Архив за Май 2019

Қош бол, сүйікті балабақша!

Пятница, 31 Май 2019

№31 «Балапан» балабақшасы 33 бүлдіршінді шығарып салды. Алтыға толып, ақылы толыса түскен түлектер алдағы күзде мектеп табалдырығын аттамақ. Олар қоштасу кешінде не үйренгенін көрсетіп, ата-аналары алдында есеп берді. Тәрбиешілеріне алғыс айтып, балабақшамен қимай қоштасты.

Білікті маман Алма Оразалина басшылық ететін ұжымда бүгінде екі мен алты жас аралығындағы 231 бала тәрбиеленуде. Жиырма алты тәжірибелі педагог жас ұрпаққа тәлім беру жолында тынымсыз еңбек етуде. Сондықтан болар, жалпы жүргізілген мониторинг бойынша балалардың білім деңгейі өткен жылға қарағанда өсе түскен. (далее…)

Кеншілер қаласында Елтаңба авторы

Пятница, 31 Май 2019

Өткен аптаның бейсенбісінде кенді қалаға арнайы сапармен ҚР елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков келді. Мемлекеттік рәміз авторы шаһардағы Достық үйінде болып, мәдениет ошағының жұмысымен танысты. Құрметті қонақ қаланың белсенді азаматтарымен кездесіп, ел тарихындағы елеулі оқиғалар туралы сыр шертті.

Мәжіліс залында жиналған қауыммен кездескен мәртебелі мейман Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры», «Рухани жаңғыру» мақалаларының мазмұнына тоқталып, маңызын айшықтады. Ел руханиятына елеулі үлес қосқан Жандарбек Мәлібекұлына жиынға қатысушылар қазақ тарихына қатысты толғандырған сауалдарын қойып, мардымды жауаптар алды. Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Төлендина қонаққа естелік сый тарту етті. Ал, мейман Достық үйінің кітапхана қорына ҚР елтаңбасы туралы құнды кітап сыйлады. Кездесу соңында қатысушылар тарихи тұлғаның қолтаңбасын алып, естелік суретке түсті.

Әли МҰҢАЙТПАС.

«Мы не перекупщики!»

Пятница, 31 Май 2019

Овощи и фрукты по приемлемым ценам смогли приобрести горожане в среду в рамках регулярной акции «Зеленый караван».

Картофель: свежий – 180 тенге за кг/старый – 80 тенге за кг; лук – 170/70 тенге за кг; морковь – 150 тенге за кг; огурцы – 250 тенге за кг; помидоры – 400 тенге за кг; капуста – 160 тенге за кг; свекла – 170 тенге за кг. Плюс лимоны по 120 тенге; яблоки – 250/400 тенге за кг; груши – 450/600 тенге за кг; апельсины – 400 тенге за кг; бананы – 500 тенге за кг.

Да, совершенно верно, цены на прилавках «Зеленого каравана» – специальные, утвержденные ГУ «Отдел предпринимательства
г.Сатпаев» для торговли на еженедельной сельскохозяйственной ярмарке. И тем не менее, это именно «Зеленый караван», сформированный из гостей из Карагандинской и Туркестанской областей, по задумке организаторов – ГУ «Отдел предпринимательства г.Сатпаев», – сельхозпроизводителей. (далее…)

Көңілдерді көтерді

Пятница, 31 Май 2019

Өнердің көшін өрлетіп, өмірді әнмен өрнектеген «Ақ әжелер» ансамблі гастрөлдік сапарын жалғастыруда. Өткен аптада олар Жезқазған қаласындағы қарттар мен мүгедектер үйінде болып, мұңайған көңілдерді көтеріп қайтты.

«Ақ әжелер» ансамблі 2002 жылы «Қазақ тілі» қоғамының аясында дүниеге келген болатын. Содан бері қаламызда мәдениет саласының дамуына зор үлес қосып, халық әндерін насихаттауда. «Ақ әжелер» ансамблінің репертуарында бүгінде елуге тарта ән бар. Одан бөлек жоқтау, жарапазан, сыңсу, беташар, бесік, тұсаукесер, бәдік жырларының бірнеше нұсқасын шеберлікпен орындайды. Арқан керу, құйрық-бауыр асату, құда сүйреу, ат қою, қыз ұзату сынды салт-дәстүрмен әдемі әдіптелген концерттік бағдарлама бұл жолы да қошеметке бөленді. Өнер ұжымының шашбауын көтерген Достық үйі, «Аяулым» қоғамдық бірлестігі, жастар ресурстық орталығы қарттар мен мүгедектер үйіне азық-түлік себеттерін тарту етті.

М.АЛПЫСБАЙ.

Жас құтқарушылар сынға түсті

Пятница, 31 Май 2019

Сәтбаев қаласының төтенше жағдайлар бөлімі, Сәтбаев қаласының білім бөлімі № 44 Өрт сөндіру бөлімімен бірлесіп жалпы орта білім беру мектептері оқушыларының арасында «Жас құтқарушы» қалалық жарысын өткізді.

Жыл сайын мамыр айында ұйымдастырылатын бұл шарада жас құтқарушылар визит карточкасын ұсыну, қабырға газеттері байқауы, суда құтқарушылар жарысы, алғашқы медициналық көмек көрсету, жауынгерлік қанат жаю бағыттары бойынша сынға түсті.

Бәсекелі жарыста қаладағы 9 мектептен қатысқан оқушылар бақ сынасты. Сайыстың мақсаты оқушыларды төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету дағдыларына үйретуге, өзгелердің қауіпсіздігіне деген жауапкершіліктерін арттыруға ықпал етуге, өрт сөндіруші және құтқарушы мамандықтарына кәсіби бағдарлануына септігін тигізу болып отыр. (далее…)

Рискнули, и не разочаровались

Пятница, 31 Май 2019

Четыре медали разного достоинства привезли сатпаевские спортсмены с чемпионата Азии по рукопашному бою. Это в четыре раза больше, чем планировали.

Чемпионат Азии по рукопашному бою проходил в Уфе, столице Республики Башкортостан, Российская Федерация, и собрал свыше тысячи участников в возрасте от 12 лет до 21 года из 22 стран. Казахстан представляли 60 бойцов со всех регионов. Сатпаевские воспитанники секции рукопашного боя спортивно-оздоровительного комплекса «Казахстан» обошли всех в медальном зачете.

– Из-за ограниченного бюджета и потому, что мы рассчитывали только на одну медаль, хотели отправить на чемпионат Азии только одного человека, – признается Манат АЙТПАЕВ, руководитель СОК «Казахстан» г.Сатпаев. – Но тренер ребят Нурканат Куанышбеков убедил нас рискнуть.

Рискнули – нашли недостающие средства. И не прогадали – вместо одной медали любого достоинства, привезли сразу четыре разного: одну золотую – Азамат Шакиров, две серебряных – Арман Дюсембеков и Еркебулан Куанбек, и одну бронзовую – Анатолий Масеев. (далее…)

Ғибратты жүздесу

Пятница, 31 Май 2019

№31 «Балапан» балабақшасында өткен «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» ертеңгілігінің мәні мен маңызы ерекше болды. Себебі, кештің басты қонағы Ұлы Отан соғысының ардагері Тоғай ата Дауылбаев болды.

– Біз ардагерлердің ерлігін тек Жеңіс күні ғана еске түсірмей, күн сайын насихаттауымыз керек. Балабақшамызда ардагерлерді ұлықтап отыру дәстүрге айналған. Осы мақсатта Тоғай атаны шақырып, есте қалған естеліктерді жаңғыртып, бүлдіршіндерге өнеге етудеміз. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба береді, – деген мекеме басшысы Алма Оразалина ғибратқа толы кеш тізгінін ардагерге ұстатты.

Ол кісі сұрапыл жылдар турасында әңгіме тиегін ағытып, Ұлы Жеңістің болашаққа сенім, күш, қайрат, рух бергендігін атап айтты. Балалар бар өнерін ортаға салып, аталарына ән салып, тақпақ оқып, билеп берді. Тоғай атаның кеудесін көмкерген медальдар туралы сұрап, қызығушылық танытты. Игі іске ұйытқы болған балабақша әдіскері А.Жақсылықова, музыкалық жетекшілер Гүлжан Бегежанова, Нұрайша Сейдахметова, тәрбиешілер Клара Құрманбаева, Ботакөз Елеуова, Айнұр Қасымова, Еркеназ Тілеубаева ардагердің алғысына бөленіп, батасын алды.

Мейрамгүл Алпысбай.
Сурет автордікі.

Своими руками

Пятница, 31 Май 2019

24 мая открыл свой сезон выставок-продаж изделий ручной работы под открытым небом Городок ремесленников.

Напомним, Городок ремесленников, расположенный на улице Абая в микрорайоне Нурлы мекен, под патронажем Культурно-досугового центра уже третий год собирает под своей сенью самых разных умельцев: от художников и скульпторов до мастеров вышивки и резьбы по дереву.

– Своими работами Городок ремесленников наполняют в основном преподаватели Детской школы искусств, и Дворца школьников, и школ города, – комментирует Армия ЕСЕНОВ, руководитель кружка резьбы по дереву КДЦ Дворца горняков имени Ш.Дильдебаева, дизайнер. – Но мы рады всем, кто мастерит произведения искусства своими руками.

Открытие сезона выставок-продаж изделий ручной работы под открытым небом в этот раз прошел более, чем скромно: несмотря на предварительное согласие, многие из мастеров-участников в этот день были задействованы на общегородских мероприятиях. Но Армия Есенов не унывает. Он по-прежнему лелеет мечту превратить городок ремесленников в самый настоящий Арбат, где ремесленники могли бы и выставлять, и продавать свои работы. (далее…)

Озелени свой двор и подружись с соседом

Пятница, 31 Май 2019

Все мы хотим, чтобы рядом с домом была настоящая зеленая роща, где росли бы тополя, клены, карагачи, вишня, акации и сирень, а еще – яркие цветники. В общем, чтобы наши дворы превратились в нормальные площадки для проживания.

Такую идею воплотили представители этнокультурных центров города и Дома дружбы совместно с жильцами одного из подъездов дома 37 по ул. Абая.

– Побывали в этом дворе случайно и увидели, что здесь уже посажены цветы, – рассказывает Гульназ Гатиятова, директор Дома дружбы. – Предложили организовать субботник и высадить саженцы сирени. От нас – саженцы, а от жителей – участие и самовар. Развесили объявление по подъездам с приглашением. Спасибо большое, жители одного из подъездов откликнулись.

И в субботу закипела работа. Дружно копали ямки, высаживали кусты сирени, цветы. Рядом кипел самовар, организовали стол с вкусностями.

– Цель нашей акции – разбудить в людях ответственность за наш город, за конкретный двор. Если каждый посадит хотя бы одно деревце или цветок и будет за ним ухаживать, город не только станет зеленым и красивым, но и сами люди перестанут разрушать то, что создают своими руками. Ведь цветы и деревья не только дают приятную тень летом и свежий аромат во время цветения, но и несут позитивную энергию. Еще один плюс этой акции – подружиться с соседом. Не секрет, что в многоквартирных домах, живя в одном подъезде, соседи не знают друг друга. Так что получили приятное общение и посадили саженцы во дворе дома.

В следующую субботу представители этнокультурных центров вновь направятся в один из дворов нашего города. И если вам предложат принять участие – не отказывайтесь. Ведь делать мир прекрасным вокруг себя можно прямо сейчас, начиная с собственной улицы, двора, подъезда.

Нурия Ильясова.

ПО ПРИНЦИПУ АЛЬТЕРНАТИВНОСТИ

Пятница, 31 Май 2019

В понедельник в акимате пос.Жезказган прошла встреча акима города Аскара Идрисова с представителями местного сообщества по предстоящим выборам акима поселка.

В соответствии с Законом РК «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» в июне текущего года пройдут выборы акимов сельских округов, поселков и сел по всему Казахстану. В преддверии предстоящего мероприятия и состоялась данная встреча с членами местного сообщества. (далее…)