Архив за Ноябрь 2019

Қымбатты жерлестер! Құрметті қала тұрғындары!

Пятница, 29 Ноя 2019

Баршаңызды Тұңғыш Президент күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Дәл осы күні – 1 желтоқсан – бүкілхалықтық сайлауда елдің Тұңғыш Президенті сайланды. Тұңғыш Президент күні – бұл тарихи таңдау, жас, күшті, қуатты, мемлекет – Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін дамыту мен орнатудың жаңа кезеңін ашатын мереке. Сондықтан, Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні Ұлт Көшбасшысының гүлдену мен даму жолындағы халықпен бірлігін білдіреді.

Бүгінгі таңда Қазақстан қоғамдық өмірдің барлық салаларында өзгерістерге, тұрақты дамып келе жатқан экономикаға, ғылым мен мәдениетке қол жеткізген, қалыптасқан этносаралық келісімге ие мемлекет болды. Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы дамып, гүлдене берсін! Баршаңызға осы мереке қарсаңында шын жүректен мықты денсаулық, бақыт, әр отбасыға бейбітшілік пен бірлік, егеменді мемлекетіміздің одан әрі гүлденуі жолында жұмыста табыс тілейміз!

А.Ыдырысов, Сәтбаев қаласының әкімі.
Т.Хмилярчук, қалалық мәслихат хатшысы.

Уважаемые земляки! Дорогие сатпаевцы!

Пятница, 29 Ноя 2019

От всей души поздравляем вас с государственным праздником – Днём Первого Президента Республики Казахстан!

Именно в этот день – 1 декабря – на всенародных выборах был избран Первый Президент страны. День Первого Президента – это день единства исторического выбора, праздник, открывающий новую веху в развитии и становлении государственности Республики Казахстан – молодого, сильного, мощного, с большим потенциалом государства.

Поэтому День Первого Президента Казахстана символизирует собой единство Лидера Нации с народом на пути процветания и прогресса.
Сегодня Казахстан стал государством с прочно установившимся межнациональным согласием, достигшим изменений во всех направлениях общественной жизни, постоянно развивающейся экономикой, наукой и культурой.

Пусть наша Родина – Республика Казахстан развивается, крепнет и процветает! От всей души желаем крепкого здоровья, счастья, мира и благополучия каждой семье, успехов в труде – во имя дальнейшего процветания нашего суверенного государства!

А.ИдрИсов, аким города Сатпаев.
Т.Хмилярчук, секретарь городского маслихата.

НА ПРИЕМЕ ГЛАВЫ ГОРОДА

Пятница, 29 Ноя 2019

О том, что 21 ноября по всей республике объявлен как Единый день приема граждан, в ходе которого первые руководители центральных госорганов, акиматов должны лично рассмотреть обращения и выслушать проблемы населения по тем или иным вопросам, было заблаговременно сообщено во всех СМИ и социальных сетях. Попасть на прием к акиму города Аскару Идрисову можно было, предварительно записавшись по телефону или лично в канцелярии акимата.

Общереспубликанская акция проводилась в рамках реализации задач, поставленных Главой государства по продвижению концепции «слышащего государства», новых форматов работы государственных органов, ориентированных на открытое взаимодействие с гражданами.

Основная задача мероприятия – продемонстрировать стремление органов власти наладить прямой диалог с населением, ориентировать их на решение конкретных социальных проблем граждан.

Всего за содействием в решении насущных частных проблем к руководителю города в течение дня – с 10 утра до 18 часов – в минувший четверг обратились 16 человек. Среди общего числа обращений просьбы по строительству магазина и дома, вопросам переселения, ремонту лифта в подъезде, выделению жилья, отоплению в квартирах, благоустройству гаражного массива, асфальтированию дорог. Уделено максимум внимания заявлению каждого посетителя, ни один из запросов горожан, поступивших в этот день, не останется без ответа. Обращения приняты в работу и взяты на контроль, ответственным органам даны поручения для дальнейшего их исполнения.

Единый день приема граждан – это, как показал опыт, полезный и перспективный для всех формат, так как при решении проблем личного характера зачастую выявляются другие актуальные вопросы, касающиеся многих жителей.

Айгуль ТУТЕЕВА.
Фото предоставлено пресс-службой акима г.Сатпаев.

Қыздар сұлу көрінер қылығымен

Пятница, 29 Ноя 2019

Отбасы институтын қолдау жобасы аясында Достық үйінің «Бақыт ұясы» жобасының тренерлер ұжымы Сәтбаев қаласының «Денсаулық» медициналық колледжінің студенттеріне «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» атты психологиялық тренинг өткізді.

Тренингтің басты мақсаты – қыз-келіншектермен ашық әңгіме жүргізе отырып, қазақ қыздары ар-намысын, пәктігін, адалдығы мен жан сұлулығын жоғары бағалап, ел алдында абыройын сақтауды бірінші орынға қоюының сырын түсіндіріп, ұлттық тәрбиенің құндылығын аша отырып, заманауи даму үстіндегі жастардың бойына қазақи тәрбиені дарыту.

Қазақ халқының дала заңы мен дәріп-дәстүрі, салт-санасы, әдет-ғұрпы тұнып тұрған пәлсапа мен тәрбие. Оның ішінде ұрпақтың рухы биік, санасы ояу, намысты болып қалыптасуына ананың сүтімен келетін қасиетке аса мән бергендіктен тегіне қарап қыз айттырып, белді, сыйлы, текті жердің қызына бесікте жатқанда-ақ сырға салып, өз елінің ұрпағына ана болуын ниет еткен. Сондықтан, «Қызға қырық үйден тыйым, қала берді қара күңнен тыйым» деп қыздың қылығын күңнің де қадағалауына рұқсат етілген. Бұл салт тарих тақтасына үңілсек, сонау сақ тайпасынан сақталған салтқа ұқсайды, оған дәлел бүгінгі күні жержерден табылып жатқан «Алтын адам».

Алтын адамның басына сәукелеге ұқсас тәж киілген, яғни, ол тәжді дүниеден өткен адамға кигізеді. Енді сәукелеге келсек, сәукеле – қазақ қыз ұзатыларда кигізген баскиім екені анық, яғни бұл жерде бойжеткен қызбен мәңгіге қоштасу деген астар жатыр.

Отбасы, отағасы, отанасы деген ұғымдар да тектен тек қалыптаспаған. Қазақтың қара шаңырағы – киіз үйі шеңбер тәрізді, ортада шаңырақтың астында ошақ орналасқан, онда от жанады, қара қазан қайнайды. Ал, отты жағатын кім?… Әйел. Яғни отанасы жылу таратушы. Отты жағушы. Қазақта «отыңды сөндірме», «шаңырағын құлатпа», «іргеміз ірімесін», «қазаның ортаймасын» деген ұғымдар бар, бұл да отанасының жан жақты жауапкершілігін білдіреді. Ердің сыйлы болуы жарына байланысты, ұрпақтың тәрбиесіне ана жауапты, сондықтан, қыз баланың тәрбиесіне аса мән берілген. (далее…)

Даланың дара ұстазы

Пятница, 29 Ноя 2019

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапханасымен бірігіп «Біз Ыбырайды білеміз бе?» онлайн-ойынын ұйымдастырды.

«Даланың дара ұстазы» тақырыбындағы шараның «Шежіре», «Сандар сөйлейді», «Кел, балалар, оқылық!», «Ойашар» секілді кезеңдерінде қазақ балалар әдебиетінің атасы, этнограф-ғалым, қазақ халқының адал перзенті, ұлт мақтанышы, қазақ педагогика ғылымының негізін салушы, сөз зергері Ыбырай Алтынсариннің ақындығы мен жазушылығы, қазақ әдеби және жазба әдеби тілінің негізін қалаушы аса көрнекті ағартушылығы, аудармашылығы, қоғамдағы, мәдениет саласындағы қайраткерлігі, ұстаздық қырлары жан-жақты ашылды.

Ыбырай еңбектерін үлгі ете отырып, оқушыларды еңбекқорлыққа, адамгершілікке, іскерлікке, достыққа, елін, жерін сүюге, құрмет тұтуға шақырған қаламыздағы кітапхана басшысы Г.Кожахметова қазақ даласында алғаш рет білім есігін ашқан ұлы ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік мол мұрасы қазақ мәдениетінің тарихында айқын ізін қалдырғандығын атап айтты. (далее…)

Латын қарпіне көшу – заман талабы

Пятница, 29 Ноя 2019

№31 «Балапан» балабақшасында осындай атаумен өткен ойын-тренинг жас ұрпақтың саналы жетілуіне, өсіп-өркендеуіне, әрдайым рухани жаңғырып отыруына себепші педагогтар шығармашылығын арттыруға арналды.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе өткізген шарада балабақша қызметкерлері «Диаграф» және «Акут» тобы болып сайысты.

– Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында 2025 жылға дейін латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиіне көшуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар осы қаріппен жазылуы тиістігін міндеттеген болатын. Осы межелі мақсатқа қолжеткізу бағытында түрлі шаралар ұйымдастырудамыз. Әр сәрсенбі сайын қазақ әліпбиінде сабақ өткіземіз. Бүгінгі шарада педагогтардың білімі ойын-тренинг арқылы бағаланады. Қазіргі жастар өте дарынды, ұғымтал. Сондықтан, латын қарпін тез меңгеріп кететініне күмән жоқ. Дегенмен, бұл іске бірден көшіп кете қою оңай емес. Біраз уақытты, дәйектілікті, нақтылықты, байыптылықты, жан-жақтылықты қажет етеді, – деген балабақша директоры Алма Оразалина қонақтарды латын қарпіне көшудің үрдісі туралы бейнероликті тамашалауға шақырды. Бірінші кезеңде «латын қарпінің тарихын білесің бе?» деген сұраққа жауап берген қатысушылар әліпбиіміздің өзгерісі жайлы баяндаса, екінші кезеңде латын қарпіне көшудің пайдасы жөнінде класстер қорғады. Замана көшіне ілесіп, бәсекеге қабілетті, іргесі бекем ел болу үшін қаншалықты қажеттігін жан-жақты сараптап береді. (далее…)

Бұрымды боксшының жеңісі

Пятница, 29 Ноя 2019

Соңғы кезде нәзік жанды бойжеткендердің қайсарлықты, төзімділікті талап ететін бокс, каратэ сияқты қиын спорт түрлеріне қызығушылық танытып жүргені жиі байқалады. Кейбірі тіпті таңдаған сол спорт түрі бойынша көптеген жүлделі орындарды иемденіп, жеңіс тұғырына шығып жатады.

Манат Жанақбаева сондай ер-азаматтарға көбірек лайық деп саналатын боксты серік еткен бойжеткен. Қаламыздағы «Денсаулық» колледжінде фельдшер мамандығы бойынша 2 курста оқып жүрген ол «Қазақстан» спорт-сауықтыру кешеніндегі бокс секциясына небәрі төрт ай бұрын жазылған екен. Алайда сол азғантай уақыттың ішінде ғана бапкері Дүйсен Қаңтарбаев Манаттың жаттығуларға деген ерекше ынтасын, жекпе-жек кездеріндегі қайсарлығын байқап, жақында жарыстарға қатысасың деп бірден айтқан екен. Көп ұзамай бойжеткеннің бағын да, бабын да сынайтын дода табыла кетеді. Бапкері жас боксшыға Қызылорда қаласында өтетін ашық біріншілікте қала намысын қорғау үшін қатысуды міндеттейді. Іштей қобалжыса да спортта тәуекелсіз болмайтынын түсінген Манат жаттығуларға мейілінше ден қойып, жарыста барын салуға бекінеді.

Жастар жылы аясында «Мұрагер» зияткерлік мектебінің 100 жылдығына орай өткен спорт додасына еліміздің әр аймағынан 16-17 жас аралығындағы жастар қатысқан бұл жарыс Манат үшін спорттағы тұсаукесер іспетті еді. Өжет қыздың алғашқы қадамы сәтті, әрі жүлделі болды. Шаршы алаңда қарсыласына дес бермеген сәтбаевтық жас қыз 54 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын мен күміс медаль жеңіп алды.

– Манаттың спортқа келгеніне 4 ай ғана болды. Кейбір спортшылар 4 жылда да жетпейтін жетістікке жетіп отыр. Бұл бойжеткенің жеңісті күндері көп болып, болашағы жарқын болатынына сенімдімін, – дейді бапкері.

А.ҚҰЛАШОВА.

Не будем равнодушными!

Пятница, 29 Ноя 2019

Волонтеры Дома дружбы и Молодежного ресурсного центра города продолжают навещать одиноких пожилых людей в рамках благотворительного проекта «Жеңіс» от группы компаний «Самрук Казына». Конечно, не с пустыми руками, а с продуктовыми либо лекарственными наборами и добрыми пожеланиями здоровья и долгих лет жизни.

По словам Акгуль Каппасовой, волонтера и сотрудника Дома дружбы, совместный благотворительный проект «Жеңіс» группы компаний «Самрук Казына» стартовал в 2016 году, и продолжается по сей день. Его цель – посильная помощь, в том числе и моральная, одиноким ветеранам Великой Отечественной войны и труженикам тыла. Списки и материальная помощь – продуктовые и лекарственные наборы – обеспечиваются организаторами централизованно. А так как проект благотворительный, и в нем может принять участие любой желающий, к проекту с удовольствием присоединились и волонтеры городского Дома дружбы. На сегодняшний день у них уже десять одиноких пожилых людей, в основном тружеников тыла, которых они посещают ежемесячно.

В этот раз волонтеры городского Дома дружбы Алена Кудряшова и Татьяна Волкова посетили 80-летнюю Нину Прокофьевну Гильманшину. Бабушка первые десять лет своей трудовой жизни здесь, в горняцком городке, отдала профессии отделочницы – с 1961 по 1971 годы занималась отделкой шахт, рудников, а затем, когда подвело здоровье, до самой пенсии кормила детей в детском садике. (далее…)

Енжарлық – елдікке жат

Пятница, 29 Ноя 2019

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қыркүйек айында Қазақстан халқына Жолдауын жолдағаны мәлім. Ондағы әлеуметтік-экономикалық дамытудың өзекті мәселелеріне қатысты тегеурінді бастамалар көтерілді. Оның ішінде Президент шағын және орта бизнесті дамыту тетіктері түзіліп, өз ісін ашуға құлықты азаматтардың кәсібін дөңгелетуге тиімді жағдайлар қарастырылатынын қадап айтқан болатын. Жуырда жастар ресурстық орталығында бағдарламалық құжатта көтерілген маңызды міндеттер қалалық қоғамдық келісім Кеңесінің мүшелері мен колледж студенттері арасында талқыға салынды.

Студенттердің қатысуымен өткен жиынды қалалық қоғамдық келісім Кеңесінің мүшесі, Сәтбаев қалалық «Шарайна» газетінің директоры Нурия Ильясова жүргізіп Жолдаудың өзекті бағыттарына тоқталса, Кеңес төрағасының орынбасары, қалалық мәслихат депутаты, «Нұр Транс Сәт» ЖШC директоры Қайрат Балмағамбетов кеңестің 2018-2019 жылдары атқарған жұмыс есебімен таныстырды. Ал, «Нұр Отан» партиясы Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Әміров жастарға білім саласында сыбайлас жемқорлық орын алған жағдайда онымен күресу қажеттігін айтты. Сондай-ақ, туған қаланы дамытуда өз үлестерін қосып, кәсіпкерлікке бағытталған мемлекеттік қолдауға ие бағдарламаларға қатысуға шақырды.

Жастар өз кезегінде бірқатар ұсыныстарын жеткізіп, олардың шаһарды дамытуға зор септігін тигізетінін айтты. Көтерілген мәселелер қатарында жастарды шығармашылық дамытудың бірегей орталығын ашу, велосипед жолақтарын салу, тастанды үй жануарларына арналған орын дайындау, шалғайдағы аудандарды абаттандыру болды. Жиында бұл ұсыныстар алдағы уақытта күн тәртібіне сай депутаттар талқысына салынатыны мәлімделді.

Нұрлат ҚОНЫСБАЙ.

Әкім гранты жас кәсіпкерлерге берілмек

Пятница, 29 Ноя 2019

Әлемнің дамыған елдерінің тәжірибесін назарға алсаңыз, оларда экономиканы алға сүйреуші негізгі күш – шағын және орта бизнес өкілдері екенін көреміз. Ал, Қазақстан – кәсіпкерлер үшін ең қолайлы елдердің бірі. Елімізде шағын және орта бизнесті жандандыруға бағытталған бірқатар бағдарламалар бар.

Биыл – жастар үшін ерекше жыл. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялағаны белгілі. Жыл басынан бері бұл бағытта атқарылған істер аз емес. Жас кәсіпкерлерге берілетін қала әкімінің грантын солардың қатарына жатқызуға болады.
Осыдан екі апта бұрын қала әкімінің грантына өтінімдер қабылдау басталған болатын. Аталған әкім грантына 19 азаматтан өтініш түсіп, комиссия мүшелеріне ұсынылды. Бұл, өз ісін бастағысы келетін жастар қаламызда аз емес екенін байқатты.

Дегенмен, олардың барлығы бірден өз ісін ашып, кәсібін одан әрі дөңгелетіп әкетуге мүмкіндіктері келе бермейді. «Нұр-Мақсат» қоғамдық бірлестігі және Сәтбаев қалалық жастар ресурстық орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған жоба өз кәсібін бастағысы келетін және ісін бастаған жас кәсіпкерлерге мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылардың айтуынша гранттың жалпы сомасы 5 млн. 700 мың теңгені құрайды. Бір кәсіпкерге берілетін гранттың ең жоғары сомасы екі миллион теңгеден аспауы тиіс. Алайда, комиссия жобаның бағыты мен шығынына, сондай-ақ қаралып жатқан жобалар санына байланысты грант сомасын өзгерту құқығын өзіне қалдырған. Кәсіпкерлер ұсынған бизнес-жобалар өзектілігі және оның экономикалық дамуға әсері, құрылатын жаңа жұмыс орындарының саны, жобаның өтелуі, өтелім мерзімі және бизнестің одан әрі даму перспективалары бойынша бағаланатын болмақ.

Комиссия мүшелерінің шешімі бойынша анықталған бизнес жобалардың авторлары ағымдағы жылдың желтоқсан айының 12 жұлдызында грантқа ие болатынын айта кетейік. Мәңгілік Елдің жастары мемлекет үшін қызмет етер кез келді. Бұл – жастарға жүктелген басты міндет. Оны орнықты жүзеге асыру үшін талмай ізденіп, аянбай еңбек ету керек.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.