Архив за 31 Янв 2020

Эстафета добра по-сатпаевски

Пятница, 31 Янв 2020

Зима в столице в этом году выдалась особенно снежной. Непрекращающийся снегопад в затруднительное положение поставил все коммунальные службы. Снегоуборочная техника работает без остановки каждый день. Однако, справиться с объемом работы коммунальщики просто не успевают. Тем временем, поняв, что без дополнительной помощи самих жителей специальным службам не обойтись, молодежью столицы в социальных сетях был запущен челлендж #Бізбіргеміз по уборке снега. Сотни молодых людей добровольно вышли на улицу и помогали вычистить снег. А в выходные вышеназванный челлендж поддержали организации и предприятия нашего города, организовав выход коллективов на уборку.

Объявленный Президентом страны К.Токаевым Год волонтера дал огромный импульс развитию добровольческого движения, особенно среди молодого поколения. Так, в челлендже #Бізбіргеміз активное участие приняли и школьники города. Учащиеся школ помогли в первую очередь с очисткой снега людям с ограниченными возможностями и одиноким пожилым людям, проживающим в частном секторе.

Добровольцы школы-гимназии №1, под руководством заместителя директора по ВР Арайлым Беисовой и классным руководителем учеников Л.Аширбековой пришли на помощь к С.Изгенову. Сейтгали Жолдасбекович инвалид 2 группы. Оказалось, в 1995 году получил производственную травму, работая водителем подземного транспорта на Восточно-Жезказганском руднике. Семьи у мужчины нет, но по хозяйству помогает сестра, которая и встретила группу волонтеров. Сам Сейтгали ага практически не выходит на улицу, передвигаясь по дому на специальных «ходунках». Об очистке снега самостоятельно не может идти и речи. (далее…)

«Сәтбаев қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша 2019 жылдың қорытындысы мен 2020 жылға арналған жоспарлар туралы» – Сәтбаев қаласы әкімі Асқар ЫДЫРЫСОВТЫҢ халық алдындағы есебі

Пятница, 31 Янв 2020

Есепті кезеңде өнеркәсіп өндірісі 2%-ға өсіп, 48,9 млрд теңгені құрады. Мыс өндірісі 16,8 млн тоннаны құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға артық. Өнеркәсіп өндірісінің 60%-ын «Қазақмыс» корпорациясы мен оның еншілес ұйымдары иеленді. Сонымен қатар, соңғы жылдары шағын орта бизнесте өндірістің едәуір өсуі байқалды, осы жылдың өзінде көлемі 5,6 млрд теңгені құрады. Су, ұн, жиһаз, металл өңдеу және жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірудің ұлғаюына байланысты өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе өсті.

2019 жылы «Қазақмыс» корпорациясы Жыланды кенішін ашты, ол өз кезегінде Шығыс және Батыс Сары-Оба, Қарашошақ, Итауыз кеніштерінде тау-кен жұмыстарын жүргізеді.

Жезқазған және Жыланды кен орындарындағы минералды-шикізат базасын толықтыру мақсатында геологиялық барлау жұмыстары жүргізілді, көлемі 13,9 мың метрді құрады.

Қала кәсіпорындары негізгі капиталға 24,8 млрд теңге инвестиция құйды немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65%. Жезқазған кентінің қоныс аударған тұрғындары үшін №6 «Нұрлы Мекен» және №8 шағын аудандардың құрылысына бұрын бөлінген бюджеттік инвестициялардың едәуір қысқаруына байланысты төмендеу байқалады. (далее…)

«Об итогах социально-экономического развития города Сатпаев за 2019 год и задачах на 2020 год» – отчет акима города Сатпаев Аскара ИДРИСОВА перед населением

Пятница, 31 Янв 2020

За отчетный период объем промышленного производства вырос на 2% и составил 48,9 млрд тенге. Объем добычи медной руды составил 16,8 млн тонн или на 5% больше, чем в прошлом году. Около 60% объема промышленного производства приходится на корпорацию «Казахмыс» и его дочерние предприятия. В то же время в последние годы значительный рост промышленного производства наблюдается на предприятиях МСБ, где только в этом году объемы увеличились до 5,6 млрд тенге или в 2,5 раза больше уровня прошлого года. Это связано с увеличением производства бутилированной воды, муки, мебели, металлообработки и продукции легкой промышленности. (далее…)

Виртуалды орталық ашылды

Пятница, 31 Янв 2020

Кенді қала тұрғындары үшін бизнестің жаңа тренді – виртуалды клуб есігін айқара ашты. «VR Arena» деп аталатын ойын-сауық нысаны сәрсенбі күні салтанатты жағдайда ашылды. Виртуал кеңістікте ойнау мен ойлауға мүмкіндік беретін орталық заманауи компьютерлік техникалармен жабдықталған.

Жеке кәсіпкер Сағындық Жаңғабылов үшін бұл кәсіп таңсық. Десе де заман талабына сай осындай орталықты ашуға бел буды. Балаларының оңтайлы ұсынысынан соң, көп кешікпей іске асыруға кірісті.

– Алғашында әкем «білмейтін іске басыңды сұққаның жарамас» деп, бұл ойымды теріске шығарған еді. Алайда, қала үшін тың жобаның сұранысқа ие болатынын, нарықта мұндай орталықтардың жоқтығын айтып, іске асырып жатқан жағдайымыз бар. Қазір барлық керек техникалық жабдық сатылып алынды. Қызмет бағасы да қолжетімді болады. Алда келушілер үшін тиімді акциялар мен конкурстар ұйымдастыратын боламыз, – дейді идея авторы Арман Жаңғабылов.

Нұрлат ҚОНЫСБАЙ.
Суреттер автордікі.

Қазақ тарихының суреткері

Пятница, 31 Янв 2020

Биыл Қазақ хандығының 555 жылдығы мен заңғар жазушы Ілияс Есенберлиннің туғанына 105 жыл толған атаулы күндердің тұспа-тұс келуінде үлкен мән жатса керек. Себебі, қазақ халқына көмескіленіп бара жатқан өткен тарихын қайтарып берген қаламгердің есімін еріксіз тарихпен байланыстырасың. Ел қамын жеген жазушының шығармаларын насихаттап, оған қаншалықты құрмет көрсетілсе де артық етпес. Осы ретте орталықтандырылған кітапханада «Қазақ тарихының суреткері» атты тарихи сағат өтті.

Қазақ әдебиеті тарихында ең көп роман жазған, сол арқылы халқына рухани дем берген даңқты жазушының жеке өмір жолын қазіргі ұрпақтарға жеткізу, насихаттау мақсатындағы шараның маңызы зор болды. Құрсаулы жылдарда кеңестік идеологияның қылышынан қан тамып тұрған, қысылтаяң уақытта қазақты төл тарихымен қауыштырып, алғашқылардың бірі болып, тарихи шындықты көркем әдебиетпен көмкере жеткізген жазушы бізге бай мұра қалдырды. Өмір жолы мен шығармашылығына тоқтала келе жазушының «Көшпенділер» трилогиясы буктрейлер арқылы көрсетілді. Ол он бес жылда он жеті роман жазып, еңбегін ұлт рухын жігерлендіріп, тарихи жадыны жаңғыртатын ғажайып тарихи дәйектермен сипаттады. І.Есенберлиннің қаламынан туған «Айқас», «Ғашықтар», «Қатерлі өткел», «Алтын құс», «Маңғыстау майданы», «Алтын аттар оянады», «Көлеңкеңмен қорғай жүр», «Алыстағы арпалыс», «Аққу құстар қуанышы», «Махаббат мейрамы», т. б. романдары тың тақырыпта жазылып, қазақ әдебиетінде мүлде көтерілмеген мәселелерді қозғады. Соны серпін әкеліп, оқырман сүйіспеншілігіне бөленді. Көркем шығарма мен тарихи деректерді қиюластыра астастырып, аса шеберлікпен өткенді «тірілтіп», шоқтығы биік шығармалары арқылы ұлт руханиятына зор үлес қосқан қара сөздің хас шебері мәңгі тарих бетінде қалары сөзсіз.

М.АСЫЛБЕК,
кітапханашы.

Поэзия пырағы

Пятница, 31 Янв 2020

Орталықтандырылған кітапханада «Жыр – жауһар» клубы аясында өткен «Қазақ поэзиясының пырағы» кеші ҚР Халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлінің туғанына 85 жыл толуына арналды.

Саналы ғұмырын туған халқына арнап, перзенттік адал махаббат, ыстық ықыласымен ар-намысын поэзия көгінде ту қылып көтеріп өткен дарабоз ақынның шығармалары халқымыздың келешегі үшін қаншама ғасырлық өлшеммен қызмет етерліктей, теңдесі жоқ құндылық. Абонемент бөлімінің кітапханашысы А.Омарова ақынның өмірі, өскен ортасы жайлы бейнеролик көрсетіп, қысқаша баяндап берді. Клуб мүшелері Қадыр Мырза Әлінің өлеңдерін мәнерлеп оқып, әр өлеңнің шығу тарихына тоқталды. «Атамның ақылы» өлеңі арқылы Б.Мұрат өз атасын еске алса, А.Ыбыраева «Апам аурып қалғанданы» жан дүниесімен беріле оқыды. (далее…)

Интернетсіз бір күн

Пятница, 31 Янв 2020

Жыл сайын қаңтардың соңғы жексенбісінде әлемде Халықаралық интернетсіз күн аталып өтетінін бірі білсе, бірі білмейді. Ресми түрде бекітілмесе де, бұл күн 2000 жылдардың басынан бері аталып келеді. Англияда ең алғаш енгізілген айтулы күннің басты мақсаты – адамдарды компьютерлер мен жаһандық желіден бір күнге ажырату. Олардың бір күнді «шынайы» өмірде күн кешіп, бір-бірімен араласуына, әңгіме-дүкен құруына немесе сүйікті істерімен айналысуларына мүмкіндік тудыру. Бір сөзбен айтқанда, виртуалды өмірдің емес, шынайы өмірдің қарапайым қызықтарына кенелту.

Бүгінде жастың да, жасамыштың да, қарттың да, тіпті мектептегі емес, бақшадағы баланың да таңы ұялы телефон мен интернетпен ататыны өтірік емес. Бір сағат интернет қосылмай қалса, жаңалықтардан қол үзіп, көште қалғандай әлек боламыз. Ал ұялы телефонсыз аяқ баспаймыз, оны ұмытып кетсек, бар шаруамызды ысырып, соған қолымыз жеткенше көңіліміз жай таппайды дегенмен келіспейтін жан жоқ шығар. Қанша жерден мобильді телефонның, интернетке тәуелдіктің зияны туралы айтылып жатса да құлақ аса қоймаймыз. Ал, мамандар болса уақытты үнемі желіде өткізу адамның, оның ішінде баланың психологиялық және физикалық жай-күйіне теріс әсер етеді, олардың денсаулығына орасан зиян келтіреді деп дабыл қағуда. Бала ашушаң, шыдамсыз, күйгелек болып, аурушаң және үнемі шаршап жүрсе, ол ең алдымен интернетті және ұялы телефонды көп пайдалану салдарынан дейді психологтар. Жоғарыда аталған Халықаралық интернетсіз күн – бұл жаһандық желіні пайдаланушыларды бір күнге болса да интернетті ойдан шығаруға шақыратын бүкіләлемдік флешмоб. (далее…)

Педагог мәртебесі – ел мерейі

Пятница, 31 Янв 2020

Өткен жылдың аяғында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» Заңға қол қойды. Жалпы 21 баптан тұратын құжат еліміздегі жарты миллионнан астам педагогтың құқығын қорғап, абыройын арттыра түспек. Бұл құжат еліміздің тарихында педагогтарға арналған тұңғыш заң болуымен де ерекшеленеді.

Қалалық білім бөлімінің басшысы Берік Ақышбековпен болған әңгімемізде осы заңның басты ерекшеліктері егжей-тегжейлі сөз болды.

– Берік Базылұлы, жаңа заңның қабылдануымен құттықтап қойсақ артықтық етпейтін шығар.

– О, не дегеніңіз. Рахмет, әрине. Бұл – еліміздегі 500 мыңнан астам педагогтың қуанышы. Бұл құжат педагогтардың мерейін үстем етіп, мәртебесін асқақтатып тастады. Бұл – елдің мерейі.

– Заңның басты ерекшеліктері қандай?

– Бұл заң төрт бағыттан тұрады. Біріншісі, педагогтардың құқығын қорғап, артық жүктемеден босатады. Екіншісі, мұғалімнің қызметіне қойылатын талаптар да күшейтіледі. Үшіншісі, материалдық емес ынталандыру тетіктері. Ал төртінші бағытта материалдық тұрғыдан көтермелеу шаралары қарастырылған.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 4 жыл ішінде мұғалімдердің еңбек-ақысы екі есеге артады.

Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес, бұған дейін тек мектептердегі мұғалімдерге ғана қосымша ақы төленетін еді, енді балабақшалар мен колледждердегі педагогтар үшін де біліктілік санаты үшін лауазымдық жалақыдан 30 пайыздан 50 пайыз аралығында қосымша ақы төленетін болады. Бұл – әрбір педагогтың шеберлігіне, біліктілігіне байланысты берілетін қаржы.

Жаңа құжаттың арқасында тәлімгерлік үшін мектеп мұғалімдеріне ай сайын қосымша 17 мың теңгеден төленетін болды. Тәлімгерлік бұрыннан бар. Әр мектепте білікті педагог жас мамандарға бағыт-бағдар береді. Бірақ, бұған бұрын ақы төленген жоқ. Биылғы 1 қаңтардан бастап ғылыми педагогикалық бағыттағы магистр дәрежесі үшін ай сайын мектеп мұғалімдеріне 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (25 500 теңге) үстемеақы төленеді. Бұған дейін магистрлерге мұндай қолдау болған жоқ. Сынып жетекшілігі, дәптер тексергендігі үшін төленетін ақы екі есеге артып отыр. (далее…)

Киелі қарашaңырақ әлемдік рейтингке көтерілді

Пятница, 31 Янв 2020

Биыл елімізде Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аталып өтетін болды. Ал енді, мына сәйкестікті қараңыз. Биыл әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне де 85 жыл толыпты. Киелі қара щаңырақ сонау 1934 жылдың 15 қаңтарынан бастап ел мүддесі үшін аянбай қызмет етіп келе жатыр… (далее…)

Жас қаламгерлердің әдеби-шығармашылық байқауы

Пятница, 31 Янв 2020

«Шарайна» газетінің редакциясы газеттің отыз жылдық мерейтойы және Жеңістің 75 жылдығы аясында мектеп оқушылары арасында қалалық «Жас қалам» әдеби-шығармашылық байқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаттары:
 мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру;
 көркем әдебиет пен көсемсөз жанрын жандандыру;
 өзіндік жазу өрнегі бар жас ақындар мен жазушыларды, көсемсөз шеберлерін анықтау;
 шығармашылығымен танылып жүрген жастарға қолдау көрсету;
 ұлы дала тарихы мен мәдениеті, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық болмыс мәселелеріне, жауынгер бабаларымыздың ерлігін дәріптеуге арналған шығармаларды насихаттау. (далее…)