Архив за Май 2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі

Суббота, 30 мая 2020

Құрметті отандастар!

ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зобалаңы – халқымыздың тарихындағы қасіретті кезең.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін осы нәубеттің құрбандарын мәңгі есте қалдыру үшін мемлекеттік деңгейдегі тиісті шараларды жүзеге асыра бастады.

1993 жылы «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданды.

1997 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленді. (далее…)

Обращение Главы государства Касым-Жомарта Токаева по случаю Дня памяти жертв политических репрессий и голода

Суббота, 30 мая 2020

Уважаемые соотечественники!

Политические репрессии 20-50-х годов XX века – печальная страница в истории нашего народа.

С обретением Независимости Казахстан на государственном уровне принял меры по увековечиванию памяти жертв этой трагедии.

В 1993 году принят Закон «О реабилитации жертв массовых политических репрессий».

В 1997 году Указом Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы Н. Назарбаева 31 мая объявлено Днем памяти жертв политических репрессий. (далее…)

Құрметті қала тұрғындары! Қымбатты балалар!

Пятница, 29 мая 2020

Сіздерді ең қуанышты мереке – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Балалар – біздің ең қымбат құндылығымыз. Біз балаларға барлық сүйіспеншілікпен көңіл бөліп, олар бақытты, ақылды, дені сау және ең бастысы жақсы адам болып қалыптасуы жолында бағыт-бағдар беруге тырысамыз. Балалар – еліміздің болашағы.

Балалық шақ – ерекше уақыт, бақытты жылдардағы өсу кезеңі. Балалар мерекесі бізге, ересектерге, жас ұрпақ алдындағы үлкен жауапкершілікті, оның қауіпсіздігін, зияткерлік, физикалық және рухани-адамгершілік дамуын еске салады.

Әрқайсымыздың ең жарқын, таза және ең жақсы естеліктеріміз балалық шақпен байланысты – бұл біздің айналамыздағы әлем үлкен болып көрінетін кез.

Біздің қаламызда көптеген дарынды балалар бар: музыканттар, спортшылар, пәндік олимпиадалардың, конкурстардың, фестивальдердің жеңімпаздары. Олардың көпшілігі, жастығына қарамастан, өз қаласының намысын облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда сәтті қорғап жүр. Көптеген тамаша мұғалімдер, тәрбиешілер мен шеберлердің олармен бірге жұмыс істейтіні қуантады, олардың жұмыстары біздің балаларымызға өздерінің дарындылығын, мектептегі қабілеттерін ашуға, іске асыруға, шығармашылықта, спортта нақты жеңістерге жетуге көмектеседі.

Жаздың алғашқы күнінде сіздерге, қымбатты достар, барлық істеріңізге сәттілік пен бақыт, қуаныш пен денсаулық тілейміз!

А.Ыдырысов, Сәтбаев қаласының әкімі.
Т.Хмилярчук, қалалық мәслихат хатшысы.

Уважаемые жители города! Дорогие дети!

Пятница, 29 мая 2020

От всей души поздравляем Вас с самым радостным, ярким, летним праздником – Международным днем защиты детей!

Дети – самое ценное, что у нас есть. Мы отдаем им всю нашу любовь и внимание, стремимся сделать всё, чтобы они выросли счастливыми, умными, здоровыми и главное – достойными людьми. Именно в их руках – будущее нашего города и всего многонационального Казахстана.

Детство – особенная пора, пора счастливых лет учебы и взросления. Этот добрый детский праздник напоминает нам, взрослым, о той большой ответственности, которую мы несем за юное поколение, его безопасность, интеллектуальное, физическое и духовно-нравственное развитие. (далее…)

Пәтер кілті табысталды

Пятница, 29 мая 2020

Дана халқымыз «Жылуы жоқ жүрек – құр кеуде», «Мейірім барда – мұңдық жоқ», «Жайылымы болмаса мал азады, мейірімі болмаса жан азады», – деп ұрпағын қайырымдылық пен мейірімділікке тәрбиелеген. Айналадағы адамдарға деген қамқорлық адамгершілік пен имандылықтың өлшемі саналады.

Жақсылыққа ұмтылған жан алдымен қайырымдылық жасайды. Биыл да қасиетті Рамазан айынан кейін келген Ораза айт мейрамында мұсылмандар барынша сауап жинауға тырысты. Қарағанды облыстық «Әнет Баба» мешітінің жанынан құрылған «Нұрлы керуен» қайырымдылық қоры мұқтаж жандарға қолұшын созудан жалыққан емес. Биыл Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы отыз жылдық мерейтойы аясында 30 түрлі сауапты іс атқарып, ел алғысына бөленуде. Олар көпбалалы отбасы мен жалғызбасты аналарды баспаналы етіп, шексіз қуанышқа бөлеуде. Яғни, пәтер кілтін табыстап, жанары мұңға толған жандарға бақыт сыйлауда. Осы ретте қоныс тойын тойлау мүмкіндігі қаламыздың тұрғыны, жалғызбасты ана Кәмшат Жақаеваға да бұйырды. Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы орталық мешіттің төрінде үш баланың анасы Кәмшатқа 2 бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Екі қыз, бір ұлды жалғыз тәрбиелеп келе жатқан ананың разылығы шексіз. «Бірнеше жыл қатарынан баспана тауқыметін көрдім. Тілегім жерде қалмай қайырымды азаматтардың арқасында баспанаға қол жеткіздім», – дейді жалғызбасты ана. Айта кетейік, ол «Нұрлы керуен» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен қаламызда берілген үшінші пәтер иесі.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.Сурет автордікі.

Құрметті жас түлектер! Қымбатты ұстаздар мен ата-аналар!

Пятница, 29 мая 2020

Баршаңызды мектеп бітіру күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Түлектердің өмірінде таңғажайып уақыт басталды. Оқу маусымы аяқталып, өмір мектебіне аяқ басасыз. Мектепті аяқтау – ең керемет, ұмытылмас сәттердің бірі. Қимастық сезімі де бар екені анық. Алда өмірдегі жаңа кезеңдер басталады.

Мектептен алған білімдеріңіз биік мақсаттарға жетуге және тың идеяларды сәтті жүзеге асыруға мүмкіндік берсін. Ұстаздарыңызды ұмытпаңыздар, өйткені олар ұзақ мектеп жолында сіздермен бірге қол ұстасып, жеңістеріңіз бен жеңілістерді бөлісті. Шәкірттеріне адал көңілімен білім берген ұстаздар қауымына алғыс білдіреміз. Мектеп бітіріп кеткен соң достарыңыз бен мұғалімдеріңізді сағынышпен еске алатын боласыздар. (далее…)

Дорогие выпускники! Уважаемые учителя и родители!

Пятница, 29 мая 2020

Примите искренние поздравления с окончанием школы!
В жизни нынешних выпускников наступило удивительное время. Быстро пролетела школьная пора, и сегодня вы вступаете во взрослую, самостоятельную жизнь. Окончание школы – один из самых замечательных, памятных моментов, добрых и трогательных, волнующих и немного грустных, связанных с расставанием с родной школой. А впереди – начало нового, большого этапа в жизни, ожидание бурных, интересных изменений. (далее…)

Қасиетті мұрамыз

Пятница, 29 мая 2020

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін деген болатын. Ана тілімізді мемлекеттік тіл ретінде барынша жандандырып, ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру керек екендігі даусыз. Дегенмен, елімізде өзге ұлт өкілдері қатынас құралы ретінде орыс тілін жиірек қолданады. Өзіміз де көбіне орыс тілінде сөйлесіп жатамыз. Барлық қазақстандықтардың басын тек қазақ тілі қосуы керек. Сонда ғана мемлекеттік тілдің мәртебесі биік болады. Тілі мықты елдің рухы қашанда мықты болмақ. Елбасымыз да халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, ана тіліміздің болашағы» деген болатын. «Өз тіліңді біл, өзге тілді құрметте» қағидасын қалыптастыру керек деп ойлаймын. Өйткені, өзгеріс өзімізден, болашақ бүгіннен басталады. (далее…)

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!»

Пятница, 29 мая 2020

Биыл ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай Сәтбаев қаласының балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» атты тақырыпта инстаграм арқылы тікелей эфирде қалалық шығармалар байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты – ақынның мол мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізу, насихаттау, өлеңдері, әндерімен оқушыларды рухани азықтандыру, қайталанбас дара тұлғаның рухына бас идірту, тағзым еткізу. Шығармаларын насихаттау арқылы жас жеткіншектердің бойына асыл қасиеттерді дарыту. (далее…)

Иманғажы атаның ұрпақтары

Пятница, 29 мая 2020

Халықаралық Отбасы күні қарсаңында Достық үйі «BaqytUiasy» жобасының ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы – бақытты бала» челленджі ұйымдастырылып, қала жастарынан мағынасы мен тарихы бар әңгімелер, естеліктер қабылданды. Жіберілген жұмыстардың ішінен «Иманғажы атаның ұрпақтары» атты естелікті назарларыңызға ұсынамыз. Тәрбилік мәні зор, мағыналы естелігі үшін шығарма авторы Еркеназ Шоқанға ұжымның атынан алғыс білдіреміз!

Бала күнімде атам мен әжемнің қасында жүріп, талай мерейі тасыған отбасының дәмін таттым, мықты адамдардың көзін көру, әңгімесін тыңдау бақыты бұйырды. Оның ішінде бізден 2-3 үй әріректе орналасқан Иманғажы атаның өсіп-өнген әулетіне Ұлытауда барлығы қызыға қарайтын еді. Өсе келе әжемнен бұндай бақыттың сыры неде екенін сұрап, білуге құмартқаным да жоқ емес. Ұлытау селосында ертеден руы Арғын, Иманғажы деген ата тұрды. Шамасы, бұл өңірлерге 1929-1930 жылдары Ақмола жақтан көшіп келсе керек. Қиын-қыстау заман болған соң жұмыс іздеп алысқа бара алмай, үлкен кісілердің ақылымен Ұлытау өңірін мекен етіп, сол жердің суын ішіп, нанын жеп, халқына қызмет ету бұйырған екен. Киелі Ұлытау жерінің топырағы да, жұртшылығы да Иманғажы атаның отбасын жатсынбаған. Себебі, өздері де алыс-жақынға жанашырлық танытқан, көмек қолын созуға дайын жандар болған. Иманғажы атаның шаңырағы Атбасардан Қарсақбайға өтетін жолаушылар керуенін күтетін «бекетке» айналады. Күн демей, түн демей, ашығып келген жолаушыны тойдырып, қондырып жіберетін Иманғажы ата мен Мәпу әже көпшіліктің алғысына бөленген жандар. Ол кісілердің ұрпақтары да бүгінде осы салттан ажырамаған қонақжай адамдар. Иманғажы атаның Әпкен, Совет, Сартай, Қайырбек деген ұлдары, Ғазиза, Бақыт, Бәтен, Гүлжан деген қыздары бар. Және Әбіл деген ағасының Әдиша, Қапет деген балаларын да өз тәрбиесіне алып, жеткізген екен. Осы балалардың барлығын түгел оқытып, білікті маман болулары жолында еңбегін де аямаған. Иманғажы ата мен Мәпу әже үлкен баласы Тілеуқабылов Әбікеннің қолында болды. Келіні Гүлсім әже атаенесін қартайған шағында бағып-қағып, ақ жуып, мәңгілік сапарына шығарып салды. Бүгінде Әбікен – ата, Гүлсім әже атанып, 60 жылдай отасып, үш ұл, бес қыз тәрбиелеп өсірді. Өсіп-өнген шаңыраққа айналып отыр. Қанат, Мұрат, Талғат есімді ұлдары мен Гүлнар, Гүлмира, Гүлжан, Гүлдана, Эльмира атты қыздары қазіргі таңда бір-бір мамандық иесі.

Ата-ананың батасын алған Әбікен ата 80 жастан асқан шағында дүниеден озды, ал Гүлсім әжеміз кенже ұлы Талғаттың қолында немере-шөберенің қызығын қызықтап отырған ардақты ана. Әзиз ананы ағайындары қалжыңдап «Генерал апа» деп те атайды.
Міне, мерейі асып-тасқан отбасының үлгісі осындай болса керек.

Еркеназ Шоқан.