Архив за 03 мая 2019

Құрметті соғыс және тыл ардагерлері! Қадірлі жерлестер!

Пятница, 03 Май 2019

Сіздерді жарқын мерекеміз – Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз!

Жанқиярлық ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күні бізге азаттық пен бейбітшілік сыйлаған, соғыстан күйреген шаруашылықты қайта қалпына келтірген аға ұрпақ өкілдерін еске аламыз. Барынша құрмет пен ілтипатымызды білдіреміз. Майдангерлердің ерлігі мен қажыры жадымызда мәңгі сақталады.

Бүгінгі ұрпақ аға буын – ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Отан үшін от кешіп, еліміздің бостандығы үшін жасаған ерліктеріңізге кейінгі ұрпақ бас иіп, тағзым етеді. (далее…)

Дорогие ветераны Великой Отечественной войны и труженики тыла! Уважаемые сатпаевцы!

Пятница, 03 Май 2019

Поздравляем вас с праздником – Днем Великой Победы, самым светлым и радостным праздником, почитаемым каждой семьей.

В этот день мы славим подвиг наших отцов, дедов и прадедов, их отвагу и самоотверженность, героизм и волю к Победе. Мы чествуем тех, кто в ожесточенных боях защитил свободу и независимость Родины, трудился в тылу, восстанавливал страну после войны. (далее…)

Нұрсұлтан Назарбаев: Ассамблея – еліміздегі мызғымас бірліктің ұйытқысы

Пятница, 03 Май 2019

Ассамблея еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепілі. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. (далее…)

Қазақ өнерінің Жезкиігі

Пятница, 03 Май 2019

Осы атаумен орталықтандырылған кітапханада өткен әдеби-сазды кеш ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, композитор Жақсыкелді Сейіловке арналды.

Жақсыкелді Сейіловтің есімі жетпісінші жылдары күллі қазақ даласын шарлап кетті. Алла оған ерекше қасиет берді. Ең алдымен өмірді сүйіп, жарық дүниенің дүбірін сезген көкіректен әуезді саз төгілді. Сырлы да назды әндерімен танылған талантты ұлдың шығармалары бүгінде өлмейтін, өміршең мұраға айналды. Аталмыш кеште көрермен қауым Жақсыкелді әндерімен тағы да қауышты.

Осыдан алпыс алты жыл бұрын Ұлытау ауданындағы Алғабас ауылында Уәли мен Ақбаланың шаңырағында дүниеге келген композитор алты айында қос жанарынан, үш жасында анасынан айрылып, қабырғасы қатпай жатып, өмірдің қатал сынағына ұшырады. Дауасыз дерт қарашығын қараңғылағанымен, көкірегіндегі көзін жаба алған жоқ. Оның сырлы әндері жан айнасына түскен жарық күннің сәулесіндей болды. (далее…)

По-прежнему в долгах, как в шелках

Пятница, 03 Май 2019

Если государство в ближайшее время не поймет, что ТОО «СПТВС» – его собственность, которую оно обязано содержать, наш город может накрыть коммунальный коллапс – износ тех же канализационных сетей составляет 96-97%, и денег на их ремонт брать фактически неоткуда. Об этом печальном факте стало известно в ходе публичных слушаний в понедельник, на которых руководство предприятия отчиталось по исполнению тарифной сметы и инвестиционных программ за 2018 год. (далее…)

Боз кілемдегі белдесу

Пятница, 03 Май 2019

Өткен аптада қаламызда Қаныш Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай халықаралық дзюдо турнирінің жалауы желбіреді. Дәстүрге айналған дзюдо жарысына Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 2002-2003 жылы туған палуандар қатысты.

Қаламызда спорттың дзюдо күресіне қызығушылық танытушы жасөспірімдер саны артып келеді. Бүгінде спорттық-сауықтыру кешеніндегі үйірмеде 200-ге жуық бала шынығуда. Олардың арасында Азия және ел чемпионаттарының жүлдегерлері тәрбиеленіп келеді. Бапкерлер бақ пен бап қатар шабатын бозкілем белдесулерінде жерлестеріміздің асығы алшысынан түсетіндігіне сенім білдірді.

– Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл турнир талай спортшының бағын ашып, шеберлігін шындатқан жарыс екендігі анық. Себебі, мұнда болашақ әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегерлері белдескен еді. Бүгін жарысқа 200-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Бұл турнирдің бәсі жоғары екендігін көрсетеді. Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің спортшылары турнир өткізілгелі бері қалмай қатысып келеді. Бір ерекшелігі, бұл жарыста жүлделі орын алған палуандарға «ҚР спорт шеберлігіне үміткер» атағы беріледі, – деді жарыстың бас төрешісі Батырлан Өмірзақов бізбен сұхбатында. (далее…)

Күршат Зорлу: Нұрсұлтан Назарбаев – бүгінгі күннің Білге Қағаны

Пятница, 03 Май 2019

Түркияда 80 млн қазақ бар. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында Түркиядан келген саясаттанушы ғалым Күршат Зорлу айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. (далее…)

Жас инспекторлар жарысты

Пятница, 03 Май 2019

Жол-көлік оқиғаларының салдарынан әлемде жылына миллиондаған адам көз жұмады екен. Олардың арасында бала, жасөспірімдер саны едәуір артқан. Әлемдік тәжірибе жол апатын болдырмауда түрлі тәсілдерге иек артып, бұқаралық ақпараттық-түсіндіру жұмыс-
тарын жандандыруда. Тұтас қоғам үшін зардабы мол мәселені шешуде түрлі практикалық әдістер оң нәтижесін береді.

Қаламыздағы барлық білім мекемелерінде құрылған жас жол инспекторларының жасақтары сол олқылықтың орнын толтыруды көздейді.

Жуырда шаһардағы барлық 15 мектептің жасақтары жол-көлік оқиғалары санын азайту, қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатын түйген жас жол инспекторларының слетінде жарысты. Қалалық полиция және білім бөлімдерінің ұйымдастыруымен өткен шара осымен тоғызыншы мәрте өткізіліп, жылдың үздік жол білгірлерін анықтауда. №14 мектепте жалауын түрген жарыс 7 кезең бойынша, атап айтқанда, «Жас бағыттаушы», «Жас санитар», «ЖҚЕ білгірі», «Эрудиттер турнирі», саптық байқау, үгіт-насихат бригадаларының сайысы, «Қауіпсіз дөңгелек» велосипедистер конкурсы өтті. Екі күн бойы жасақтар өздерінің дайындықтарын байқатып, жол-көлік ережелерін терең білетінін аңғартты. Мектептің акт залында бірінші күні саптық байқау мен сапта ән айту машығы, жекелей сындарда жол-қауіпсіздік ережелерін білу, алғашқы медициналық көмек көрсету тәртібі түсіндірілсе, жарыстың екінші күнінде үздік үгіт-насихат бригадалары анықталды. (далее…)

Молодцы, ребята! Это по-хозяйски!

Пятница, 03 Май 2019

Любят наши горожане отдыхать на природе. Но после каждого такого отдыха растет количество мусора. И валяются по всему берегу стекла от бутылок, банки из-под пива и прочий бытовой мусор.

А на субботники все меньше выходят добровольцев для наведения чистоты и порядка. Но все-таки, есть люди, которые не смогли остаться равнодушными. 27 апреля молодые ребята из СК «Бейбарыс» провели субботник на территории оз. Айнаколь (БАМ). Вывезли весь собранный мусор два кузова на «Пикапе» и багажник на «Ларгусе».

Хочется надеяться, что данная акция станет примером всем, кто проводит свой отдых на берегах водоемов.

(Соб. инф.).

Көп балалы отбасыларға 42 мың пәтер жалға беріледі

Пятница, 03 Май 2019

Алдағы 7 жылдың ішінде көп балалы отбасылар үшін 42 мың жалға берілетін пәтер салынатын болады. Бұл туралы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен көп балалы және аз қамтылған отбасылармен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. (далее…)