Архив за 01 мая 2020

Ұлт татулығы – ұлы байлық

Пятница, 01 мая 2020

Қымбатты жерлестер! Құрметті қала тұрғындары!

1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл жарқын мереке – біздің көпұлтты халқымыздың бейбітшілік пен келісімді білдіретін керемет дәстүрлерінің жалғасы. Біздің республикамыз – 140-тан астам этностар мен ұлыстар ортақ шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп жатқан көпұлтты мемлекет.

Биыл бүкілқазақстандық бірліктің ерекше моделін қалыптастыруға белсенді қатысатын Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толады. Алғашқы күндерден бастап ҚХА біздің қоғамымыздың өмірінде маңызды бітімгершілік және біріктіруші рөл атқарды, әрқайсымыз ұлтына және дініне қарамай Қазақстанды өзінің туған Отаны деп санайтынына, ал оның орнына өзін-өзі тану, өркендеу және қорғау, өзін-өзі сезіну мүмкіндіктерін алатынына ықпал етті.

1 Мамыр – біздің мемлекетіміздегі маңызды мереке. Достық – еліміз үшін ең қымбат құндылық. Біз әр отбасына өркендеуді, жасампаздық пен тыныштықты тілейміз, өйткені, әр адамның бақыты – елдің болашағының бөлігі. Барлық шаңыраққа бақыт, бақ-береке, тыныштық, ымыра-бірлік тілейміз!

А.Ыдырысов, Сәтбаев қаласының әкімі.
Т.Хмилярчук, қалалық мәслихат хатшысы.

Уважаемые земляки! Дорогие сатпаевцы!

Пятница, 01 мая 2020

Примите самые искренние поздравления с праздником 1 Мая – Днем единства народа Казахстана!

Этот яркий первомайский праздник продолжает замечательные традиции нашего многонационального народа, символизируя мир и согласие. Наша республика – многонациональный дом, в котором под общим шаныраком мирно сосуществуют более 140 этнических групп и народностей.

В этом году исполнилось 25 лет со дня создания Ассамблеи народа Казахстана, которая активно участвует в формировании уникальной модели всеказахстанского единства. С первых дней АНК играет важную миротворческую и консолидирующую роль в жизни нашего общества, способствуя тому, чтобы каждый из нас, вне зависимости от национальности и вероисповедания, чувствовал, что Казахстан его родной дом, а взамен получал возможности самореализации, достаток и защиту, ощущал себя счастливым, работал, жил и творил для процветания родной страны.

Первомай – важный праздник в нашем государстве. Дружба – самое ценное, что есть у нас. Благодаря ей мы едины, сильны и нерушимы. Желаем процветания каждой семье, благополучия, творческого взлета и мира, здоровья и полета души, ведь счастье каждого – это составляющая великого будущего страны. Пусть в Ваших семьях царят мир и взаимопонимание, сбудутся самые заветные желания и добрые надежды! Счастья, удачи и успехов во всех делах и начинаниях!

А.ИдрИсов, аким города Сатпаев.
Т.Хмилярчук, секретарь городского маслихата.

ИГІ ІСТІҢ ҰЙТҚЫСЫ

Пятница, 01 мая 2020

Бұдан екі жарым жыл бұрын есігін айқара ашқан рухани, қоғамдық және ұлтаралық келісім орталығы бүгінде ынтымақ ұясына айналған. Шуақты шаңырақ астына кереге жайып, уық болып шаншылған этно-мәдени бірлестіктер ұлттық құндылыққа құрметпен қарауды, салт-дәстүрді дәріптеуді достық дәнекері деңгейіне көтерген. Кез-келген іс-шарада ұлтаралық келісім кестеленіп, ауызбірлік алтын арқау болып өріледі.

Айым Бегім осы «Достық үйінде» қазақ тілі курсына жетекшілік етеді. Ол, сондай-ақ, «BAQYT UIASY» жобасы аясында атқарылған игі іс-шараға ұйтқы болып жүр. Бүгін соның бірқатарына тоқталсақ…

«Денсаулық» медициналық колледжінде өткен «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» атты психологиялық тренинг жиналған жастарды ойландырып, санасында сілкініс тудырды. Өйткені, онда ұлықты ұл, қылықты қыз өсірудің, қысқасы, үлгілі отбасын қалыптастырудың табан тірер тірегі ұлттық тәрбиенің өзегінде жатқаны қарапайым мысалмен дәйектелді. «Отбасы», «отағасы», «отанасы» деген ұғымның астарында жатқан мәйекті мән-мағына айқындалды. Ал, №3 орта мектепте «Ер мен әйелдің қоғамдағы орны» тақырыбы талқыланған тренинг белсенді, ойын бүкпесіз айта алатын, өзіндік пікірі бар лайықты ұрпақ өсіп келе жатқанын көрсетті.

Жастардың отбасылық өмірге деген таным-түсінігін тиянақтау, жұбайлардың жарасымды қарым-қатынасы тақырыбы қаладағы гуманитарлық колледж оқушылары қатысқан «Отбасы құндылықтары» атты тренингте терең талқыланды. Әлеуметтік мәселені қозғайтын бейнекөрініс қатысушыларды қатты толқытты. №1 мектеп-гимназияда әдеп пен инабат, шынайы сыйластық пен қапысыз қамқорлық сезімі әңгіме өзегіне айналған — «Ата-анамен қарым-қатынастың маңызы», Абай атындағы №4 мектеп-лицейде тәлімді тәрбие мен ұлттық салт-дәстүр тақырыбы қозғалған «Әкем — тірегім, анам — жүрегім» атты тренинг те өскелең ұрпаққа өмірлік сабақ болғаны күмәнсіз. (далее…)

Ынтымақ жүрген жерде ырыс жүреді

Пятница, 01 мая 2020

Кез келген елдің тілегі де, арманы да халқының бейбітшілігі мен бірлігін сақтау екені сөзсіз. Өйткені, бейбіт өмір – бақыт, береке, бірлік әкелумен қатар, болашаққа өрлеу мен өркендеуге жол ашады. Дана халқымыз «Байлық – байлық емес, бірлік – байлық» деп бекер айтпаса керек. (далее…)

Челлендж #ҰлтТағамдары

Пятница, 01 мая 2020

Ко Дню единства народа в Карагандинской области запустили челлендж по приготовлению национальных блюд #ҰлтТағамдары. Приготовленные блюда раздадут многодетным семьям, медработникам и тем, кто дежурит на блокпостах.

Мероприятие организовала АНК Карагандинской области совместно с Управлением внутренней политики.

Челлендж по приготовлению национальных блюд стартовал 27 апреля и охватил всю Карагандинскую область. Во вторник, 28 апреля, челлендж поддержал татаро-башкирское этнокультурное объединение «Дуслык» г.Сатпаев. Представитель молодежного крыла данного центра Анита Гатиятова приготовила татарское блюдо «Көштеле». В переводе с татарского языка означает «птичий язык» и напоминает хворост.

Предлагаем нашим читателям рецепт хрустящего лакомства к чаю.
Мука – 1,5 стакана, 3 яйца, соль и сахар по вкусу, сахарная пудра для посыпки и растительное масло для жарки. Можно добавить ложку водки и тогда язычки будут пузырчатыми.

Отделяем белки от желтков. Белки с солью хорошо взбиваем в пену венчиком или миксером. Желтки нужно слегка перемешать вилкой.
Затем желтки вливаем в миску с белками и аккуратно перемешиваем венчиком до однородности. Всыпаем в миску с яйцами просеянную через сито муку и замешиваем тесто. Оно получается гладкое. Формируем шар, заворачиваем его в пищевую пленку и оставляем на 10 минут отдохнуть. (далее…)

Бригадирлер кеңесінің берері мол

Пятница, 01 мая 2020

Өндіріс алаңдарында орын алған маңызды мәселелерді, өндірісшілерді алаңдатқан жайттарды, өтініш, шағымдарды уақытында жоғарғы жаққа жеткізіп отыратын «Бригадирлер кеңесі» «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-да өз жұмысын бастап кетті.

Қазақстан Республикасының заңдары мен еңбек кодексінің барлық шектерін сақтай отырып, жұмысшылардың мүддесін қорғау үшін, күрделі және зиянды еңбек жағдайындағы адамдарға көмектесу мақсатындағы «Бригадирлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің негізі осылайша қаланды.

Аталмыш бірлестік кәсіподақтар тарапынан жүргізілетін барлық жұмысқа араласып, іс-шараларды бірлесе ұйымдастырады. «Бригадирлер кеңесінің» кеніштердегі құрамы жасақталып, жоспар бойынша іске кірісеміз. Қайырымдылық шараларынан да қалыс қалмаймыз. «Өз ісінің үздігі» байқауларын тұрақты түрде ұйымдастырып, еңбек бәсекесінің артып, өндірісшілердің ынта-жігерінің оянуына атсалысамыз. Озат өндірісшілерге қолдау көрсетеміз. Еңбек жарыстарының жұмыс сапасының жақсаруына, жұмысшыларды ынталандыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға қосар үлесі ұшан-теңіз. Еңбекті ұйымдастырудың ең ұтымды жағы ұжымдағы береке-бірлікте. Сондықтан, біз кеншілердің әлеуметтік жағдайына жете назар аударамыз. Түрлі шараларды ұйымдастыру барысында жастардың қызығушылығын арттырып, алға жетелеу басты қағида.

Біз жұмыс беруші мен жұмысшы арасын жалғастырушы көпір іспеттіміз. Бір-бірімен байланысын нығайта түсуге атсалысамыз. Кеңесші органның отырысында келіп түскен өтініштер қаралып, тиісті шешім қабылданады. Барлық қажеттіліктің соңы қаржыға келіп тірелетіндіктен, материалдық көмекке мұқтаж жандардың мәселесін тез арада шешуге тырысамыз. (далее…)

БЛОК-БЕКЕТТЕГІ БІР СӘТ

Пятница, 01 мая 2020

Коронавирустың таралуына жол бермеу үшін кеншілер шаһарының аумағында екі ірі, бір шағын шектеу блок-бекеттері ұйымдастырылды. Оған дәрiгерлер, полиция қызметкерлерi тартылған болатын. Қазiргiдей сын сағатта төтенше жағдай тәртiбiн қатаң қадағалау оңай жұмыс емес. Ол үшiн көлiктi тоқтатып, жүргiзушiлер мен жолаушылардың қызуларын тексеріп, құжаттарының сәйкестігін қарау керек…

Аптаның басында біз Сәтбаев-Жезқазған бағытындағы жолда орналасқан шектеу блок-бекетінде болып, оның бір сәттік жұмысымен танысып қайтқан едік. Бізді Сәтбаев қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Гаухар Жалмурзина бастап алып барды.

– Қазiргi жағдайға байланысты қала шетіндегі блок-бекеттерде жүрген медицина мен полиция қызметкерлерінің еңбегін ерлік деп бағалауға болады. Өз бастарын қатерге тіге отырып, қалалықтардың саулығы үшін қатерлі дертке қарсы күрес жүргізіп жатыр, – дейді Гаухар Шәріпқызы блок-бекеттердің жұмысымен қысқаша таныстыра келіп.

Біз блок-бекетке келгенімізде мұнда қарбалас жұмыс жүріп жатыр екен. Сәтбаев қаласынан Жезқазған қаласын бетке алған көліктерді жезқазғандықтар қарап, тексеріп жатса, кеншілер қаласына келе жатқан көліктерді біздің қырағы қыздарымыз бен жігіттеріміз жіті бақылауда. Жүргізушілер де бұл тәртіпке төселіп қалған сыңайлы. Кезектерін сабырмен күтіп, тексеруден өтіп жатыр. Біз блок-бекетте тұрған медицина және полиция қызметкерлерін әңгімеге тарттық. (далее…)

Режимді бұзғандар жауапқа тартылуда

Пятница, 01 мая 2020

Індетке қатысты ахуалдың ушығуына байланысты елімізде карантин режимі күшейтілгені мәлім. Өңірлерде блок-бекеттер қойылып, рұқсатнамасыз көліктің кіріп-шығуына тыйым салынды. Қоғамдық көліктер тоқтатылып, үйден себепсіз шығуға шектеу қойылды. Бұл – коронавирус індетінің таралмауына тосқауыл қоюдың жаңа тәртібі. Осы орайда шаһардағы ахуал қандай, құқықбұзушылықтың алдын алу қалай жүргізілуде деген сыңайдағы сауалдар туындайды. (далее…)

Ораза қабыл болсын, ұстаған жан!

Пятница, 01 мая 2020

Мұсылман қауымы үшін жылдың ең қасиетті әрі ерекше айы – Рамазан айы да келіп жетті. Бұл айда ақыл-есі дұрыс, денсаулығы жақсы, балиғатқа толған әр мұсылман баласы жан мен тән тазалығы үшін ораза ұстап, жаман істерден тыйылуы қажет. Міне, осы қасиетті ай биыл елімізде төтенше жағдай кезеңінде өтіп жатыр. Қаламыздағы Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы мешіттің бас имамы Қоңдыбай қажы Серікбайұлымен болған әңгіме осы жағдайға байланысты өрбіді. (далее…)

Эльза ЦХАЙ: «Живите с хорошим настроением!»

Пятница, 01 мая 2020

Сегодня – День единства народа Казахстана! Эльза Александровна ЦХАЙ, председатель инициативной группы корейского этнокультурного центра при Доме дружбы г.Сатпаев, от себя лично, от всей корейской диаспоры города, от всех тех, с кем общается и с кем знается, сердечно поздравляет всех сатпаевцев с этим замечательным и знаковым праздником и желает каждому в столь сложное время быть спокойными и с хорошим настроением жить дальше!

Настоящее единство страны скрепляется патриотизмом, любовью к своей земле и народу, его культуре, общими ценностями, целями и задачами, а прочная основа для роста благосостояния способна сплотить наш народ для достижения самых высоких целей. В этом уверена Эльза Александровна.

– Поэтому главная цель праздника, конечно же, укрепление стабильности и межэтнического согласия, демонстрация достижений казахстанской модели межкультурного диалога. И именно поэтому в этот день всегда проводятся праздничные мероприятия по сплочению всех народов, проживающих в Республике, ведь Казахстан — многонациональное государство: в нем проживает более ста пятидесяти национальностей и народностей!

– Но сегодня этот яркий весенний праздник проходит без дружного шествия по центральным улицам городов и без проведения множества увеселительных, культурно-массовых, общественно-политических и торжественных мероприятий.

– И в этом, уверяю вас, нет ничего страшного! Ведь День единства народа Казахстана – это один из тех немногих праздников, которые, что называется, всегда с собой. Доброта, взаимоуважение, понимание – все это состояние души человека, и никаким датам оно не подвластно. И у всех казахстанцев душа именно такая! Не хочу говорить высокопарно, но по сравнению с другими странами бывшего СССР, мы в нашем Казахстане живем, в принципе, спокойно, без особых потрясений. Мы можем спокойно ходить по улицам, в школу, на работу, а не прятаться по бомбоубежищам. (далее…)