Архив за Октябрь 2019

ДАНА ПОЛОЖИТЕЛЬНАЯ ОЦЕНКА

Пятница, 04 Окт 2019

Во вторник в рамках рабочего визита в Жезказганский регион наш город посетил аким Карагандинской области Женис Касымбек.

В сопровождении акима города Аскара Идрисова и других ответственных лиц глава региона с целью ознакомления посетил ряд объектов горняцкой столицы. Первым объектом посещения стала тепловая станция №1 ПТЭ ТОО «Kazakhmys Distribution». Это и понятно: впереди начало отопительного сезона. И готовность ТС №1 к работе в предстоящий осенне-зимний период имеет большое значение. Тем более, ввод в действие городской котельной приходится на середину 60-х годов. И сейчас, когда город развивается, прирастает новыми микрорайонами, вопрос о том, хватит ли ее тепломощностей на снабжение теплом и горячей водой в нужных температурах жилой массив города, является одним из актуальных и требующих скорейшего решения. Об этом, как выяснилось в разговоре, который состоялся в главном щите управления тепловой станции во время посещения, Женис Махмудович хорошо осведомлен. Поэтому и вопросы, заданные им директору ПТЭ Ашиму Исанову, который докладывал в целом о готовности обеих тепловых станций к работе в зимних условиях, касался именно этой темы. (далее…)

Құрметті ұстаздар! Білім саласының ардагерлері!

Пятница, 04 Окт 2019

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Шәкірттерге білім беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын және тәлім мен тәрбие беретін ол ең алдымен – мұғалім. Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан ұстаздардың ата-анадан кейінгі атқарар рөлі де ерекше. Сондықтан, Ұстаздар күні – орны бөлек, дәрежесі биік, ұлық та ұлағатты мереке. Ұлт болашағын қалыптастыруда уақытпен санаспай атқарған қажырлы еңбектеріңіз үшін Сіздерге алғыс білдіреміз.

Сіздерге қоғам алдында Қазақстанның болашақ азаматтарын оқыту, өз Отанын сүйетін жас ұрпақ тәрбиелеу сияқты зор міндеттер жүктеліп отыр. Еліміздің болашағы үшін жасаған қызметтеріңіз атап айтуға тұрарлық.

Қазіргі заманда білім деңгейі жоғары ұлт қана жаһандану талаптарына жауап бере алады. Ел экономикасын дамыту стратегиясын жүзеге асыру жас ұрпақтың алған біліміне тікелей байланысты. Сондықтан білім саласы – елдің ертеңін айқындайтын, оның бәсекелестік қабілетіне ықпал ететін аса маңызды сала. Тәуелсіз елдің іргесін қалайтын, мемлекетіміздің мақтанышы болатын жас ұрпақтың білім сапасына сенім артамыз.

Қажырлы еңбектеріңіз бен қоғам алдындағы міндеттеріңізді абыроймен атқарғандарыңыз үшін тағы да алғыс білдіреміз. Еліміздің атын әлемге танытатын білімді де, талантты шәкірттеріңіз көбейе берсін. Зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, ұрпақ тәрбиелеу ісінде шығармашылық табыс тілейміз!

А.Ыдырысов, Сәтбаев қаласының әкімі.
Т.Хмилярчук, қалалық мәслихат хатшысы.

Уважаемые учителя, ветераны педагогического труда!

Пятница, 04 Окт 2019

Примите самые искренние поздравления с профессиональным праздником – Днем учителя!

Учитель – это не просто профессия, это призвание, которое наполнено глубоким духовным содержанием и ежедневно требует от вас беззаветной преданности делу, полной отдачи сил, ответственности, любви к детям, доброты, мудрости и терпения. Каждый из нас был учеником, и у каждого остался в памяти любимый учитель и наставник, благодарность к которому мы сохранили в своей душе. (далее…)

Адресные справки отменят

Пятница, 04 Окт 2019

Министерство внутренних дел переведет в электронный формат выдачу данных о регистрации граждан, передает Tengrinews.kz со ссылкой на пресс-службу МВД. (далее…)

Разъясняя послание

Пятница, 04 Окт 2019

С разъяснительной работой по основным положениям Послания Президента РК «Конструктивный общественный диалог – основа стабильности и процветания Казахстана», в нашем городе побывал комплаенс-офицер НАО «Медицинский университет Караганды», член АНК области А.Урмашов. (далее…)

Қазақтың келіндері-ай!

Пятница, 04 Окт 2019

«Анасын көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш», «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда», «Келіні жақсы үйдің керегесі алтын». Осы сөздердің төркінінде терең мән жатыр. Өйткені, шаңырақтың беріктігі, отбасындағы ынтымақ, бардың бағасын білу, салиқалы ұрпақ тәрбиелеу – бәрі ардақты аналардың, ибалы келіндердің бойындағы асыл қасиеттермен астасып жатса керек.

Оған Ш.Ділдебаев атындағы кеншілер сарайында өткен «Келіні жақсы үйдің керегесі алтын» байқауында көзіміз жете түсті. Он саусағынан өнер тамған, салт-дәстүрді бойына жиып өскен, инабатты, ибалы үміткерлер барын ортаға салды. Ұлтжандылыққа баулып, бай мұрамызды жаңғыртып, зерделі, тәрбиелі ұрпақ қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараны қала әкімінің орынбасары Айгүл Төлендина ашты. (далее…)

Тұрғындарды қабылдады

Пятница, 04 Окт 2019

Өткен аптада қалалық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Төлендина жеке сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдау өткізді.

Қала әкімі орынбасарының қоғамдық қабылдауына «Сарыарқа адалдық алаңы» жоба кеңсенің басшысы Малика Кусенбаева, Сәтбаев қаласының АХАЖ бөлімінің басшысы Алмаш Алимбаева, Жезқазған қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Анварбек Оразбеков қатысты.

Қабылдауға жалпы 4 адам жазылып, өздерін толғандырған сауалдарға нақты жауаптар алды. Келіп түскен өтініштердің көбісі қоғамдық маңызы бар мәселелер. Олардың басым бөлігі баспана мәселесіне қатысты болса, қалғаны әлеуметтік көмек көрсету мен өзге де мәселелер төңірегіндегі сауалдар. Қабылдауға келген барлық азаматтардың сұрақтары бойынша Айгүл Төлендина әрбір азаматтың өтініштерін негізге ала отырып, өзі бақылауға алатынын жеткізді.

Келелі кеңес

Пятница, 04 Окт 2019

Сәтбаев қаласының Достық үйінде Азаматтық бастамалар күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының өкілдері өзекті мәселелер бойынша кеңес өткізді. (далее…)

Жүректерін ән тербеген

Пятница, 04 Окт 2019

Ән – көңілдің ажары. Құлақтан кіріп бойды алса, әрине. Сондай бір әуезді туындыларды орындап, тыңдарманның жүрегінен орын тапқан қаламыздың«Самоцветы» халықтық хорына биыл 35 жыл толып отыр. Мерей биігіне көтерілген ардақты ардагерлердің айшықты мерекесіне орай «Бақдәулет» мейрамханасында дастархан жайылып, қазыналы қарттар күнінде құрмет көрсетілді.

Халықтық деген атақ алған хордың әрбір мүшесінің ұжымға сіңірген еңбегі орасан. Отыз бес жылдық тарихы бар өнер ұжымы әлі де әуезді әнімен жасасып келеді. 1983 жылы негізі қаланған шығармашыл топ әуелде әнімен жүрек тербеп, жанға жайлы жылылық сыйлау үшін құрылған еді. Бүгін де әнге деген сүйіспеншіліктің арқасында елдің ыстық ықыласына бөленуде.

Шығармашылық ұжым хор болып қалыптасқалы бері сан түрлі байқаулардан қалыспай қатысып келеді. Хор мүшелерінің орта жасы 75-ке толса да, ардагерлердің ынта-ықыласы кемімесе, артып келеді дейді хор ұйымдастырушысы Людмила Малова. (далее…)

Жаңа әліпби және термин мәселесі

Пятница, 04 Окт 2019

Өткен аптада «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» оқу-әдістемелік кабинетінде «Жаңа әліпби және термин мәселесі» тақырыбында аймақтық семинар өтті. (далее…)