Архив за Февраль 2020

Басым бағыттар сөз болды

Пятница, 28 Фев 2020

Газетімізде бұдан бұрын да хабарланғанындай, өткен аптаның сәрсенбісінде облыс әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің халық алдындағы алғашқы есебін берді. Қарағанды қаласындағы С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театры ғимаратында өткен кездесуге ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы Сәлімгерей Бекбергенов қатысты.

Алқалы жиын, заманауи тұрғыда, яғни, онлайн жүйесі арқылы өтіп, есепті облыстың барлық өңірлері тыңдап, тұрғындарға өздерін толғандырған сауалдарын қойып, нақтылы жауап алуларына да мүмкіндік берілді.

– Бүгінгі менің есебім барлық деңгейдегі әкімдердің бір ай бойы өткен қорытынды кездесулерінің сериясын аяқтайды. Мен біздің облыстың өткен жылғы даму қорытындылары және 2020 жылға арналған жоспарлар туралы айтып өтейін. Сіздердің сұрақтарыңызға көп уақыт бөлу үшін мен баяндамамды қысқаша айтып өтпекпім, – деген өңір басшысы бірінші кезекте халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталатын жұмыс стратегиясын анықтады. «Басты басымдық – қолжетімді, сапалы үйлер мен жолдар салу, тұрғындарды тұрақты жұмыспен және еңбекақымен қамтамасыз ету, өңірдегі экологиялық мәселелерді шешу. Мысалы, облыста жолдар мен үйлердің құрылысы бойынша арнайы жол картасы әзірленді. Сондықтан да осы салалардағы жұмыс қарқынын еселеп арттыру жоспарда бар», деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек халықпен есептік кездесуінде.

Облыс әкімі өз сөзінде Ұлытау-Жезқазған өңіріне қатысты да бірқатар мәселелерді жіпке тізіп шықты. Соның ішінде елдің көкейіндегіні дөп басқан мәселе көптен бері шешімін таппай келе жатқан Жезқазған-Қызылорда бағытындағы күре жолдың жайы болды.

– Жезқазған-Қызылорда бағытындағы жолды жөндеу биыл күзге салым басталатын болады. Қазір жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Бұл жұмыс жылдың екінші жартысына дейін аяқталып, мемлекеттік сараптаудан өтеді. Күзге дейін мердігерлерді анықтап, жұмысты бастаймыз, – деді өңір басшысы. (далее…)

Өткен сараланып, алдағы жоспар айқындалды

Пятница, 28 Фев 2020

«Нұр Отан» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Бауыржан Шыңғысов 1 наурыз – Партия күніне орай салтанатты қабылдау өткізді.

Жиынға саяси бюро кеңесінің мүшелері қатысып, есепке алу және статистика секторы, қоғамдық қабылдау, ұйымдастыру жұмыстары бойынша өткен жылы атқарылған ауқымды шаралар турасында есеп берді. Олардың қатарында есепке алу секторының меңгерушісі Күнсұлу Аманова, ұйымдастыру жұмысы бойынша сектор меңгеруші Сәкен Смағұлов, қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Жанар Майханова бар. Сонымен қатар, Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш қаласы бойынша филиал өкілдері атқарған жұмыстары жөнінде баяндап, бастауыш партия ұйымдарын біріктіру мәселелері қаралды.

Шара соңында өндірісте еңбек етіп жүрген бір топ жас маман партия қатарына қабылданды. Сондай-ақ, Оңтүстік Жезқазған кеніші №45 шахтаның жерасты учаскесінің бастығы Дулат Бесбалаевқа «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі табыс етіліп, 1999 жылы партия қатарына қабылданған еңбеккерлер филиалдың Құрмет грамотасымен марапатталды.

Мейрамгүл АЛПЫСБАЙ.
Суреттер автордікі.

Партиялық жоба жұмысын бастады

Пятница, 28 Фев 2020

Өткен аптада Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Шыңғысов өндірісшілерді жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Жезқазған сумен, жылумен жабдықтау кәсіпорнының бастауыш партия ұйымындағы қоғамдық қабылдау бөліміне атбасын тіреген Бауыржан Қабденұлы «Халыққа көмек» жобасы аясында шұғыл мәселелерді шешуге тырысты.

– «Халыққа көмек» партиялық жобасының мақсаты – азаматтардың өзекті мәселелерін жедел шешу. Жоба Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынып отыр. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVІІІ съезінде халықтың басындағы және қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты жедел әрекет ету керектігін айтып, «Халыққа көмек» жобасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Қазіргі таңда «Нұр Отан» партиясы – халықтың мүддесін қорғайтын және Елбасы тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізетін басты институт. «Халыққа көмек» жобасын жемісті жүзеге асыру үшін барлық бастауыш партия ұйымдарындағы қоғамдық қабылдау бөлмелерінің әлеуетін толық пайдаланамыз. Өйткені, біздің басты міндетіміз – халықтың мәселесін тиімді шешу, – деп атап өтті Б.Шыңғысов.

Қабылдауға жалпы 8 адам жазылып, өздерін толғандырған сауалдарға нақты жауаптар алды. Келіп түскен өтініштердің көбісі қоғамдық маңызы бар мәселелер. Олардың басым бөлігі баспана мәселесіне қатысты болса, қалғаны әлеуметтік көмек көрсету мен өзге де мәселелер төңірегіндегі сауалдар. Қабылдауға келген барлық азаматтардың сұрақтары бойынша халық қалаулысы әрбір азаматтың өтініш негізге ала отырып, өзі бақылауға алатынын жеткізді.

Мейрамгүл САЯЖАН.
Сурет автордікі.

Кен орнында – жаңа асхана

Пятница, 28 Фев 2020

«Қазақмыс» корпорациясында еңбеккерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлкен көңіл бөлініп келеді. Жақында Жыланды кен орнында 120 орындық асхана ашылды.

Кеніштердегі асханалардың жұмысын реттеу, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, талапқа сай болуын қадағалау корпорация басшылығының ұйғарымымен «Uly Dala» тамақ комбинатына жүктелген болатын. Кеңейтіліп, қайта пайдалануға берілген жаңа асхана 120 адамға бір мезетте қызмет көрсетеді.

– Кеніштердегі асханаларды қайта жаңарту ісі нәтижелі жүзеге асуда. Жиһаздары да жаңартылды. Енді тамақ құнарлылығын арттыруға да баса мән бермекпіз. Себебі, біз үшін ең бастысы – жұмысшыларымыздың өмірі мен денсаулығы! – деді «ULY DALA» ЖШС Бас директорының орынбасары Тұрсынай Ибадатова.

Ашылу салтанатында жаңа асхананың лентасы қиылып, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС персонал жөніндегі директор Мұрат Шегірбаев, «Жыланды» кен орнының директоры Нұрболат Байсадықов, «КәсіпҚорған» салалық кәсіподағы Жезқазған филиалы төрағасының орынбасары Ұлан Әлтаев ізгі лебізін білдіріп, жұмысшылардың тұрмыстық-әлеуметтік жағдайын оңалтуға бағытталған игі шаруаның басы-қасында жүрген С.Шәуеноваға алғыс білдірді.

Мейрамгүл САЯЖАН.
Сурет автордікі.

Отбасылық құндылықтың маңызы

Пятница, 28 Фев 2020

№1 мектеп-гимназияда Отбасы институтын қолдау мақсатында Достық үйі жанынан құрылған «BAQYT UIASY» жобасының жетекші мамандары оқушылармен кездесті.

«Ата-анамен қарым-қатынастың маңызы» тақырыбындағы тренинг барысында ата-анаға деген сыйластық, қамқорлық сезімдерін байыта түсу, әкеге деген ықылас пен, анаға деген риясыз махаббаттың сөнбеуіне ықпал ету, отбасылық қарым-қатынастың нығаюына үлес қосу мәселелері қозғалды.

Ашық сұқбат кезінде оқушылар белсенділік танытып, ойларын бүкпесіз айта білді. Ата-анамен бүгінгі күні туындап жатқан проблемалардың сырын түсініп, жақын жандарды кешірудің маңызын білді. Балалар өз түсінігіндегі ана бейнесін, әке бейнесін және қыз бала бейнесін суреттеп, отбасылық тәрбиенің маңызы туралы ойларын ортаға салды.

Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. Ата-аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, тәрбие жұмысында тек қана өз ойлары мен көзқарасына ғана жүгінуі, қажетті педагогикалық білімнің жетіспеушілігі салдарынан қиындықтар туындап жатады. Сондықтан, ата-аналардың бала тәрбиесіне белсене араласуы көптеген сұрақтардың ауыртпалықсыз шешілуіне жол ашады.

Осындай маңызды мәселені қозғап, жас ұрпақ жүрегіне отбасылық құндылықтарды ұялату мақсатында ұйымдастырылған шараның маңызы зор болды.

Айнаш БЕГІМ.

Мобильді қосымша іске қосылды

Пятница, 28 Фев 2020

Медициналық сақтандыру қорында мобильді қосымша іске қосылды. Qoldau 24/7 қосымшасы арқылы қазақстандықтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде құқық бұзушылықтар жөнінде хабарлай алады, делінген Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпаратттық порталында. (далее…)

«Abai 175» белгісімен 500 автокөлік құрастырылады

Пятница, 28 Фев 2020

Өскемен қаласында ұлы ақынның мерей-тойына орай «Abai175» белгісімен автокөліктер шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азия Авто» АҚ осындай сериямен «LADA Granta» маркалы 500 көлік шығармақ. Мұндай көліктер ақпан айының соңына қарай сатылымға қойылады деп жоспарлануда. «Абайдың 175 жылдығы аясында көлік сериясын шығарып отырмыз. Сондай-ақ, әр көлікке сыйлық ретінде «Абайдың қара сөздері» жинағы беріледі», – дейді акционерлік қоғамның бас директоры Ерік Сағымбаев.

ГОТОВЫ К ВНЕДРЕНИЮ ОСМС

Пятница, 28 Фев 2020

Об этом на очередном расширенном аппаратном совещании во вторник доложила руководитель Жезказганского зонального представительства управления здравоохранения Карагандинской области Ляззат Ранова.

Аппаратное совещание с участием руководителей государственных учреждений, предприятий и служб города, отделов аппарата акима прошло под председательством акима города Аскара Идрисова.
С информацией о ходе реализации инвестиционных проектов и планах на 2020 год с трибуны выступил руководитель отдела предпринимательства и сельского хозяйства Марат Бапов. В продолжение данной темы присутствующие прослушали доклад директора филиала региональной палаты предпринимателей «Атамекен» Галымжана Сутбаева.

Далее о планах на наступивший год, объявленный Президентом страны Годом волонтера, рассказал директор центра общественного развития и молодежи Амангелді Құрақбай.

Затем руководитель ЖЗП УЗКО Л.Ранова рассказала о ходе реализации пилотного проекта по внедрению обязательного социального медицинского страхования, отметив, что с 1 апреля этого года будет дан старт ОСМС. Из публикаций в СМИ всем нам известно, что страховая медицина внедрена во многих развитых странах мира с целью уменьшить финансовые риски населения, связанные с непредвиденными расходами на лечение тяжелых заболеваний, а также снизить карманные расходы граждан на платную медицину. (далее…)

НА ОЧЕРЕДНОЙ СЕССИИ МАСЛИХАТА

Пятница, 28 Фев 2020

В минувшую пятницу в большом зале заседаний акимата под председательством депутата Иманбая Бралина прошла очередная 60-ая сессия городского маслихата.

На повестке дня было рассмотрено 9 вопросов. По второму вопросу о ходе реализации «Программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017-2021 годы» с трибуны депутатам доложил руководитель городского Центра занятости Қазыбек Ашықбаев. В качестве содокладчика по данному вопросу выступил руководитель отдела предпринимательства и сельского хозяйства Марат Бапов. От депутатского корпуса слово было предоставлено председателю постоянной комиссии по вопросам экономической реформы, бюджета, коммунального хозяйства и поддержки предпринимательства Владимиру Цой. (далее…)

В ПРИОРИТЕТЕ – ЗАБОТА О ЗДОРОВЬЕ ПАЦИЕНТОВ

Пятница, 28 Фев 2020

Во вторник с целью ознакомления с состоянием учреждений здравоохранения города, качеством оказываемых в них медицинских услуг, аким города Аскар Идрисов вместе с руководителем Жезказганского зонального представительства управления здравоохранения Карагандинской области Ляззат Рановой посетили ряд медицинских учреждений города.

В городской поликлинике посещение началось с рекреации, где с прошлого года, после переезда из старого здания, располагается подстанция скорой помощи. К сожалению, приходится признать тот факт, что в чат «Социальная сфера» в Telegram периодически поступают обращения от горожан, высказывающих некоторые недовольства в адрес службы скорой помощи. Видно, как отметил глава города, что многое делается для создания необходимых условий, но есть и некоторые упущения в организации работы, которые, отчасти, влияют на подобные отзывы со стороны жителей.
В самой поликлинике сразу бросаются в глаза большие очереди у врачебных кабинетов. На это зачастую поступают жалобы и от населения в соцсетях.

По ходу посещения, увидев акима города, пациенты, сидящие в очередях и ожидающие приема врачей, смогли воспользоваться удобным моментом и озвучить свои вопросы и претензии. Та же тема – длинные очереди, в которых приходится высиживать часами и другие, не менее важные, моменты в работе городской поликлиники, в частности, нехватка врачебных кадров. Присутствующие Л.Н.Ранова и и.о. директора поликлиники Бибигуль Усембаева здесь же ответили на все вопросы пациентов, заверив их в том, что все обращения будут взяты на контроль и отработаны. Особое внимание во время посещения было уделено молодым врачам и прибывшим в город специалистам-медикам. Аскар Абылаевич у приступивших недавно к своим обязанностям врача-окулиста Салимы Алимбаевой и врачей общей практики – ВОП Айгерим Искаковой и Анар Шогеловой поинтересовался, нравится ли им их нынешняя работа, коллектив, в котором на данный момент они трудятся. На что был получен положительный ответ. (далее…)