Архив за 23 Фев 2020

БЕРЕКЕЛІ БІР БЕЛЕС

Воскресенье, 23 Фев 2020

Шаһар басшысы Асқар Ыдырысов қала жұртшылығымен жүздесіп, есеп бергені бұдан бұрын хабарланған. Кездесу емен-жарқын жағдайда өтті. Сөйлегендер бір жылда атқарылған ауқымды іске оң баға берді. Мәселен, «Қазақмыс» компаниясы ардагерлер кеңесінің қаладағы филиалын басқаратын Ә.Молақов «Осымен Асқар Абылайұлының төртінші есеп беруіне қатысып отырмын. Төрт жылда талай игі істің атқарылғанына куәміз» деп, атап өтті.

Тұрғындар өзін толғандырған мәселені ірікпей ортаға салды, сауал қойды. Жасыратын несі бар, мұндай алқалы жиынға алып шықпай-ақ, басқарма немесе бөлім басшысы шешетін жекебасқа қатысты бұйымтайды бұлдап тұрып алғандар да болды. Әрненің басын бір шалып, уақыт оздырғандар да кездесті. Ең бастысы, қойылған барлық сауалға жан-жақты жауап алынды.

Өндірісте – өсім, бизнесте – бекемдік

Кейінгі кезде өнеркәсіп өндірісінің көлемі тұрақты түрде өсуде. «Қазақмыс» компаниясы Жыланды кенішін ашып, кен өндіруді ұлғайту мақсатында биыл «Шығыс» және «Батыс Сары-Оба» шахтасына 15 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақшы. Жалпы, жаңа кеніш ашылуы, сондай-ақ, геологиялық-барлау жұмысының жүйелі жүргізілуі арқасында 40 жылдан астам уақытқа жететін кен қоры қалыптасты.

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі заңнамаға жасалған жаңа түзетуге сәйкес бұдан былай «Қазақмыс» компаниясы моноқалада тіркелген кәсіпорын тауарын, жұмысы мен қызметін тұтына алады. Бұл қаладағы бизнес саласы кәсіпорындарына мол мүмкіндік тудырады, жалпы кеншілер мекенінің тау-кен өнеркәсібі үшін сервистік қызмет көрсету орталығына айналуына жол ашады.
Бұдан бір жыл бұрын жеке іспен айналысуға ынталы адамдарды жаппай оқыту мақсатында жексенбілік бизнес-мектеп ашылғаны белгілі. Онда екі айда 310 адам оқып, соның 20 шақтысы тартымды бизнес-жоспар ұсынды. Арасынан 6 жас қала әкімінің грантын алу байқауына қатысып, әрқайсысы 1 миллион теңгеден иеленді. Алдағы уақытта жексенбілік бизнес-мектебі жұмысын одан әрі жалғастырады. (далее…)