Архив за 17 Янв 2020

Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан

Пятница, 17 Янв 2020

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек.

Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды. (далее…)

Кәсіподақ үздігі атанды

Пятница, 17 Янв 2020

Жақында Ақтөбе қаласында «Сенім» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының Республикалық форумы өтті.

Ауқымы кең іс-шараға №1 орталық аурухана кәсіподағының төрайымы, 1 санатты эпидемиолог-дәрігер Асылхан Шолтаманова қатысып қайтқан еді. Қуаныштысы сол, жерлесіміздің кәсіподақ саласындағы еңбегі ерекше бағаланып, алқалы жиында А.Шолтаманова арнайы төсбелгімен марапатталған болып шықты.

Форумға ҚР Парламенті депутаттары, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері, сонымен қатар еліміздің барлық өңірлерінен 22 мыңға жуық кәсіподақ мүшелері қатысқан.

– Республикалық деңгейдегі форум денсаулық сақтау саласының өзекті проблемаларын анықтауға және шешуге, азаматтық қоғамның тұрақты дамуының кепілі ретінде кәсіподақтардың рөлін күшейтуге, сондай-ақ медициналық қауымдастықтың күш-жігерін біріктіруге бағытталды. Дәрігерлер беделін арттыру, медицина қызметкерлеріне деген сенімді нығайту мәселелері ерекше талқыланды. Кең ауқымды іс-шарада Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов сөз сөйлеп, маңызды мәселелерді шешу бойынша ой-пікірлерін білдірді, – дейді Асылхан Қайырханқызы. (далее…)

Күрделі жөндеуден өткен бөлімше тұрғындарға қызмет көрсетуді бастап кетті

Пятница, 17 Янв 2020

№1 орталық аурухана тарихы мол, медицина саласының талай майталмандарын тәрбиелеген, өзіндік дәстүрлері қалыптасқан денсаулық сақтау мекемелерінің ішіндегі қарашаңырақтың бірі. Бүгінде жарты ғасырдан артық халыққа қызмет етіп келе жатқан емдеу мекемесі көптеген өзгерістердің куәгері болып, заман талабына сай бейімделіп, қашан да көштен қалыспауда. Осыдан бірнеше жыл бұрын аурухананың жаңа кейіпке еніп, күрделі жөндеуден өткен уақыты ел жадында болар.

Ол кезде «Қазақмыс» корпорациясы сияқты алпауыт компанияға мұң-мұқтажыңды жеткізу былай тұрсын, көпшілік басшылардың көзіне тіке қарай алмайтын. Бірақ, кеншілерге, олардың отбасы мүшелеріне қызмет көрсетіп отырған емхананың мүшкіл жағдайын қаржылай демеу бере алатын компания басшылығына жеткізбеске болмайтынын түсінген аурухананың бас дәрігері Жомарт Аханов батыл да жауапты қадамға барды. Жағдайды басқарма басшыларына жете түсіндіріп, емханаға шұғыл түрде күрделі жөндеу керектігін дәлелдеп берді. «Қазақмыс» корпорациясының демеушілігімен тұтас аурухана ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, адам танымастай өзгерген сол 2013 жыл бүкіл қала халқын қуантып, бас дәрігердің ісіне таңдай қақтырған еді. Содан бері, міне, 17 жыл өтіп кеткен екен. (далее…)

Қоғамдық көлік уақытылы жүрмейді

Пятница, 17 Янв 2020

Жолаушы тасымалдау мәселесі қай кезде де қала тұрғындары үшін өзектілігін жоймай келеді. Қалаішілік автобустарда туындайтын проблемалар қатарында көлік тазалығы, жүру бағыты бойынша интервалдың сақталуы, билет бағасы мен жолаушылар үшін жайлылығы, аялдамалардың тәртіпке сай орналастырылуы, жүргізуші мен кондуктордың халықпен қатынасы басты назарға ілігеді. Осы орайда газетімізге оқырмандар тарапынан түрлі сауалдар келіп түсетіні мәлім. Таяуда Гүлсара есімді тұрғын «Нұр Транс Сәт» ЖШС-ға қарасты №12 бағыттағы автобусқа байланысты өз сауалын жолдады. Тасымалдаушы кәсіпорынның жауабын назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік. (далее…)

Үздік туындылар – оқырман назарында

Пятница, 17 Янв 2020

Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясының бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындылармен танысу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ, жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу. (далее…)

Өтініш жерде қалмайды

Пятница, 17 Янв 2020

Өткен аптада қалалық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Арман Қожахметов сайлаушыларын жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Қоғамдық қабылдауға қалалық мәслихат хатшысы Татьяна Хмилярчук, «Нұр Отан» партиясының Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Әміров қатысты.

Арыз-шағымын жеткізуге мүмкіндік алған азаматтардың басым бөлігі жұмыссыздыққа қатысты мәселені ортаға салды. А.Гулай денсаулығының жарамсыздығына байланысты жұмыссыз қалған. Шаң-тозаң, химиялық құралдарға төзе алмайтындығына байланысты еден жууға да мүмкіндігі жоқ. Жалғызбасты ана қазір мүгедектік жәрдемақыға құжат дайындау үстінде. Несиесін төлей алмай қиналған мұқтаж жанға қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бауыржан Әпеков пен жұмыспен қамту орталығының директоры Қазбек Ашықбаев көмектесуге, ыңғайлы жұмыс тауып беруге уәде етті. (далее…)

Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды

Пятница, 17 Янв 2020

1941 жылдың 22 маусымында сұрапыл соғыс – Ұлы Отан соғысы басталып, миллиондаған азамат қолына қару алып, қан майданға аттанды, елі, жері, болашақ ұрпақ үшін жан тапсырды… (далее…)

Заң күшейтілді

Пятница, 17 Янв 2020

Мас күйде жол апатына себепші болғандарға қатысты Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер жуырда күшіне енді. Мұндай қатаң шараға баруға елдегі жол апатының азаймай тұрғаны, әрі апаттың басым бөлігі мас күйдегі жүргізушілердің кесірінен болатындығы себеп болды. Осы ретте Мемлекет басшысы маскүнем жүргізушілерді түрмеге қамап, көлік жүргізу құқығынан мүлде айыру жөніндегі ұсыныс айтқан еді…

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы ресми БАҚ-та 2019 жылдың 31 желтоқсан күні жарияланды және үстіміздегі жылдың 11 қаңтарынан бастап күшіне енді. Құжатқа сәйкес, ҚР ҚК-нде енді 345-1-бап (Алкогольдік, есірткілік немесе масаң күйде көлік құралын басқарған адамның жол қозғалысы немесе көлік құралын басқару ережелерін бұзуы) пайда болды. (далее…)

Ысырапқа жол бермейік

Пятница, 17 Янв 2020

Жезқазған, Сәтбаев қалаларының халқын елең еткізген 2019 жылдың 29 қараша күнгі «Мысты өңір» газетінің №45 санында жарияланған Абулайс(Әукен) Түсіпбекұлының «Ес жияйық, ағайын!» атты мақаласы болды. Желтоқсан айының 23 жұлдызында Сәтбаев қаласындағы Сәдуақас Ошақұлы мешітінде талқылаулар басталып, жетпістен аса ақсақал бас қосып, ой бөлісіп, көтерілген бастаманы қолдаушылар көп болды. (далее…)

Глаза боятся, но руки к работе готовы

Пятница, 17 Янв 2020

Первое в этом году собрание руководителей сатпаевских городских этнокультурных объединений прошло в минувшую пятницу. Инициатором выступил КГУ «Центр духовного, общественного и межнационального согласия народа Казахстана».

Собрание прошло в городском Доме дружбы. Повестка дня – предельно насыщенный знаковыми для государства событиями наступивший год: 25-летие Ассамблеи народа Казахстана, 20-летний юбилей этнокультурных объединений, Год волонтера, коим 2020-й объявлен Президентом РК, а также 75-летие Победы в Великой Отечественной войне и 175-летие Абая. И это помимо уже запланированных этнокультурными объединениями мероприятий: Масленица, Наурыз, городской детский фестиваль, конкурс рисунков «Национальные костюмы», День единства народа Казахстана, День памяти жертв политических репрессий, День соседей, Домбра-пати, Сабантуй, Яблочный Спас, круглый стол «История АНК – история нашей стабильности», городской фестиваль Этно-fasion, «Беседы о Шелковом пути», межэтническая экспедиция по сакральным местам Казахстана и даже восхождение на горную вершину Малого алматинского ущелья, посвященное 25-летию АНК РК! (далее…)