Архив за 11 Янв 2019

…И пожелал благополучия

Пятница, 11 Янв 2019

Накануне Нового года аким города Аскар Идрисов нанес предпраздничный визит в детский сад «Алпамыс», центр для детей с особыми потребностями и отремонтированный по программе модернизации жилой дом № 83 по улице Гурбы.

Детский сад «Алпамыс» – самый большой в нашем городе. Построенный в 1987 году, он в те годы распахнул свои двери сразу для 280 детей от 3-х до 6-ти лет. Но годы неразберихи, связанные с развалом Советского Союза, последовавшим вслед за этим серьезным оттоком населения из города и невозможностью вновь образованного государства полноценно содержать свою собственность, внесли свои печальные коррективы: чтобы элементарно выжить, детскому саду пришлось отказаться от части своих помещений в пользу частной структуры – семейно-врачебной амбулатории «Кожахметова», и сократить количество мест до 205. Со временем ситуация в стране стабилизировалась, рождаемость, а вместе с ней и потребность в детских садах, вновь пошли вверх, но к нашему «Алпамысу» вернулись его помещения лишь в 2017 году, в связи с открытием в городе поликлиники и перемещением в неё городских СВА. (далее…)

Итоги подведены, планы намечены

Пятница, 11 Янв 2019

В нынешнем году маслихатам всех уровней исполняется 25 лет. На итоговой – 39-й – сессии городского маслихата сатпаевские народные избранники пообещали отметить юбилей плодотворной работой на благо своих избирателей.

39-я сессия сатпаевского городского маслихата прошла 26 декабря 2018 года с участием акима города Аскара Идрисова. В соответствии с повесткой дня депутаты утвердили городской бюджет на предстоящие три года и изменения в программу развития города до 2020 года: большие средства будут выделены на ремонт дорог, на уличное освещение, на благоустройство еще двух микрорайонов. Помимо этого, в центре внимания поддержка отдела образования (фонд всеобуча, школьное питание, школьные учебники, бесплатный проезд), а также поддержка малоимущих семей и т.д. (далее…)

«Намыстылар» қатары толықты

Пятница, 11 Янв 2019

Отансүйгіштік, патриоттық сезім – елдің әрбір азаматы үшін абырой мен міндетке бастайтын ұлы ұғым. Елбасы Н.Назарбаев Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы ел жастарының ерлігі мен батылдығына байланысты екендігін айтып өткен болатын. Ел рухын көтеретін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, сонымен қатар «Мәңгілік ел» идеясының өзегі де осы патриоттық сезімнен бастау алары анық.

Жуырда №19 орта мектептің «Намыс» әскери-патриоттық клубы жаңа мүшелерді қабылдады. Мектепішілік клубтың көздегені – өз оқушыларына патриоттық тәрбие беріп, салауатты өмір салтына дағдылануға икемдеу, елжандылықты, Отанды, елді-жерді сүюді дәріптеу. 2015 жылдан бастап өз жұмысын бастаған ұйымның бүгінде 30 мүшесі бар. Олардың сапы білім жүйріктері мен спорттық жарыстардың жеңімпаздарымен толыққан. Жас намысшылдар мектепішілік, қалалық шаралардан қалыс қалмайды. (далее…)

Ардагерлерге арналды

Пятница, 11 Янв 2019

Өткен аптаның соңында «Қазақстан» спорттық-сауықтыру кешенінде спорт саласының ардагерлері Кеңес Төленов пен Марат Қалибековті еске алуға арналған турнирде жас футболшылар бас қосты. Кешен әкімшілігінің қолдауымен бес күнге ұласқан додада жасөспірімдер шаршы алаңның шаңын шығарды.

Футбол аренасын шуға бөлеген турнирді жыл сайын өткізу дәстүрге айналуда. Осымен үшінші мәрте жанкүйерлер назарына жол тартқан жарыс көрігін жүзден аса балғын спортшы қыздырды.

– Айтулы шараны өткізудегі басты мақсат – жастарды спортқа тарту, осы саланың дамуына атсалыса отырып, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Жас балғындардың жолына үлкен үмітпен қараймыз.  Еліміздің абыройын асқақтатып,  мәртебімізді асыратын, ұлы жеңістерге жеткізетін болашақ майталман спортшылар осылардан шықпақ, – дейді турнирдің бас төрешісі Р.Ыдырысов. (далее…)

Kel jańa jyl, jańa jyl!

Пятница, 11 Янв 2019

Ortalyqtandyrylǵan kіtaphananyń «Kovorkıng» zalynda ótken «Kel jańa jyl, jańa jyl!» erteńgіlіgі qyzyqqa toly boldy.

Jasyl shyrsha janynda bas qosqan Olga Vladımırova, Bıjan Ábdіrahmanova, Halıma Aqmurzaeva sekіldі ardagerlerdіń aq nıetі men іzgі tіlegі mańyzyn odan árі arttyra tústі. (далее…)

Жыл қорытындыланды

Пятница, 11 Янв 2019

Мұрағат – тарихи маңызы бар құжаттар сақталатын арнаулы орын ғана емес, мемлекеттік қызмет көрсететін маңызды мекеме. Мұнда «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметі ел азаматтарымен қоса, алыс және жақын шетел азаматтарына және заңды тұлғаларға көрсетіліп, өтініштер қабылданады. Жуырда Сәтбаев қаласының архиві аталған қызмет турасында семинар-кеңес өткізіп, жылды қорытындылады.

Бүгінгі күні Сәтбаев қаласының мемлекеттік мұрағатында ХХ ғасырдың 1930 жылдарынан бастап 7000 құжат, 179 қор сақталған. Қазыналы қаланың алғашқы құрылысы, 1938-1940 жылдары салынған алып шахта құрылыстары туралы, жер қойнауындағы табиғи байлықты игеруге жан жақтан келген адамдардың өмірбаяны мен қызметі жөніндегі деректер бар. 10 соғыс ардагерінің жеке құжаты, жеке тектік қорда қаламызға еңбегі сіңген 7 азаматтың құжаты сақтаулы. Жиын барысында мекеме қызметкерлері мұрағат төңірегінде аз-кем ақпарат беріп, тарихи қор жөнінде баяндама жасады. Бұдан бөлек, өткен жылда атқарылған жұмыстар тізбектелді.
Мекеме басшысы Жаңбырбай Дәрібаев мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы анықтама беріп, бұл бойынша қаралған өтініштерге есеп берді. (далее…)

Спорт саңлақтары – қайсарлық пен батылдық үлгісі

Пятница, 11 Янв 2019

Ел мерейі мен беделін арттырған сәтбаевтық спортшылар жаңа жыл қарсаңында ұлықталды.

«Қазақстан» спорттық- сауықтыру кешенінің спортшыларын марапаттау рәсімінде Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Төлендина көк байрақты желбіреткен саңлақтарды құттықтады.
– Джакартада ХVІІІ-ші жазғы Азия ойындарында жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасында жерлесіміз Рима Кашафутдинованың өнер көрсетуі мерейімізді үстем етті. Сонымен қатар, хоккейшілер Артур Гатиятов, Валерий Орехов сынды спорт жұлдыздары ел абыройын әлем аренасында асқақтатуда. Олар қайсарлық пен батылдықтың үлгісі. Бұл ретте бапкерлердің еңбегі ерен. Биылғы жылы спорттық-сауықтыру орталықтарының техникалық базасын нығайтуға, қалалық балалар мен жасөспірімдер мектебін қайта құрылымдаудан өткізуге бюджеттен қаржы бөлінді. Бес жаттығу алаңы ашылды. Өндірісші жастарды спортқа тарту мақсатында «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС келісімшартқа отырдық. Алдағы уақытта Жастар стадионын қалпына келтіру жұмысы жүзеге асырылады. Сіздерге үлкен сенім арта отырып, жаңа жеңістер, рекордтар мен жетістіктер күтеміз, – деді ол. Салтанатты кеште Зульфияхан Данильченко «Жылдың үздік жаттықтырушысы», Азамат Шәкіров «Жылдың үздік спортшысы» атанды. (далее…)

Өзекті мәселелер назарда

Пятница, 11 Янв 2019

Оңтүстік Жезқазған кенішінің директоры Сұңғат Бимағанбетовтің төрағалығымен бригадирлер кеңесінің және кеңесші ұйымның, кеніштегі «КәсіпҚорған» кәсіподағының өткен жылдағы жұмысына есеп беру жиыны өтті.

– Кәсіподақ ұйымға мүше жұмыскерлердің әлеуметтік жағдайын оңалту, жұмыс орындарындағы түйткілді мәселелерді шешу, арнайы киіммен қамту, асханалар жұмысын жолға қою, жұмыс беруші мен ұйым мүшесі арасындағы келісім-шарттың орындалуы сынды өзекті проблемаларға атсалысты. Әрине, кемшіліктер жоқ емес. Әлі де болса еңбек қорғау мәселесі өткір күйде тұр. Біз алдағы уақытта осы олқылықтардың орнын толтыруға күш салуымыз қажет. Кәсіби шеберлікті шыңдау мақсатында түрлі байқаулар өтті. (далее…)

Мас күйінде темекі шегу – өрттің шығуының және адамдардың қаза болуының себебі

Пятница, 11 Янв 2019

Алкоголь мен темекіде үйлесім жоқ. Бұл қосынды апатқа, өкінішке орай, кейбір жағдайда адам өліміне әкеледі. Алайда, ол туралы ұмытып жатамыз, басқалардың қателіктерінен сабақ алмай өзіміз соған ұрынамыз.

(далее…)