Архив за 09 Авг 2019

12 тамыз – Құрылысшылар күні

Пятница, 09 Авг 2019

Сәтбаев қалалық құрылыс бөлімінің ақпаратына сүйенсек, ағымдағы жылы шаһарымызда бірнеше маңызды әлеуметтік құрылыс нысандары салынуда. Мәселен, жаңадан бой көтерген «Нұрлы мекен» ықшамауданы аумағында Жезқазған кентінің тұрғындарына арналып қосымша 5 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл үйлерді биылғы жылдың соңына дейін қолданысқа беру жоспарлануда. Ал, Шаталюк көшесіндегі 56 пәтерлік төрт қабатты үй мен Оқушылар сарайының құрылысы аяқталуға жақын. Қос нысан келер жылы пайдалануға беріледі.

(Сәні мен сәулеті келіскен ғимараттардың бой көтеруіне атсалысқан құрыш қолды құрылысшылар туралы газетіміздің 4-бетінен оқи аласыздар).

Волшебный фонтан

Пятница, 09 Авг 2019

Лето. Жарко. Горожане в полуобморочном состоянии – не помогают даже защитные аксессуары: зонтики, веера, прохладительные напитки.

Не то дети. «Сколько, говорите, градусов? Сорок?! Да нормально!» и бегут себе на площадки гонять мяч, скатываться с горок, лазать по гимнастическим конструкциям. И тянут за собой родителей. И очень расстраиваются, когда те отказываются выносить себя на безжалостный солнцепек. (далее…)

Кешкі концерт қызыққа бөледі

Пятница, 09 Авг 2019

Тамыздың 1 жұлдызында қаламыздың Тәуелсіздік даңғылы 17 «А» үйдің алаңында арнайы көше тұрғындары үшін «Купрум» үрмелі оркестрінің қатысуымен кешкі концерттік бағдарлама өтті.

Аталмыш шара Сәтбаев қаласының мәдени-сауық орталығының ұйымдастыруымен өткізілді. Жазғы демалысқа арнайы ұйымдастырылған концерт көше тұрғындарына ерекше көңіл-күй сыйлады.

Мәдени-сауық орталығының директоры Ақерке Сеилованың айтуынша, бұл концерттік бағдарлама тұрғындардың инстаграмм желісіндегі өтініші арқылы жоспарланды. Мұндай концерттік бағдарламалар әр аптаның бейсенбі күндері көше тұрғындарына, ал әр жексенбі күндері кеншілер алаңында қала тұрғындарына арнап өткізілетін болады.

Жалпы, «Купрум» үрмелі оркестрі 10 жылдың көлемінде еңбек етіп келе жатыр. Оркестрдің құрамы 15-17 адамнан тұрады. Оркестр әртүрлі жанрда отандық және шетелдік шығармаларды, әскери марштарды орындайды. Бүгінгі күні оркестрдің репертуарында «Қызыл Өрік», «Жайдарман», «Дружба», «Кузнечик» тағы да басқа 60-қа жуық танымал туындылар бар. (далее…)

Ата-анамыз аман болсын

Пятница, 09 Авг 2019

Мен Қозыбаева Айкелбет Қайратқызымын. Менің атымды мамамның жеңгесі қойыпты. Өзіме қатты ұнайды, өте ерекше есім. Ай сияқты биік болсын, жарық болсын деген ниетпен осылай атаған.

Мен өз отбасым туралы айтқым келеді. Үйдің үлкенімін, артымнан ерген екі інім бар. Әмірлан інім әлі жасқа толған жоқ. Тәп-тәтті қылықтары енді шығып келе жатыр. Ал, Данияр інім он екі жасқа толды. Өте зерек, ақылды, сабағын да жақсы оқиды.

Біздің әкеміз Қайрат Қозыбаев Жомарт кенішінде жұмыс істейді. Папамыз өте ақкөңіл, балажан, мейірімді жан. Он бес күн бойы жұмыстан бізді сағынып келеді. Есіктен кірісімен бізді мойнына отырғызып еркелетеді. Бізді «Әкем-ау» деп жақсы көреді. Мен папамның ауыр жұмыс істейтінін жақсы білемін. Сондықтан, ол кісі үйде болғанда көбірек көмектесуге тырысамын.

Мамам Гүлжанат бір үйдің жалғыз, ерке қызы болып өскен. Қазір де нағашы атам мен әжеме еркелейді. Папам да маманы еркелетіп «Гүлапа» дейді. Мамамыздың мінезі шынымен де бала сияқты, тез ашуланып, кішкентай балалар сияқты бұртиып қалады. Ал, қуанса бала сияқты бар көңілімен қуанады. Әжем анам туралы «Көңілі түссе көл қылады, көңілсіз болса, шөл қылады» дейді. Мен осындай ата-анамның болғанына қуанамын. (далее…)

Десант: честь превыше всего!

Пятница, 09 Авг 2019

89-й День рождения Воздушно-десантных войск городские «голубые береты» встретили торжеством и добрыми делами. В общем, как и полагается тем, кто знает реальную цену жизни.

В этот раз десантники города собрались не у Площади горняков, как обычно, а у гостиницы на территории спортивно-оздоровительного комплекса «Казахстан». Причина – там же, в этом здании, располагается и Молодежный ресурсный центр, силами которого и была подготовлена торжественная часть Дня ВДВ – с представителями городского акимата и духовым оркестром, – как искренний дар тем, на кого они хотели бы равняться. Выступления гостей и виновников торжества сопровождались музыкальными номерами в исполнении творческой молодежи города.

Но был и еще повод встретить знаковый для боевого братства День на «земле молодых». 2 августа 2019 года городскому военно-патриотическому клубу «Крылатая гвардия» было присвоено имя легендарного Қара майора Бориса Тукеновича КЕРИМБАЕВА, легендарного ветерана Афганской войны, командира 177-го отряда специального назначения, легенды Вооруженных Сил Казахстана.

– Сегодня патриоты нужны государству не меньше, чем в годы Великой Отечественной войны, – открывая праздник, сказала Гульмира ТАНСИКБАЕВА, руководитель отдела социальной сферы аппарата акима города Сатпаев. – Мы гордимся героическими победами в прошлом, и надеемся на достойное будущее. А будущее – это сегодняшние школьники и студенты, кто только готовится стать достойным гражданином государства.

И выразила уверенность, что военно-патриотический клуб «Крылатая гвардия» будет и впредь во всех своих делах и начинаниях соответствовать своему девизу: «Выше нас только солнце, круче нас только горы», и с гордостью нести славное имя народного героя страны. (далее…)

Интернет қолданушыларына қолайсыздық болмайды

Пятница, 09 Авг 2019

ҚР Президенті қауіпсіздік сертификатын тестілеуден өткізгені үшін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне алғыс айтты, деп хабарлайды Қаз-
Ақпарат. (далее…)

5 мың әлеуметтік білім гранты: Қай өңірге қанша бөлінді

Пятница, 09 Авг 2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бөлінген 5 мың әлеуметтік білім грантын жергілікті атқарушы органдар конкурстық негізде үлестіреді. Бұл үшін облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдерімен конкурстық комиссиялар құрылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. (далее…)

Арыстағы қалпына келтіру жұмыстары жайлы баяндады

Пятница, 09 Авг 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап. (далее…)

Кенді өлкенің даңқты кеншісі

Пятница, 09 Авг 2019

«Өткенді ұмыту өшкендіктің белгісі, өткенді ұлықтау өскендіктің белгісі» деген дана сөз тегіннен тегін айтылмаған. Өнегелі адамның өткен өмірі бір тарих іспетті. Ал, тарих тегіңді айтып мақтану емес, үлгі алу үшін қажет. Бүгінде жарық дүниеде жоқ, бірақ соңында тағлымы қалған кен өндірісі қаһармандарының балалық шағы соғыстың алапат жылдарымен, Ұлы Жеңістен кейінгі қиын кезеңдермен тұспа-тұс келді. Олар таршылық көріп, еңбекпен ерте есейді. Сондай қадірлі жандардың қатарында Қазымхан Кентаев бар.

Қабырғасы қатпай жатып ауыр еңбекке араласқан ол жеңіс жалауын желбіретуге атсалысып, тынымсыз еңбек етіп, соғыстан кейін ауыл шаруашылығының дамуына үлес қосты.

Қазымхан Кентайұлы – киелі Ұлытау өңірінің тумасы. Балалық шағы артельдерді ұйымдастырып, колхоздар құру науқанына тап келіп, елгезек, еңбекқор болып ержетті. Белін бекем буып, бар күшін колхоздың белсенді мүшесінің бірі ретінде сарп етті. Отбасында отырмай, қайнаған жұмыстың ортасынан табылып, үлгілі істің ұйтқысы болған оны ауылдастары айрықша құрмет тұтатын. Тұрмыстан әбден титықтап, қара суға телміріп, абдырап қалған шақта да мойымады. Қарманғанның қарап қалмасын дәлелдеп, еңсесін түсірмей отбасы ауыртпалығын мойнына алып, күнкөрістің көзін қарастырды. Темірдей төзім танытқан бозбала нәпақасын өндірістен тапты. Әкесі Кентай Смайылов та еңбегімен аты шыққан шопан болды.

1953 жылы алғашқы еңбек жолын Оңтүстік Жезқазған кенішінің №65 шахтасында забой тазалаушылар бригадасында бастаған Қазымхан Кентаев қызмет сатысымен біртіндеп көтерілді. Білікті бригадир ретінде ұйымдастырушылық шеберлігімен көзге түсіп, ұжымды алға сүйреді. 1968 жылы сол кездегі көне шахталардың бірі – «Кресто Запад», №44 шахтада еңбек көрігін қыздырды. (далее…)

Балақайлар мектебі

Пятница, 09 Авг 2019

Кез келген баланың өміріндегі ең маңызды бірінші қадамы – ол мектепке бару. Оның мектепке аяқ басқан алғашқы күндері мұғалімдермен, құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы, сабақ үлгерімі, келешек өмірге талпынысы мен өзін-өзі көрсете білу қабілетінің қалыптасуының маңызы зор. Осыған байланысты, баланың алдын-ала мектепке тез үйренісіп кетуіне, білімін арттыруына жағдай жасалды. Қазір қаламыздың барлық мектептерінде тамыз айынан бастап «Балақайлар мектебі» мектепалды даярлық курстары ашылды. Абай атындағы №4 мектеп-лицейі де 1 тамыздан бастап бүлдіршіндерді қабылдауда.

Мектепалды даярлық курсының басты мақсаты – балалардың мектепте оқуға ынтасын, зияткерлік, эмоционалдық-еріктік дайындығына ықпал ететін білім беру ортасын құру, бірінші сыныпта табысты бейімделуін қамтамасыз ету. Балаларды мектепке дайындауда бала бойындағы психологиялық өріс-еркіндік, батылдық, имандылық тәрбиелерін бала бойына сіңіріп, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру шешуші рөлді атқарады. Шаһарымыздың Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде мектепалды даярлық курсына арнайы 3 сынып ашылды. Оның ішінде қазақ орыс тобы бар. Жалпы, оқу жүктемесіне бес білім саласының мазмұны кіреді: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта». Яғни, бұл жерде бала мектепте өзін-өзі ұстау тәртібін сақтауды, гигиеналық ережені сақтауды, сурет бойынша әңгіме құрастыруды, өлеңдерді мәнерлеп оқуды, өз бетімен әңгімені, ертегіні мазмұндауды, дыбыстық талдау жасауды, 20-ға дейін сандар мен цифрларды білуді үйренеді. Кез-келген мектеп жасындағылар үшін мектепке бейімделу өзекті мәселе болып табылады, ол даярлық сынып тәрбиеленушілері үшін ерекше маңызды. Себебі, бала тек қана сыныбына ғана емес, жалпы мектебіне, мұғаліміне, сондай-ақ мұғалімнің өзі жаңа оқушыларына бейімделуіне тура келеді. Осыған қоса, мектепте оқудың бастауы тек өмірдің жаңа шарттары ғана емес, сонымен қатар жаңа байланыстар, қарым-қатынас және жаңа міндеттер. (далее…)