Архив за 05 Июл 2019

Отбасы – ең басты құндылық

Пятница, 05 Июл 2019

Отбасылық құндылық дегеніміз не? Ажырасудың алдын алуға бола ма? Отбасылық саясат қалай жүргізілуі керек? Елімізде 2030 жылға дейінгі Отбасы және гендерлік саясат Концепциясы қабылданған болатын. Бұл тарапта қандай жұмыстар жүргізілуде? Осы маңызды мәселелерді қамту мақсатында енді қаламызда отбасылық құндылық институтының жұмысы жолға қойылмақ.

Осы ретте осы сейсенбіде «Қамқор» орталығында сот төрағасы Ерлан Серіков, азаматтық хал актілерін жазу бөлімінің басшысы Алмаш Әлімбаева және Қазақстан халықтарының ұлтаралық келісім орталығының директоры Гульназ Гатиятова үшжақты меморандумға қол қойды. Алдағы уақытта олар отбасы құндылығын арттыру бағытында жұмыс істемек.

Елімізде ажырасу фактілерінің жылдан жылға ұлғая түсуі алаңдатпай қоймайды. Мәселен, статистикалық мәліметке сүйенсек, 2012 жылы – 47 598, 2013 жылы – 51 305, 2014 жылы – 54 438, 2015 жылы – 53 007 ажырасу жағдайы тіркелген. Бұл әрбір төртінші отбасының ақыр аяғы ажырасып тынатындығын көрсетеді. Міне, осы мәселені ретке келтіруді жөн санаған отбасылық құндылық институты алдымен ажырасу көрсеткішін азайтуға кіріспек. Себебі, талқандалған отбасының артында бала қалады. Айналып келгенде, бұл жағдайда бала бағудың бар машақаты ана мойнына түседі. (далее…)

В восторге – все!

Пятница, 05 Июл 2019

28 июня завершился первый сезон в детском летнем лагере «Достық мекені» при городском Доме дружбы. По такому случаю организаторы устроили маленький по масштабам города, но грандиозный по значимости для детей праздник, наполненный разнообразными играми, конкурсами, песнями, танцами, спортивными состязаниями и подарками на память.

Но главной «фишкой» закрытия стали блины. Приготовленные детьми собственноручно под чутким руководством Анжелы КОНДРАТОВОЙ, председателя Русского этнокультурного центра «Любавушка», и под её рассказы о собственно блинах – одном из самых любимых и почитаемых блюд, как во времена древней Руси, так и сейчас, и вообще о традициях русского народа. (далее…)

Жазғы демалыс қызықты өтуде

Пятница, 05 Июл 2019

Бүгінгі таңда кітапханаларымыздың жұмысында жас ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, ұлттық тәрбиенің озық, өнегелі дәстүрімен тереңірек таныстыру, соның негізінде егемен еліміздің болашақ ұлтжанды азаматын тәрбиелеу көзделген. Осы орайда кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлері балабақша, жазғы балалар демалыс лагерімен, ата-аналармен бірлесе жұмыс атқаруда.

Кітапхана жазғы демалыс уақытында тұрғындар үшін білімін кеңейтетін орталық қана емес, сонымен қатар, шығармашыл топтардың демалыс және басқосу орны болып отыр. Кітапхана кішкентайдан кітап оқуға үйрететін «Кітаппен бірге өсеміз!» бағдарламасы, «Мен жастарға сенемін» әдеби караоке, «Білім көзі кітапта» буккроссинг, «Кітаппен өткен жаз қызық»,«Біз бақытты баламыз», «Мен қалай демаламын» атты акциялар, «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» викторина, «Әлемде талай қызық бар» мобильді кітап көрмесі жазғы оқу бағдарламасы аясында жұмыс жүргізіп келеді. Мектеп жанындағы лагерьлер мен балалар бақшасына библиодесанттар ұйымдастырылып тұрады. Жүргізіліп отырған барлық жұмыс оқырмандарды дамытуға бағытталған.

«Коворкинг» залы қашанда қызыққа толы. Бұл жерде кішкентай оқырмандармен дамытушы әдеби ойындар, конкурстар, викториналар, рольге бөліп оқулар ұйымдастырылады. Ал ойындарда кішкентай білімді бүлдіршіндерді жеңіске жетуге жетелейтін қызықты энциклопедиялар, трансформер-кітапшалар және түрлі бағдарламалар бар. Біздің кітапханамыздың жұмысында ұлтымыздың тарихын, тілін, салт-дәстүрін, мәдениеті мен әдебиетін насихаттайтын шаралар әлі де жалғасын таба бермек.

А.Сарина,
оқырмандарға қызмет
көрсету бөлімінің жетекшісі.

Купола.net

Пятница, 05 Июл 2019

В принципе, все мы этого ждали. И уже долго. Вопрос был лишь во времени, когда это произойдет. Но в душе, конечно, надеялись, что а вдруг? Но чуда так и не случилось. Футбольный манеж спортивно-оздоровительного комплекса «Казахстан» – бесконечной гордости нашего городка – остался без купола.

Многострадание купола футбольного манежа длилось долго. Нет, не с 2014 года, когда его впервые сорвало, а раньше. Ресурс всех сооружений СОК «Казахстан» – футбольный манеж, бассейн, Ледовый дворец – рассчитан на пять лет, и на сегодня все они «отработали» уже по три срока. То есть, когда купол впервые рухнул, он, что называется, «отмотал» две пятилетки. Отремонтировали его тогда, конечно, и даже дали гарантию еще на пять лет. В этом году она уже подошла к концу. На очередной ремонт уникального в своем роде сооружения денег не заложили (в пределах четырех миллионов евро). (далее…)

Әлемнің кішкентай аруы

Пятница, 05 Июл 2019

Түркияның Бодрум қаласында өткен Little Miss World-2019 («Әлемнің кішкентай аруы») атты қыз балалар арасындағы сұлулық байқауында бас жүлдені қарағандылық Аиша Әбенова жеңіп алғанын KAZ.NUR.KZ өткен айда хабарлаған болатын. Оқырмандарға талантты балақай туралы толық ақпарат беруді жөн санадық.

Кішкентай арулардың бұл сайысында 7-12 жас аралығындағы 30 үміткер бақ сынаған болатын. Міне, осы сында сүрінбей өткен Аиша «Әлемнің кішкентай аруы» атағынан басқа Best of the best («Үздіктердің үздігі) және Miss Talent («Талантты ару») жүлделерін де жеңіп алды.

Бодрум қаласындағы байқауда Аиша қыз лезгинка биімен көрермен қауымы мен қазылар алқасын тәнті еткен. Сонымен қатар, ол ұлттық көйлекке малынып, туған елі – Қазақстанды жұртшылыққа өте әсерлі етіп таныстырған. Одан кейін Аиша қазақтың дархан да жомарт көңілін сахнада паш етіп, конкурсқа қатысушылардың бәріне естелік сыйлық тарту етіпті.

– Аиша біздің үмітімізді толығымен ақтады. Алдағы уақытта онымен бірігіп, көптеген жоспар құрамыз ба деген ойымыз бар, – дейді Art Line модельдік агенттігінің директоры Мәдина Ахметбаева.

Әлемнің кішкентай аруы аталған агенттікте 3 жылдан бері кәсіби мамандардан дәріс алып келеді. Аиша Бодрумдағы табыстан бұрын да талай байқауға қатысып, маңдайы жарқырап жүрген талантты бала. Мысалы, ол 2017 жылы «Қарағандының кішкентай аруы», одан кейін Mini Miss Grand Prix Russia-2018 атақтарын жеңіп алған.

Қарағанды қаласында дүниеге келген Аиша Әбенова бимен айналысып, фортепианода ойнағанды жақсы көреді. Кішкентай арудың актерлық қабілеті де бар. Аиша астанамыздың 20 жылдығына арналған «Өмір тарихы» атты деректі фильмге түскен.

Мас араны омартаға кіргізбейді

Пятница, 05 Июл 2019

Мысыр елінің ғалымдары өткен жылы жақсы жаңалық ашты. Бұның ашылуына қасиетті кітап Құранның «Нақыл» сүресінің 68-ші аятында айтылғандай «Араның қарындарынан түрлі-түсті сұйықтық шығады. Онда адамдар үшін шипа бар…» деген илаһи үкім себеп болды депті мысырлық оқымысты Әл-Азхар университетінің профессоры Ато ас-Сынбати. (далее…)

Кто круче?

Пятница, 05 Июл 2019

Ничего не замечаете на этом фото? Нет? А вы присмотритесь получше. Опять нет?! Да что же это такое!.. Впрочем, мы тоже ничего не видим. А ведь должны! Например, дорожный знак «Главная дорога». (далее…)

Заработал сайт Elbasy.kz

Пятница, 05 Июл 2019

Запущен официальный сайт Нурсултана Назарбаева. Об этом сообщил пресс-секретарь Первого Президента Айдос Укибай, передает Tengrinews.kz.

«Друзья, мы запустили наш сайт http://Elbasy.kz. Буду признателен всем, если вы оставите свои отзывы, замечания и предложения по новому сайту в комментариях к этой публикации», – написал Укибай в Twitter.

Прибавка медработникам

Пятница, 05 Июл 2019

Карагандинские медики начали получать повышенные заработные платы. Об этом сообщили в пресс-службе Управления здравоохранения Карагандинской области. (далее…)

Карточкамен төлегендерге мемлекет бонус бермек

Пятница, 05 Июл 2019

2021 жылдан бастап елімізде қолма-қол ақшасыз есеп айырысқаны үшін азаматтарға мемлекет тарапынан бонус төленуі мүмкін. Қазіргі таңда тиісті министрлік оны жүзеге асыру тетіктерін банктермен бірлесіп қарастырып жатыр. Бұл туралы Forbes.kz хабарлайды. (далее…)