Архив за 06 Мар 2020

Құрметті Сәтбаев қаласының тұрғындары! Қымбатты қыз-келіншектер қауымы!

Пятница, 06 Мар 2020

Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке – келе жатқан көктемге әр беретін, адамзаттың жанына шуақ шашатын күн. Әйел әрқашан әлемге мейірімділік пен сұлулық әкеледі.

Бүгінгі таңда біздің қаладағы әйелдер қауымы өздерінің дарыны мен талантын паш етіп, мәдениеттен бастап өндіріс, білім мен спортқа дейін әртүрлі салада зор жетістіктерге жетіп, табысты еңбек етіп келеді.

Аяулы арулар! Қымбатты әйелдер қауымы!

Сіздер аса күрделі өндірістік және әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді араласып, әлемге нұр таратасыздар.

Әйелдердің нәзік иығында үй ішінің және туыс-туғанның жүгі тұрады:

үйде жайлылық жасайсыз, балаларды тәрбиелейсіз, сүйіспеншілікпен, адалдықпен, қиын уақытта отбасыңызға қолдау көрсетесіз, лайықты істерге бастау боласыз, қолдау көрсетесіз, әрқашан өзіңізге сенімді боласыз.

Әлемге мейірімділік пен жылулық сыйлағандарыңыз үшін зор алғыс білдіреміз! Сіздердің өмірлеріңіз күлкіге, қуанышқа және шынайы махаббатқа толы болсын. Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, табыс, бейбітшілік, бақыт, береке тілейміз!

А.Ыдырысов, Сәтбаев қаласының әкімі.
Т.Хмилярчук, қалалық мәслихат хатшысы.

Уважаемые жительницы города Сатпаев! Дорогие женщины!

Пятница, 06 Мар 2020

Примите самые теплые, сердечные поздравления с Международным женским днем!

Это особый яркий праздник, жизнеутверждающий символ наступающей весны, знак признательности прекрасной половине человечества. Женщина всегда приносит в жизнь доброту, красоту и милосердие.

Сегодня в нашем городе женщины плодотворно трудятся на благо его развития, проявляют свои таланты, добиваются успеха в самых разных сферах – от культуры до производства, образования и спорта.

Милые женщины!

Вы берете на себя ответственность за решение сложных производственных и общественных задач, делаете этот мир ярче. На хрупких женских плечах лежит забота о близких: Вы создаете домашний уют, занимаетесь воспитанием детей, искренней любовью и преданностью поддерживаете родных людей в трудный час, вдохновляете на достойные поступки,поддерживаете во всех начинаниях, помогая поверить в свои силы.

Спасибо Вам за трудолюбие и мудрость, за великую способность делать мир добрее и благороднее! Примите сердечную признательность за внимание и нежность. Пусть ваша жизнь наполнится улыбками, радостью, любовью надежных и чутких сердец. Крепкого здоровья, успехов, мира, счастья, благополучия Вам и Вашим близким!

А.Идрисов, аким города Сатпаев.
Т.Хмилярчук, секретарь городского маслихата.

ӨНЕГЕ БАСТАУЫ

Пятница, 06 Мар 2020

1984 жылы құрылған «Самоцветы» ардагерлер хоры ұжымының әр жылдары құрамы өзгергенмен, репертуарындағы әндер сол қалпында. Павел Малов жетекшілік ететін «Самоцветы» халықтық ансамблі патриоттық, лирикалық әндерді нақышына келтіріп орындайды. Жақында өнер ұжымы «Ұрпақтар байланысы» тақырыбында қаламыздағы барлық білім беру ордаларында концерт-лекция үйымдастырды.

Ақпан айының 21-нен бастау алған концерттік бағдарлама наурыз айының 4-ші жұлдызына дейін жалғасты. Аталмыш патриоттық шара биылғы атаулы тарихи оқиғалар мен күндерге арналып отыр. Халықтық хор мүшелері осы гастрольдік сапарында ретро әндерді шырқап қана қоймай, шығу тарихына да үңіліп, кеңінен насихаттады. Басты мақсат – жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу, танымын кеңейту. Келешек ұрпақ тарихымызды білуі және бейбіт өмірдің қадірін түсінуі қажет дейді өнерлі ардагерлер.

Алдағы уақытта дәл осындай концерт-лекция Жезқазған қаласында да жалғасын таппақ.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет автордікі.

Отличный результат

Пятница, 06 Мар 2020

Сатпаевские легкоатлеты не единожды показывали высокие результаты на различных соревнованиях. Вот и на февральском Чемпионате Республики Казахстан, который прошел в легкоатлетическом манеже имени Ольги Рыпаковой г. Усть-Каменогорск, честь нашего города и сборной команды Карагандинской области защищали воспитанники СДЮШОР.

11-13 февраля в чемпионате среди юношей и девушек 2005-2006 г.р. Артем Малиновский в эстафете 4х200 м стал серебряным призером. Серебро сатпаевцам принес и Абылбек Санжар в эстафете 4х400 м. Еще одно серебро в копилку добавила Александра Тузова, прибежав к финишу второй на дистанции 3000 м. В эстафете 4х400 м бронзовыми призерами соревнований стали Рафаэль Таиров и Артем Малиновский. Результаты наших ребят вселяют надежду, что в будущем они станут сильнейшими спортсменами.

18-20 февраля прошел Чемпионат РК среди легкоатлетов 2003-2004 г.р. (U-18). Также в эти дни состоялся и Кубок Республики Казахстан среди взрослых спортсменов. (далее…)

Алаңдауға негіз жоқ

Пятница, 06 Мар 2020

Қарағанды облысында коронавирусқа қатысты бір де бір жағдай тіркелмеген. Аталмыш инфекцияның алдын алу шаралары туралы Денсаулық сақтау басқармасында өткен брифингте мәлім болды. (далее…)

Керегесі кеңейе түсті

Пятница, 06 Мар 2020

Өндірісі өркендеген өңірде өнім көлемін арттырып, тұтынушы сұранысын қанағаттандыру қажет етіледі. Мемлекет тарапынан халықтың әл-ауқатын арттыру үшін шағын және орта бизнеспен айналысушылар үшін тиімді бағдарламалар ұсынылып, сауда орындары халық игілігіне берілуде. Таяуда қаламыздың орталығында орын тепкен «Ulytau Mall» сауда орны кеңейтіліп, нысанның екінші бөлігі салтанатты жағдайда ашылды. (далее…)

Мүмкіндігі шектеулілер шет қалмайды

Пятница, 06 Мар 2020

Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы Сәтбаев қалалық филиалында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған тематикалық күн өткізілді. Қоғамдық қабылдау ретінде өрбіген жиында бірқатар азаматтың мәселесіне құлақ түріліп, оңтайлы шешу жолдары қарастырылды.

Қабылдауды «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Ержан Тоқымбаев жүргізді. Қабылдауға 4 азамат жазылды. Ақерке Нұркеева есімді көпбалалы ана өзінің 18 жастағы ұлына мүгедектік құжатын рәсімдей алмай жатқандығын айтып көмек сұрады.

Сөзінше, балаларына тиесілі құжаттарды абайсызда жоғалтып алған. Енді жеке төлқұжатсыз мүгедектікті айғақтайтын құжат рәсімдеудің қиындығын айтып қолғабыс етуді сұрады. Жалғызбасты ана жергілікті сауда орындарының бірінде еңбек етіп келе жатқанын алға тартып, пәтерді жалға алып тұрып жатқанын да сөз етті. Жауапты мамандар бұл жағдайға қатысты Жезқазған қаласындағы психо-неврологиялық диспансерге барып, мән-жайды анықтап алуға кеңес берді. Сондай-ақ, қала әкімі орынбасарының қабылдауына жазылу қажеттігін ескертті. (далее…)

Ардагерге – алғыс

Пятница, 06 Мар 2020

1 Наурыз – Алғыс айту күніне орай қалалық әкімшілік өкілдері шаһар дамуына сүбелі үлес қосып, ел әлеуетін еселеу жолында ерен еңбек сіңірген азаматтарды құттықтады. Қалалық мәслихат хатшысы Татьяна Хмилярчук ҚР еңбек сіңірген дәрігері, Сәтбаев қаласының құрметті азаматы, бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан Ираида Нагаевада қонақта болып, атаулы мерекемен құттықтады.

Ираида Галимжановна дәрігерлік қызметті абыроймен атқарып, құрметті еңбек демалысына шыққанға дейін еселі еңбек етті. Ұзақ жылдар бойы Жезқазған кентіндегі туберкулезге қарсы балалар санаторийінің бас дәрігері болды. 1961 жылы Қарағанды қаласындағы медициналық институтты бітірген соң, сондағы Ленин аудандық туберкулез диспансерінде учаскелік фтизиатр болып еңбек жолын бастады. 1964-1968 жылдар аралығында Жезқазған қалалық туберкулезге қарсы диспансердің бөлім меңгерушісі болып еңбек етті. Татьяна Ивановна еңбек ардагерлерінің өмір жолы өскелең ұрпаққа өнеге екенін, айтулы күнде алғыс білдіру, ізгі ниет пен тілек арнау ортақ борыш екендігін жеткізді.

– Елбасымыз 1 наурызды Алғыс айту күні деп белгілеген болатын. Бұл күн бұқаралық сипат алып, шын ниеттес, тілектес ағайынның өзгеге алғыс жаудырудың күні болып келеді. Сол себепті биыл да дәстүрден жаңылмай, қаланың құрметті азаматтарын осы мерекемен құттықтауды жөн көрдік. Сол құрметтілердің қатарында сіз де барсыз, Ираида Галижановна, – деп ағынан жарылған Татьяна Хмилярчук қала әкімшілігі атынан еңбек ардагеріне азық-түлікке толы себетті сыйға тартты. – Біз сізді еңбектің қазанында қайнап, халықты салауаттылыққа бейімдеп, саулыққа үндеген азамат ретінде білеміз. Көп жылғы еңбектің еншісінде қаншама құрмет бар. Түрлі медальдар тағынып, абыройға бөлендіңіз. Сіңірген еңбегіңіз ескеріліп, 1999 жылы қаланың құрметті азаматы атандыңыз. Әлбетте, сіздің ұшан-теңіз тәжірибеңіз, сын-кеңестеріңіз бізге, жалпы қоғамға қажет. Мереке қарсаңында мықты денсаулық тілей отыра, сізге мың да бір алғыс айтқымыз келеді, – деді.

Тосыннан құттықтау естіген Ираида апай үлкен ризашылығын білдіріп, қонақжайлылығын көрсетті. Астан дәм татырып, емен жарқын әңгіме өрбітті. Ардагер адал еңбек етіп, кісілік қасиеттерді бойына дарытқан адам ғана шынайы бақытқа кенелетінін айтты.

Нұрлат ҚОНЫСБАЙ.
Сурет автордікі.

Рухани дәстүрлер күні

Пятница, 06 Мар 2020

Алғыс айту күні – Қазақстан халқын біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл күн – қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні.

Осы айтулы күнді Сәтбаев қаласының тұрғындары да өз деңгейінде атап өтті. Кеншілер алаңындағы жазғы эстрадада концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, сауда-саттық қызды.

Түрлі ұлыс өкілдерін жинаған мереке тарихи себептермен қазақ топырағына табан тіреген этнос өкілдерін бауырына басқан қазақ халқының кеңпейілділігі суреттелген театрланған көріністен бастау алды. Әр ұлттың өкілдері бар өнерін ортаға салып, қазақ халқына алғысын жеткізіп жатты. Бұдан бөлек өңірдегі этномәдени бірлестіктерінің атынан Балтық елдері бастамашыл тобының төрағасы Юрате Малая ізгі тілегін жеткізді.

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлігімізді нығайтуға, ұлттық мәдениетіміз бен тарихи-мәдени құндылықтарымызды насихаттауға арналған шара жас ұрпақтың бойында төл тарихымызға деген құрметті арттыра түскендей болды.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет автордікі.

Есеп берді

Пятница, 06 Мар 2020

Сот жүйесі – азаматтардың, жеке және заңды тұлғалардың құқығы мен бостандығын қорғау үшін мемлекетімізде сот әділдігі билігінің маңыздылығын нығайта беру мақсатында ашықтық қағидасымен халық игілігіне қызмет етеді. Осы талап үдесінен шығып отырған Сәтбаев қалалық сотының алдында бір ғана міндет тұр – кәсібилігімен әдеп нормаларын, мәдениетті сақтай отырып, азаматтардың құқығы мен заңды мүддесін қорғауда сот жүйесі туралы орнықты пікір қалыптастыру.

Осы ретте қалалық сотта өткен баспасөз конференциясын сот төрағасының міндетін атқарушы Серік Исабаев жүргізді. Серік Тұрсынұлы күн тәртібіндегі сот жұмысы бойынша баяндама жасап, нақты деректер мен дәйектер келтірді. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, азаматтық істер бойынша 2019 жылдың 12 айында 2719 талап арыз келіп түскен. 12 айдың ішінде 1994 азаматтық іс қозғалып, 2671 азаматтық іс аяқталған. Шешім шығарумен қаралған істер саны – 1572, сырттай шешім шығарумен – 13, шығарылған сот бұйрығы – 622, өндірістен қысқартылғаны – 35, қараусыз қалдырылғаны – 423, соттылығы бойынша жолданылған азаматтық істер саны – 18. Сот өндірісінде 23 азаматтық іс тоқтатылды. Есеп беру мерзімінің аяғында аяқталмаған істер саны 216-ы құрайды. Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен 8 азаматтық іс бойынша сот шешімі өзгертіліп, 8 азаматтық істің шешімі бұзылды. 5 азаматтық іс медиацияны қолданумен қаралды. Ал, әкімшілік істер бойынша 1067 іс келіп түскен. Оның 1059-ы қаралып, 947-ы бойынша әкімшілік жаза тағайындау туралы каулы шықты. Әкімшілік жаза түрі ретінде айыппұл тағайындалған 512 тұлғаға қатысты 512 іс қаралды. Ескерту жазасы бойынша – 28, көлік құралын басқарудан – 199, ал, әкімшілік қамау жазасы – 158, шетелдіктерді шекарадан тыс шығару жазасы бойынша 50 тұлғаға қатысты іс қозғалды. Бұдан бөлек сот төрағасы қылмыстық істер бойынша ақпаратқа да тоқталып өтті. 2019 жылы 181 тұлғаға қатысты 165 қылмыстық іс түскен. Ал, 170 тұлғаға қатысты 151 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылса, 24 тұлғаға қатысты 23 қылмыстық іс өндірістен қысқартылған. Іздеу салуға байланысты 5 іс прокурорға қайтарылып, 4 іс қайта тергеуге жіберілді. Сонымен бірге, 26 тұлғаға қатысты 23 қылмыстық іс бойынша сот үкімдеріне апелляциялық шағым түскен. 14 тұлғаға қатысты үкім өзгеріссіз қалып, 6 тұлғаға қатысты сот үкімі өзгертіліп, 6 тұлғаға қатысты сот үкімінің күші жойылды.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет автордікі.