Архив за 19 Июн 2020

Мейірім мен төзім иелері

Пятница, 19 Июн 2020

Дәрігерлік мамандықты таңдап, оның қыр-сырын қанық білу үшін мейірім мен төзім қажет. Жан мен тәнге шипа дарытар ақ халатты абзал жандарға артылатын жүк те ауыр. Оларға қоғамда қанша сын айтылса да, ерекше құрмет тұтатынымыз ақиқат. Басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса бірден дәрігерге жүгінетініміз де рас. Біз медицина қызметкерлері күніне орай, абзал жандардың адал қызметінің қыр-сырына бойлау үшін бір күнімізді Сәтбаев қалалық орталық аурухананың жансақтау бөлімінде өткіздік.

Әрине, ауруханадағы тыныс-тіршілік, оның ішінде жансақтау бөліміндегі жұмыстың қаншалықты қауырт әрі үлкен жауапкершілікті қажет ететіні бәрімізге аян. Адам өміріне араша болатын, алғашқы көмек көрсетіп, дертіне дауа дарытатын дәрігерлердің еңбегі қашанда құрметке лайық.

Бөлімге бас сұқпас бұрын алдымен тазалық сақтау үшін ақ халат пен қолыма арнайы қолғап кидім. Бөлімнің бас медбибісі Ұлбосын Тұрарбекова ұжымды таныстырып, аз-кем әңгімелестік. Бір мезетте бірнеше адамға жедел медициналық көмек көрсете алатын бөлімде көргенімдей біраз уақыт бұрын ауыр жағдаймен түскен төрт науқас ем қабылдап жатыр. Олардың жағдайы әдепкі кездегіден жақсарып, қалыпқа түскен. Бөлімде ауыр жағдаймен түскендерге дер кезінде диагноз қойылып, қажетті ем-дом шарасы жасалады. Жағдайы оңалған науқас басқа бөлімдерге ауыстырылып, тиісті медициналық көмекті алады. Мұнда дәрігерлердің жұмысын жеңілдету үшін оларға тез әрі дұрыс шешім қабылдауына септігін тигізетін, ағзаның өмірлік маңызды қызметтерін бақылуға қажетті медициналық құрылғылар да жеткілікті. Жалпы әр аппараттың өзіндік атқаратын қызметі бар екендігін ескерсек, асығыс әрі шапшаң қимылдау кезінде ағаттық жібермеу де мұндағы маманның басты қағидасы. Бұл орайда кәсіби сауаттылық пен жан-жақтылық бөлімдегі әр қызметкердің бойынан табылады. (далее…)

Құрметті денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен медицина қызметкерлері!

Пятница, 19 Июн 2020

Баршаңызды медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Медицина мамандығы әлемдегі ең қиын мамандықтардың бірі. Сонымен бірге ұзақ уақыт оқу да оңайемес. Бірақ бұл жұмыстың берері мол. Сіздер құтқарған адамдардың және олардың жақындарының алғысы мен шынайы күлкісі – нағыз еңбек жемісінің көрінісі. Күнделікті жұмыста сіздер бізге берілген ең үлкен құндылықтар – өміріміз бен денсаулығымызды қорғайсыздар. (далее…)

Уважаемые ветераны и работники системы здравоохранения города!

Пятница, 19 Июн 2020

Примите самые теплые и искренние поздравления с Днем медицинского работника!

Профессия медика – одна из сложнейших в мире. Учиться ей долго и порой нелегко, но результаты этой работы превосходят все ожидания – это улыбки и благодарность спасенных вами людей и их близких. Ваш труд благороден и бесценен. Нелегким повседневным трудом вы охраняете величайшие ценности, дарованные нам – жизнь и здоровье.

В медицине не бывает простых профессий. Вы не просто работаете с людьми, вы их спасаете, лечите делом, заботой, а иногда и добрым словом. В самые трудные минуты приходите на помощь, проявляя высочайший профессионализм и ответственность, сострадание и доброту.

В нынешних реалиях, когда коварный коронавирус захлестнул страны и континенты, вы, как никто, заслуживаете самых тёплых пожеланий и искренних слов благодарности. Пусть работа приносит радость и удовлетворение, пациенты быстро идут на поправку и возвращаются лишь за тем, чтобы ещё раз искренне поблагодарить за помощь в спасении жизни.

Позвольте пожелать, чтобы Ваша работа, направленная на сохранение жизни и здоровья других людей и требующая самоотдачи и посвящения, придала каждому врачу, фельдшеру, медицинской сестре жизненных сил и душевной крепости, уверенности в собственной востребованности и значимости.

А.ИдрИсов, аким города Сатпаев.
Т.Хмилярчук, секретарь городского маслихата.

ЖӨНДЕУ ЖАЛҒАСУДА

Пятница, 19 Июн 2020

Биыл кеншілер қаласында төрт мектепке — ағымдағы, үш балабақшаға күрделі жөндеу жүргізу көзделген. Оған тиісінше 177 миллион 467 мың теңге және 890 миллион 705 мың теңге қаржы қарастырылған. Тиісті тендер өтіп, бәсекеде бағы жанған мердігер білекті сыбанып, іске кірісіп те кетті. Жөндеу жұмысындағы 268 адамның жартысы «Жұмыспен қамту жол картасы 2020-2021» бағдарламасына сәйкес жұмыспен қамту орталығы арқылы тартылды.

№3 жалпы орта білім беретін мектепте қасбеті жаңартылып, шатыры ішінара жөнделеді, №5 жалпы орта білім беретін мектептің қасбеті қалпына келтіріледі. Бұл нысандардағы шаруамен «Жаңа құрылыс 2012» ЖШС айналысуда. «Құрылыс» жеке кәсіпкерлігі №15 жалпы орта білім беретін мектептің шатырын ауыстырады, ал, «Астана Премимум Строй» ЖШС №19 лицей-мектептің қасбетін және су құбырын жөндейді.

Өткен аптада шаһар басшысы Асқар Ыдырысов мамырда басталған ағымдағы жөндеу жұмысының мән-жайымен танысты. Барлық нысанда жұмыс белгіленген кестеге сай жүргізілуде. Тек №15 мектептің шатырындағы күмбез пішіндес бөлігін жөндеу жағы ептеп қиындық тудыратын түрі бар. Сондықтан, мердігер мекеме басшылығы бірқатар басқа қаладағы осындай ғимаратты жөндеген құрылысшылармен хабарласып, ақыл-кеңес алуда. Қала басшысы жаңа оқу жылы алдында алашапқын болмау үшін мердігерлерге барлық жұмысты тамыздың алғашқы аптасында тиянақтауды тапсырды. «Ең бастысы — жөндеу сапасынан мін табылмауға тиіс» деді ол. (далее…)

Уютно и тепло в подъезде дома моего

Пятница, 19 Июн 2020

Так может заявить любой житель первого подъезда дома №150 по проспекту К.Сатпаева. Еще бы! Благодаря общим стараниям и сплоченности, они превратили свой подъезд в образцовый, который больше напоминает цветочную оранжерею или небольшую выставку картин.

С порога бросается в глаза идеальная чистота и порядок. Уже с первого этажа каждого гостя встречают красивые живые цветы. Они здесь повсюду. Высокие, в больших горшках стоят прямо на полу. Остальные цветочные композиции заняли место на подоконниках. Какие-то соседствуют с картинами, которых здесь не меньше, чем цветов. Где-то нашлось место и собственноручным поделкам.

Признаюсь честно, на каждый этаж я поднималась в предвкушении: а что же там, выше? И с каждым разом приятно удивлялась желанию жителей сделать общую площадь красивее и комфортнее.

– Дом начинается с подъезда! Мы не ограничиваемся уютом и комфортом в своих квартирах. Хочется, чтобы и подъезд радовал глаз. Тем более, это общая собственность. Ведь приятно после тяжелого рабочего дня заходить в чистый и уютный подъезд. Глядя на цветы, мы и про усталость забываем, – в один голос утверждают жители. (далее…)

Мурал немесе қабырға суреті жайлы не білеміз?

Пятница, 19 Июн 2020

Көшеге көрік беретін, зәулім ғимараттардың қабырғаларына салынған суреттер туралы естіген боларсыз. Көше мәдениетінің бір түріне айналған муралдар соңғы жылдары елімізде кең қолдауға ие болып, стрит-арт стиліндегі туындылар көптің көзайымына айналуда. Белгілі бір тақырыпқа құрылған әрі көркемдік ерекшелігі бар бұл суреттер еліміздің ірі қалаларында салынып, шаһар көркін одан сайын ажарландыра түсуде. Қала келбетіне ерекше әр беретін таңсық өнер жөнінде аз-кем әңгіме өрбітпекпіз. (далее…)

Ауқымды шара өткізілмек

Пятница, 19 Июн 2020

ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойына арналған шара Жезқазған қаласындағы «Дидар» телеарнасының баспасөз орталығында өткізілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атаулы күнді мерекелеу аясында Ұлытауды халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризм орталығы ретінде насихаттап, Жошы ханның есімін ұлықтауды қолға алу қажеттігін айтқан еді. Президент тапсырмасын жүзеге асыруды қолға алған «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігі ауқымды шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Ал, қаржыландыру мәселесіне «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС демеушiлік етпек. БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде қоғамдық бірлестік төрағасы Төлеген Бүкіров жоспарларымен бөлісті. (далее…)

Маусымның марқасы қанша?

Пятница, 19 Июн 2020

Тәжтажалдың таралуына жол бермеу мақсатында жасалып жатқан шектеулер қай салаға болмасын өзінің салқынын тигізіп жатқанын жасыра алмаймыз. Бұл әсіресе бағадан айқын байқалып тұр. Үш айға созылған шектеу шаралары салдарынан сырттан келетін тауарлардың ішкі нарыққа уақытылы жетпеуінен дүкендердегі дүниелердің бағасы көтерілді. Өйтпеске тағы болмайды. «Табыс аз. Шығын көп», – дейді кәсіпкерлер… (далее…)

Шалыс басқанға шынайы қамқорлық

Пятница, 19 Июн 2020

Істі болғанды әлеуметтік сауықтыру – тұтас қоғам үшін қайырлы қарекет. Абақтыда жазасын өтеп қайтқан және пробация (бас бостандығынан айырмай жазаланғанды арнайы бақылау – авт.) қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастырумен қатар қайта қылмыс жасауына жол бермеу қажеттілігі – күн тәртібіндегі келелі мәселе. Бүгінде сол есепте тұрған тұлғаларды қоғамға бейімдеу мақсатында түрлі игі шаралар жасалуда.

Кеншілер шаһарында есепте тұрған азаматтарды бақылау және қоғамға бейімдеуді Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты Сәтбаев қалалық пробация қызметі жүзеге асырады. Бүгінде қызметтің есебінде сотталған 150 азамат тіркеуде тұр. Жыл басында сотталған 205 тұлға есепте болса, алты ай ішінде сот үкімінде тағайындалған міндеттерді дұрыс орындағаны үшін 55 азамат мерзімінен бұрын есептен шығарылған.

– Пробация қызметі жазасын құқық бұзушылықсыз өтеп жатқан азаматтарға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 72-бабына сәйкес шартты түрде мерзімінен бұрын босату мақсатында сотқа қолдау хат жолдайды. Сот қанағаттандырған жағдайда сотталған азамат жаза өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылады. Жазасын өтеу барысында тәртіп бұзғандарды пробация қызметі жазасын ауыстыру мақсатында сотқа ұсыныс жолдайды. Сот ұсынысты қанағаттандырған жағдайда тәртіп бұзған азаматтың жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырады. Биыл жаза өтеу тәртібін бұзған 9 азамат түзеу мекемесіне жіберілген, – дейді қалалық пробация қызметі бөлімінің басшысы Ахат Полат.

Әлеуметтік сауықтыру пробация қызметінің тиімді құралы ретінде маңызға ие. Жалпы жазасын өтеген және есепте тұрғандарға мекеме-кәсіпорын көмегімен әлеуметтік жәрдем жасау мүмкіндігі қарастырылуда. Қала әкімдігінің қаулысымен 5 жұмыс орнына квота қарастырылған.

Бөлімде жазасын өтеп оралған адамның материалдық-тұрмыстық жағдайы жіті зерттеледі, жәрдемақы түрінде әлеуметтік көмек алу тәртібі түсіндіріледі, жұмысқа тұруына ықпал жасалады. Мәселен, биыл соңғы алты айда 24 адам жұмысқа орналасқан. Ал, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы санатындағы 8 азаматқа «Қамқор» әлеуметтік қолдау орталығы арқылы бір реттік көмек берілген. Пробация қызметімен жазасын өтеушілердің қайта қылмыс жасамау, қылмыстың алдын алу мақсатында ұдайы профилактикалық жұмыстар жүргізіліп отырады.

Нұрлат ҚОНЫСБАЙ.
Сурет автордікі.

Жоба жемісін беруде

Пятница, 19 Июн 2020

Ел экономикасының дамуына, өндірісінің өркендеуіне тікелей әсер ететін энергия көздерін үнемдеу мәселесі соңғы жылдары күллі әлемнің назарында. Маңызды сұрақты оңтайлы шешуге кеншілер шаhары да барынша әрекет етуде. 2013 жылдан бастап кенді қала Ғаламдық Экологиялық Қордың ұйымдастырумен өтетін энергия көздерін үнемдеу бойынша іс-шара, конференция, семинарларды айтпағанда нақты жүзеге асып жатқан жобалардың тұрақты қатысушысы. Солардың бірі 2019 жылдан бері Сәтбаев қаласында жүзеге асып жатқан электр қуатын тиімді пайдалануға бағытталған пилоттық жоба. Нәтижесінде бірнеше қала мектептерінде дәстүрлі жарықтандыру тиімді әрі үнемді светодиодтық шамдарға алмастырылып, электр энергиясымен қатар мектеп бюджеті де әжептәуір үнемделуде. (далее…)