Архив за 07 Фев 2020

ТҰРМЫСТЫҚ МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Пятница, 07 Фев 2020

Жергілікті билік өкілінің жұртшылықпен жүздесіп, ұсыныс-пікірін тыңдауы атқарылған жұмысқа сын көзбен қарап, көпшілікті толғандырған мәселелер мен оны шешу жолын айқындауға мүмкіндік тудырады. Жуырда Жезқазған кентінің әкімі Дәуір Жүнісбеков осындай кездесу өткізіп, тұрғындарға есеп берді.
Жиынға қалалық мәслихат хатшысы Татьяна Ивановна Хмилярчук пен қала әкімі аппаратының жетекшісі Алмаз Нысанбаев және қаладағы әртүрлі сала басшылары қатысты.

Бүгінде Весовая кентіндегі №12 орта мектепте 104 бала оқиды, №4 «Айгөлек» балабақшасына 47 бүлдіршін барады. №2 балалар музыкалық мектебінде 183 оқушы фортепиано, домбыра, гитара, қобыз, флейта, аккордеон сияқты аспаптарда ойнауға машықтанады, вокалдан дәріс алады.

Кент төңірегінде шағын және орта бизнестің 58 нысаны орналасқан. Өз басында — 1, Весоваяда — 8, Крестовский мен Перевалкада бір-бірден коммерциялық дүкен жұмыс істеп, тұрғындардың күнделікті қажетін қанағаттандырып тұр. Өңір жұртшылығы 186 ірі қара, 123 қой-ешкі, 17 жылқы, 20 шошқа, 80 құс ұстайды. Жан-жануардың есебі жылына екі рет: 1 қаңтар мен 1 шілдеде алынып отырады.

Жиында негізінен тұрмыстық мәселе талқыланды. Тұрғындарды қоныс аударудың барысы мен коммуналдық қызметтің сапасы қатты алаңдататыны аңғарылды. Кент әкімі қойылған сауалдарға жан-жақты жүйелі жауап, тұрғындардың тұрмыстық түйіткіліне қатысты тиісті түсінік берді.

— Үкімет 2011 жылы 3 қарашадағы №1283 қаулысымен бекіткен Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, кент пен оның төңірегіндегі елді мекендерден 2 801 отбасын көшіру көзделген. Қазір 2 133 отбасы қоныс аударды, 170 отбасы құжатын рәсімдеуде. Таяуда кеншілер қаласындағы №6 мөлтек ауданда 5 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл 240 отбасының қоныс тойын жасауына мүмкіндік береді, — деді кент басшысы. (далее…)

«Шарайна» – шыңдалу мектебі

Пятница, 07 Фев 2020

Адам өмірінде ерекше сәттер, есте қаларлық оқиғалардың көбі алғашқы еңбек жолынан басталатынына Сіз де келісесіз деп ойлаймын. Өйткені, ең алғашқы еңбек ұжымы кім-кімнің болсын қызметтік өсу баспалдағы ғана емес, шыңдалудың мектебі ретінде маңызға ие. (далее…)

Бала танымын арттыру жолында

Пятница, 07 Фев 2020

Өткен аптада мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қалалық мекемелермен бірлескен жоспарына сәйкес №12 «Гүлдер» бөбекжай балабақшасында «Мектепке дейінгі оқыту-тәрбиелеу процесіндегі заманауи технологиялық ойындардың маңызы» тақырыбында әдістемелік шара өткізді.

Ағылшын тілі маманы М.Бимақұлова «Брейн-ринг» ұйымдастырып, 8 кезең бойынша үш тілде тапсырма берді. Білім жарысында бүлдіршіндердің ауызекі сөйлеуі үш тілде жақсы дамып келе жатқаны байқалды. «Бірлік» және «Достық» топтары тартысты сайысты.

«Асық технологиясы арқылы зияткерлікті дамыту» шеберлік сыныбында тәрбиеші У.Хужаева мергендікке, ептілікке баулитын қазақ халқының ұмыт болып бара жатқан дәстүрлі ойынын бала логикасын, қол моторикасын жетілдіруде күнделікті пайдаланатынын атап өтті. Асық арқылы санау, құрастыру, асық үстінен жүру, математикалық логикалық тапсырмаларды шешу секілді түрлі оқиғаларды ойлап тауып, бала танымына қоршаған әлем заңдылықтары мен оқиғаларын қызықты түрде жеткізуге тырысты. Асық терапиясы балалардың қимыл-қозғалысын реттеуге, кеңістікті бағдарлай білуге, сөздік-логикалық ойлауды сатылай қалыптастыруға, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауға, сабырға, бірлесе әрекет етуге тәрбиелейді. (далее…)

Каратэшілер жеңісі

Пятница, 07 Фев 2020

Қаламыздың жас спортшылары жуырда Қарағанды қаласынан жеңіспен оралды. Каратэші өрендер киокушинкай-кан каратэден балалар мен жасөспірімдер және қыздар арасындағы ашық Чемпионатта үздік өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

31 қаңтар мен 3 ақпан аралығында ұйымдастырылған жарысқа қаламыздағы мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебінінің спортшылары қатысты. Ашық чемпионат есебінде өткен додаға Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Көкшетау, Қарағанды облыстарынан барлығы 300-ге жуық спортшы қатысты. Жерлестеріміз намысты қолдан бермей, қарсыластарына есе жібермеуге тырысып, жарыстың жүлделі орындарын қанжығалады. Олжас Мұсалиев, Аслан Айып үкілі үштікке ілінсе, Нұрислам Базыл, Бекарыс Мансұр екінші орынды еншіледі. Ал, Расул Ақансері, Нұрислам Мансұр, Кәусар Төлеубай, Расул Рамазан бірінші орыннан көрінді. Спортшылар ақпан айының соңында Семей қаласында өтетін республикалық турнирге қызу дайындалуда.

Әли МҰҢАЙТПАС.

БІРЛІККЕ БІР ҚАДАМ

Пятница, 07 Фев 2020

Қарға тамырлы қазақтың өткеніне көз жүгіртсек, қашанда бір-біріне қарайласып, жетімі мен жесірін жылатпағанын, жалғызын жалтақтатпай, көрші-қолаңға көмек қолын созғанын көреміз. Осы игі үрдіс мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұйтқы болған Еріктілер жылымен қоғамға қайта оралды.

Таяуда кеншілер қаласындағы еріктілер қатарына тағы да бір топ жас қосылды. Осыған орай жастар ресурстық орталығында өткен салтанатты жиында қалалық мәслихат хатшысы Татьяна Ивановна Хмилярчук еріктілер қатарына жаңадан қабылданған жастарды елдің ыстық ықыласына бөленетіндей берекелі іс атқаруға шақырды. Еріктілер қозғалысы қайырымдылық қолын созуға ұмтылған, олардың білімі мен білігі, тәжірибесі мен риясыз көмегі қайда керек болса, сол жерден табылатын жасы мен мамандығы әртүрлі адамдарды біріктіреді. (далее…)

Отбасы бірлігі немесе ер мен әйелдің орны

Пятница, 07 Фев 2020

Өткен аптада №1 мектеп-гимназияның 9 сынып оқушылары арасында отбасы бірлігі, ондағы ер мен әйелдің орны, жалпы гендерлік саясат тұрғысын талқылаған пікір-сайыс ойыны болып өтті. Онда «Қыран» және «Жалын» топтарының спикерлері өзара пікір таластырып, осы бір өзекті мәселе төңірегінде орамды ой қозғады. (далее…)

Тек қыздар арасында

Пятница, 07 Фев 2020

Жан сұлулығы мен тән сұлулығын қатар алып жүру, өзінен кейінгі ұрпақ алдындағы жауапкершілік ұғымын түсіну, өз бойындағы қасиеттерді бағалап, денсаулыққа, дене күтіміне назар аударуға үйрете білу мақсатында орталық кітапхананың Coworking залында қыз-келіншектермен өткен кездесудің мәні зор болды.

Қыздардың көңіл-күйін көтеріп, ортада жағымды психологиялық ахуал орнатып, жақсы қасиеттерді қалыптастыруға арналған тренингте орталық психологы Жұлдызай Сыздықбаева жастарды жұрт алдында абыройлы болуға шақырды. Зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірге қауіп төндіретіндігін ескерттті. «Тек қыздар арасында» шарасы әйел затының бойындағы барлық қасиеттерді барынша ашуға тырысты. (далее…)

«Тыңда, қара, ойлан, ойна!»

Пятница, 07 Фев 2020

Осындай атаумен орталықтандырылған кітапханада өткен ашық есік күні кішкентай оқырмандардың білім әлеміне деген құштарлығын арттыра түскендей болды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Өмір бойы білім алу – әр қазақстандықтың өмірлік кредосына айналуы қажет», – деген сөзін басты ұстанымы еткен кітапханашылар тренингтер, викториналық сұрақтар, әдеби квест, көңілді караоке арқылы балалардың ойлау қабілетін, тіл байлығын дамытып, ұлттық дәстүрлерді дәріптеу арқылы ой-өрісін шарықтата түсті. Оқу құралында соңғы жылдары әдістемеге еніп жатқан жаңа әдіс-тәсілдер мен жаттығулар, рефлексия мен кері байланыс, ойсергектер, ойындар секілді көмекші құралдар да осы шарада көрініс тапты. (далее…)

Дамудың даңғыл жолында

Пятница, 07 Фев 2020

Бүгінгі бейбіт күнге дейін мемлекетіміз сан қилы сындарды еңсерді. Іргетасын әлемдік саяси аренада нығайта түсу мақсатында елдің әлеуметтік мәселелерін жан-жақты шешумен қатар, жаһандық жаңа тенденцияларды да ескеріп отыруды көздеді. Нәтижесінде қазіргі таңда біз әлемдегі жаңа да жүйелі өзгерістерден қалмайтын, өткеннен сабақ ала отыра, дамудың даңғыл жолын таңдаған жас мемлекетпіз. Ел еңсесін тіктеп берген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы айқындап берген саяси стратегиялардың әрі қарай да нәтижелі дамуын жалғастыруды көздеген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы осының айқын дәлелі. (далее…)

Салықтан кімдер босатылды?

Пятница, 07 Фев 2020

2020 жылдан бастап микро және шағын бизнес субъектілері үш жылға табыс салығынан босатылады. Бірінші вице-премьер, қаржы министрі Әлихан Смайылов Қазақстан Президентінің тапсырмасы аясында кімдер табыс салығынан босатылмайтынын өткен жылдың аяғында айтқан болатын. «2020 жылдың басынан бастап арнайы салық режимін қолданатын микро және шағын бизнес субъектілері табысқа салынатын салықтан үш жылға босатылады. Жер қойнауын пайдаланушылар, акциздік өнім өндірушілер, ойын бизнесі, сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары босатылмайды», – деп мәлімдеген еді Смайылов үкімет отырысында. Осы ретте біз Сәтбаев қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Мылтықбай Серікбаевқа жолығып, ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндеттер туралы» Кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар жайында сұхбаттасқан едік.

– Мылтықбай Қордабайұлы, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында микро және шағын бизнестің барлық субъектілерін үш жылға табыс салығынан босату туралы тапсырма берген болатын. Қандай кәсіпорындар салықтық жеңілдікке ие болды?

– Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заң жобаларына өзгертулер енгізді. Бұл өзгерістер салық заңнамасын айналып кетпеді. 2020 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап шағын және орта кәсіп иелері үш жылға салық жүктемесінен босатылды. Енді кәсіпкерлер 2023 жылға дейін салық төлемей, тексерістен арылады. Сондай-ақ, шағын бизнесті тексеруге тыйым салынды. Осы кезеңде мемлекет кәсіпкерлерге өте ыңғайлы жағдайлармен жұмыс істеуге мүмкіндік беріп отыр. Шағын бизнесті қолдау кәсіпкерлердің іс-қимылын жеңілдетіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Президент бизнестің бақылаусыз қалмайтынын айтқан болатын. Заңдағы жаңа өзгерістер жеке кәсіпкерлерді табыс салығынан, әлеуметтік салықтан сонымен қатар, бірыңғай жер салығынан босатып отыр. Атаулы жеңілдік Қазақстанда жеке іспен айналысатын 1,2 млн жеке кәсіпкердің ісін дөңгелетуіне жол ашты. Осылайша жеке кәсіпкерлер 380 млрд теңге үнемдеп, өз ісін дамытуға мүмкіндік алып отыр. (далее…)