Архив за 26 Июн 2020

Телеарнада – тың жобалар

Пятница, 26 Июн 2020

Кеншілер шаһарына хабар тарататын «AQSHAM» телеарнасы бүгінде қала жұртшылығына ғана емес, Жезқазған өңіріне тұтас ақпарат таратуға қауқарлы арнаға айналды. Ақпарат айдынында екі жыл бұрын ғана желкен керген телеарнаның бүгінгі беталысы көңіл қуантарлық.

«AQSHAM» телеарнасының алғашқы хабары телекөрермен назарына 2018 жылдың 12 маусымы күні ұсынылған болатын. Содан бері алуан сипатты хабарды еш іркіліссіз таратып келе жатқан телеарна бірнеше ауқымды шараны тікелей эфирде көрсетіп, көрерменді тәнті ғып келеді. Күнделікті жаңалықтар топтамасын шығарудан бөлек, тілшілердің авторлық бағдарламалары да көптің көкейіндегісін дөп басуда. Ақпарат және байланыс қызметкерлері күні қарсаңында телеарнаның тыныс-тіршілігімен танысып, телеарнаның қазақ редакциясының бас редакторы Алтынгүл Төлегеновамен аз-кем сұхбат құрдық.

– Алдымен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Телеарнаның негізгі бағыты қандай? Ұжымда қанша адам еңбек етеді?

– Рақмет. Арнаның негізгі бағыты – өңірдегі оқиғалар туралы хабар тарату. Қазіргі уақытта біз Сәтбаев және Жезқазған қалаларының кабельдік желілері арқылы хабар таратамыз. «AQSHAM» телеарнасын «Қазақтелеком» АҚ ұсынған ID TV-ден табуға болады. Сондай-ақ, «OTAU TV» ұлттық жерсеріктік телехабар тарату желісінде де бармыз. Қазір телеарнаны жергілікті тұрғындармен қатар, Ұлытау ауданындағы көрермендеріміз де тамашалай алады. (далее…)

Құрметті Байланыс және ақпарат қызметкерлері! Қымбатты ардагер журналистер!

Пятница, 26 Июн 2020

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның арасындағы дәнекер ғана емес, еліміздің толағай табыстары мен зор жетістіктерінің жаршысы болып келеді. Техниканың озық үлгілерінің дамыған заманында интернет байланысы, баспасөз басылымдары халықты қажетті ақпаратпен толық қамтамасыз етіп отыр. Қазіргі қоғамда бұқаралық ақпарат құралдары ықпал етудің мықты тетігі болып табылады. (далее…)

Уважаемые работники средств массовой информации, ветераны журналистики!

Пятница, 26 Июн 2020

Примите искренние поздравления с вашим профессиональным праздником!

Профессиональная ответственность настолько велика, что это поприще по силам тем, кто обладает высокими моральными качествами, крепкой гражданской позицией и неравнодушным сердцем. Вы служите своей профессии и горожанам, выпуская в свет всю важнейшую и интересную информацию о жизни города. Очень часто от таланта и гражданской позиции журналиста зависит то, как общество воспринимает действительность. (далее…)

Құрметті Сәтбаев қаласының мемлекеттік қызметшілері! Қадірлі мемлекеттік қызмет саласының ардагерлері!

Пятница, 26 Июн 2020

«Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Жезқазған аймақтық филиалы атынан Сіздерді еліміздің мемлекеттік қызметшілерінің кәсіби мерекесімен құттықтаймыз. Халыққа қызмет ету дегеніміз, бұл – абыройы биік, жауапкершілігі өте зор қызмет. Ұлт жоспарын іске асыру үшін, ең алдымен, мемлекеттік қызметті дамытуымыз керек. Мемлекеттік қызметтің нығаюы, қоғам мен мемлекеттің өзгеруіне, ең бастысы саясаттың сабырлы әрі салмақты болуына тікелей әсер етеді. Мемлекеттік қызметші – халықтың сенім артқан тұлғасы. Мемлекеттік қызметші – мемлекеттің айнасы, мемлекет басшысының жергілікті жердегі өкілдері. Мемлекеттік қызметші болу – зор құрмет. Әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытуға, ынтымақтастық орнатып, оны нығайтуға, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіптік одағының дамуына зор үлес қосып, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғауда бірлескен еңбегіміз өз нәтижесін беріп келеді.

Пандемия кезінде жұмыс беруші мен жұмысшылардың бірлесе әрекет еткеніне риза болдым. Елімізді қауіпті ауру жайлаған кезде әкімшіліктің барлық бөлімдері жұмылдырылып, абыройлы қызмет етті. Тәулік бойы індетпен күрестің тізгінін ұстап жүрген мемлекеттік қызметкерлерді ерекше атап өткім келеді. Бірі блок-бекеттерде, бірі карантиндік тәртіпті қадағалауда. Табандылықтарына, төзімділіктеріне қайран қаламын. Бұл мүмкін өздеріне күнделікті атқарып жүрген қызмет болып көрінер… Бірақ, мүлдем олай емес. Бұл орасан еңбек. Мекеме басшылары елімізде орын алған төтенше жағдай кезінде қауіп пен қиындыққа қарамай, ауызбіршілік пен жауапкершілік танытып, бірде-бір жұмыскердің жұмыстан шығып қалмауына үлкен септігін тигізіп, заңда көрсетілгендей, ұжымдық шартта белгілегендей кәсіподақ мүшелерінің барлық құқықтарын сақтауда орасан зор еңбек етті. Төтенше жағдай кезінде мемлекеттік қызмет саласының кәсіподақ мүшелері, әрі әлеуметтік әріптестер Сәтбаев қаласының әкімі Ыдырысов Асқар Абылайұлы бастаған әкімшілік аппарат ұжымы, бөлім басшылары, ұжымдағы қызметкерлердің әрқайсының жағдайын кәсіподақ ұйымымен бірлесе қадағалап, жұмыс орнын сақтап, қызметкерлердің жаппай жұмыстан шығарылуын болдырмауға, еңбек заңнамасының, ұжымдық шарттардың сақталуын бақылауда зор жауапкершілік танытып, еңбек етуге қолайлы барлық мүмкіндіктер жасады. Аумақтық кәсіподақ ұйымы атынан алғысымызды білдіреміз. Дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға жеміс, елімізге бақ-береке тілейміз! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Р.КОЖАБАЕВА,
«Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Жезқазған аймақтық филиалының төрайымы.

Мемлекет басшысы жалпыұлттық онлайн форумына қатысты

Пятница, 26 Июн 2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде әлемнің барлық елі, оның ішінде Қазақстанның да коронавирус індетіне қарсы күресіп жатқанын айтты. Осыған орай, мемлекет тарапынан қолға алынған аса маңызды шараларға тоқталды деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. (далее…)

Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері!

Пятница, 26 Июн 2020

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Бүгінгі күні шынайы бұқаралық ақпарат билігі қоғамды басқаруда барған сайын маңызды бола түсуде. Қоғамдық пікірді, саясатты, экономиканы қалыптастыруда және тұтастай алғанда перспективалық дамудың стратегиялық бағыттарын анықтауда БАҚ-тың әсер-ықпалын бағаламау мүмкін емес.

Қазіргі уақытта бұқаралық ақпарат құралдары көп қырлылығы билік пен жұртшылық арасындағы тиімді байланысты жүйелеуге, адамдардың нақты проблемаларын шешуге мүмкіндік беретін әр түрлі ойлар мен көзқарастарды көрсететін өзіндік пікірталас алаңына айналды. Бұл ретте журналистің адал, шынайы және сергек ұстанымы маңызды. Қай кезеңде де қалам мен сөздің қалаулы шеберлері жоғары кәсіби деңгейімен және айқын азаматтық көзқарасымен ерекешеленеді. Олардан оқырман әрдайым анықтық пен пайымдылықты күтеді. Мұндай ізгі қасиеттердің сәтбаевтық журналистер қауымдастығының үздік өкілдеріне тән екендігі күмәнсіз. (далее…)

Мемқызметшілер төл мерекесін атап өтті

Пятница, 26 Июн 2020

Сейсенбі күні Сәтбаев қаласының мемлекеттік қызметшілері кәсіби мерекелерін атап өтті. Шектеу шаралары шеңберінде өткен салтанатқа қалалық мәслихаттың хатшысы Татьяна Хмилярчук пен қала әкімінің орынбасарлары қатысты.

Мемлекеттік Әнұран шырқаумен ашылған салтанатты жиында қала әкімінің орынбасары Айгүл Төлендина барлық мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтап, еліміздің өсіп, өркендеу жолында толағай табыстар тіледі.

– Елбасымыз ұсынған Бес институционалдық реформада ең бірінші тұрған бағыт – мемлекеттік қызметті жаңа деңгейге көтеру, яғни кәсіби мемлекеттік аппарат құру мәселесі қарастырылған. Біздің Сәтбаев қаласында мемлекеттік қызмет осы уақыт ағымының талаптарына сай қалыптасып үлгерді. Жалпы, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызметші – биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді. Қаламыздың қарқынды дамуы Сіздердің кәсіби шеберліктеріңізге, тәжірибелеріңізге, ұмтылыстар мен ерік-жiгерлеріңізге тікелей байланысты. Ұлттық ұстаныммен мемлекеттік мүддеге қызмет ете берейік, – деді Айгүл Қосманқызы өз сөзінде. (далее…)

Тәртіп сақшылары марапатталды

Пятница, 26 Июн 2020

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Адамдар полиция қызметкерлерін өздерінің қорғаушысы ретінде танып, өз қауіпсіздіктерін сезінулері тиіс» деген сөзі халық алдында адал қызмет етуге ант берген қатардағы әрбір тәртіп сақшысына үлкен жауапкершілік жүктейді. Қаламызда қоғам тыныштығын, адамдардың өмірін қорғау жолында ерлік көрсеткен тәртіп сақшылары көптеп саналады. Апта басында полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ерекше қызметімен көзге түскен үздік тәртіп сақшылары марапатталды.

Сәтбаев қалалық әкімдіктің үлкен залында өткен салтанатты жиынды қала әкімінің орынбасары Дәуір Жүнісбеков ашып, қаланың коғамдық-саяси өміріне белсенді араласып, жаңа қазақстандық қоғам құру ісіндегі жеке еңбек және шығармашылық үлестері үшін бір топ тәртіп сақшысын Сәтбаев қаласының Құрмет грамотасымен марапаттады. Олардың қатарында ақпарат және байланыс тобының аға инспекторы Әсем Ағайдарова, әкімшілік полиция бөлімінің аға инспекторы Темірхан Базылбеков, криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы Талғат Қуаныш, жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Сабыржан Сейтжанов болды. Ал ҚР Полициясы күнін мерекелеу және ішкі істер органдарының қызметкерлерінің беделін көтеру мақсатында тағайындалған қала әкімінің сыйақысы түрлі номинациялар бойынша берілді. Арнайы комиссия шешімімен «Кәсібіне адал» номинациясы тылдық қамтамасыз ету тобының старшинасы Арман Нысапбергеновке бұйырса, «Династия» номинациясы полиция бөлімі басшысының орынбасары Алдияр Әбішевке табысталды. ЖПҚ бөлімі учаскелік полиция инспекторы Нұрбол Ақбергенов «Халық қорғаны» атанса, «Кәсібінің үздігі» болып тылдық қамтамасыз ету тобының қойма меңгерушісі Қайырбек Жұмабаев танылды. «Үздік жедел уәкіл» – Жандос Тоған, «Үздік кезекші» – Алмас Әлменбаев, «Үздік ювеналды полиция инспекторы»» – Жанболат Әбдуғалиев, «Үздік тергеуші» – Изабелла Ахмедова, «Үздік қызмет инспекторы» – Айдос Рамазанов, «Үздік криминалист» – Дастан Мағзұмов аталды. Барша марапат иелеріне ақшалай сыйақы мен естелік сыйлықтар табысталды.

Іңкәр БУКИШЕВА,
Еуразия Ұлттық Университетінің журналистика және саясаттану факультетінің студенті.

«Коронавирус – қолдан жасалған індет», – деп қарау қате түсінік

Пятница, 26 Июн 2020

Міне, үш айдың жүзі болды, үшкірсең кетіп қалатын тұмаумен (көпшілік коронавирусты осылай қабылдап жүр. І.Б.) күллі әлем болып күресіп келеміз. Жеңе алатын емеспіз. Жеңілетін емес. Қайта, өршіп барады. (далее…)

Бейімдеу – басты талап

Пятница, 26 Июн 2020

Сәтбаев қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босап келген тұлғаларға әлеуметтік-медициналық көмек көрсету – әлеуметтік сауықтырудың маңызды тармағы. Жазасын өтеп келгендерді тұрғылықты жеріне бейімдеу қайта қылмыс жасаудың алдын алуға бағытталған. Өткен аптада қалалық әкімдіктің кіші залында осы мәселенің мән-жайы талқыға салынды.

Түзету мекемелерінде жазасын өтеп келгендерді әлеуметтік бейімдеу қылмыстық жазаларды атқару жүйесінің негізгі міндеттері қатарына жатады. Бұл өз кезегінде істі болған тұлғалардың қайта қылмыс жасауының алдын алады. Сондықтан, сотталған азаматтарды әлеуметтік сауықтыру, олардың құқықтары мен бостандығын, заңды мүдделерін қорғауды еш кідіріссіз іске асыру керек. Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Төлендинаның төрағалығымен өткен отырыста аталған мәселедегі түйткілдер тарқатылды. Отырысқа комиссия мүшелерімен қатар шаһардағы медициналық мекеме өкілдері қатысты. (далее…)