Архив за 06 Мар 2020

Ынтымақ пен бірлік дәріптелді

Пятница, 06 Мар 2020

Алғыс айту күніне орай Достық үйінде қаламыздағы этно-мәдени бірлестік өкілдері мен ардагерлер бас қосты.

Шараның шымылдығын ашқан «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС жанындағы ардагерлер кеңесі Сәтбаев филиалының басшысы Абулаис Мулаков құттықтап, ізгі лебізін жеткізді.

– Бұл мереке қиын-қыстау жылдары қазақ халқының көрсеткен қамқорлығы мен мейірімділігінің ұмытылмайтынын білдіреді. Алғыс айту күні – ортақ тарихымызға көрсетілген құрметтің, бүкіл қазақстандықтардың өз шаңырағына айналған киелі қазақ жеріне деген ризашылықтың белгісі. Ынтымақтастық пен өзара көмек сияқты берік құндылықтар біріктіруші күшке айналып, еліміздің болашағына деген нық сенім мен жауапкершілік сезімін қалыптастырады. Жастар тарихымызды біліп, есте сақтауы керек. Тарих тағылымы шынайы патриотизм мен бірліктің үлгісін көрсетеді. Әрқайсымыздың жүрегімізде ортақ жетістігімізге – өркендеп келе жатқан Қазақстанға деген мақтаныш пен ризашылық сезімі ұялай беруі керек, – деді ол. (далее…)

ДЛЯ ПОДДЕРЖКИ БИЗНЕСА

Пятница, 06 Мар 2020

В прошлую пятницу аким города Аскар Идрисов встретился с аналитиком Европейского банка реконструкции и развития Алтынгуль Ксуповой и руководителем центра энергоэффективности PROECO Дарьей Мирошниченко, прибывшими в наш город для проведения встречи с предпринимателями.

Представитель Европейского банка реконструкции и развития рассказала главе города, что ЕБРР оказывает поддержку в развитии малого и среднего бизнеса, женского предпринимательства, содействyет малому бизнесу в получении безвозмездных субсидий. «Предоставляем полный перечень консультационных услуг, а также предлагаем специальные условия, направленные на развитие бизнеса в регионах, в частности – в моногородах, таких, как Сатпаев, в числе которых возможность получить грант», – отметила она, презентуя для ознакомления Аскару Абылаевичу перечень программ банка, финансируемых Правительством Казахстана. (далее…)

ВЕТЕРАНУ – В ЗНАК БЛАГОДАРНОСТИ

Пятница, 06 Мар 2020

Накануне Дня благодарности аким города Аскар Идрисов посетил на дому ветерана Великой Отечественной войны Тоғая Дауылбаева.

Никакими словами не передать чувство благодарности к героям, мужество и патриотизм которых оставил след в истории страны. Именно они в своё время прошли долгими и мучительными дорогами войны, отстояли мир на земле и дали возможность нашему и будущим поколениям жить в мирное время.

Тоғай-аға – единственный на сегодняшний день в горняцком городе участник и ветеран ВОВ, достойно прошёл всю войну, получил несколько ранений на фронте. Стойко и мужественно перенес все трудности и лишения, которые выпали на его долю. Сейчас 98-летний аксакал живет вместе со своими детьми, внуками и правнуками.

Аскар Абылаевич со словами поздравлений пожелал ветерану здоровья, благополучия и преподнес от имени руководства города и акимата в знак благодарности небольшой памятный подарок. Ветеран был глубоко тронут и искренне поблагодарил главу города за визит и проявленные к нему заботу и внимание.

День благодарности – общенациональный праздник, являющийся очень важным для всех нас. Мы, казахстанцы, простые жители страны, в этот день, который по сути помогает укрепить согласие казахстанского народа и воспитать патриотизм у подрастающего поколения, должны выражать благодарность друг другу – за терпимость, взаимное уважение друг к другу разных этносов, населяющих наш многонациональный Казахстан.

Айгуль ТУТЕЕВА.
Фото автора.

ДОРОГОЙ ДОБРЫХ ДЕЛ

Пятница, 06 Мар 2020

Обильные осадки этой зимой доставили много хлопот, особенно пожилым людям. В этой связи, помощь пенсионерам по уборке снега во дворах со стороны волонтеров Центра общественного развития и молодежи оказалась очень кстати. Об этом поведала, обратившись в редакцию, Ирина Юрченко, одна из читательниц нашей газеты. Ирина Николаевна просила выразить на страницах «Шарайны» активистам-добровольцам благодарность за посильную и своевременную помощь.

Добрые дела в Год волонтера добровольцами от школьников и до взрослых начались в городе с оказания адресной помощи в уборке снега пожилым людям, проживающим в частном секторе.

«В прошлый вторник я собиралась в акимат на прием по личным вопросам, как в дверь постучали пятеро молодых людей с лопатами, которые представились волонтерами, – начала свой рассказ Ирина Николаевна, – и сразу же принялись за работу. Поработали всего-то полчаса, зато сделали большую работу – вычистили снег за забором моего дома при входе в калитку и уже во дворе прочистили тропинку к крыльцу. Хочу сказать «спасибо» ребятам. Хорошее дело доставлять радость пожилым людям, пенсионерам, как я, кому не по силам справиться со снежными завалами. Пожалуйста, если можно, напечатайте об этом в газете».

Год волонтера набирает обороты. Приятно, что добровольцы решили поддержать старшее поколение, помочь им в очистке двора и придомовой территории от снега. Но это, уверена, не просто помощь – этим в первую очередь мы воспитываем нашу молодежь в духе единства, сплоченности и сострадания.

Айгуль ТУТЕЕВА.
Фото автора.

ОБРАЩЕНИЯ – НА КОНТРОЛЕ

Пятница, 06 Мар 2020

Как уже говорилось ранее, с осени прошлого года в практику работы акимата вошли объезды с участием акима города Аскара Идрисова по особо проблемным вопросам, поступающим в чат Telegram или озвученным горожанами во время его приема по личным вопросам. В сегодняшних реалиях крайне важно знать и своевременно реагировать на все обращения и пожелания жителей. Во время очередного объезда, который состоялся в конце минувшей недели, были посещены 4 адреса.

Среди обратившихся в чат Telegram – Сейфулла Абдрахман, который обеспокоен состоянием, в котором находятся многочисленные кабели, предназначенные для различных целей, в том числе для работы интернета, в подъездах многоквартирных домов. «Почему никаких согласований нет в этом вопросе? Почему каждый проводит кабель так, как ему удобно и хочется? Так нельзя, когда над головой провода висят в беспорядке, нужно же делать это, следуя нормам и правилам? – возмущается мужчина, встретив рабочую группу в подъезде своего дома по улице Ердена 197. В его словах, как сказал глава города, надо признать, есть доля правды. Поэтому отделу ЖКХ акимата было дано указание разобраться и в течение месяца отработать с обслуживающими дом ЖКУ и КСК, а также с различными провайдерами связи и привести кабельное хозяйство в подъездах в порядок. (далее…)

Әйел – ана, әйел – жар, әйел – қайраткер

Пятница, 06 Мар 2020

Бүгiнгi таңда осы үш жүктi бiрдей арқалап жүрген қазақ әйелдері арамызда көптеп кездеседі. Ел Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында белгіленген міндеттерді, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясатының тұжырымдамасын негізге ала отырып, 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесi қарсаңында «Қазақ әйелдерінің қоғамдағы орнына гендерлік саясаттың әсері қандай?» деген тақырып аясында. Сәтбаев қалалық мәслихатының аппарат басшысы, Сәтбаев қаласы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы төрағасының орынбасары Қарлығаш Мамедқызы Махамбетованы сөзге тартқан едік.

– Өте терең тақырып. Кеңестiк кезеңде әйел теңсiздiгi көп айтылды. Қазақтың әу бастағы тарихында отбасы институты қалыптасқаны тағы бар. Ол бойынша әйел бала-шағасына қараған, өсiрген, тәрбиелеген. Ал, ата-бабамыз болса, ел мен жердi қорғап, сыртта жүрген. «Әйел – үйдiң қазығы, еркек – үйдiң азығы» дегендей, ер азамат отбасын қамтамасыз етiп отырған. Намысты, батыр ұлдарды да аналарымыз тәрбиеледi. Біз бүгін «Ана мен баланың әлеуметтiк жағдайы қандай? Оларды қорғау деңгейi қай дәрежеде жүзеге асуда?» деген мәселелерге көбiрек көңiл бөлуіміз керек. Ең алдымен отбасылық институтты сақтауымыз керек. Әйелдiң рөлi жоғары болуы үшiн қоғамның материалдық-экономикалық жағдайы да сондай деңгейде болғаны абзал. Сонда ғана әйел заты құрметтi орнында отырады. Қазiр бiз бес, он баланы дүниеге әкелетiн аналарға жағдай жасауымыз керек. Әуелi аналарға бар жағдайды үйiп-төгетiндей мүмкiндiкке жетуiмiз қажет. Егер де осыған мән берсек, қабылданып жатқан заңнан бастап, жасалып жатқан әрекеттiң бәрi неғұрлым жылдам жүзеге асады.

Қызбала кiшкентайынан ана ретiнде тәрбиеленуi тиiс. Демек, гендерлiк саясатты енгiзудi балабақшадан бастау қажет. Мiне, саясат сонда ғана ұлдың да, қыздың да санасына сiңiп өседi. Ниет болса, демография да, қазақтың саны да өседi. Осы гендерлiк саясатта батыстық жолды таңдап, аз бала тууды ғана үйренбей, ер-азаматты құрметтеуіміз қажет. Ер-азаматын құрметтемеген отбасында кiрiс те жоқ, баланың санының да, сапасының да артуы неғайбыл. Гендерлiк теңдiк – әйелдi қорламау, оған бар жағдайды жасап беру. Қазiр өзiмiздiң қоғамдық жұмыстарымызда осы жағына көңiл бөлемiз. (далее…)

СЫНАҚҚА СЫНБАҒАН СӘУЛЕ

Пятница, 06 Мар 2020

Кенді өңірдің топырағына кіндік қаны тамған ұл-қыздың көпшілігі өмірлік кәсібі мен нәсібін шахтаның шыңырауынан іздейтіні шындық. Сәуленің де шаштараз сіңілісі Ғайшадан басқа бауырының бәрі кеншілікке қатысты мамандық таңдады.

Оңтүстік Жезқазған кеніші қатарға қосылғаннан өзі бақилық болған 1988 жылға дейін еңбек және жалақы бөлімін басқарған әкесі Ермекбай Байбатыровты бұл аймақта бәрі біледі. Ал, анасы Шекер тоғыз баланың тәрбиесімен айналысып, алаңсыз үйде отырды.

Отбасының тұңғышы Ибадулла №45 шахтада телім басқарды. Оның өкшесін басқан өзі де жеті қат жер астындағы кен қатпарының қуаты мен әлеуетін анықтайтын мамандықтың тізгінін ұстады. Інісі Ғабдулла кен көмбесіне соқпақ салатын проходкалау бригадасында тау жынысын тиеу қондырғысының тізгінін ұстады.

Рахметулла кезінде «Катерпиллар» кен жабдығын ұршықша үйірсе, Яхия «Анненск» кенішінде бұрғышы болды. Адам өмірін алып кетіп жататын апатты айтсай, інісі Әсеттен айрылу өкініші әлі сейілер емес. Қазір інісі Ғани №45 шахтада кенші, сіңілісі Айша №67 шахта асханасында аспаз. Айтпақшы, қос Бауыржан — үлкен ұлы мен күйеубаласы да шыңыраудың шаңын қаққан кеншілер.

Қойнауы байлыққа бөккен кенді өңірде туған Сәуле қазір ел үдере көшіп жатқан Весовая елді-мекеніндегі №10 орта мектепте оқыды. Ол бір естен кетпес керемет кезең екен! Жазда жұмысшы мекені жасыл желекке малынатын. Күзде үйдің іргесіндегі бау-бақша көкөніске көміліп қалатын. Қыста бала біткен таяқ тастам жердегі тау жынысының үйіндісіне барып, қас қарайғанша сырғанақ тебетін…

Мектеп бітірген жылы Жезқазған кентіндегі тау-кен техникумына түсіп, 1981 жылы маркшейдер мамандығын алып шықты. Күзде Оңтүстік Жезқазған кенішіндегі №65 алып-шахтаға жерасты өлшеушісі болып орналасты. Сәуле Байбатырованың отыз жылдан астам өмірін қауіп-қатері мен қызық-қуанышы қанжығаласып қатар жүретін кеншілікпен берік байланыстырған еңбек жолы осылай басталды.

Алғашқыда оқпан жеделсатысы шыңырауға сырғи жөнелгенде атқақтаған жүрегі алқымына тығылып, әбден әбігерге түскен. Айналасындағы әзілдесіп, қалжыңмен қағысқан адамдарға қайран қалған. Кеншілер патшалығының тау жынысына табаны тигенде таза таң-тамаша болды. Кейін бәрі үйреншікті өмірге айналды. (далее…)

Қазақтың қыз-келіншектері қалай киінген?

Пятница, 06 Мар 2020

Ұлттық киім кию мәнеріміз, өзіндік бітім-болмысымызды айқындайтын өз киіміміз қандай болды? Осыған келгенде түрлі дау-дамай туып, нәтижесі өзге ұлттардың киімін қазақ киімінің түп тарихына байланыстыруға әкеледі. Шын мәнінде, қазақтың қыз-келіншектері қалай киінген? (далее…)

Көктемде қандай дәрумендер ішу керек?

Пятница, 06 Мар 2020

Қыс мезгілінде біздің ағзамыз қоректік дәрумен тапшылығына ұшырайды. Тапшылықты сезу тым қиын емес. Тек ағзаның бізге берген белгісін түсіну қажет болады. (далее…)

Бақытты бала тәрбиесі

Пятница, 06 Мар 2020

Егер ата-ана бақытты бала тәрбиелегісі келсе, оған өзінің дүниені тануына және өзі біліп бір іс етуіне кедергі келтірмеуі керек. Баланы қалайша өздігінен сабақ оқып, шашқан ойыншығын жинап, тамақты қасықпен жеп, болмашыға жыламай, тілазар болмай, боқтамай сөйлеуге үйретуге болады? (далее…)