Архив за 15 Ноя 2019

Құрметті қаржы жүйесінің қызметкерлері!

Пятница, 15 Ноя 2019

Сіздерді ҚР Ұлттық валюта және кәсіби мереке – қаржыгерлер күнімен құттықтаймыз!

Егемен елдің ажырамас айғағы ретінде ұлттық валютаның айналымға енуі – қоғам өміріндегі аса маңызды оқиға болды. Бұл Қазақстан Республикасының дамудың дара да даңғыл жолына түскендігін көрсетті. Ұлттық валютаның пайда болуы нарықтық қарым-қатынастың дамып, тиімді банк жүйесінің қалыптасуына тың серпін берді. Қысқа мерзімде елімізде негізін банк жүйесі құрайтын қаржы секторы қайта құрылды. Еліміз жаһандық нарыққа кіріккен заманауи экономика құрып, көптеген шетелдік инвесторларды тартып, халықаралық қоғамдастықтың сенімді серіктесіне айналды.

Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруіне, халықаралық мәндегі серпінді жобаларды жүзеге асыруға, инфляцияны тежеу және қаржылық нарықтың тұрақтылығын сақтауға, экономикалық өсімді ынталандыруға кеншілер қаласының қаржыгерлері де айтарлықтай үлес қосуда. Өз ісіне шынайы берілген мамандарымыздың еңбегі зор.

Себебі, сіздердің тәжірибелеріңіз, кәсіби біліктіліктеріңіз қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізуде. Алдағы уақытта да еңбектеріңіз жемісті болып, қаржылық қызметте тұрақтылық пен жаңа белестерге жетулеріңізге тілектеспіз. Отбастарыңызға амандық, мол табыс, жаңа жетістіктер тілейміз!

А.Ыдырысов, Сәтбаев қаласының әкімі.
Т.Хмилярчук, қалалық мәслихат хатшысы.

Уважаемые работники финансовой системы города!

Пятница, 15 Ноя 2019

Примите самые теплые поздравления с Днем национальной валюты Республики Казахстан – тенге и профессиональным праздником – Днем финансиста! (далее…)

Игілікпен орта толады

Пятница, 15 Ноя 2019

Өткен жұмада Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысов көп балалы 5 отбасына пәтер кілтін тапсырып, қуанышқа кенелтті.

– Көп балалы аналарға ерекше көңіл бөлудеміз. Бірінші жартыжылдықтың өзінде 36 пәтер кілті берілді. Оның ішінде қала әкімдігі – 29, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС – 5, «Харекет» қайырымдылық қоры 2 отбасын баспанамен қамтыды. Сонымен қатар, жыл соңына дейін тағы 9 отбасын баспаналы қылуды жоспарлап отыр-мыз. Бүгінгі қуаныш иелері, қоныс той құтты болсын! – деген қала әкімі Асқар Ыдырысов көп балалы аналармен кездесулер, оларды алаңдатқан мәселелерді талқылау жұмысының жалғаса беретіндігін айтты.

Алты баланың анасы Гүлзада Талпақова жылдар бойы пәтер жалдап тұрғандардың қатарында. Үш бөлмелі пәтерге ие болған жас ананың қуанышында шек жоқ.

– Тұңғышымыз Индира он сегіз жаста. Кенжетайымыз онға толып, менің көмекшіме айналуда. Жолдасым Қанат та, өзім де көп балалы отбасынан шыққанбыз. Сондықтан болар, шаңырағымызды шаттыққа бөлеген сәбилеріміздің дүниеге келуіне тосқауыл болған жоқпыз. Қайта, Алланың бергенін таба беруге бел байладым. Әрине, мемлекет тарапынан көрсетілген көмекке қуаныштымыз. Үмітіміз ақталды. Қиын күндер енді артта қалсын, – дейді ол. Балаларды бірінен кейін бірін дүниеге әкеле жүріп жұмыс істеуге уақыт тапқан Гүлзада жалпы білім беретін №5 мектептің кіші қызметкері. Отбасында да, ұжымында да абыройға ие, жастарға үлгі-өнеге. (далее…)

Өнерліге өріс кең

Пятница, 15 Ноя 2019

Бала қабілетін арттырып, шығармашылығын шыңдайтын, дарынын анықтап, талабын ұштайтын өнер мектептері құдіретті өнердің киелі ордасы болып саналады. Шәкірттерін шығармашылық әлеміне бойлатып, талантын тануға септесетін ұстаздар қауымына назар айрықша. Таяуда қаламыздағы Балалар өнер мектебінің оқытушылары облыстық байқауда бақ сынап, қала намысын абыроймен қорғап келді.

Жыл сайын Қарағанды қаласында ұйымдастырылатын «Шабыт шаттығы» атты облыстық конкурс биыл да өз жүрісінен жаңылмай, жалғасын тауып, жан-жақтан өнер мектептерінің жетекші ұстаздарын жинады. Дәстүрге енген дарындар байқауына кенді қаланың атынан Балалар өнер мектебінің өкілдері де қатысып қайтты. Өнер ордасындағы сазсырнай сыныбының ұстазы Айгүл Қасқабаева да республика бойынша теңдесі жоқ бұл жарыста төбе көрсетіп, үрлемелі аспапта қос шығарма орындады. Нәтижесінде байқаудың екінші дәрежелі дипломымен марапатталды.

– Байқау жас ерекшеліктеріне байланысты «Солист» және «Ансамбль» аталымдары бойынша өткізілді. Биылғы өнер бәсекесінде қазақ аспаптары таңдалып алынды. Мен сазсырнаймен Дина Нұрпейісованың «Той бастар», Ермұрат Үсеновтың «Көңілді арбакеш» туындыларын концертмейстер Ботагөз Құттыбайдың сүйемелдеуімен орындадым,

Педагог бар ғұмырын шәкірттің аспап пен вокалды меңгертуіне, музыка әлеміне бойлатуға бар күш-жігерін сарп етеді ғой. Сөйте жүріп түрлі байқауларға қатыстырып, талабын шыңдайды. Бірақ, бұл жолы өзіміз де орындау шеберлігімізді арттыру үшін жарысқа қатыстық, – дейді Айгүл Сабырқызы.

Нұрлат ҚОНЫСБАЙ.
Сурет автордікі.

Жүлдемен оралды

Пятница, 15 Ноя 2019

«Жас толқын» республикалық өнер байқауынан жерлестеріміз жүлделі орындармен оралды.

Өнер қиясына қанат қаққан баланы демеп, оған шабыт сыйлайтын бірден-бір үлкен шара – түрлі деңгейде ұйымдастырылатын өнер байқаулары. Аймағымызда өнерлі өрендер қалалық, облыстық, республикалық байқауларға белсене қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Жақында осындай өнерлі өрендердің бірнешеуі Қарағанды қаласында өткен республикалық байқауға қатысып, туған жерге толайым табыстармен оралды. Қарашаның басында Қарағанды қаласында өнерлі балалар шығармашылығының өнер байқауы өткен болатын. Республикамыздың түкпір-түкпірінен жиналған, өнерімен өрге жүзген талантты, дарынды балалардың басын қосқан өнер сайысында Жезқазған аймағынан қатысқан Кеңгір кентінің оқушылары Санжар Жақсылық пен Ізбасар Төребектің айы оңынан туып, бірінші және екінші орын мен бас жүлдені қанжығаларына байлады. Жүз елуге жуық таланттардың арасынан қазылар алқасын тәнті еткен Санжар Жақсылық эстрадалық вокал номинациясында ән айтудан бірінші орынды иеленсе, мәнерлеп оқу сайысында Мұқағали ақынның «Шыда, Шыда» өлеңін оқып бас жүлдені жеңіп алды. Нәтижесінде «Жұлдыз болғым келеді» телевизиялық байқауына жолдама алды. Ол енді эстрада әншісі Серікбол Сайлаубекпен жұптасып өлең айтпақшы. (далее…)

Отныне просто и быстро

Пятница, 15 Ноя 2019

Теперь казахстанцы будут иметь возможность получить все акты гражданского состояния независимо от места прописки. Указанные поправки в законодательство предусмотрены в законопроекте, который был принят в Сенате Парламента.

Нововведение коснется услуг по регистрации рождения ребенка, заключения и расторжения брака, перемены ФИО и регистрации смерти. Напомним, что ранее гражданам было необходимо обращаться во фронт-офисы госкорпорации, либо в РАГСы по месту постоянной регистрации, либо по месту нахождения актовой записи. Теперь все виды актов регистрации гражданского состояния будут предоставляться людям по желанию в любом из ЦОНов или РАГСов Казахстана, что позволит получить услуги в более короткие сроки и исключить коррупционные риски.

В целом 70% предлагаемых поправок закона предусматривают оптимизацию и автоматизацию государственных услуг. Перевод в электронный формат позволит сократить сроки и пакет документов, исключить административные барьеры и упростить процессы получения услуг.

Өрісі кең, өрелі

Пятница, 15 Ноя 2019

Мұхамбет Жұманазарұлы Көпеймен алғаш танысқан шағымыз 1976 жылының күзі еді. Республика жастар ұйымының жетекшілік қызметімен байланысты Жезқазғанға барғанмын. Ол кезде Жезқазған өзі оңаша облыс болып шаңырақ көтерген кез. Осыған байланысты облыс жұртшылығының көңілі көтеріңкі екен. Облыс, қала, өндіріс басшыларымен танысып, кезінде мектепте оқығаннан бастап Жезқазған мыс және тағы басқа республикаға әйгілі кен қазынасы мен оны өңдеу фабрикаларының, сол кездегі Қазақстанда, тіпті Одақта әйгілі озық технологияларды көріп, еліміздің өнеркәсіп өрісінің қуаттылығына қанығып, көп мағлұмат алғаным есімде.

Ұлтымыздың, ұлт ұландарының, мемлекетіміздің тарихында ғұлама, алғашқы академик, геолог Қаныш Сәтбаев бағын ашқан Жезқазған өлкесінің біздің еліміздегі орны ерекше ғой.

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекеттігіміздің тарихы мен тамыры туралы толғаныстарын кейінгі жылдары жазылған «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты әйгілі мақалаларында көтерілген өркениет өрнектерін де Ор-талық Қазақстан өңірімен байланыстырады. Әсіресе тау кенінен металл қорытып, тұрмыс-қа жарату мың жыл бұрын осы біздің Ұлы дала кеңістігінде басталғанына назар аударады.

Екінші Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та өзінің президенттік лауазымының алғашқы айларында атбасын тіреп, ұлттың жүрегіне жететін ұлағатты сөзін осы өңірде айтты.

Әңгімемізге арқау болып отырған замандасымыз Мұхамбет Көпейдің туған жері осы об-лыстың Рудник, яғни қазба, кеніш орны деген мағынаны білдіретін елді мекен. Туған, өскен жері, көзін ашқалы көргені кеніш болса, тас қашап, кен қазып, тілі шығып, құлағы естіген асқар шыңы – тау тұлғалы ғұлама Қаныш Сәтбаев болса, ол бала кенші болам, тау-кен инженері болам деп құшырланып өспей, болашағын, кәсібін, бақытын тау кенінен іздемей қайдан іздемек?

Әрине, ол солай. Бірақ, солай боларына алдымен әкесі Жұманазардың сол заманда бүкіл кен орнының беткеұстар, маңдайалды шахтері болып, 34 жасында сол жұмыста мерт бо-луы да себеп болған болар. «Әке көрген оқ жонар» демекші, әкесінің жолын жалғастырмаққа, ол аз болғандай – Мұхамбет 15 жасқа толар-толмасында 38 жастағы анасының өмірден өтуі де тағдырдың қатаң сабағы болған болар. (далее…)

Мен Мұхаңмен мақтанамын

Пятница, 15 Ноя 2019

Ел ішінде жақсы ісімен, жайдары мінезімен, еткен еңбегімен көпшіліктің құрметіне бөленіп жүретін азаматтар болады. Олардың кейбіреуін күллі ел таныса, тағы бірін өзі туып-өскен өңірі мен қызмет етіп жүрген аймағы ғана біледі. Бірақ бұл адамгершілікті ту еткен асыл азаматтардың беделі мен халқына сіңірген еңбегін бір мысқал да кемітпейді. Керісінше елдің ыстық ықыласына бөленіп, абырой биігіне шығады. Сондай адами болмысы мен кісілік салттары көп елге үлгі болатын елеулі тұлғалардың бірі Мұхамбет Көпеевті жергілікті жұрт жақсы таниды.

Мұхаңды жұртшылық ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжіліс төрағасының орынбасары, ҚР Төтенше жағдайлар министрі қызметтерін атқарған кезден жазбай жақсы таныды. Өйткені, осы жауапты жылдарда елдің, оның ішінде кенді өңірдегі өндіріс қуатын арттыруға, әлеуметтік жағдайды жақсартуға атсалысты. Кен өндірісінің көшін ілгерілетіп, келелі мәселелерді қаузады. Мұхамбет Жұманазарұлымен аралас-құралас бола жүріп, Рудник кентінде бірге оқыған едік. Біз сонда талай шаралардың басы-қасында жүретін едік.

Кенттегі оқу кездері әлі де көз алдымда. Жалынды жастар сапында бола жүріп, ойы озық, ұйымдастырушылық қабілеті бар оқушылар топ болып, комсомол ұйымының ісін ілгерілетуге бар қайрат-күшімізді салдық. Мұхаң бәрімізді жастайынан адамға деген қайырымдылығы, ұстанымы бар мықты жігіт ретінде тәнті қылды. Кейін сол қабілет-қарымы арқасында мектептегі, қалалық комсомол ұйымдарына жетекшілік етті. «Адам сөйлескенше, жылқы кісініскенше» дейтін аталы сөзді Мұхаңа қарап айтуға болатын шығар. Өйткені, әрбір адаммен тез тіл табысып, өзгенің пікіріне құлақ асып, тыңдайтын қабілеті көпті қайран қалдыратын. Сондай жауапты қызметтерді атқара жүріп, кішіпейілдік қасиетінен айныған жоқ. Көп адаммен қатарласа жүріп, өзін өзгеден жоғары қоймайтын ізетті жан ретінде ортада сыйлы болды. Мұхамбеттің осыншама биік белестерді бағындырып, депутаттар қатарында болуы сол адамгершілік тұғырынан таймайтын таймас мінезінен танбауынан деп білемін. (далее…)

Балалар әдебиетінің атасы

Пятница, 15 Ноя 2019

Қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 95 жыл толуына орай орталық кітапханада «Халқы сүйген қаламгер» атты әдеби кеш болып өтті.

Қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту, көркем жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру мақсатындағы шараға №1 мектеп-гимназиясының 6 «В» сынып оқушылары қатысты. (далее…)

Творят добро другим во благо

Пятница, 15 Ноя 2019

Благотворительный фонд «Аяла» действует в нашем городе уже пятый год. За это время добровольцы организовали множество акций, благотворительных мероприятий для сбора средств семьям, воспитывающим детей с ограниченными возможностями, тяжелыми диагнозами, которые нуждаются не только в моральной поддержке, но и постоянной финансовой помощи для лечения.

Волонтеров на благое дело сплотила Мольдир Шарефединова. Она не понаслышке знает, что такое ухаживать за тяжелобольными детьми, как дорого обходится каждое лечение и поддерживающая терапия.
– Моя сестра появилась на свет с очень серьезным заболеванием. Я помню, насколько ей было тяжело. Помимо физической помощи ей необходима была моральная поддержка. А на лечение уходила большая часть семейного бюджета. Мы постоянно воодушевляли ее, говорили, что она справится, утешали, когда у нее опускались руки, и не оставалось сил бороться с недугом. Именно тогда я поняла, что людям с ограниченными возможностями особенно важно ощущать заботу, чувствовать себя нужными и любимыми. Поэтому уже в школе я решила, что буду помогать людям с ограниченными возможностями, хотя бы чуточку делать мир вокруг них добрее и светлее, – рассказывает Мольдир. (далее…)