Архив за 23 Янв 2020

ПАРАСАТТЫЛЫҚ ПАРАҚОРЛЫҚТАН САҚТАНДЫРАДЫ

Четверг, 23 Янв 2020

Жемқорлықты түп-тамырымен жою – күн тәртібінен түспейтін күрделі мәселе. Мемлекет пен қоғамның іргесін сөгіп, елдің ілгерілеуіне үлкен кедергі келтіретін бұл «кеселмен» күреске Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әуелден айрықша мән беріп,  осы бағыттағы іс-шараларды күшейту үшін өз Жарлығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін  қайта құрғаны белгілі. Біз агенттік төрағасы Алик Шпекбаевпен арнайы жолығып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысы жөнінде сұрап білдік.

 Көп асқанға – бір тосқан

Алик Жатқамбайұлы, былтыр Мемлекет басшысының Жарлығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін қайта құру кезінде жаңа департаменттер ашу туралы шешім қабылданды. Соның ішінде квазимемлекеттік секторда жемқорлықтың жолын кесу арнайы бір департаментке жүктеліпті. Нәтижесі қалай болып жатыр?

Өздеріңізге мәлім, Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде белгілеп, әрдайым назарында ұстаған болатын. Былтыр Мемлекет басшысының Жарлығымен Агенттік қайта құрылғаннан кейін, оның идеологиясы мен жұмыс тәсілдері де өзгерді. Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында әділдік, сенім және парасаттылық құндылықтарына негізделген түбегейлі бетбұрыс жасап жатырмыз. Үкіметтің былтыр 15 шілдеде өткен кеңейтілген отырысында Президент квазимемлекеттік сектордағы субъектілер қызметінің тиімділігі, сыбайлас жемқорлықпен күрес, құқық қорғау және сот жүйесін реформалау туралы мәселе көтерген болатын. Осыған орай Агенттік былтыр квазимемлекеттік сектордағы, құқық қорғау және сот органдарындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау, жолын кесу міндеттерін іске асыратын дербес департамент құрды. Оның құзіретіне құқық қорғау және сот саласының мекемелері, сондай-ақ аудандық құрылымдарға қоса республикалық және облыстық деңгейдегі 154-тен аса мекеме кіреді. Барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан еншілес компанияларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың 58 шаруашылық субъектісі бар. Сектордың қаржылық айналымы елдің ішкі жалпы өнімінің 59%-дан астамын құрайды және 35 триллион теңгеден асады. Бұл – жемқорлыққа бейім кейбір басшылар мен қызметкерлердің бюджет қаражатын жымқырудың түрлі жолдарын жасауына түрткі болады. Аталған департаменттің жұмысы сондай жүйелі жемқорлық фактілерін анықтауға бағытталған. (далее…)