Архив за Сентябрь 2019

Құрметті аға буын өкілдері, соғыс және еңбек ардагерлері!

Пятница, 27 Сен 2019

Халықаралық қарттар күні-мен сіздерді шын жүректен құттықтаймыз!

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабамыздан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың орны бөлек. Себебі, аймағымыздың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарлар өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан танған емессіздер.

Қарттарға ықылас білдіру, қуаныш сыйлау – біздің халқымыздың дәстүріне терең орнығып, салт-санасына сіңген қасиет.

Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстанда ардагерлердiң жақсы өмiр сүруiне, шығармашылық әлеуеті мен белсенділігін арттыруға барлық жағдай жасалып келеді. Жыл сайын зейнетақының өсуi, ардагерлердің денсаулығын сақтау, сауықтыру және демалысын өткізуге жағдай жасау, көп балалы аналарды марапаттау сияқты әлеуметтік қолдаулар – еліміздің өркендеп, өсуінің кепілі.

Қарттары бар ел – бақытты ел. Сіздер қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, даналықтың, парасаттылықтың өнегесі болып, жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне де елеулі үлес қосып келесіздер. Сондықтан ел басына күн туған, қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз қашан да аман болсын! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз! Туған-туыстарыңыздың ортасында шат-шадыман күй кеше беріңіздер!

А.Ыдырысов, Сәтбаев қаласының әкімі.
Т.Хмилярчук, қалалық мәслихат хатшысы.

Уважаемые представители старшего поколения, ветераны войны и труда!

Пятница, 27 Сен 2019

Примите самые искренние поздравления с Международным днём пожилых людей – праздником мудрости и добра!

Уважение к старшим является одной из важнейших ценностей активно развивающегося общества. Только опираясь на богатый жизненный опыт наших ветеранов, прислушиваясь к их мудрым советам, можно принимать взвешенные и продуманные решения. (далее…)

Қарттарға көмек көрсетіледі

Пятница, 27 Сен 2019

1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Кешегінің арты, бүгінгінің қартына айналған алдыңғы буын ата-әжелеріміздің төл мерекесі. Осы мейрамның аталып өтілу барысымен танысу үшін біз қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бардық…

Мұнда зейнет жасына жеткен азаматтарға көмек көрсететін бөлім жұмыс жасайды. Нақтырақ айтсақ, ардагерлермен және мүгедектермен жұмыс жөніндегі сектор. Аталған бөлімде әлеуметтік қолдауға зәру мұқтаж жандардың тізімі айқындалып, тиісті көмек көрсетіледі. Сектор меңгерушісі Ақсәуле Өтенова бізге атқарылып жатқан ауқымды жұмыстармен таныстырды.

– Ақсәуле Садуақасқызы, алдағы аптада қарттар күні аталып өтеді. Осы мерекеде қазыналы қарияларымызға қаншалықты құрмет көрсетілмек?

– Алдымен қарттарымызды осы мерекемен құттықтаймыз. Бүгінде қаламызда зейнет жасына жеткен қарттар саны 8000-нан асып жығылады. Олардың ішінде 80 жасқа толған және осы жастан асқандар саны 1100-ді құрайды. Осы егделік жасына жеткен қарияларымызға мерекеге орай 5 мың теңге көлеміндегі бір реттік материалдық көмек зейнетақы есепшоттарына аударыла бастады. Ол үшін жергілікті бюджеттен 5 миллион 550 теңге көлемінде қаржы қарастырылған. қарттарға берілетін қаржылай көмектің мөлшері жылдан жылға артып келеді. Қомақты қаржы болмаса да едәуір сыйлық деп ойлаймын. (далее…)

ВСТРЕЧА НА ПРЕДПРИЯТИИ ЭЛЕКТРОСЕТЕЙ

Пятница, 27 Сен 2019

В минувшую среду в продолжение цикла запланированных встреч с работниками производственной сферы аким города Аскар Идрисов побывал в ПЭС ТОО «Кazakhmys Distribution» и встретился с представителями трудового коллектива.

В самом начале, как и водится в подобных случаях, а встреча проходила в кабинете директора ПЭС, был проведен инструктаж по противопожарной безопасности. На мероприятии присутствовало более 30 работников – представителей административно-хозяйственного корпуса и 5 цехов предприятия, на котором трудится порядка 350 человек.

В своем вступительном слове Аскар Аблаевич рассказал о цели посещения и проинформировал работников предприятия электросетей об итогах развития горняцкого города за первое полугодие текущего года и планах на ближайший период.

– Обратная связь между органами власти и рабочими коллективами предприятий – непременное условие результативной работы. Это то, о чем говорил в своем Послании Президент страны Касым-Жомарт Токаев – совместная работа местной исполнительной власти с населением в формате «слышащего» государства. И сегодня мы встречаемся, чтобы поговорить о том, чем живёт ваше предприятие, как вы трудитесь, какие вопросы и проблемы волнуют вас, – отметил в начале разговора с производственниками глава города. (далее…)

БЕЗОПАСНОСТЬ ПРЕЖДЕ ВСЕГО

Пятница, 27 Сен 2019

В конце прошлой недели у пешеходного перехода в районе школы-лицея №4 имени Абая депутат городского маслихата, директор ТОО «СПТВС» ЕржанТокимбаев уже во второй раз по собственной инициативе установил макет фигуры детей, идущих в школу.

На участке проезжей части, считающемся одним из опасных в квадрате школы, там, где учащиеся переходят дорогу под большим потоком автомашин, теперь красуется фигура девочки и мальчика, спешащих в школу.

Точно такой же макет в конце прошлого учебного года впервые появился у пешеходного перехода перед школой-лицеем №19, который считается наиболее опасным в плане безопасности движения.

Ныне установленный макет имеет светоотражающие элементы, причем, с двух сторон. Согласовав место установки данного знака с сотрудниками дорожной полиции, Ержан Аманжолович надеется, что теперь школьники по дороге в школу могут переходить по «зебре» без всякой опаски. Думаю, это хороший пример для подражания.

Айгуль ТУТЕЕВА.

Ерекше жандарға – ерекше көзқарас

Пятница, 27 Сен 2019

Өткен аптада Сәтбаев қалалық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған «Кітаптың үйі – кітапхана» атты библио-кафе өтті.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға бейімдеуді, олардың өмірге деген көзқарасын өзгерте білуді, бауырмалдық пен кішіпейілдікке баулуды және баланың жеке шығармашылығын қалыптастыруды мақсат еткен шара өте қызықты болды. (далее…)

Шаңырағым – шаттығым

Пятница, 27 Сен 2019

Жақында Сәтбаев қалалық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Отбасы күніне орай «Шаңырағым – шаттығым» атты отбасылық дәстүрлі сайыс өткізілді.

Сайыстың мақсаты – баланың ата-ана өміріндегі маңызын, балаларға деген тәрбиесін көрсету, жалпы, оқырмандарға отбасы құндылықтарын, отбасы берекесінің маңызын, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу болып табылады.

Аталған сайысқа Айнабековтар және Сахановтар отбасылары қатысып, өнерлерін көрсетті. Шара 4 кезеңнен тұрды. Байқауға қатысушылар «Отбасым – мақтанышым» атты таныстыру кезеңінен соң «Білгенге – маржан» бөлімінде сұрақтарға жауап беру, «Өнерлінің өрісі кең» бөлімінде өнер көрсету, «Ата көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер» бөлімінде қолөнер бұйымдарын, «Көңілді аспаз» бөлімінде тамақ әзірлеу арқылы өзара сынға түсті. Шараға қатысқан отбасылар өздерінің жан-жақты екенін көрсете білді. Олар барлық кезеңдерден сүрінбей өтіп, өздерінің білімдерін, шеберліктерін танытты.

Тартысты өткен отбасылар сайысының нәтижесінде Дамиля Саханова мен қызы Медина «Ең өнерлі отбасы», Айнабековтар отбасы «Үлгілі отбасы» номинациясына ие болды. Сайысқа қатысқан қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.

Айдана МАРАТҚЫЗЫ.
Суреттерді түсірген автор.

В честь 750-летия Золотой Орды

Пятница, 27 Сен 2019

Научно-познавательная экспедиция «Улытау – колыбель Золотой Орды» по памятникам золотоордынского периода в Центральном Казахстане, приуроченная к Году молодежи и посвященная 750-летию Золотой Орды, проходит в рамках реализации программы «Рухани жаңғыру» и статьи Елбасы «Семь граней Великой степи». (далее…)

Қаржы сауаттылығын арттыру өзекті мәселе

Пятница, 27 Сен 2019

Қаржы сауаттылығын үйрену ешқашан кеш емес. Бұған қоса егер біз балаларымыздың қаржылай жауапты және қаржылай еркін болғанын қаласақ, қаржы сауаттылығын ерте жастан бастап үйретуіміз керек. Бала ақшамен жұмыс істеуді және оны басқаруды неғұрлым ерте үйренсе, соғұрлым болашақта қаржы жағдайы тұрақты болмақ. Осыған орай орталық кітапхананың «Goworking» орталығында «Қаржылық сауаттылық – менің негізгі берекем» деген тақырыпта пікір алмасу болып өтті.

Іс-шараға қаламыздағы Халық банкінің аға менеджерлері Мадияр Бердіқұл мен Мадияр Жумагельдинов және жас кәсіпкер Асылхан Акижанов қатысты.

«Goworking» орталығының қызметкері Ж.Сыздықбаева қаржы деген не, қаржы дегенде ойыңызға бірінші не келеді деген сұрақтар қойып, әр қатысушының ой-пікірін білді.

Қаржылық сауаттылық – жеке және отбасылық қаржыны басқарудағы біліктілік. Біліктілікке ие болып, оны арттырып, дамыта алатындығымыз жөнінде де айтылды пікір алмасуда.

Шарада Халық банкінің қызметкерлері қаржы жайында біраз кеңестер берді. Іс-шара соңында Брейншторминг әдісі бойынша миға шабуыл ойыны ұйымдастырылды. Қатысушылар екі топқа бөлініп бір айлық жалақыны қалай жеткізіп жұмсайтындары жөнінде ойларын ватманға жазып, ортаға салып айтты.

А.САРИНА,
оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі.

В дружной семье и в холод тепло

Пятница, 27 Сен 2019

Здравствуйте, меня зовут Дарын. Мне 9 лет. Я бы тоже хотел рассказать о своей дружной и крепкой семье. Моя семья состоит из 4 человек. Это бабушка, папа, мама и я. У каждого из нас своя роль и свои обязанности.

Папа. Мой папа очень сильный и добрый. Иногда он мне разрешает делать то, что не разрешает мама. А иногда наоборот он очень требовательный и строгий. Папа зарабатывает деньги, отвечает за наше обеспечение. Мы с ним играем в игры, часто выезжаем на природу или просто проводим вечера смотря мультфильмы. Я хочу быть похожим на своего папу потому, что он трудолюбивый, позитивный и старается делать для нас всё. Благодаря папе мы каждый год едем отдыхать в другие города. И каждая поездка веселая и интересная. Папа всегда поддержит меня в трудную минуту и поможет найти выход из любой ситуации.

Мама. С мамой я провожу большую часть своего времени. Помогаю по дому, вместе учим уроки и ходим за продуктами. Моя мама красивая и заботливая. Она очень хорошая хозяйка, швея, учитель, доктор и повар. Моя мама умеет всё. А ещё она успевает работать. Я всегда знаю, если я сделал что-нибудь не так, то я могу положиться на маму. Мы с ней никогда не ссоримся, изредка она ругает меня из-за учебы, но я не обижаюсь. Я не представляю, чтобы я делал без мамы.

Бабушка. Моя бабушка самая лучшая. Её я называю «ажека». Она вкусно готовит, дает дельные советы. С ней всегда беззаботно и легко. Она часто покупает мне шоколадки и красивые вещи. Бабушка балует меня без повода. Она смотрит не только за мной, а за всей нашей семьей. Мы ей много чем обязаны: за доброту, ласку, смелость и силу. Ажека часто рассказывает мне познавательные истории. Она всегда поддерживает и радуется моим достижениям.

Сам я ученик 4 класса, мне нравится играть на домбре. Я люблю все спортивные игры. Знаю казахский, русский и английский языки. У меня много друзей, у меня счастливая семья, я считаю, что я очень богатый человек.