Архив за 16 Дек 2019

Құрметті жерлестер!

Понедельник, 16 Дек 2019

Тәуелсіздік күні бейбітшілік пен тұрақтылық, қайрат пен жігер, ұрпақтар сабақтастығы мен ата-бабаларымыз аманат еткен игі дәстүрлерге деген құрметті білдіретін басты мерекеміз болып табылады. Осы 28 жылда экономикасы тұрақты, демократиясы мықты, бірлігі мығым ел екендігімізді әлем алдында мойындатып, баршаға үлгі болудамыз. Қазақстан осы белеске табанды еңбек, болашаққа деген сенім және күш біріктіру арқылы жетті.

Ел іргетасын қалауда жасалып жатқан реформаларға қосып жатқан үлесіміз зор. Экономикамызбен қатар әлеуметтік сала да қарқынды дамып келеді. Шағын және орта бизнес өсімі артып, жаңа жұмыс орындары, жаңа тұрғын үйлер бой көтеруде. Басты мақсатымыз осы межеде тұрып қалмай, жетістіктерімізді әрмен қарай жалғастыру. Сол арқылы елдің ымыра-бірлігін, бейбітшілігіміз бен тұрақтылығымызды сақтау.

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді еліміздің басты мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтай отырып, ашық аспан, ізгілік, молшылық пен бақ-береке тілейміз! Тәуелсіз Қазақстанды өркендету жолында қажырлы еңбек етіп, толағай табыстарға жете беріңіздер!

А.Ыдырысов, Сәтбаев қаласының әкімі.
Т.Хмилярчук, қалалық мәслихат хатшысы.

Уважаемые сатпаевцы!

Понедельник, 16 Дек 2019

Примите искренние поздравления с Днем Независимости Республики Казахстан!

День Независимости – главный праздник для всех казахстанцев, объединенных чувством ответственности за судьбу своей страны и составляющих единый народ Казахстана. За 28 лет с момента обретения Независимости наша страна доказала свое право на суверенитет и независимость, наш народ блестяще продолжает великую историю Казахстана новыми достижениями и преобразованиями, в которых есть и Ваш неоценимый вклад. (далее…)