Архив за 15 мая 2020

Любви и взаимопонимания вам, семьи Сатпаева!

Пятница, 15 мая 2020

Одна из главных причин семейных конфликтов – женщины очень любят себя, – раскрывает одну из женских «загадок» Жанат АЙСИНОВА, заместитель директора Дома дружбы, руководитель проекта «Бақыт ұясы». И добавляет, что, в принципе, это нормально, если, конечно, не забывать, что женщины, прежде всего, жены, мамы, и что где-то надо быть все-таки гибче.

– Но зачастую, к сожалению, мы – женщины – об этом забываем, – признает Жанат Кахармановна. – И над благополучием и целостностью семьи нависает угроза…

Вот, чтобы помочь женщинам города в том числе избежать подобной участи, почти год назад при городском Доме дружбы был запущен в работу проект «Бақыт ұясы».

– 6 июля нашему проекту исполнится ровно один год, – уточняет Жанат Айсинова. – И самая главная цель нашего проекта – это поддержка института семьи, пропаганда счастливой семейной жизни и уменьшение количества разводов, а также оказание психологической, юридической и медиативной помощи женщинам, и не только, оказавшимся в тяжелой ситуации семейных взаимоотношений. (далее…)

С благодарностью за Победу

Пятница, 15 мая 2020

В День Победы, 9 мая, единственного в городе ныне здравствующего ветерана Великой Отечественной войны, аксакала Тогая Дауылбаева с 75-летием Победы поздравил аким города А.Идрисов.

Глава города горячо поприветствовал солдата-победителя и отметил, что герои Великой Отечественной войны навсегда останутся в истории человечества как освободители мира от фашизма.

– Ваш подвиг не забудется, а слава не померкнет никогда. Мы преклоняем голову перед вашим мужеством, отвагой и безграничной любовью к Родине. Не устанем благодарить ветеранов за мир на земле. Не забудем подвиг храбрых воинов, отдавших жизнь, защищая родную страну, – сказал Аскар Аблаевич.

Поздравляя ветерана, А.Идрисов вручил Т.Дауылбаеву поздравительную телеграмму Президента страны К.Токаева. Приятным дополнением к телеграмме стала единовременная материальная выплата из местного бюджета в размере 1 миллиона тенге. (далее…)

Қамқорлық көрсетті

Пятница, 15 мая 2020

Күнделікті қоғамдық тәртіпті қырағылықпен қадағалайтын полиция қызметкерлері қайырымдылық жасаудан да қалыс қалып жүрген жоқ. Таяуда олар «Біз біргеміз» республикалық акциясына өз үлестерін қосып, қаладағы аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетті. Осылайша тәртіп сақтаумен айналысатын полиция қызметкерлері қайырымдылыққа да көңіл бөліп, елдің алғысына бөленуде.

Тәртіп сақшылары аз қамтылған және көпбалалы отбасы санатындағы 9 отбасыға азық-түлік жиынтығын таратты. «Кең болсаң кем болмайсың» деген сөзді ұстанған полиция қызметкерлерінің бұл бастамасы Сәтбаев қалалық Полиция бөлімі басшысының орынбасары Алдияр Әбішевтің тікелей ұйымдастыруымен жүзеге асқанын айта кеткен жөн.

(Өз тілшіміз).

әлеуметтік көмек «ALPAR GROUP» компаниясынан

Пятница, 15 мая 2020

Елді жағасынан алған коронавирустық инфекция біраз әуре-сарсаңға салғаны белгілі. Осындай қиын-қыстау кезеңде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған қайырымды жандар «Біз біргеміз!» жалпыреспубликалық акциясына белсене атсалысуда. Мемлекет басшысының бастамасымен және Елбасының қолдауымен өткізілген акцияға жақында «ALPAR GROUP» ЖШС да өз үлесін қосты.

Қарағанды облысының аумағында қызмет көрсететін компания 35 тонна өнімді сатып алуға қаражат бөлген. Акцияны қолдау аясында «ALPAR GROUP» компаниясының құрылтайшысы Ерқанат Қожахметовтың бастамасымен өңірдегі 1500 әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға көмек көрсету мақсатында 15 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалған. Бұл қаржыға бірінші қажеттіліктегі өнімдер сатып алынып, сұрыпталып, арнайы қорапшаларға салынған. Қорапшалардың әрқайсының салмағы 23 келіні құрайды. Халықтың әлеуметтік жағынан осал санатына көмек көрсету үшін бірінші қажеттіліктегі азық-түлікке толы 1500 қорапша дайындалды. Олар Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев қалаларының мұқтаж тұрғындарына таратылды. Қаламызға бөлінген азық-түлік «Ұлы дала» гипермаркеті маңынан арнайы көлікке тиеліп, Достық үйіндегі әлеуметтік көмек көрсету орталығына жеткізілді. «Нұр Отан» партиясының белсенділері мен еріктілер берілген тізім бойынша 2 күн қатарынан азық-түлікке толы жәшіктерді мекен-жайларға үлестіріп берді. Айта кетейік, өнімдерді таңдап, сараптауға «Ұлы дала» гипермаркетінің ұжымы көмектесті.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Суреттер автордікі.

Бір үйден екі жауынгер

Пятница, 15 мая 2020

Атам Садуақас Сейілұлы 1906 жылы Жезді өзенінің бойында дүниеге келген. Батыр тұлғалы, екі иығына екі кісі мінгендей ірі адам болған деседі көзкөргендер. Мереке, тойларда күреске шығады екен. Майданға 1942 жылы 17 ақпанда 36 жасында Қарсақбай ауылынан алынады. Көкшетауда кіші офицерлер дайындайтын 4 айлық курста оқиды. «Шабуылға шығайын деп тұрмыз» деп жазған соңғы хаты Донбастан келген екен. Содан хабарсыз кетті. Атамыздың суреті жоқ болғандықтан біз оның бет-әлпетін әжемнің айтуымен білеміз. Әжем Халипа «Кебін киген өледі, кебенек киген келеді» деп үміттенетін. (далее…)

Биік шаңырақ, берік босаға

Пятница, 15 мая 2020

Берік те берекелі отбасы қайдан шығады? Азғана табыстың берекесін келтіріп, бала-шағаға түзу тәрбие беру үшін қандай білім мен ғылымға сүйену керек? Бүгінгі таңда біз отбасымызға мән беруден бұрын осындай сұрақтарға жауап іздеуді әдетке айналдырып алған сияқтымыз. Біздің ата-әжелеріміз ешқандай психология мен пәлсапаны зерттемей ақ, отбасын сүйетін, еңбекке адал, достыққа берік мықты ұрпақ тәрбиелеп шығарған еді ғой.

Мен бүгін атам мен әжемнің өмірін әңгіме еткім келеді. Сұрапыл соғыс басталған жылдары атамыз Қалымбет небары 13-14 жастағы бала екен. Бірақ, еңбекке ерте араласқан. Кейін документіне 1926 жылы туылған деп жазғызып, (негізі 1928 жылы туған), кенші болып жұмысқа кірген. Содан зейнетке шыққанша сол қызметін қалтқысыз адал орындаған жан. Әжеміз Нағимамен 1952 жылы шаңырақ көтерген. Ата-ене, үлкендерге деген құрметтің биіктігі сондай, тұңғыш балалары Төлеубайды (менің әкем) әкесінің орнына әке болып келген ағасы Өксікбай деген ақсақалдың шаңырағына беріп, Қалила әжеміздің бауырына салады. Әкем шынайы тегін армияға кетер алдында ғана білген екен. Соған дейін сыр болып сақталып келген. Не деген жанашырлық. Үлкендердің көңілі қалмасын деген ниетпен ешбір жан жақ ашпаған. Бар ауыл, барлық бауырдың білгені анық қой. Құрмет деген, шынайы сыйластық деген осы шығар. Ал, Қалымбет атамыз бен Нағима әжеміздің шаңырағында әкемнен кейін он бала дүниеге келген. Сол он бір баланың оны аман-есен ержетіп, отбасын құрып, ата-анадан көрген тәрбиені қайталап, ұрпағын қатарға қосып жатқан жайы бар. Он баладан 29 немере сүйіп, олардан тараған 44 шөбересінің алақанынан су ұрттаған әжеміз әлі күнге ортамызда. Үлкен шаңырақтың ұйтқысы, берекесі болып отыр. 2003 жылы ата-әжеміздің алтын тойын тойлаған едік. Сонда атам «Қиыншылығы мен қызығы қатар жүрген өміріме ризамын. Артымнан ерген бала-шағама да ризамын. Жақсы ғұмыр кешіп, жақсы ұрпақ өсірдік деп ойлаймын. Енді, алам десе, Аллаға ризамын» деген болатын. Атамыз 2004 жылы 76 жасында дүниеден озды.

Бақыт деген осы шығар. Өкінбейтіндей өмір сүріп, ізіңді жалғастырар жақсы ұрпақ тәрбиелеп, өмірден ізіңнің жоғалмайтындығын сезіну бақыт шығар. Атамыз да, әжеміз де зейнетке шыққанша еңбек етті. Балаларына да, немерелеріне де уақыт бөле білді. Туыс-туғанмен де қарым-қатынасы жоғары деңгейде болды. Биік шаңырақ, берік босаға деген осы болар.

Айнаш БЕГІМ.

Бағалы бағдарлама

Пятница, 15 мая 2020

Қарағанды облысында Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жалпы құны 63,7 млрд теңге болатын 625 жоба іске асырылады. Нәтижесінде 16 106 жаңа жұмыс орны ашылады. Оның тең жарымына, яғни, 8053 орынға жолдама жұмыспен қамту орталықтарынан беріледі. Жобаларды жүзеге асыру барысында жаңа нысандар салынып, ескілері жөндеуден өтеді, сондай-ақ, ауылдар абаттандырылып, коммуналдық сала қызметін жетілдіру көзделуде. (далее…)

Жұмыссыздар қатары азаяды

Пятница, 15 мая 2020

Азаматтарды жұмыспен қамту – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Мамандардың кәсіби әлеуетін іске асыру және олардың жұмысқа орналасуына көмектесу бағытында жүзеге асырылып жатқан түрлі бағдарламалар бар. Солардың қатарынағы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының маңызы зор.

Сәтбаев қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шапағат Әубәкір аталмыш бағдарлама бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде әңгімелеп берген еді.

– Алдағы уақытта қаламызда 16 жоба іске асырылмақ. Ол, білім беру, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және құрылыс саласын қамтиды. Нақты тоқталатын болсақ, білім беру саласы аясында Абай атындағы №4 мектеп-лицей ағымдағы жөндеуден және №3 балабақша күрделі жөндеуден өтетін болады. Бұдан бөлек, тұрғын үй коммуналдық саласы бойынша қаладағы негізгі деген көшелерге, Батыс аудандағы автокөлік жолдарына жөндеу жұмысы жүргізіледі. Сонымен қатар, 2019 жылы басталып, аяқталмай қалған жобаларға да қосымша қаражат бөлінуде. Бағдарламаның негізгі мақсаты төтенше жағдай кезінде жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту болып табылады. Осы бағдарлама аясында өткізілетін байқауға қатысатын мердігер компанияларға арнайы талаптар қоямыз. Конкурсты жеңіп алған мердігер компания жұмысшыларының елу пайызын жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған азаматтар қамтиды. Яғни, олар осы арқылы жұмыспен қамтамасыз етіледі. 16 жобаны іске асыру үшін 2 млрд 842 млн теңге бөлінген.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет автордікі.

Еріктілердің еңбегі ерен

Пятница, 15 мая 2020

Елде орын алған төтенше жағдайға байланысты «Saryarqa Jastary» облыстық еріктілер штабының атқарып жатқан игі істері ауыз толтырып айтарлық. Мереке қарсаңында Қарағанды қаласындағы аз қамтылған 1500 отбасы мен 32 соғыс ардагеріне азық-түлік қораптарын табыстады. (далее…)

Баспана сыйлады

Пятница, 15 мая 2020

Мұсылман қауымы үшін жылдың ең қасиетті, әрі ерекше айы – Рамазан. «Харекет» қайырымдылық қоры «30 күнде – 30 баспана» ұранын ұстанып, Рамазан айының әрбір күнінде көмекке мұқтаж аз қамтылған көпбалалы аналарды қуантуда.

Оразада жалғасқан игілікті шарада кезекті 201-ші баспана Сәтбаев қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Дана Азнабаеваға бұйырды. 10 жылдан бері баспана тауқыметін тартқан ана қайырымды жандардың арқасында 3 бөлмелі пәтерге қол жеткізді.

– Көп балалы анамын. Балапандарымның ризығы болар, баспаналы болып жатырмын. «Харекет» қайырымдылық қорына жағдайымды айтып көмек сұраған болатынмын. Бірақ, дәл осылай тез арада баспаналы боламын деп күткен жоқпын. Тосыннан үлкен сыйлық жасағандарға алғысым шексіз. Барлығына рахметімді айтамын. Бұған дейін пәтерден пәтерге көшіп, үй жалдап тұрдық. Жаңа баспаналы болу он жылдан бергі арманым еді. Енді, міне, соған қол жеткіздік. Ораза айында баршаңызға Алланың нұры жаусын! Игі шараға атсалысқан иманды, қайырымды жандарға Алла Тағала разы болып, екі дүниенің жақсылығын нәсіп етсін» – дейді Дана.

Үйлі болған балақайлар мәз-мейрам. Осы отбасының үлкен қызы Жәния да өздеріне баспана сыйлаған аға-апаларына алғыс айтып, әсерімен бөлісті. (далее…)