Архив за Ноябрь 2019

Азаматтарымыздың құқығын әділ және шынайы қорғау жолында

Пятница, 29 Ноя 2019

Өткен аптада Сәтбаев қалалық сотының судьясы Ж.Сқақов сот және құқық қорғау жүйесін реформалау мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Отырыста мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында құқық қорғау жүйесін жаңғырту міндеті қойылғандығы, құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы елімізде барлық қажетті жағдайлар жасалғандығы аталынды. Соңғы жылдары елімізде құқық қорғау органдарының әлеуметтік қамтамасыз етілуі екі есеге өскен. Қабылданған мемлекеттік шаралардың арқасында құқық қорғау жүйесі үздіксіз және тұрақты жұмыс істеп, осы заманғы, жедел өзгеріс үстіндегі жағдайға бейімделуде.

– Президентіміз Жолдауының үшінші бағытында «Сот – заң үстемдігінің кепілі. Сондықтан судьялар жоғары кәсіби және адамгершілік талаптарына сай болуы – бұл үлкен міндет. Судьялар мен осы қызметке үміткерлерді бағалау және іріктеу жүйесін қатаңдату керек. Сот – әділдіктің соңғы шегі болуы тиіс. Құқық қорғау жүйесінің басты міндеті – халықтың сеніміне ие болу. Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басты фактор – сот жүйесі мен құқық қорғау жүйесін терең реформалау. Соттардың сапасын жақсарту үшін бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру, сот шешімдерін мұқият саралау қажет. Дауларда бірыңғай сот тәжірибесі қамтамасыз етілсін. Азаматтар соттарда көбінесе мемлекеттік аппарат ресурстарымен тең емес жағдайда қалуда. (далее…)

Жедел-алдын алу іс-шарасы

Пятница, 29 Ноя 2019

21-23 қараша аралығында кеншілер қаласының аумағында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылды.

Басты мақсат жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу. Полиция бөлімі қызметкерлерімен бірге болған рейд жұмыстарына бұл жолы қалалық мәслихат депутаттары да жұмылдырылды. Үш күн бойы Сәтбаев қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері кеншілер қаласындағы жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында рейдтер жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін бұзудың әр түрлі түрлерін анықтады. Мәселен, бағдаршамның қызыл түсіне қарамай өткені, яғни ҚК-тің 599 бабының 1 бөлімі бойынша 2 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартса, қауіпсіздік белдігін тақпаған 1 тізгінші жауапқа тартылды. (далее…)

Жаңа құжат – жаңа өзекті мәселелер

Пятница, 29 Ноя 2019

Президентіміз Қ.Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отырғанын, ол үшін Елбасы ұсынған «Бес институционалы реформа мен Ұлт Жоспарын» толыққанды жүзеге асыру қажеттігін басты назарда ұстау керектігін айтты. (далее…)

Азаматтық борышқа адалдық

Пятница, 29 Ноя 2019

Ішкі Істер министрлігінің жоспарына сәйкес Қарағанды облыстық полиция департаментінің ақпараттық үгіт-насихат тобы қаламызға атбасын тіреді. Барлық өңірлерді аралап келе жатқан топ мүшелері қатарында ерлігімен көзге түскен қаһармандар, халықаралық, республикалық ән байқауларында топ жарып жүрген өнерпаздар бар.

Осы ретте Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында өткен «Ерлік сабағы» атты кездесу ел қорғаны болған полиция қызметкерлерінің имиджін көтеруге, қалыптастыруға бағытталды. Қиын да жауапты қызметтегі сақшылардың абыройын асқақтатып, беделін биіктеткен ерлігі дәріптелді. Оған мына бір оқиға дәлел.

Қарағандыда жиырмадан асқан қыз отбасындағы жанжалдан кейін өзіне-өзі қол салмақ болып, оңтүстік-шығыс шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінің тоғызыншы қабатындағы балконнан төмен секірмек болады. Мұны кездейсоқ көзі шалып қалған көрші үйдің тұрғыны дереу «102» нөміріне қоңырау шалып, полицияны шақырады. Оқиға орнына құрамында лейтенант Ерасыл Мұрат пен сержант Бекзат Омашев бар патруль экипажы жетіп, секірмекке оқталып отырған қызды райынан қайтаруға тырысады. Ойланып тұруға уақыт жоқ, Ерасыл Мұрат болса қызды алдаусыратып, сөзге тартады. Ал, сержант Бекзат Омашев нартәуекелге бел буып, қыздың артқы жағынан байқатпай балконға секіріп түседі. Мұз қатқан қаңылтыр шатырдың тайғанақтына қарамастан ержүрек жігіт өз басын қатерге тігіп, өмірден түңілген қызды құтқарып қалуға тырысады. Ақыры қызды шап беріп ұстап қалады. Ерасыл Мұрат та жанталаса жетіп, екеуін жоғарыға тартып алады. (далее…)

Проблемные вопросы – решать оперативно!

Пятница, 29 Ноя 2019

«Проблемные вопросы – решать оперативно!» – такое поручение коммунальным службам, ответственным за нормальное прохождение отопительного сезона, дал глава города Аскар Идрисов на очередном расширенном аппаратном совещании в среду, 27 ноября.

Поручение не случайно. Несмотря на предварительные заверения ключевых коммунальных служб – ТОО «СПТВС» и ПТЭ «Казахмыс дистрибьюшн» – о фактически стопроцентной готовности к отопительному сезону, в городе продолжают иметь место локальные аварийные ситуации в бесперебойном тепловодоснабжении. А устранение некоторых из них бывает, что и затягивается. (далее…)

Уникальное событие

Пятница, 29 Ноя 2019

Общественный совет Карагандинской области подписал соглашение о взаимодействии с Общественной палатой Свердловской области.

В начале ноября в Омске прошел XVI Форум межрегионального сотрудничества Казахстана и России на тему «Актуальные вопросы развития приграничного сотрудничества», в работе которого приняли участие главы двух государств К.Ж. Токаев и В.Путин.

В ходе пяти сессий деловой программы форума участники обсудили ключевые вопросы сотрудничества между странами, включая развитие приграничной торговли, кооперацию в сфере промышленности и технологий, развитие несырьевого экспорта, женское предпринимательство и цифровую трансформацию. Отдельным событием стал Форум молодежных лидеров России и Казахстана, собравший более ста представителей государственных и общественных организаций обеих стран. (далее…)

Массовый спорт – основа здоровья нации

Пятница, 29 Ноя 2019

Одним из основных приоритетов государственной политики является развитие массовой физической культуры и спорта. В этой связи все более важной становится роль массового спорта в воспитании подрастающего поколения, формировании здорового образа жизни с юных лет. Огромное значение имеет также создание условий для занятий спортом для всех слоев населения, независимо от пола и возраста, физических особенностей. Ведь физическая развитость населения способствует улучшению производительности труда, что очень актуально для нашего города, взрослое население которого занято в основном на производстве. В свою очередь, как следствие, увеличение объемов производства ведет и к росту экономического потенциала государства. (далее…)

«Все зависит от вашей работы»

Пятница, 29 Ноя 2019

В прошлую пятницу под председательством акима города Аскара Идрисова состоялось заседание городского Совета по делам молодежи, который является консультативно-совещательным органом. (далее…)

«Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ!»

Пятница, 29 Ноя 2019

Осындай атаумен «Қазақстан» спорттық-сауықтыру кешенінде ашық есік күні өтті. Шара барысында спорттың бірнеше түрінен шеберлік сыныптары көрсетілді.

Келушілерге жылы лебіздерін білдірген кешеннің директоры Манат Айтбаев пен Сәтбаев қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Нұрбақыт Тобағулов ұйымдастырылған ашық есік күнінің басты мақсаты мектеп жасындағы жеткіншектердің бос уақытын тиімді өткізу, оларды спортқа тарту екендігін атап кетті. Сондай-ақ, қызығушылық танытып, балаларының өміріне бей-жай қарамаған ата-аналарға алғыстарын жеткізіп, түрлі облыстық, республикалық және халықаралық ареналарда бақ сынап жүрген спортшылардың жетістіктері аз еместігін алға тартты.

Орайы келгенде айта кетейік, «Қазақстан» спорттық-сауықтыру кешені 2016 жылдың 2 тамызында «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-не енген. Спорттық кешенде бүгінгі таңда мәнерлеп сырғанау, хоккей, үстел теннисі, дзюдо, қоян-қолтық ұрыс жекпе-жегі, жүзу, бокс, футбол, қазақ күресі, киокушинкай-кан каратэ, жеңіл атлетика, армрестлинг сынды бас-аяғы 13 спорттық секция жұмыс жасайды. Ал сол секцияларда 972 оқушы спорттық бағытта шыңдалса, спортты жанына серік еткен балаларды 22 бапкер-жаттықтырушылар түрлі спортқа баулуда.

Спорт түрлерін насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағыттау, дене тәрбиесіне қатысты білімдерін жетілдіру бағытын басты мақсат еткен ұйымдастырушылар ашық есік күн аясында келген қонақтарға спорттық үйірмелер бойынша түрлі шеберлік сыныптарын көрсетті. Атап өтейік өткен оқу жылында спорттық кешеннің жеткен жетістігі аз емес. 1 оқушы спорт шебері, 10 оқушы спорт шеберіне үміткер болса, бірінші дәрежелі спортшылар қатарында 15 оқушы бар.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Суреттер автордікі.

Салт пен дәстүр – дін тірегі

Пятница, 29 Ноя 2019

Дін – дүниедегі әрбір жан иесінің өмір сүру үлгісі, екі дүниеде де бақытты болуға жетелер нәзік жол. Дәстүр – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілік ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы. Өзіндік ділі, тамыры терең құндылықтары, қуат алар бай мұрасы бар қазақ халқын сол қазынасын теріс санап, болмысына біте қайнаса сіңген дінді қолы жетпес күрделі дүниеге ұқсатып, қилы-қилы тәпсірімен түсіндіріп халықтан қасақана аластату үдерісі орын алып отырғаны мәлім. Десе де оның алдын алу күн тәртібіндегі кезек күттірмес мәселе. Өткен аптада Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында салт-дәстүр мен дінді сабақтастырған теологтармен тағылымды кездесу ұйымдастырылды.

Сәтбаев қалалық дін сұрақтары бойынша кеңес беру орталығының директоры Амангелді Құрақбай жат ағымдардың жетегінде жүрген жастардың теріс бағытқа түсуіне асыл дініміздің қазаққа жаңа кірген ел сеіклді көрсетіп, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрді мансұқтап, қазақ руханиятының күре тамырын қырқуға бағытталған арандатушы әрекеттер салдарынан екендігін жеткізіп, ізгілік пен бейбітшілікке бастайтын дінге қатысты сұрақтарды тек осы саланың білімді мамандарынан алу керектігін сөз етті. Осы мақсатқа орай кездесуге арнайы шақырылған қонақтарды таныстырды. «Пайғамбар ақидасы» кітабының авторы, Нұр Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы, теолог Серік Тәжібаев пен теология ғылымдарының докторы, Нұр Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы Шәмшәт Әділбаева жиналған қауымға дін мен дәстүр сабақтастығы төңірегінде оралымды ой өрбітіп, олардың байланысы жайында әңгімеледі. Шәмшат Әділбаева кеңестік отарлаудың кесірін тілге тиек ете келе, барлық дәстүр діннен бастау алатынын, олардың дінге еш қайшылығы жоқ екендігін дәлелдермен түсіндірді. (далее…)