Архив за 01 Мар 2019

Заслуженный отдых

Пятница, 01 Мар 2019

На пенсии жизнь только начинается. Памятуя об этом, и благо есть уникальный пример, СГФ партии «Нур Отан» совместно с Домом дружбы в минувшую субботу торжественно открыли центр «Сатпаевское активное долголетие». Для горожан, вышедших на заслуженный отдых.

Гульназ ГАТИЯТОВА, директор Дома дружбы, уже рассказывала нашим читателям про идею клуба активного долголетия, которую предложил реализовать СГФ партии «Нур Отан» в рамках партийного проекта «Ардагерлерді ардақтайық» («Шарайна» № 7 от 22.02.2019г., «Город, хватит спать спокойно!»). Вкратце напомним его главную цель: вовлечь людей преклонного возраста в активную интеллектуальную, творческую, общественную жизнь. (далее…)

XVIII съезд партии «Нұр Отан»

Пятница, 01 Мар 2019

Глава государства поручил принять ряд мер по улучшению многих сфер жизни казахстанцев.

27 февраля в Астане прошел XVIII съезд партии «Нұр Отан», приуроченный к 20-летнему юбилею политической организации, передает Zakon.kz.

В ходе своего выступления Глава государства поручил принять ряд мер по улучшению многих сфер жизни казахстанцев. Например, повысить зарплату низкооплачиваемым работникам бюджетной сферы до 30%; поднять в среднем на 25% низовым работникам исполнительных органов, которые непосредственно работают с гражданами на районном и областном уровнях, повысить критерий оказания адресной помощи до 70% от прожиточного минимума (с 14849 тенге до 20789 тенге, ПМ – 29698 тенге), повысить пособия родителям, опекунам и семьям (лицам), воспитывающим детей-инвалидов на 30%, для многодетных и неполных семей, семей с детьми с ограниченными возможностями, имеющих низкие доходы разработать льготный механизм предоставления жилищных займов под 2-3% годовых через систему жилстройсбережений и другие. (далее…)

Әзірлік тексерілді

Пятница, 01 Мар 2019

Ақпан айының 26-27 күндері қаламызда «Көктем-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті. Көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларға қарсы дайындықты пысықтау мақсатында ұйымдастырылған шара «Горняк» саяжайы маңындағы алаңда бастау алып, Сәтбаев қаласының күштері мен құрылымдарының әзірлігі тексерілді.

Сәтбаев қаласы әкімінің ұйымдастыру нұсқаулығына сай арнайы құрылған шұғыл әрекет ету күштері мен құрылымдары оқу-жаттығуға тартылып, олардың дайындық деңгейі пысықталды. Барлығы 22 авариялық-құтқару құрылымдарынан 147 адам мен 47 бірлік техниканың әзірлігі байқалды. Арнайы сап түзеген құрылымдардың азаматтық қорғау құрылымдарының жеке құрамын Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Батыр Абдрахаев пен қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ербол Байғазиев тексерді. Байқау барысында құжаттама мен тиесілі жабдықтардың сәйкестігі қадағаланды. Тексеріс қорытындысы бойынша әзірлік қағанаттанарлық деңгейде деген баға берілді. (далее…)

Білгірлікті байқатқан бәсеке

Пятница, 01 Мар 2019

Қаламыздағы орталық кітапханада «Ой мен ойын» интеллектуалды сайысы өтті. Ақыл мен шапшаңдылық таразыға салынған тартысты жарысқа мемлекеттік қызметкерлер мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Ерекше форматта ұйымдастырылған білгірлік бәсекесі көпшілік қауымды кітапханаға тарту мақсатын түйді.

Тартысқа түскен команда мүшелеріне қойылған талап – алғырлық пен байқампаздықтарын көрсету. Жарыс берілген сөздерді ымдап түсіндіру, мақал-мәтелдерді суреттеп табу, қаламызға танымал азаматтардың өмір деректеріне қатысты мәліметтерді дұрыс беру сынды кезеңдермен қамтылды. Сергіту жаттығулары да сайыстың серпінді өтуіне сеп болды. (далее…)

Жаңа судья қызметке кірісті

Пятница, 01 Мар 2019

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылдың 20 ақпанындағы №844 жарлығына сәйкес Сәтбаев қалалық сотының судьясы лауазымына Әбдібекова Әсел Мыңбайқызы тағайындалды.

Ә.Әбдібекова 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге келді. Білімі жоғары. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының түлегі. Еңбек жолын Алматы қаласының Медеу аудандық сотында бас маман болып бастап, сот отырысының хатшысы қызметтерін абыроймен атқарды.

Қалалық соттағы жиында сот төрағасы Ерлан Сексенов Әсел Мыңбайқызын таныстырып, өз ісін жетік меңгерген, тәжірибесі мол, білімі мен білігі биік маман екендігін атап айтты. Жаңа судьяны құттықтаған әріптестері алдағы еңбегіне табыс тіледі.

Мира ШАХАТ.
Сурет автордікі.

ЗАСЛУЖЕННАЯ ПОБЕДА НАШИХ ТАНЦОРОВ

Пятница, 01 Мар 2019

Танцевальный коллектив «Импульс» на состоявшемся в минувшие выходные на сцене Дворца горняков имени Ш.Дильдебаева II республиканском фестивале искусств «Шашу», достойно выступив, занял в танцах почетное 1 место.

Инициатором проведения фестиваля-праздника, который дает возможность его участникам продемонстрировать в полную меру свои художественные достижения, является известный наш земляк, руководитель и основатель хореографического ансамбля «Шашу» Тауржан Рахат.

«Импульс» представил на суд жюри 3 хореографические постановки. Младшая группа коллектива, несмотря на свой дебют в конкурсах подобного уровня, за казахский танец «Шаттық» удостоилась 3 места. Группа девочек, выступившая на сцене с другим казахским танцем «Нәзік», получила диплом за занятое 2 место. Ну а настоящий фурор произвел на членов жюри и зрителей в зале танец «Гимн шахтеру», с которым наши танцоры в итоге победили. (далее…)

Ерліктері мәңгі есте

Пятница, 01 Мар 2019

№7 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында Ауған соғысы ардагерлеріне арналған «Интернационалист жауынгерлердің ерлігі мәңгі есте» атты кездесу кеші өтті. Мектеп оқушыларымен жүздесу барысында от пен оқ арасындағы қиын кезеңдер, достық, бірлік ұғымдарына терең бойлаған ескірмес естеліктер айтылды.

Кешке сол қанды қырғын соғысына қатысып, ерлік көрсеткен бүгінгі күннің батыр тұлғалары Ертай Жанкелдиев, Төремұрат Байжанов, Қанат Искаков, Жалғас Жақсыбаев келіп қатысты. Кездесу кеші көрермен оқушыларға арналған Ауған соғысы жайлы мәліметпен басталып, келген қонақтар таныстырылды. Соғыста ерлікпен қаза тапқан батырлар бір минуттық үнсіздікпен еске алынды. Мектеп оқушылары ардагерлерге жыр шумақтары мен көркем сөздерін арнады. Кездесуде, сондай-ақ, соғыс кездерінен алынған бейнекөрініс көрермен назарына ұсынылды. (далее…)

Жаңа есімдер анықталды

Пятница, 01 Мар 2019

«Достар дауысы» биылғы жылдың жаңа таланттарын анықтады. Ән орындаушылар мен шоу-бағдарлама жүргізушілерінің аймақтық байқауының қос жеңімпазы облыстық «Жас қанат-2019» конкурсына жолдама алды. (далее…)

Жекпе-жекте топ жарды

Пятница, 01 Мар 2019

Өткен аптада қоян-қолтық ұрыс жекпе-жегінің үздіктері анықталды. Қаламыздағы «Жастар» спорт кешенінде өткен ашық біріншілікке Астана, Қарағанды, Шахтинск, Жезқазғанның спортшылары қатысты.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін жекпе-жек жарыстың ашылу салтанатында «Қазақстан» спорттық-сауықтыру кешені басшысының орынбасары Лидия Гавриш сөз сөйлеп, додаға қатысқалы тұрған дарындарды құттықтады.

– Жастар жылына орайластырылған бұл жарыс спортшыларға тың күш, ерік-жігер береді деп ойлаймын. Бастысы, жарыстың жарақатсыз өтуіне тырысыңыздар. Өзге қаладан келген қатысушыларға көп алғысымды айтамын. Сәттілік серік болсын, – деді.

Жарыстың бас төрешісі, қоян-қолтық ұрысы бойынша бапкер-жаттықтырушы Нұрқанат Қуанышбек те жылы лебізін жеткізіп, ел сенім артқан жастарға жарқын жетістіктер тіледі. (далее…)

Қалалық біріншілік өтті

Пятница, 01 Мар 2019

Жуырда Абай атындағы №4 мектеп-лицейде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылуының 30 жылдығына орай шахматтан мектеп оқушылары арасында қалалық біріншілік өтті.

Екі күнге созылған жарыстың нәтижесінде Алема Джункураева Абай атындағы №4 мектеп-лицейдің 8 «б» сынып оқушысы І орынды, осы мектептің 7 «б» сынып оқушысы Аяулым Жакупова ІІ орынды жеңіп алды. Ал ІІІ орынның тұғырына №27 мектептің оқушысы Даяна Шахай көтерілді.

Ұлдар тобында Серікболсын Тынымбай (№15 мектеп, 10 сынып) І орынды, Темірлан Төлеген (Абай атындағы №4 мектеп-лицей, 11 «а» сынып), ІІ орынды, Алмаз Құндақбаев (№15 мектеп, 10 сынып) және Төлеген Жолдасбек (Абай атындағы №4 мектеп-лицей, 6 «а» сынып) ІІІ орынды жеңіп алды. (далее…)