Архив за 01 Апр 2020

Біргеміз! Жұмысымызды жаңа қарқынмен жалғастырайық!

Среда, 01 Апр 2020

Бүгін ел тізгінін ұстап отырған президент Қасым-Жомарт Тоқаев қа және басшыларымызға жұмыла жұмыс жасап, халықтың денсаулығы мен бірге елдің экономикалық дәрежесін сақтап қалу міндеті тұр.

Жолдаудың осы тұсы өте тиімді екен, әр қалада шағын болса да өндірістік орындардың бары анық, елдегі жағдайға байланысты сондай орындар өз жұмыстарын жаңа қарқынмен, жаңа идеямен жалғастыра алса өздеріне де, елге де, мемлекетімізге де қолдау болатын еді..

Әсіресе, ауыл шаруашылығының өнімдерінің сұранысы артатыны белгілі, үкімет тарапынан беріліп жатқан жеңілдіктер мен жәрдемдерді тиімді пайдаланып өз жұмыстарын жүйеге қойып алатын мүмкіндік туындап отыр.

Және бұл жалпыға тиімді болмақ. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Меруерт Бақбергенова, жеке кәсіпкер.