Архив за 15 мая 2020

Діни экстремизмнің алдын алу

Пятница, 15 мая 2020

Соңғы жылдары Орталық Азия аумағында жалпы экстремизм түрлерінің қауіпі күшеюде. Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан Республикасындағы әртүрлі экстремизмдік бағыттағы ұйымдар тарапынан болған жайлар діни экстремизм құбылысын зерттеудің маңыздылығын көрсетеді. Біз елімізде ұлтаралық және конфессияаралық негізгі шиеленіс болмағандығын мақтанышпен айта аламыз. (далее…)

Қамданған қапы қалмайды

Пятница, 15 мая 2020

Елімізде карантин режимінің енгізілгеніне байланысты індеттің өршіп кетпеуі үшін тиісті тапсырмалар беріліп, қауіптің бетін қайтаруға біршама шара атқарылғаны мәлім. Десе де әбігерге салған дерт әлемнің әлеуметтік-экономикалық әлеуетіне де өз ықпалын тигізбей қоймағаны тағы шындық. Өндірісі өркен жайған өңірлердегі ірі кәсіпорындар өз жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болса, жеке кәсіпкерлер де кәсібін дөңгелете алмай біраз абдырап қалғаны рас. Үкіметтің бұл жағдайды реттеуге қатысты ұстанымы көптің көңілінен шығуда. Жақында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жолдаған мәлімдемеде бизнес үшін де, қарапайым халық үшін де оңтайлы шешімдер мен ұтымды ұсыныстар айтылған болатын. (далее…)

Помогать, так масштабно!

Пятница, 15 мая 2020

457 особо нуждающихся сатпаевцев получили продуктовую помощь от карагандинского ТОО «ALPAR GROUP» в рамках всереспубликанской акции добра «Біз біргеміз!»

1500 продуктовых наборов, а лучше сказать – 1500 коробок с продуктами (крупы, макаронные и кондитерские изделия, сахар и растительное масло) весом в 23 килограмма каждая, сатпаевцы смогли получить, начиная с 7 мая – Дня защитника Отечества – в распределительном пункте городского Дома дружбы.

– Мы всецело поддерживаем инициированную главой государства акцию добра «Біз біргеміз!», – так прокомментировал беспрецедентную по размаху одномоментную продуктовую помощь Ерканат КОЖАХМЕТОВ, учредитель ТОО «ALPAR GROUP». – А так как мы работаем на территории Карагандинской области, мы несем социальную ответственность за благополучие жителей региона.

Всего ТОО «ALPAR GROUP» выделило свыше 15 миллионов тенге на приобретение 35 тонн продуктов для оказания помощи пожилым людям, инвалидам, многодетным семьям и другим категориям нуждающихся граждан.

Евгений ВАНЮШОВ.

ҚАҺАРМАН АҒА ҒАЗЕКЕҢ

Пятница, 15 мая 2020

Ғазиз Омаров 1925 жылы 15 мамырда туған. Мектепке алты жасынан барыпты. Ол уақытта ауылда мектеп болмағандықтан, Жезқазған поселкесінде туыстарының үйінде жатып оқыған екен. Сол жерде №9 орыс орта мектепті бітіріпті. Соғыс басталған уақытта оныншы кластан кейін жұмысқа орналасады. №31 шахтада нормировщик болып еңбек етіп, 1944 жылы Алматының тау-кен институтына түседі. 1949 жылы тау-кен инженері мамандығы бойынша қызыл диплом алып шыққан екен. Жезқазған руднигінің №31/32 шахтасына тау-кен мастері болып орналасады. Екі-үш ай өткесін шахтаның бас инженері болып көтеріледі. 1952 жылы №42-47 шахтаға бастық етіп жіберіліп, кейін Орталық Комитеттің парторогы болып сайланады. Ол жерде біраз жұмыс істеп, Ғазекең жоспарын көп жылдары орындамай келе жатқан шахтақұрылыс басқармасына сұранып, парторгтен босап шығады. Ол келгеннен кейін көп ұзамай ШСУ-1 жұмысы жөнделіп, қатарға қосылғанда В.Гурба Ғазекеңді Жезқазған кен басқармасына директор етіп тағайындайды. Бұл қызметте де ол ойдағыдай табысқа жетті. Бесжылдықтың соңғы жылы келгенде В.Гурба Жезқазған кен басқармасын үшке бөліп жіберді. Сол екі арада Ғазекең комбинат директорының өндіріс жұмыстары жөніндегі орынбасары болып тағайындалады.

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары Жезқазған кен-металлугия комбинаты ұжымының алдына кен өндірудің тиімді жолын тауып, кеніштердің қуатын еселеу жөнінде жоспар қойылды. №55 және №57 шахталар дүниеге келіп, мыс кенін молынан өндіре бастады. 1966 жылдың 30 наурызында Қаз.ССР Кеңесі министрлігінің Қаулысымен Жезқазған өңірінде тағы бір ірі кәсіпорын бой көтереді. Ол Жезқазған шахтапроходкалау тресі еді.

Шахта құрылысын жүргізу мақсатында ірі трестің бірінші басқарушысы болып Ғазиз Омарұлы Омаров тағайындалды. Трест комбинатпен бірге Қазақстан Түстіметаллургия Министрлігіне бағынды. Бірінші бас инженер В.Г.Игнатьев болды. Украинадан оқпандарда істейтін жұмысшылар және инженер-техник кызметкерлер шақырылды. Келген адамдарға пәтер беріліп отырды. Дегенмен, өз мамандарымызды дайындау мәселесі де туындады. Яғни, білікті кен инженерлері керек еді. Алматыдан, Қарағандыдан бір топ жас маман келіп жатты. Әсіресе, Қарағанды политехникалық институтының шахта құрылыс кафедрасынан жас мамандар көптеп келді. Солардың ішінде мен де болдым. Мен жұмысқа үйренуші шәкірт ретінде қабылдандым. Кейін трест аппараты құрамына шақырды. Директор әрқайсымызбен жеке сөйлесіп, еңбек ұжымы алдындағы міндеттер туралы баяндап беретін. Осылайша Ғазиз Омарұлын жақынырақ біле бастадым. Қатаң тәртіптің адамы еді. Әр маманнан өз жұмыс орнындағы міндетін мұқият орындауын талап ететін. Трест ұжымы алғашқы жылдардың өзінде-ақ кезек күттірмейтін өндірістік, шаруашылық-ұйымдастыру шараларын жүзеге асырды. Ең алдымен шахтапроходкалау басқармалары арнаулы режимге көшірілді. №1, №2 басқармалары көлбеу және тік проходка жасауға бейімделсе, жаңадан құрылған №3 басқарма оқпандарды әзірлеп, монтаж, электромонтаж, бетон, армировка және құрылыс жұмыстарын атқаратын болды. (далее…)

АЗАМАТ АМАНАТЫН АРҚАЛАП…

Пятница, 15 мая 2020

Ел шетіне жау тиіп, ер-азамат Отан қорғауға аттанғанда олардың өндірістегі орнын негізінен азамат аманатын арқалаған аналар мен арулар алмастырды. Маман мәселесі қысқа мерзімде қалай шешілді? Сындарлы сәтте өндіріске қанша қыз-келіншек тартылды? Олар негізінен қандай кәсіп меңгерді? Қиын кезеңде қандай нәтижеге жетті? Енді қалалық мемлекеттік мұрағат дерегіне сүйеніп, осы сауал төңірегінде әңгіме өрбітейік.

Маман мәселесі Ұлытау-Жезқазған аймағында соғыс басталған сәттен-ақ күн тәртібіне өткір қойылды. Өйткені, алғашқы алты айдың өзінде жұмыс күшінің үштен бір бөлігінен астамы қолына қару алып, майданға аттанды. Ырғалып-жырғалуды уақыт көтермейтін. (далее…)

Мы помним Героев Победы

Пятница, 15 мая 2020
Нор Надежда Захаровна

Родилась 12 августа 1923 года в селе Георгиевка Самарской области. В 1938 году окончила фельдшерскую школу и до 1943 года работала медсестрой в Самаре. 8 сентября 1943 года в звании лейтенанта отправилась на фронт, и сразу же попала на одну из самых кровопролитных битв – Курскую дугу.
Служила в составе II Украинского фронта старшей медсестрой фронтового госпиталя в отделении по оказанию первой помощи при ранении в верхнюю часть тела – голову, грудь, живот. Была ранена и контужена сама. После лечения вернулась в строй.
День Победы встретила в чехословацком городе Брно. Но службу завершила только в январе 1949 года, так как сразу после капитуляции Германии Н.Нор была отправлена на Дальний Восток, в город Тайшет Иркутской области, начальником амбулатории войск МВД. После увольнения в запас вернулась домой.
В 1956 году с мужем приехала в поселок Джезказган. Работала в больнице. На пенсию ушла в 1980 году из детской поликлиники. (далее…)

Несломленный судьбой

Пятница, 15 мая 2020

В истории казахского народа было немало горестных страниц, связанных с многочисленной гибелью ни в чем неповинных людей, полных человеческих страданий и потерь. Это годы голодомора, унесшие сотни тысяч жизней, политические репрессии, итогом которых стали разрушенные семьи, ссылки, тюрьмы и массовый расстрел, иногда даже без суда и следствия. Еще, это война – не знавшая ни милости, ни жалости к старикам и детям, искалечившая миллионы судеб. И страшно даже представить, что были те, кто прошел все эти круги ада и выжил! Наперекор судьбе, которая каждый раз готовила новые испытания, словно проверяя на прочность и силу духа. (далее…)

Наш священный долг

Пятница, 15 мая 2020

Мой отец – Сейлов Ахмедья Байдаулетович – ветеран войны. Он родился в 1924 году. В ноябре 1942 года его призывают в армию, ему тогда было 18 лет. Проходил службу в войсках связи. Начал рядовым и дослужился до командира отделения в звании сержанта. (далее…)

Қызметші үшін басшы жауапты

Пятница, 15 мая 2020

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың бағынышты қыз-
меткерлердің сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін басшыларының жауапкершілікте болу институтын енгізудің маңыздылығын атап өтуіне байланысты, 2019 жылдың 26 қарашасында мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. (далее…)

КЕУДЕСІН ОҚҚА ТӨСЕГЕН Көшен атамның өзі айтпаған ерліктерін архив құжаттары айғақтады

Пятница, 15 мая 2020

Мен атамның соғысқа қатысқанын да, ол кісінің медальдарын балалары аса зор құрметпен сақтап қойғанын да білетінмін. Ал, «бұл медальдарды атама қандай ерліктері үшін берді екен?» деп қызығушылық танытсақ, «соны атаң айтпай-ақ кетті ғой» дейтін жауап еститінбіз. Мұндай сөзге көңілім толмаған мен оларға «Әттең, өзім болғанда атамнан бәрін сұрап, біліп алатын едім» дейтінмін. Бұлай дейтінімнің де себебі жоқ емес, өйткені, ол менің екі жасымда дүниеден өткен екен. Мүмкін мені талай алдына алып еркелеткен шығар, менің күлгенімді, жүргенімді қызықтаған болар… Ол кісінің бейнесін көз алдыма әрине, зор денелі, батыр тұлғалы кісі ретінде елестететінмін. Өйткені, неміс фашистерімен соғысқан, сол кезде бір емес екі мәрте медаль алған кісінің бейнесін басқаша елестету мүмкін бе? Бала қиялыммен солай армандаған да шығармын. Сайып келгенде арманым алдамапты. Менің атам соғыста елін, жерін, Отанын қорғаған хас батырлардың бірі болыпты. Мен Батырдың ұрпағымын. Мұны барынша мақтан етуге қақым бар. (далее…)