Архив за 29 Мар 2019

Шатыраш шеберлері бақ сынасты

Пятница, 29 Мар 2019

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Ұлытау ауданының Құрметті азаматы Мұхамбет Көпеевтің жүлдесіне арналған аймақтық шахмат турнирі биыл қаламызда он тоғызыншы рет жалауын көтерді. Ел аузында «Көпеевтің турнирі» аталып кеткен бұл турнир жыл сайын түбі бір түркі жұртының ортақ мерекесі – әз Наурызда ұйымдастырылып келеді.

Осы он тоғыз жыл ішінде талай шатыраш шеберлерін тәрбиелеп шығарған аталмыш турнир сәрсенбі күні іріктеу жырыспен басталды. «Жастар» спорт сарайында Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал, Қарағанды қалалары мен Ұлытау ауданы, Жезді кенті, Борсеңгір ауылынан келген жүзге тарта жас шахматшылар іріктеу кезеңінде өзара бақ сынасып, мықтылары аймақтық сайысқа түсті. (далее…)

Первые распоряжения акимам

Пятница, 29 Мар 2019

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев поручил акимам ускорить выделение более 40 тыс. арендных квартир для социально уязвимых граждан. Об этом сообщил пресс-секретарь президента Курмангалиев Берик Уалиевич на своей странице в Facebook. (далее…)

Праздник для мам

Пятница, 29 Мар 2019

Многодетных матерей поздравили с Наурызом в центре социальной поддержки «QAMQOR».

Организатором праздника выступила Инициативная рабочая группа «Ана қорғаны» при поддержке заведующей центра Асем Конаевой и директора Дома дружбы Гульназ Гатиятовой.

Открывая праздник, Гульназ Гатиятова искренне поздравила многодетных мам с праздником и пожелала им крепкого здоровья, семейного счастья и благополучия.

Затем гостей пригласили за празднично накрытые столы, где они, конечно же, попробовали традиционный наурыз-көже. (далее…)

Көңілі кең көршілер

Пятница, 29 Мар 2019

Ұлыстың Ұлы күнін Құсайынов көшесінің 33 үй тұрғындары шат-шадыман күйде қарсы алды. Қазақтың ұлттық киімін киіп, ән мен жырдан шашу шашты.

Жыл басы болып саналатын ұлттық мейрамға ерекше дайындалып, аулада ақ дастархан жайды. Жастар үшін спорттық ойындар ұйымдастырылып, балалар бес тас, асық атудан сайысты. (далее…)

Дәстүрлер дәріптелді

Пятница, 29 Мар 2019

Наурыз – жаңа күн, Наурыз – жыл басы. Жақсылық пен жылылығын ала келген Наурыз той-думаны №31 «Балапан» балабақшасына өзгеше леппен жетіп, айшықты сән-салтанатымен ерекшеленді.

Балаларға ұлттық мереке туралы мағлұмат беріп, Отанын сүюге, дәстүрді дәріптеуге жетелеген шара мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қалалық мекемелермен бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. (далее…)

НАУРЫЗ В КРУГУ СЕМЬИ

Пятница, 29 Мар 2019

В честь весеннего праздника Наурыз-мейрамы в помещении библиотеки семейного чтения, открытой на базе нового общежития микрорайона «Нұрлы мекен», прошло мероприятие «Жыл басы – Наурыз».

В праздничном мероприятии, которое было проведено библиотечными работниками, приняли активное участие и взрослые, и дети из числа жильцов общежития-новостройки, что свидетельствует о преемственности и связи поколений.

Библиотекари рассказывали, как отмечается праздник Наурыз в разных странах, организовали тематическую книжную выставку, накрыли праздничный дастархан и с сердечным гостеприимством приняли гостей. Дастарханы были украшены по-домашнему, в изобилии – блюда национальной кухни, здесь царило праздничное настроение, праздничное чаепитие сопровождалось веселой музыкой. Дети исполнили песни, подарили участникам встречи в качестве подарка лирические танцевальные номера. (далее…)

Наурызды нақышымен тойлады

Пятница, 29 Мар 2019

Бір қарағанда бұл наурыз мерекесінің өзге жылдардан ерекшелігі болмаған сыңайлы. Сол үйлер, сол сахна, сол қойылым. Ал, аралап жүргенде оның бұрнағы жылдардан бөлектігі байқалады…

Қаланың ірі кәсіпорындары, мемлекеттік мекемелері мен қоғамдық ұйымдары ұйытқы болуымен 10-ға жуық киіз үй тігіліп, көше бойында тамаша бір этноауыл бой көтерді. Бұл күні негізгі мерекелік шара жазғы эстрада алдында өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары осы алаңға жиналып, «Ұлыстың ұлы күні, қош келдің!» атты мерекелік қойылымды тамашалады. Бұл шараға ардагерлеріміз, қаламыздың Құрметті азаматтары, қоғам белсенділері, депутаттары мен мекеме басшылары және қала жұртшылығы қатысты.

Мерекенің са­лтанатты ашылуында қала әкі­мі Асқар Ыдырысов жиналған көп­шілікті  Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. (далее…)

Праздник гармонии, добра и света

Пятница, 29 Мар 2019

В Сатпаеве Наурыз мейрамы отметили многочасовой концертной программой на летней эстраде Площади горняков, спортивными состязаниями и презентацией узбекского этнокультурного центра.

Массовые гуляния в городе начались с самого утра. По сложившейся традиции праздник был открыт поздравительной речью акима города Аскара Идрисова, который отметил, что празднование Наурыза мы связываем не только с пробуждением и обновлением природы, но и с уважением к прошлому, устремлённостью к лучшему, символом единства и дружбы, мира и согласия. (далее…)

Мейман мектепте болды

Пятница, 29 Мар 2019

ХІХ аймақтық шахмат турнирін өткізуге келген мемлекет және қоғам қайраткері, жерлесіміз Мұхамбет Көпеев сапар барысында қаламыздағы №19 мектеп-гимназияда болып, ондағы білім мен тәрбие беру жұмыстарының кейбір қырларымен танысты.

Мәртебелі мейманды қарсы алған мектеп директоры Алма Аманова білім беру ордасының бігінгі тыныс-тіршілігі жайлы қысқаша баяндай келіп, қол жеткізген жетістіктерін тілге тиек етті. Сөзі дәйекті болуы үшін мектеп жанындағы «Намыс» патриоттық клубының жұмысын қонақтың назарына ұсынды.

Орайы келгенде айта кетейік, мектеп жанындағы «Намыс» клубы қала мектептері бойынша өткізіліп жүрген түрлі әскери-патриоттық байқауларда тәп-тәуір нәтижеге қол жеткізіп жүр. Оны мәртебелі мейманның назарына ұсынған шаралардан да айқын аңғардық. Оқушылар патриоттық әндер орындап, жауынгерлік жекпе-жек спортының тәсілдерін шебер көрсетті. Сондай-ақ, клуб мүшесінің бірі көзін байлап, енді бірі бір қолымен Калашников автоматын белгілі уақытқа бұзып және қайта жинап, шапшаңдықтары мен ептіліктерін көрсетті. (далее…)

Аз қамтылған отбасыларды аралады

Пятница, 29 Мар 2019

Аз қамтылған көпбалалы отбасыға берілетін атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен берілу ретін түсіндіру үшін құрылған мобильді топ тағы бірнеше отбасымен кездесті. Жұмыс тобы заңнамаға енгізілген өзгерістерге тоқталып, ақшалай қолдауға қол жеткізу үшін жұмыспен қамту орталығына жүгінуге шақырды.

Мобильді топ құрамында болған Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Төлендина, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы, төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Әміров, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бауыржан Әпеков екі отбасының шаңырағына барып, атаулы әлеуметтік көмекті алудың тәртібін түсіндірді.

Гүлнұр Торғаева алты бала асырап отырған көпбалалы ана санатында. «Күміс алқа» иегерінің айтар уәжі бөлек. Балаларының алды колледж студенті атанса, кенжесі жеті жаста. Қуықтай екі бөлмелі баспанада тұрады. Жұбайының айлық табысы 50 мың теңгеден аспайды. Өзі де жалдамалы жұмыстан табатын нәпақасының азық-түліктен артылмай қалатынын айтып ашынды. Мобильді топ мүшелері аталған отбасыға әр бала үшін 20789 теңге ай сайынғы төленетін атаулы әлеуметтік көмекке жүгінуге болатынын жеткізді. Жұмыс тобы сәуір айының басында жұмыспен қамту орталығына бару керектігін ескертті. Себебі, сәуірден бастап екінші тоқсанның есебі жүргізіле бастайды. Яғни көпбалалы отбасы мүшелеріне бұған дейін жан басына 14849 теңгеден берілсе, ендігі ұлғайтылған көлемдегі АӘК-ке қол жеткізе алады. (далее…)