap, aldaǵy ýaqytta da ońdy іster atqaryla beretіndіgіne senіm bіldіrdі.

– Qalamyzda qazaq mektepterі, qazaq tіlіn damy­tý mekemelerі jeterlіk. Mem­leketіmіzdіń syndarly saıa­satynyń arqasynda tіlge degen kózqaras túzeldі. Kóshelerge qazaq batyrlarynyń, bılerіnіń, aqyn-jyraýlarynyń aty berіlіp, Elbasy bastamasymen qýatty jobalar qolǵa alynýda. Qalalyq mekemeler men uıymdardy qujattar memlekettіk tіlde júrgіzіledі. Aldaǵy jyly 100 paıyzǵa jetetіndіgіmіzge senіm mol. Qala basshylyǵy tarapynan tіl janashyrlaryna laıyqty qurmet kórsetіp keledі. Men búgіn osy jolda bіrіgіp atqarǵan jumysymyzdy, qol jetken tabysymyzdy úlken maqtanyshpen aıtqym keledі, -– degen Gúlnara Qasymqanqyzy tіlderdі qoldaný men damytý maqsatyndaǵy jumystarǵa toqtaldy. (далее…)

Елді бекемдеудің кепілі

Пятница, 25 Янв 2019

Ұлы даланың жеті қыры­ның кез келгені – Қазақ елі­нің өміріндегі ерекше мұра. Жаһандану кезеңінде, ұлт тарихының мәдениеті мен құндылығын білу, на­си­хаттау әрі сақтау елді бекем­деудің тікелей кепілі. Ай­ты­лып өткен мәдени құн­­ды­лық­тарымыздың қо­ғам сана­сының тарихи жа­ңаруы үшін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынып отыр­ған жобалар толықтай жауап беретіні анық. (далее…)

Қалаулылар халық алдында

Пятница, 25 Янв 2019

Сәтбаев қалалық мәслихатының №4 сайлау округі бойынша депутат Қиясбек Әділбаев сайлаушылар алдында есеп берді.

Қалалық мәслихат хатшысы Т.Хмилярчуктің қатысуымен өткен кездесуде халық қалаулысы қала көлемінде және өз сайлау округы бойынша атқарған жұмысы туралы баяндады. Мәслихат қызметінің негізгі нысаны — сессия екендігін тілге тиек етіп, өткен жылы кезекті және кезектен тыс сессияларда маңызды қаулылар мен шешімдер шығарылғанын атап өтті.

– Су, жылу құбыры ауыстырылғаннан кейінгі қайта қалпына келтіру сапасының төмендігі, аталған жұмыстың ұзаққа созылуы, содан туындаған ыңғайсыздықтар туралы тұрғындар тарапынан арыз-шағым жиі түседі. Құрамында депутаттар мен құзырлы органдардың өкілдері енген уақытша комиссия құрылып, жағдаймен танысып, су, жылу жүйелерін қайта қалпына келтіруді бақылауға алу туралы нақты ұсыныстар беріледі, – деді ол. (далее…)

Оң баға берді

Пятница, 25 Янв 2019

«КәсіпҚорған» салалық кәсіподақ ұйымы Жезқазған аймақтық филиалы өткен жылды қорытындылап, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС кәсіпорындарындағы кәсіподақ төрағалары есеп беруді бастады. (далее…)