Архив за 01 Фев 2019

Барлық бағытта жұмыстар жүруде

Пятница, 01 Фев 2019

Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысовтың халық алдындағы есебі

Мемлекет Басшысының Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен есептік кездесулері өтіп жатыр.
Бұл атқарушы органдар үшін сынақ. Дәл осындай кездесулердің негізінде тұрғындармен қаламыздың ең өткір әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша сұрақтар көтеріледі. Атқарушы билік пен халық арасындағы осындай ашық диалог жауапкершілікті арттырады.

Өткен жыл – елеулі оқиғаларға толы жыл болды. Біздің еліміз Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымына төрағалық етті. Біздің мемлекетіміздің қол жеткізген табыстарына сәтбаевтықтар да өз үлесін қосуда. Қаламыздың экономикасы тұрақтанып, әлеуметтік мәселелер шешіліп, ішкі тұрақтылық нығаюда. (далее…)

Идет работа по всем направлениям

Пятница, 01 Фев 2019

Отчет акима города Сатпаев Аскара Идрисова перед населением

В соответствии с Указом Главы государства проводятся отчетные встречи акимов всех уровней с населением. Это испытание для исполнительных органов. На основе этих встреч с населением поднимаются самые острые вопросы социально-экономического развития города. Такой открытый диалог между исполнительной властью и населением повышает ответственность. (далее…)

Педагогикалық біліктен кәсіби құзыреттілікке

Пятница, 01 Фев 2019

С.Сейфуллин атындағы гимназияда шығармашылыққа арналған бір күн осы тақырыпты қамтыды. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы тәжірибемен таныстырып, педагоктардың құзыреттілігін, кәсіби-педагогикалық белсенділігін арттыру мақсатындағы шара инновациялық әдістемелік идеялар көрмесінен бастау алды.

«Робототехника» үйірмесінің оқушысы Богдан Тигунцовтың «Лев» жобасы көңілден шықса, Александр Вовленконың «Носорок» жобасы көпшіліктің қызығушылығын туғызды. Дариға Дембергеннің «Анненск шахтасы» жобасының да тиімділігі мол болып шықты.

– Барлық шахталар «қатынас ыдыстары» принцпі бойынша жұмыс істейді. Өндірістен шыққан ауаны тиімді пайдалану үшін арнайы желдеткішті қиғаштап орнатамыз. Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыра отырып, шахта ауласындағы бағаналарды жарықпен қамтамасыз етеміз. Яғни, ауадан энергия аламыз. Бүгінгі күні көптеген елдерде қолданыстағы жобаны болашақта жүзеге асыруға мүмкіндік мол, – дейді ол.

Азель Қасқырбай мен Айғаным Қодарованың «Сәтбаев мешіті» жобасы жоғары технологиясымен ерекшеленді. «Ақылды қала» негізі болып табылатын «Smart City» жобасы қолданылған макет блютуз арқылы қашықтықтан басқарылады. Ішіндегі бағадарламаларды қалауыңызша өзгертуге болады. Азан шақыру, жарықпен қамтамасыз ету, есіктің ашылып-жабылуы дистанционды түрде басқарылады. (далее…)

НУ-КА ВМЕСТЕ, НУ-КА ДРУЖНО!

Пятница, 01 Фев 2019

Во вторник педагоги и воспитанники Детской школы искусств – Клуба ЮНЕСКО посетили отделение по оказанию социальной помощи на дому детям с ограниченными возможностями. С целью воспитания чувства толерантности, привития навыков работы в группе, развития художественного вкуса у ребят с особыми потребностями ими был проведен мастер-класс, центральным элементом которого стало коллективное творческое дело.

Для чего людям, а в особенности детворе, нужен праздник? Наверное, для того, чтобы общаться друг с другом, получать разнообразные подарки, дружить и веселиться. Окунуться в атмосферу радости, волшебства и веселья подопечные центра смогли, приняв активное участие в мероприятии, где совместными усилиями создавалось панно из кусочков цветного фетра – эмблема программы «Рухани жаңғыру». Конечно же, говоря о культурном богатстве нации, нельзя не вспомнить о традиционных техниках в рукоделии и народных ремеслах, к коим относится валяние шерсти, создание из шерстяных материалов различных изделий, панно. (далее…)

Халықаралық байқауға жолдама алды

Пятница, 01 Фев 2019

Қаңтардың соңғы сенбісінде қаламыздағы Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында «Қазақстан үміті» Республикалық өнер және білім байқауы болып өтті. Алматы қаласының «Жеті өнер» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен болған бұл шарада Сарыарқаның төріндегі жас өнерпаздар мен білімді ұрпақтар әртүрлі номинациялар бойынша бақтарын сынады.

Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Кеңгір, Талап, Жезді және Ұлытау өңірлерінен өнерлі өрендер келген бұл байқауға Сәтбаев қаласының жастары да қатысты. Солардың қатарында 2011 жылдан бері «Балаға мейірімді» жобасы аясында «Шоқжұлдыз» бағытымен жұмыс жасайтын үйірмелерден аспапта орындаушылар, эстрадалық ән салу (жеке орындау), хореография өнері, көркемсөз, бейнелеу өнері және сәндік қолданбалы өнер номинациялары бойынша 42 оқушы қатысып, барлығы әртүрлі жас ерекшеліктеріне орай жүлделі орындарға ие болды. (далее…)

Интернет орнына – кітап

Пятница, 01 Фев 2019

Жуырда, №5 жалпы орта білім беретін мектептің кітапханашысы Гүлмира Нұрсейітованың ұйымдастыруымен «Интернет орнына кітап» атты бір күндік акция өтті. Оқушылар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, кітаптың құндылығын насихаттау мақсатындағы шараға мектептің бастауыш сынып оқушылары қатысты. (далее…)

Байқауда бақтары жанды

Пятница, 01 Фев 2019

Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында өткен Республикалық жас өнерпаздар байқауында Абай атындағы №4 мектеп – лицейінің оқушылары бақтарын сынап, жүлделі орындарға ие болып, лауреат атанды. (далее…)

ЖИЗНЬ ПРОДОЛЖАЕТСЯ, ПРОБЛЕМЫ РЕШАЮТСЯ

Пятница, 01 Фев 2019

Очередной ежегодный отчет перед населением, переживающим с некоторых пор процесс переселения, или, если точнее, принудительное отчуждение земельных участков для государственных нужд, аким поселка Жезказган Берік Әбен провел в среду по традиции в стенах общеобразовательной школы №10 населенного пункта Весовая. (далее…)

Ел болашағы – жастардың қолында

Пятница, 01 Фев 2019

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің биылғы Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялаған болатын. Ал, жуырда Астанада «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атауымен сол «Жастар жылы» ресми түрде бастау алды. Біз де сол шараның ашылу салтанатын тікелей эфирден көрдік. (далее…)

Ұлттық рухты оятты

Пятница, 01 Фев 2019

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында Ұлы даланың тарихымен таныстырып, руханиятты сақтауға арналған алты жоба ұсынылып отыр. Тәуелсіздік алғалы ширек ғасыр көлемінде үшінші мәрте тарихымызды түгендейтін бағыт-бағдар алып отырмыз. (далее…)