Архив за 08 Мар 2019

Ардақты аналар, аяулы арулар!

Пятница, 08 Мар 2019

Шуақты көктеммен бірге келген, мерейлі мереке – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

8 Наурыз – барлық қиындықты жеңе білген сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы аналарға тағзым күні.

Қазіргі қоғамда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, мемлекеттің саяси мәселелеріне белсене араласатын парасат иесі. Сұлулық пен даналықты бойына дарытқан әйелдер қауымының қоғамдағы орны ерекше. Олар денсаулық, қаржы, мәдениет, экономика секілді түрлі салада табысты қызмет ете жүріп, сол тамаша талпынысымен қаламыздың өркендеуіне сүбелі үлес қосуда. Кәсіпкерлік пен қайырымдылық көкжиегінде де іздері бар.
Сіздер қоғамдық өмірдің қозғаушы күші ғана емес, ұрпақ өрісін кеңейтіп, ел еңсесін биіктеткен жігерлі жансыздар. Сондықтан, елімізде қыз-келіншектердің әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейінің артуына айрықша маңыз берілген. (далее…)

Дорогие женщины!

Пятница, 08 Мар 2019

Примите искренние и сердечные поздравления с самым красивым, самым весенним праздником года – 8 Марта!

День 8 Марта стал днем поклонения Женщине, которая несет в мир любовь и красоту, растит детей и созидает, делает окружающий мир добрее и совершеннее. (далее…)

8 марта каждый раз мы говорим: «Спасибо!»

Пятница, 08 Мар 2019

В среду во Дворце горняков имени Ш.Дильдебаева состоялось торжественное мероприятие, приуроченное к Дню 8 Марта.

Почетное право поздравить собравшихся в зале с праздником было предоставлено акиму города Аскару Идрисову. В своем выступлении он отметил, что именно благодаря женщинам остаются вечными такие жизненные ценности, как любовь и верность, семья и дом, вклад прекрасной половины в развитие города и региона.

– Сатпаев – город горняков. Город, где тысячи мужчин заняты тяжелым физическим трудом. Поэтому у нас особенно остро ощущается в людях трепетное отношение к дому. А кто у очага? Конечно, женщины. Они ждут своих мужей и сыновей, любят, переживают наши неудачи и больше всех радуются нашим успехам. Спасибо вам за все, что вы дарите своим близким: заботу, любовь, тепло. Нам, мужчинам, это правда очень важно, – сказал Аскар Идрисов. Сатпаевские женщины не только опора семьи, но и опора города. Им все удается: достигать вершин в профессии, в творчестве, в общественной деятельности, создавать радушную и комфортную обстановку в семье, воспитывать детей. Подвески «Күміс алқа» были вручены мамам, воспитывающим 6 детей – это Назгуль Жанабаева, Гүлнәзира Мүсірәлі. (далее…)

Қоғамдық қабылдау өткізді

Пятница, 08 Мар 2019

«Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының қоғамдық қабылдау қызметі партия құрылған уақыттан бері өзіне жүктелген міндеттерін абыроймен атқарып келеді. Бұл уақыт ішінде қала тұрғындары өздерінің әлеуметтік, құқықтық, жеке мәселелерімен де келіп, партиядан көмек сұрады.

Алғашқы уақыттарда қоғамдық қабылдауды қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары мен қалалық мәслихат депутаттары өткізетін. Халықтың мұң-мұқтажын тиісті орындарға жеткізіп, оның оң шешілуіне де осы депутаттар ықпал ететін. Бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижесі де аз болған жоқ, әрине. Соның бір көрінісі, соңғы жылдары қоғамдық қабылдауға келушілердің де, шешілген мәселелердің де саны артқан. Сондай-ақ, қоғамдық қабылдауды бұрынғыдай депутаттар мен төраға орынбасары емес, мемлекеттік, құқық қорғау органдарының басшылары да өткізетіні бұл бағыттағы жұмыстың жандана түсуіне сеп болды. Бұл тұрғындар мен басшылар арасында тікелей байланыс орнауына жол ашып, партияға деген халықтың сенімінің арта түскенін дәлелдеп отыр.

Жуырда «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінде қала прокурорының орынбасары Нұрлан Досболов, қалалық полиция бөлімі басшысының орынбасары Жалғас Жүнісов, Сәтбаев қаласы төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ербол Байғазиев, қалалық тұрғын үй шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Жадыра Сейлова, қалалық жұмыспен қамту орталығының бас маманы Асемгул Рахымбек, Сәтбаев қалалық қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы Гаухар Жалмурзина, облыстық мәслихаттың депутаты Еркін Жұмабеков қала тұрғындарын арыз-шағымдары бойынша қабылдады. (далее…)

Қоғамдық талқылау өтті

Пятница, 08 Мар 2019

Қаламыздағы коттедждер қалашығы «Байқоныс» шағынауданы деп аталып, ондағы көшелерге атаулар берілді. Осы бағытта қаламыздағы №9 мектепте қоғамдық талқылау болып өтті. (далее…)

Проблемы решаемы

Пятница, 08 Мар 2019

В минувший вторник депутат сатпаевского городского маслихата Шолпан Мухамедгалиева провела прием граждан по личным вопросам. (далее…)

Чтоб все так жили! Долго, дружно, счастливо!

Пятница, 08 Мар 2019

Что интересует человека в его 100 лет? Не скажу за других, а Антониду Васильевну СУДАРИКОВУ, в принципе, все: и политическая ситуация в стране, и общественная жизнь родного города, и даже накормлен ли зашедший в гости соседский кот.

Ровно неделю назад, 1 марта, коллектив Дома дружбы в лице директора Гульназ ГАТИЯТОВОЙ и специалиста Карлыгаш АГИБАЕВОЙ, а также председатель Украинского этнокультурного центра имени Тараса Шевченко Оксана ЖУК и газета «Шарайна» пришли в гости к самому старейшему жителю нашего города – Антониде Васильевне Судариковой. Пришли, чтобы поздравить с первым днем весны, с Днем благодарности, попить вместе чай с тортом:

– … Здоровья вам! Счастья! И еще сто лет жизни, Антонида Васильевна!

– Еще сто лет?! Ну нет, это слишком много, не надо… Тяжело это, слишком тяжело.

– А когда жить легко было? – возражает Валентина Васильевна, 69-летняя дочь Антониды Васильевны. – Так что, живи еще, сколько сказали! (далее…)

Бас жүлде Ботагөзде

Пятница, 08 Мар 2019

Республикалық «Шашу» өнер фестивалі талай таланттың танылуына жағдай жасап, жас дарындардың жолын ашып берді десе де болғандай. Жуырда сол өнер додасы қаламыздағы Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайын дүбірге бөледі. Хореография, вокал, аспапты жанрдың үздіктерін анықтаған байқаудың бас жүлде иегерлеріне Түркия елінде өтетін фестивальға жолдама берілсе, жүлделі орыннан көрінген жүйріктер Астанада аталмыш жарыстың халықаралық деңгейдегі сайысына тегін қатысу құқығына ие болды.

Ботагөз Кәрім – болашағынан зор үміт күттіретін жас дарын. Ән байқауларынан алған жүлделері бір бөлек. Енді сол марапаттардың қатарына аталған фестивальдің бас жүлдесін қосып отыр. №16 жалпы білім беретін мектептің оқушысы «Шашуда» алдына жан салмай, шашасына шаң жұқтырмаған. Өзінің жас санатында үздік өнер көрсетіп, 50 өнерпаздың ішінде топ жарған өрен Түркияның Анталья қаласында өтетін халықаралық «IAF» өнер фестиваліне 50 пайыз жеңілдікпен қатысу мүмкіндігін иеленді.

– Көпбалалы ана ретінде балаларымның жеткен әрбір жетістігіне шын қуанамын. Осы байқауға қос балам қатысты. Екеуі де жүлдесіз қалмады. Енді Ботагөзімнің шет елден де жүлдесіз қайтпайтынына сенімдімін. Өйткені, оны талай дарынды тәрбиелеп шығарған Айнагүл Жұмашқызы дайындап жатқан жайы бар. Осы жарысқа қатысуға қаржылай қолдау көрсеткен мектеп ұжымына, атап айтқанда білім ордасының басшысы Қайрат Смайловқа, Айнагүл Күлшікеноваға, Гүлжан Кәбиқызына шексіз алғысымды білдіргім келеді, – дейді Ботагөздің анасы Гүлзада Қышанбаева.

Қазір Ботагөз мамыр айында өтетін халықаралық фестивальге дайындық үстінде. Үкілеген үмітті ақтау үшін бар ынта-жігерін жұмсауда. Біз де жас өнерпаздың абыройлы өнер көрсетуіне тілектеспіз.

Н.ҚОНЫСБАЙ.

Нет ничего ограниченного

Пятница, 08 Мар 2019

Поводом для встречи с героями материала стала небольшая заметка в соцсетях о том, что во Дворце школьников прошел международный фестиваль «Жұлдызай» с участием детей с особыми образовательными потребностями. Дмитрий Некрасов и Ерасыл Ижанов в номинации «Вокал» стали его победителями. Ерасыл завоевал Гран-при и путевку в Астану на конкурс, а Дима занял 1 место.

С мальчишками встретились в Доме дружбы. Несмотря на диагноз – ограниченные возможности и возраст – эти ребята могут дать фору любому здоровому человеку в любви к жизни. Диме 9 лет, он учится в третьем классе в общеобразовательной школе №14. Двенадцатилетний Ерасыл – ученик 6 класса школы №7. Разные по характеру, но обоих объединяет любовь к музыке. Дима впервые запел в реабилитационном центре г. Астаны на занятиях по музыкотерапии.

– Преподаватель, послушав сына, сказал, что у него слух. Надо или петь или учиться играть на музыкальном инструменте, – рассказывает Татьяна. – Решили попробовать. Выучили песню и выступили там на День защиты детей. Получилось. После этого поступили в Детскую школу искусств в музыкальное отделение. Играем на фортепиано уже второй год. Преподаватели Людмила Михайловна Гребенникова и Татьяна Александровна Джакупова занимаются с ним, проблем нет. (далее…)

Отбасылық сайыс өтті

Пятница, 08 Мар 2019

Салауатты өмір салтын насихаттау, отбасы мен балабақша ынтымақтастығын нығайту мақсатында Сәтбаев қаласының №33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасында «Толағай – 2019» спорттық-отбасылық сайыс өтті. Сайысқа Мәлік, Жаңбыршы, Айтқожаев, Коняхметова, Самылов, Черкашиндер отбасылық топтары қатысты.

Сайыс барысында отбасылар сергіту жаттығуларын жасап, қазақтың ұлттық буын биі «Қара жорғаны» билеп, көптеген кедергілерден өтіп, өздерінің спортқа, жеңіске деген құлшынысының арқасында жоғары ұпай көрсеткіштеріне қол жеткізді. Сайыс өте тартысты өтті. Қай отбасы болмасын өздерінің алғырлығымен, жылдамдығымен, асқан белсенділіктерімен ерекшеленді.

Сайыс қорытындысы бойынша әр отбасы жеңімпаз болуға лайықты деп шешіліп, «Ең ынтымақты отбасы», «Ең шапшаң отбасы», «Ең белсенді отбасы», «Тапқыр отбасы», «Көңілді отбасы», «Ең епті отбасы» деген номинациялар бойынша мақтау қағаздарымен марапатталып, сыйлықтар табысталды.

Сайысты тамашалауға келген ата-аналар балабақша ұжымына осындай ұлағаты мен тәрбиесі мол іс-шара өткізгеніне алғыстарын білдірді.

Мерей АСАНОВ,
№33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасының
ата-анасы.