Архив за 21 Фев 2020

Абай көшесінде ақын ескерткіші қойылады

Пятница, 21 Фев 2020

Жуырда қалалық әкімдіктің кіші залында Қоғамдық кеңес мүшелерімен қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіш жобалары талқыланып, Абай көшесінде орнатылатын мүсін таңдап алынды. Мақұлданған жоба наурыз айында өтетін мемлекеттік комиссияның қарауында шешілетін болады. (далее…)

Быть акимом – быть с народом

Пятница, 21 Фев 2020

Аким Карагандинской области Женис Касимбек отчитался перед жителями.

Глава крупнейшего в стране региона в своем отчете заострил внимание на социально-экономическом развитии области за 2019 год, особо выделив строительство, туризм, логистику и ремонт имеющихся и прокладку новых автодорог. В ходе отчета, которое для удобства жителей области транслировалось и онлайн, были также обсуждены социальные, сельскохозяйственные и производственные вопросы, вопросы по здравоохранению и культуре. Что касается планов на ближайшее будущее, то уже в текущем году в Карагандинской области в целом и в регионах в частности, ожидаются масштабные мероприятия, связанные с решением вышеперечисленных акцентов.

Полный отчет акима Карагандинской области читайте в следующем номере нашей газеты.

(Соб. инф.).

Асыл сөзді іздесең

Пятница, 21 Фев 2020

Оқушылар сарайында өткен «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе…» әдеби кеші Аристотельден кейін білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым Әбу Насыр әл-Фараби мен қазақтың классигі, данышпан Абай атамызға арналды.

Оқушыларды осы кемеңгер ойшылдардың еңбегімен, шығармаларымен сусындату мақсатындағы кеште «Драма» үйірмесінің оқушылары «Абай рухымен сырласу» атты көрініс қойды. Өнегелі өмір жолын көрсетіп, рухымен сырласа білді. «Вокал» үйірмесінің оқушылары «Көзімнің қарасы» әнін үш тілде орындап шықты. Сонымен қатар, ғасырдан ғасырға жалғасып, құндылығын жоймай келе жатқан ақын өлең-жырларын жатқа айтты. Флейтаның сазды әуенімен қара сөздері оқылды. «Гитара» үйірмесінің оқушылары мен ұстаздардан құралған топ салған «Айттым сәлем, қаламқас» әні әсерлі шықты.

Кеш соңында оқушылар кітап көрмесін тамашалап, әдеби кештен рухани азық алып тарасты.

Н. ИСМАИЛОВА, ОС кітапханашысы.

Ысырапта жақсылық жоқ

Пятница, 21 Фев 2020

Қазақ халқы әр нәрсенің қадірін жете білген. Бабаларымыз «барға – қанағат, жоққа – сабыр» деп тәуба етіп, Алла берген ырыздық, несібесін қанағат етіп келген. Қолындағы барын аз болса уайымдамай, көп болса тасымай өмір сүрген жұртпыз. Алайда, қазіргі уақытта ысырапшылдыққа жол беріп жатқанымыз жасырын емес. Той-томалақ дейсіз бе, марқұм болған адамды ақырғы сапарға аттандыруда ысырап мәселесіне аса байыппен қарауымыз керек. (далее…)

Сапта жүріп ән салды

Пятница, 21 Фев 2020

Жалпы білім беретін №27 орта мектепте Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай өткен қалалық сапта жүріп ән айту сайысы патриоттық шаралардың жалғасы болды.

Білім бөлімінің басшысы Б.Ақышбеков жас ұрпақты өз елінің патриоты болуға шақырды. Қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы, майор Е.Өткелбаев оқушыларға әскери куәлік табыстап, игі шараларға әрдайым атсалысып жүруге шақырса, Ауған соғысының ардагері Б.Арыстанбаев команда мүшелеріне сәттілік тіледі. Ашылу салтанатында аталмыш білім ордасының «Жас қыран» әскери-патриоттық клубының мүшелерінен құралған үгіт-насихат тобы өнер көрсетті.

Мағлұматтар алып, өресі кеңіген оқушылар тарихи оқиғаларға қаныға түсті. Жас буынды ұлтжандылыққа, адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеген шараға жалпы саны 12 мектептен құралған «Алау» бөлімшелері қатысып, «Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша алған білімін ортаға салды. Қазылар алқасының шешімімен №4 Абай атындағы мектеп-лицейі бірінші, №27 және №1 мектеп-гимназиясы екінші орындарды еншілесе, С.Сейфуллин атындағы гимназия мен №7 мектеп командасы үшінші орынға лайық деп танылды. Осылайша оқушылар өздерінің әскери-іскерлік дағдысын көрсетіп, елін сүйетін және қорғай алатын патриот екенін танытты.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА. Суреттер автордікі.

Білім мен ілімнің нәрін сепкен

Пятница, 21 Фев 2020

Балалар мен жасөспірімдер кітапханасында ұйымдастырылған кітап көрмесі Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орайластырылды.

Тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған, батыс пен шығысты білімімен бас идірген Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында 870 жылы дүниеге келген. Ежелгі Ұлы Жібек жолында, Арыс өзенінің Сырдарияға барып құятын жерінде бой көтерген Отырар қаласы бағзы замандарда Фараб атауымен әйгілі болған. Көрмеде ғұламаның өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріліп, халқымызға білімнің, ілімнің нәрін сепкен ойшылдың өмірі үлгі етілді. Ұлы ғалымның «Философиялық трактаттар», «Қайырымды қала. Музыка туралы кітап» еңбектері мен «Фараби ғибратты ғалым», «Әл-Фараби және музыка» атты кітаптары қойылып, насихатталды.

Ф.ДУЗБАЕВА,
балалар мен жасөспірім-дер кітапханасының библиографы.

«АФГАНИСТАН В МОЕЙ ДУШЕ»

Пятница, 21 Фев 2020

Под таким названием в библиотеке семейного чтения прошел патриотический час, приуроченный к дате 31-ой годовщины вывода советских войск из Афганистана.

Мероприятие было организовано с целью воспитания у читателей-школьников гражданственности и патриотизма, чувства долга, ответственности, отваги на личных примерах воинов-интернационалистов, развития интереса к истории прошлого страны, расширения кругозора. Библиотечные работники провели экскурс в далекие 80-ые годы прошлого столетия, в ходе которого присутствовавшие ребята – учащиеся ОШ №16 – услышали и увидели в слайдах многое из того, что описано в разных источниках об Афганской войне.

Эта война ушла в историю и за неполных десять лет унесла многие тысячи жизней воинов-интернационалистов. Эта война своим черным крылом коснулась многих семей, принеся с собой цинковые гробы, безногих, безруких, слепых, тяжело больных молодых солдат и офицеров.

Из рассказов библиотекарей участники патриотического часа узнали, что для всех нас действия, которые проходили на территории Афганистана, укладываются в одно ёмкое и страшное слово – война. Война, которая никогда не должна повториться, уроки которой должны быть усвоены на всю оставшуюся жизнь.

И взрослыми, и детьми были прочитаны стихотворения, прослушаны записи песен, посвященные Афгану. Главная мысль, которая прошла красной нитью через все выступления, – мы не должны забывать Афганской трагедии и просто обязаны помнить о тех, кто честно исполнял свой долг, рисковал жизнью ради мира на земле.

Айгуль ТУТЕЕВА.
Фото автора.

Алғыс айту күні. Ол қандай мереке?

Пятница, 21 Фев 2020

Енді бір аптадан кейін, яғни 1 наурызда, еліміз Алғыс айту күнін атап өтеді. Ал, бұл қандай мереке, нені мақсат тұтады, кім кімге алғыс айтуы керек деген сауалдар төңірегінде әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Сондықтан, біз оқырмандарға аталмыш мерекенің мәні мен маңызын ашып көрсетуді жөн көрдік. (далее…)

Педагогика любви и творчества

Пятница, 21 Фев 2020

Недавно в КГУ «Общеобразовательная школа №5» прошла декада «Самопознание: педагогика любви и творчества».

Декада была направлена на духовно-нравственное образование детей и подростков через формирование ценностных ориентаций, развитие творческого потенциала, поощрение стремления к самовыражению в творческой деятельности, проявлению личностных качеств, стремления к самосовершенствованию и самопознанию.

В рамках декады преподавателями самопознания А.Садуакасовой и А.Вальтер были проведены различные мероприятия, в том числе уроки на тему «Толерантность», «Наука совести», «Мой класс и коллектив», оформлен стенд «Самопознание: педагогика Любви и Творчества», на котором педагоги разместили материалы о деятельности основателя благотворительного фонда «Бөбек» С.Назарбаевой, проведена торжественная линейка.

В рамках декады прошла акция «Напиши добрые слова и пожелания своим одноклассникам» для учащихся 7-9 классов, им было предложено написать свои пожелания на ладошках. (далее…)

Медиация в школе

Пятница, 21 Фев 2020

Сегодня в обществе вопросам медиации, то есть примирению сторон, уделяется очень большое внимание. Как оказалось, практика медиации возможна и в сфере образования.

На базе КГУ «ОШ№25» по плану отдела образования на днях состоялся круглый стол на тему «Практика применения медиации в образовании: опыт для школ города». В мероприятии приняли участие руководители школьных служб медиации, заместители директора по воспитательной работе, педагоги-медиаторы и педагоги-психологи. (далее…)