Архив за 13 Мар 2020

Партия ұмытпады, ұлықтады

Пятница, 13 Мар 2020

«Нұр Отан» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Шыңғысов жылдағы дәстүр бойынша өндірісте еңбек етіп жүрген аруларды құттықтап, тарту-таралғы жасады. Биылғы жылы мұндай құрметке партия тарапынан үш жүзге жуық қыз-келіншек ие болды.

– «Нұр Отан» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалы гендерлік теңдікке қол жеткізуге, әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жете көңіл бөледі. Сонымен қатар, ана мен бала денсаулығына қатысты мәселелер де партия назарында. Отбасын қолдау, неке мен отбасылық қатынастар беделін арттыру да басымдықтарымыздың бірі болып табылады. Сондықтан, алдағы уақытта да аналарымызға қолдау танытып, қамқорлық көрсете береміз, – деген ниетпен Бауыржан Қабденұлы бірінші Ұлы Отан соғысының ардагері Нина Виноградованың шаңырағына атбасын тіреді. Тоқсанның жетеуіне келген батыр анаға алғысын білдіріп, деніне саулық, отбасына амандық тіледі. (далее…)

Өндірісті өрге сүйреген

Пятница, 13 Мар 2020

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында «Жыланды» кенішіндегі батыр аналар мен арулар ардақталды.

Кеніш асханасында арнайы ұйымдастырылған салтанатты шарада өндірісті өрге сүйреген нәзікжандылар төрден орын алды. Кеніш бастығы Нұрболат Байсадықов ел экономикасының дамуына өлшеусіз үлес қосып, ерлермен бір сапта тер төккен қыз-келіншектерге алғысын білдірді.

– Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Батыр да, ақын да, алып та анадан туады. Сондықтан, жер бетінде ана туралы тебіренбеген адам, ана туралы жыр жазбаған ақын жоқ. Қазақта «Ана алақанының аясы – ақ шынардың саясы» деген мақал бар. Әрбір перзенттің парызы – алдымен ана сүтін ақтау, ардақты анаға құрмет көрсету. Егер әр отбасыда аналарымыз бақытты болса, онда тұтас ел бақытты болады. Бүгінгі жылы сөздер де, құрмет те тек қана сіздерге арналады. Барша ақ жаулықты аналарымыз бен қыздарымыздың отбасына амандық, еңбегіне береке тілеймін. Жүздеріңізден күлкі, жүректеріңізден махаббат, көңілдеріңізден шаттық пен қуаныш кетпесін. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Осы тектес тілектерге кеніштегі «Еңбек» кәсіподағының төрайымы Зәуреш Исмағұлова, «КәсіпҚорған» кәсіподағының төрағасы Жанат Мендібаев, «Жастар – Болашақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Радина Сүлейменова, бригадирлер кеңесінің төрағасы Дархан Алмахов, кеніштің бас инженері Дархан Әбдіқосов қосылып, лайықты жандарға тиісті марапат пен сый-сияпат жасады. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Мейрамгүл САЯЖАН.
Сурет автордікі.

Құрмет – көпбалалы аналарға

Пятница, 13 Мар 2020

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында қала деңгейінде өткен іс-шараларда шек жоқ. Барлық басқосу аналардың құрметіне арналды. Бұл жолы қалалық меценаттар клубының төрайымы Меруерт Бақбергенова және қалалық аналар кеңесі бірлесіп, көпбалалы аналарды ақ дастархан басына жинады.

Қала әкімінің орынбасары Айгүл Төлендина ақжарма тілегін білдіріп, қазіргі қоғамда әйелдер тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі екендігін атап айтты. Сондықтан, елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.

Үнемі қайырымдылық іске белсене атсалысатын клуб мүшелері көпбалалы және ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарға арнайы Алғыс хат пен сыйақы табыс етті. Өз кезегінде аналар атынан мерейлі кеш үшін Алтынай Жолдасханова алғысын білдірді.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет автордікі.

МУЗЫКА, ЦВЕТЫ И ПОДАРКИ

Пятница, 13 Мар 2020

В честь женского дня 8 Марта под сводами ресторана «Бақдаулет» состоялся торжественный прием акима города, на который были приглашены 50 женщин – труженицы тыла, многодетные мамы, работницы корпорации «Казахмыс», представительницы сферы бизнеса, культуры, спорта и образования.

Каждая из участниц торжественного приема своей деятельностью вносит лепту в жизнь горняцкого города, воспитывает новое поколение, развивает индустрию региона. Одним словом, за празднично накрытыми столами собрались представительницы самых разных профессий, но есть кое-что их объединяющее – все они действительно успешные женщины. (далее…)

Литературные знакомства

Пятница, 13 Мар 2020

Библиотека – это место, где можно приобщиться к сокровищам мировой культуры, почувствовать себя в курсе литературных событий, узнать о книжных новинках. Мои дочери, как и большинство молодых людей, предпочитают электронные книги. А мне, как и всему старшему поколению, милее держать в руках пахнущее типографской краской издание. (далее…)

Чтобы династия не прерывалась

Пятница, 13 Мар 2020

Талантливую семейную пару Бабий наверняка помнят представители старшего поколения сатпаевцев. Эта семья стояла у истоков культурной жизни города Сатпаев, тогда еще поселка Никольский. Это им мы обязаны тем, что более двадцати лет назад в нашем городе на высочайшем уровне было развито цирковое искусство. Около десяти лет назад не стало Федора Ефимовича, а совсем недавно ушла из жизни и Любовь Ивановна. (далее…)

В солдаты – лучшие из лучших

Пятница, 13 Мар 2020

В Казахстане стартует весенний призыв на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан граждан 1993-2002 годов рождения. (далее…)

КАК РАССЧИТЫВАЕТСЯ ПЕНСИОННАЯ ВЫПЛАТА В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН

Пятница, 13 Мар 2020

Каждый потенциальный пенсионер задается вопросом о порядке расчета пенсии и как подсчитать размер полагаемых пенсионных выплат. (далее…)

ҰЛЫТАУ ТАУЛАРЫ – ҰЛЫ ТАУЛАР

Пятница, 13 Мар 2020

Ұлытау – барша көшпелі-лердің жүрегі, алтын ұясы. Оның ұғымының ұлылығы мен ұлағатында телегей сыр, теңдесі жоқ терең мағына жатыр. «Ұлытау» атауын бағзы кісілер бұл таудың тым көне болғандығы үшін берген болуы мүмкін деген халық арасында әфсана бар. Ұлытау – атауы айтып тұрғандай, «Ұлы Даланың Ұлы тауы». Көне дәуірден бері келе жатқан түркілердің мекені. Кезінде тарихтың атасы Геродот Ұлытау тауларын «сақ таулары» деп атаған.

Ұлытаудың түркі әлемінде алар орны ерекше дейміз, бірақ, біз Ұлытаудың ұлылығын толыққанды танытып жүрміз бе? Бүкіл түркі жұрты арасында өз деңгейінде насихаттай алып жүрміз бе? Міне, әңгіме осында.

Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлытау 2019» халықаралық туристік форумында сөйлеген сөзінде қазақ халқы үшін Ұлытаудың тарихи мәні мен киелілігін, сондай-ақ, бұл қасиетті мекеннің этнографиялық, зияраттық және экологиялық туризмді дамыту үшін зор әлеуеті бар екенін атап өткені аян. «Тарихы терең Ұлытаудың қадір-қасиетін бағалай білу – баршамызға ортақ парыз. Еліміздің осындай баға жетпес бай мұрасын өзге жұртқа танытудың жаңаша жолдарын ойластыруымыз керек. Мысалы, Моңғолия Шыңғыс хан тұлғасын халықаралық туризмді дамыту үшін өте тиімді пайдаланып отыр. Ал, Шыңғыс ханның үлкен ұлы – Жошының мазары қазақ жерінде тұрғанын бүгінде еліміздегі және шетелдегі жұртшылықтың көбі біле бермейді. Оның тарихи тұлғасына әлемнің назарын аударып, кесенесін мәдени турнысанына айналдыру – өте маңызды міндет. Ұлытау – халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризмнің орталығы болуы тиіс», – деген еді сол жолы Мемлекет басшысы. (далее…)

ҚҰДІРЕТТІ ҚАРАСӨЗ

Пятница, 13 Мар 2020

АБАЙ! Азан шақырып қойған аты – Ибрахим.
Ырымға ұйып немесе еркелетіп екінші есім қою – қазаққа таңсық емес. Неге «Абай» атанған? Жөн-жосығы «Абай жолында» жолықпайды. (далее…)