Архив за 12 Июн 2020

Во имя здоровья горожан

Пятница, 12 Июн 2020

К началу отопительного сезона наш город получит обновленный во всех смыслах роддом. Работы по преображению родильного отделения центральной больницы № 1 уже идут полным ходом.

– Это стало возможным благодаря совместным усилиям наших городских депутатов, в частности депутата от здравоохранения Шолпан Мухамедгалиевой, депутатов Карагандинского областного маслихата от Жезказганского региона, Жезказганского зонального представительства Управления здравоохранения Карагандинской области и лично Ержана Нурлыбаева, руководителя Управления здравоохранения Карагандинской области, с которым мы неоднократно встречались по этому вопросу, – говорит Жомарт АХАНОВ, директор, главный врач «Центральная больница № 1 г.Сатпаев». – В итоге УЗКО профинансировало нам капитальный ремонт родильного отделения на сумму 223 миллиона 104 тысячи тенге и благоустройство территории больницы на сумму 89 миллионов 40 тысяч тенге.

– Капитальный ремонт и благоустройство территории плановые?

– Плановые, – подтверждает Жомарт Музарафович. – Но сегодня, в условиях сложившейся непростой экономической ситуации и во всем мире, и в нашей стране из-за глобальной пандемии коронавируса COVID-19, каждая копейка на счету. Тем не менее, и президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев, и правительство, и руководство области нашли возможность сделать систему родовспоможения более качественной, так как это всегда наиболее приоритетное направление.

И это правда. Простой пример: в нашем небольшом городе на 70 тысяч населения 17 тысяч женщин детородного возраста, а прибавьте сюда экстренных рожениц из Улытауского района, да и всего Жезказганского региона… До 777 родов ежегодно принимает родильное отделение Центральной больницы № 1! А капитального ремонта здесь не было почти 17 лет… (далее…)

Күрделі жөндеу кідіріссіз

Пятница, 12 Июн 2020

Сәтбаев қалалық орталық аурухананы жөндеу кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Биыл медициналық мекеменің перзентхана бөлімі негізге алынып, маусым айынан бастап күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Өткен аптада қала әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясының өкілдерінен құралған мониторингтік топ аталмыш нысандағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Сәтбаев қалалық мәслихат хатшысы Татьяна Хмилярчук бастаған мониторингтік топ құрамында қалалық әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Гүлмира Таңсықпаева, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиал басшысының орынбасары Қайрат Балмағамбетов, қалалық Қоғамдық кеңестің мүшелері мердігер ұйымдардың басшыларымен нысандағы жөндеу жұмыстарымен танысты. Перзентхананы қайта қалпына келтіруге облыстық денсаулық сақтау басқармасынан 223 миллион теңгеден астам қаражат бөлінсе, аурухана аумағын абаттандыруға 89 миллион теңге қарастырылған. Бүгінде мердігер компаниялар таңдалып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Аурухана басшысы Жомарт Аханов перзентхананың 17 жылдан бері күрделі жөндеу көрмегенін айтып, мұндағы жұмыстарды жылыту маусымына дейін аяқтауға өтініш қылғанын жеткізді. Мердігер ұйым мекеме басшылығының ұсынысын ескеріп, жөндеуді 1 қазанға дейін бітіретінін мәлімдеген.

Бақылау тобының мүшелері жауапты ұйымға жөндеу сапасына баса мән беруді сұрады. Төрт ай ішінде нысан қапталып, кәріз жүйесі, су және жылу құбырлары, электр сымдары толық ауыстырылатын болады. Бұдан бөлек аталған ұйыммен аурухананың 9 мың шаршы метр жолын жөндеу, жиектастар мен жарық шамдарын орнату жоспарланған.

Іңкәр БУКИШЕВА,
Еуразия Ұлттық Университетінің журналистика және саясаттану факультетінің студенті.
Сурет автордікі.

«ҚОҢЫРАУ ШАЛУ ЕКІ ЕСЕ АЗАЙДЫ», – дейді Сәтбаев қалалық жедел жәрдем подстанциясының меңгерушісі Н. Мұқамбединов

Пятница, 12 Июн 2020

Басы ауырып, балтыры сыздаған адамның ең бірінші жүгінер жері – жедел жәрдем қызметі. Ал, қоңырау шалып, көмек сұраған науқастарға алғашқы медициналық жәрдем көрсету – жедел жәрдем қызметінің басты міндеті. Міне, сол қызметті абыроймен атқарып, дертке дауа, жанға шипа жасап келе жатқан Сәтбаев қалалық жедел жәрдем дәрігерлерінің жұмысы бүгінгі әңгімемізге арқау болмақ.

Қала тұрғындары жедел жәрдемнің көмегіне жиі жүгінетіні белгілі. Сондықтан, жедел жәрдем қызметкерлері тәулік бойы тынымсыз жұмыс істейді. Әрбір қоңырауды жауапсыз қалдырмай, барлық науқастарға көмек көрсету – олардың басты міндеті. Дегенмен де, жедел жәрдем қызметінің жұмысын мінсіз деп бағалайтындардан олардан кемшілік іздейтіндердің қатары басым. Әсіресе, «жедел жәрдем дер уақытында жетпейді» деп айыптайтындар көп. Жылдамдық пен шыдамдылықты, кәсіби біліктілікті қажет ететін медицинаның бұл саласында қызмет ету екінің бірінің қолынан келе бермесі анық.

– Жалпы, жедел жәрдем дәрігерлері өздерінің қызмет бабындағы шектеулі ережелерін сақтауға міндетті. Жедел жәрдем көрсететін қызмет шақырту санаттарының себебі мен шұғылдығына байланысты анықталады. Негізінен, жедел жәрдем қызметіне жарақат алғанда, жол-көлік оқиғасына ұшырағанда, уланып қалғанда, науқастың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіндей созылмалы аурулардың асқынуы салдарынан туындаған ауыр жағдайларда, жүкті әйелдердің толғағы қысқан кезде хабарласуы қажет. Бірақ «қит» етсе жедел жәрдемге хабарласқанды құп көретіндер де табылады, – дейді подстанция меңгерушісі, жоғары дәрежелі дәрігер Нұрлан Мұқамбединов.

Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, жедел жәрдем қызметін негізсіз шақыртатындар қазынаға шығын келтіреді екен. Тіпті шет елдерде жедел жәрдем шақырғаны үшін оның медициналық сақтандыру қорынан 5 мың долларға дейін қаржы ұсталатын көрінеді. (далее…)

Жас таланттар топ жарды

Пятница, 12 Июн 2020

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайы жанындағы мәдениет және шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен аймақтық «Еркетай» фестивалі өтті.

Балалардың шығармашылық қабілетін арттыру, эстетикалық және көркемдік талғамын дамыту, балдырғандарды ұлттық-рухани тұрғыда тәрбиелеу, дарынды, таланттыларды анықтау мақсатындағы байқау қашықтан онлайн өткізілді. Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев, қалалары мен Қарсақбай, Ұлытау, Жезді, Жәйрем елді-мекендерінен бағын сынаған 19 үміткер вокал, 16 ансамбль би номинациясы бойынша бар өнерін ортаға салды. Фестивальге қатысқан барлық балаларға салтанатты түрде бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

(Өз тілшіміз).

Құлақ құрышын қандырды

Пятница, 12 Июн 2020

Елімізде жарияланған карантин кесірінен жоспарланған бірқатар шара кейінге шегерілуде. Кейбірі онлайн форматта өтуде. Осындай шара Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында ұйымдастырылды.

Ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы мен әйгілі композитор Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығын арқау еткен ерекше форматтағы концерттің басты кейіпкерлері мәдениет және шығармашылық орталығы жанынан құрылған «Кеншілер сазы» фольклорлық ансамблі болды. Бағдарлама әдеттегідей ҚР Мемлекеттік Әнұранының орындалуымен басталып, өнер ұжымының өнерімен жалғасты. Кеш барысында ұлттық аспаптар ансамблі Абай Құнанбаевтың әндерін орындап, композитор Нұрғиса Тілендиевтің күйлерін күмбірлетіп, өнерсүйер қауымның құлақ құрышын қандырды. Осылайша онлайн көрермендерге жоғары көңіл-күй сыйлады. (далее…)

Нарушили санрежим работы

Пятница, 12 Июн 2020

В 100 детских садах региона начали работать дежурные группы для детей, чьи родители вышли на работу после снятия режима чрезвычайного положения. Кроме того, открылись 12 коррекционных кабинетов, а с 8 июня возобновлена деятельность объектов дополнительного образования и развивающих центров для детей и взрослых. Об этом сообщили в департаменте контроля качества и безопасности товаров и услуг Карагандинской области. (далее…)

Нәтижелі жүзеге асуда

Пятница, 12 Июн 2020

Елімізде «Жұмыспен қамтудың Жол картасы 2020» бағдарламасы табысты жүзеге асып келеді. Жобаның негізгі мақсаты – жұмыссыздық санын азайта отырып, халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету. (далее…)

Жаңалықтар жаршысы

Пятница, 12 Июн 2020

Кенді шаһардың байырғы басылымы «Шарайна» газеті 30 жылдық тарихқа ие. 1990 жылдың 4 маусымында «Сары-Арка» атауымен өз оқырмандарына жол тартқан екен. Ал, 1996 жылдың 22-ші наурызынан бастап «Шарайна» деп өзгертілді. Тәуелсіз еліміздің мәртебесін арттырып, жаңалықтар жаршысы атанды. Газет ұстаханасынан қарымды қалам иелері тәрбиеленіп шықты. Бүгінде «Шарайна» газеті өзіндік үні, мерейлі мектебі, айқын бағыт-бағдары және мыңдаған оқырманы бар басылымға айналып отыр. (далее…)

Гаухар Жалмурзина: «Қауіп әлі сейілмей тұр»

Пятница, 12 Июн 2020

Бүгінде елімізде коронавирус індетін жұқтырғандар саны 8 маусымдағы ақпарат бойынша 12859 адамға жетті. Олардың 7557-сі бұл сырқаттан сауығып, үйлеріне оралды. Өкінішке қарай, 56 адам көз жұмды.

Кейбір аймақтарда дерттің таралуы әлі де бәсеңдемей отыр. Сондай қатерлі аймақтардың қатарында Қарағанды облысы да тұр. Сәтбаев қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Гаухар Жалмурзина карантин режимі жеңілдетілгенмен, өңірде қауіптің әлі де сейілмей отырғанын айтады. Сондықтан, тұрғындарға сақтық шараларын барынша ұстануды ескертеді.

– Гаухар Шәріпқызы, әңгімемізді әуелі қаланың бүгінгі ахуалынан бастасақ. Тәжтажалдың қаладағы көрсеткіші қанша?

– Кеншілер қаласы бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 38 адам болды. Олардың жартысынан астамы симптомсыз деп табылып үйлеріне шығарылды. Бұлардың денін кешегі «Жомарт» кенішінен келген кеншілер құрап отыр. Өздеріңізге мәлім, осыдан бірер апта бұрын, нақтырақ айтқанда 26 мамырда «Қазақмыс» корпорациясының «Жомарт» кенішінен дене қызуы көтерілген, аздаған жөтелі бар кеншілер қалалық емханаға келіп көрінген. Бұдан кейін тағы тоғыз адам осындай симптоммен келген соң мамандар аталмыш кен орнын қатаң бақылауға алып, онда коронавирус сырқатының таралуына жол бермеу шараларына кірісіп кетті. Кеніште сол аймаққа жауапты медициналық мекемелер залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Ал біз қалаға келген кеншілерді бақылауға алып, оларды провизорлық орталық пен инфекциялық орындарға, карантиндік қадағалау орны мен үйлерінде бақылауға алуға бөлдік. Соңғы бір аптаның ішінде «Жомарт» кенішінен жүзден астам адам келіп, тексеріліп, бақылауға алынды. Осыдан кейін біз өндіріс басшыларына, тіпті Бас директордың атына хат жазып, талапты күшейтуді тапсырдық… (далее…)

Мазұнды басқосу

Пятница, 12 Июн 2020

«Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС жанындағы «Ардагерлер кеңесінің» құрамындағы Сәтбаев филиалы кезекті семинар-жиналыс өткізді.

Басқарма төрағасы Т.Бүкіровтың жарлығымен өткен семинардың басты мақсаты – бастауыш ұйым басшыларына бағыт-бағдар беру, іс-қағаз жүргізудегі заңнамаларды толықтай түсіндіру.

Баяндама жасаған басқарма төрағасы Т.Бүкіров жоспарланған тармақтарға толық түсініктеме беріп, бастауыш ұйым басшыларынның сұрағына жауап берді.

Жыл басынан карантинге байланысты көп іс-шаралар өтпей қалды. Дегенмен, ардагерлердің мектеп оқушылармен кездесуі жүйелі түрде жүргізілуде. Өнер мектебінде, «Достық үйінде» өткен тағлымды шаралардың берері мол. Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Ж.Үншібаев атамыз қызмет еткен ғимаратқа ескерткіш тақтайша орнатып, игі істің ұйытқысы болдық. Қаламыздың Құрметті азаматтары Я.Асатов, С.Атабаев, М.Тілеуов, спорт ардагерлері Ә.Молдағалиев, А.Бабин, М.Шағырай белсенділік танытып жас буынға мамандық таңдауда, салауатты өмір сүруде жол сілтеп жүр.

«Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС басшылығы, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы «Нұр Отан» партиясы Қарағанды филиалы, «КәсіпҚорған» кәсіподақ ұйымдарының қолдауымен ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Осы ретте серіктестерімізге шексіз алғыс білдіреміз.

Ибадулла БАЙБАТЫРОВ,
Батырбек БАЛМҰҚАНҰЛЫ,
Сәтбаев филиалының бюро мүшелері.