Архив за 03 Июл 2020

Құрметті сәтбаевтықтар!

Пятница, 03 Июл 2020

Сіздерді астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бас қаламыздың көз сүйсіндірер келісті келбеті күн санап көркейіп, Елбасымыз бен халқымыздың қажырлы еңбегінің жемісі бүгінде барша қазақстандықтардың мақтанышына айналып отыр.

Сәні мен салтанаты келіскен заманауи астанамыз күннен күнге көркейіп, жаһанға тәуелсіз Қазақстанның абыройын асқақтатуда. Ең алдымен бас қаламыз – астана арқылы біз жалпақ әлемге жаңа Қазақстанды көрсеттік. Республикамыздың астанасын, шын мәнінде де, Қазақстанның ең басты инновациясы деуге болады.

Біздің бәріміз Мемлекет басшысы алға қойған бүкіл міндеттерді орындаймыз: мүлдем жаңа экономиканы құрып, халқымыздың әл-ауқатының лайықты деңгейін қамтамсыз етеміз. Осы ұлы мақсат қазақстандықтарды әрдайым жаңа жеңіске жігерлендіре беретін болады!

Қадірлі достар!

Осы бір қуанышты сәтте баршаңызға бақытты да баянды өмір, зор денсаулық, жемісті еңбек және шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз. Отанымыз – Қазақстан Республикасының келешегі кемел, болашағы баянды болсын!

А.Ыдырысов, Сәтбаев қаласының әкімі.
Т.Хмилярчук, қалалық мәслихат хатшысы.

Уважаемые сатпаевцы!

Пятница, 03 Июл 2020

От всего сердца поздравляем вас с Днем столицы, которая высоко подняла знамя нашей государственности и единства, стала красой всей страны и жемчужиной в бескрайней Сары-Арке!

Этот праздник имеет важное общественно-политическое значение и является поистине общенародным. Каждый казахстанец может по праву гордиться своей страной. Бурный расцвет главного города Республики стал золотой страницей в истории независимого Казахстана, символом достижений, инноваций и успехов нашей страны на мировой арене.

Сегодня Казахстан развивается очень быстрыми темпами. И наш город вносит определенную лепту в развитие государства. Столица как нельзя лучше символизирует устремленность Казахстана в благополучное и комфортное будущее. Уверены, вместе мы сделаем наш главный город и Казахстан еще более сильными и процветающими!

Дорогие друзья!

От всей души желаем всем мира, добра, благополучия и новых свершений на благо нашей Родины – Республики Казахстан!

А.ИдрИсов, аким города Сатпаев.
Т.Хмилярчук, секретарь городского маслихата.

Қайта енгізіледі

Пятница, 03 Июл 2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік комиссияға наурыз-мамыр айларындағыдай қатаң карантин режимін енгізу мәселесі бойынша ұсынысты әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

«Пандемиямен күрес жөніндегі барлық шешімдерді, оның әлеуметтік және экономикалық теріс әсерлерін жоюды премьер-министр басшылық ететін тиісті мемлекеттік комиссия аясында пысықтауды тапсырамын. Мемлекеттік комиссия ең маңызды деген ресурстардың таралуын бір орталықтан бақылауды қамтамасыз етуі тиіс. Қазіргі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін шұғыл шаралар қабылдау мақсатында мемлекеттік комиссияға екі күннің ішінде биылғы наурыз-мамыр айларындағыдай қатаң карантин режимін енгізу мәселесі бойынша маған ұсыныс әзірлеп, енгізуді тапсырамын», – деді президент.

Еске сала кетейік, маусымның 29 күні Ақордада мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөнінде кеңес өткізді. Төтенше жағдай аяқталған соң біздің жұрт біраз еркінсіп кетті. Жасырып-жабатыны жоқ. Бірқатар бизнес нысаны жұмысын қайта бастады. Бірақ амал нешік? Індет үдеді. Елге коронавирустың жаңа толқыны келді.

Мұнан былай аймақтардағы шектеу шаралары ала-құла емес, бірдей болуы керек. Шараларды мемлекеттік комиссия қабылдап, оған Премьер-министр төрағалық етуі қажет. Елде өткен айлардағыдай карантин болады. Мемлекеттік комиссия Президентке нақты ұсыныстарын жолдауы тиіс. Президент лабораториялық зерттеулердің тиімділігін арттыруды міндеттеді. Қазір тәулігіне адамдардан 28 мыңға жуық тест алынады. Бірақ, осы сынаманы тапсыратын адамдардың тобы нақты анықталмайды. Тіпті сол тесттің өзі сапасыз зерттеліп жатады. Зертханаларға қажетті реагенттер дер кезінде жеткізілмейді. Пандемия зардаптары сезіле бастаған сайын жедел жәрдем қызметіне ауыртпалық артты. Алғашқы медициналық көмек көрсетуші мамандарға күні-түні тыным жоқ. Десе де, жіті респираторлы вируспен ауыратындарға мерзімінде көмек көрсетілмейді. Сондықтан, Президент науқастарға үйде көмек беру ісін жүйелеуді, атап айтқанда телемедицинаны енгізіп, колл-орталықтардың жұмысын күшейтуді тапсырды. Шілденің соңына дейін инфекциялық ауруханалардағы жатын орындарының санын 50 процентке көбейту міндеттелді. (далее…)

Онлайн болса да оң нәтиже беруде

Пятница, 03 Июл 2020

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында қалада мәдени-көпшілік іс-шаралар 16 наурыздан бастап онлайн режимде өткізіліп келеді. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Гүлбану Шахманованың айтуынша, карантин уақытында да сәтбаевтықтар мәдениет саласының жаңалықтарынан тыс қалған жоқ.

Төтеннен келген тәжтажалдың салдарынан жыл басында жоспарланған көптеген мәдени-көпшілік шаралар өтпей қалды. Мәселен, «Армысың, Ұлы Наурыз» атты Наурыз мейрамына арналған театрландырылған қойылым, концерттік бағдарлама, республикалық Ерден Сандыбайұлы атындағы ұлттық аспапта ойнаушылар байқауы, 9 мамыр Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына, қазақтың тұңғыш академигі Қ.И.Сәтбаевтің туған күніне арналған іс-шаралар, Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы, ұстаз Айгүл Күлшекенованың шығармашылық кеші секілді тамаша бағдарламалар өз көрермендеріне жетпей қалды. (далее…)

«Время тоев уходит. Наступает время разума, науки, знаний, труда»

Пятница, 03 Июл 2020

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев дал интервью республиканской газете «Ана тiлi»

– Уважаемый Касым-Жомарт Кемелевич! Эпидемия, которая сегодня тревожит весь мир, к сожалению, охватила и нашу страну. Как известно, с начала пандемии государство под Вашим руководством предприняло ряд социально-экономических мер. Около двух месяцев в стране действовало чрезвычайное положение. Продолжаются карантинные мероприятия.

Однако в последнее время, несмотря на карантинные меры, распространение вируса ускорилось. Уже сейчас количество зараженных составляет около 20 тысяч. Более ста человек умерли от этой болезни. Это очень тревожит людей. Эпидемия не обошла стороной и представителей власти разного уровня. Сегодня ходят разговоры о том, что «Правительство перестало контролировать распространение эпидемии, поэтому в больницах не хватает мест». Что Вы можете сказать по этому поводу? Не проигрываем ли мы в битве с инфекцией? (далее…)

Үздіктер марапатталды

Пятница, 03 Июл 2020

Әйгілі жазушы Марк Твен: «Дүниеге жарық беріп, сәуле шашып тұратын екі-ақ күш бар: бірі – аспандағы Күн, екіншісі – жердегі журналист» деген екен. Төңірегіңдегіні көру үшін Күннен түскен жарық керек болса, өмірді, қоғамды танып-білу үшін журналист қаламынан туған ақпараттар, мақалалар, очерктер қажет. Міне, сондай айшықты дүниелерімен елді сусындатып, ақпарат саласының дамуына өзіндік үлестерін қосып, аймақ шежіресін жасауда талмай тер төгіп жүрген журналистер қауымын Сәтбаев қаласының әкімі де құттықтап, үздіктерді мараптаттап, сый-сияпат көрсетті.

Бұқаралық ақпарат саласы қызметкерлері күніне арналған салтанат қала әкімдігінің үлкен залында өтті. Індеп кірген індеттің алдын алуға бағытталған шектеу шаралары айшықты мерекені ойдағыдай атап өтуге мүмкіндік бермегені де рас. Десек те, алқалы жиынға Ұлытау-Жезқазған өңірінің «сен тұр, мен атайын» дейтін мықтыларын жинап, мүмкіндігінше мерейлерін көтеріп бақты.

Салтанатты жиынды ашқан қала әкімінің орынбасары Дәуір Жүнісбеков қалам ұстаған қауымға қала басшысы Асқар Ыдырысовтың ыстық ықыласын жеткізді. (далее…)

АСТАНАНЫҢ АВТОРЫ

Пятница, 03 Июл 2020

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық-саяси қызметі тәуелсіз Қазақстан тарихымен тығыз тамырлас. Экономикалық-әлеуметтік саладағы сарабдал саясаты өз алдына, азат елдің астанасын қалай айқындағанын айтсай?!

Елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру – егемен ел еншісіндегі сұңғыла стратегиялық шешімнің сүбелісі. Оның авторы – Нұрсұлтан Назарбаев. Ол бұл мәселені бірінші рет 1992 жылы көтерді. 1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес шешім шығарды. (далее…)

Өз тағдырың өз қолыңда

Пятница, 03 Июл 2020

Жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартадының кері келіп тұр қазір. Дәрігерлер коронавируспен күресеміз деп діңкелеп жатқанда енді оған пневмония деген пәле келіп қосылды. Бұл тұрғындар арасында өкпе қабынуы мен қарапайым тұмауды, жедел респираторлық вирустық инфекцияны айыра алмауға әкеліп отырған сыңайлы. Содан келіп «жай ғана тұмау ғой, дәрілер ішіп жазылып кетемін», – деп ауруға немқұрайлы қарап, асқындырып алып жатқандар бар. (далее…)

Бақытын еңбектен тапқан

Пятница, 03 Июл 2020

Әркімге өзінің туып-өскен жері ыстық қой. «Қай жақтан, қай ауылдансың» дегенде әркім өз ауылының үлкенін, беткеұстар, ел білетін адамдарын алға тартады. Сәтбаев қаласының бір шетінде «Төртінші шақырым» деген елдімекен болған.

Қайран менің төртіншім-ай, төрт қалаға бергісіз, Екеуміздің тағдырымыз не болары белгісіз? – деп Шынболат ақын жырлағандай, Төртіншіден үдере көшкенімізбен көңіліміз көшкен жоқ. Абыз ақсақалдарымыз Баян, Жарасбай, Бәкәр, Түсіпбек, Бірназар, Әжібай, Жұртшыбайлар ақылшымыз, айбарымыз еді. Тоқсанның тоғайынан шығып жүзге қарай жол тартқан Ұлы Отан соғысының ардагері Тоғай Дауылбаев, ескінің көзі, асылдың сынығы емес пе?! Кен қопарып, ел экономикасына өлшеусіз үлес қосқан еңбек ерлері Ә.Құсайынов, Қ.Кентаев ағаларымызбен мақтанамыз. Шахматтан спорт шебері Ә.Молдағалиев сексеннің сеңгіріне шықса да төртбуын ұрпаққа әлем таныған шахмат өнерін үйретіп, оқытып отыр. Кенші-ақын Шынболат «Шындық» поэмасымен кішкентай Төртіншіні түркі әлеміне паш етті. Қоғам қайраткері М.Көпей, еңбек ардагерлері, жоғары білімді инженерлер С.Егізтаев, Қ.Жаңылбаев, мәжіліс депутаты Ә.Жарасбаев осы ұлы тұлғалардың жалғасы. (далее…)

«Цифра» решает всё

Пятница, 03 Июл 2020

Продолжаем разговор. Так вот, если мы по-прежнему считаем, что IT-прогресс – карма высокоразвитых цивилизаций, и на нас он обрушится еще очень нескоро, мы сами себя обманываем.

Еще в середине мая премьер-министр РК Аскар Мамин провел заседание Комиссии при президенте по вопросам внедрения цифровизации, на котором поручил внедрить в регионах стандарт «умных городов» и завершить перевод в онлайн формат всех государственных услуг и сервисов для населения и бизнеса в третьем квартале этого года – для обеспечения единообразия цифровизации в регионах уже есть стандарт «умных» городов Казахстана, который охватывает 11 сфер жизнедеятельности. Новость осталась малозамеченной. Но оно и понятно: граждане только-только начали приходить в себя от первой волны пандемии коронавируса COVID-19 и принудительного самозатворничества. Далее, 25 июня 2020 главой государства был подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам регулирования цифровых технологий». А спустя пять дней, 30 июня, на селекторном заседании правительства под председательством все того же Аскара Мамина был рассмотрен вопрос развития человеческого капитала для цифровой экономики: «В Казахстане будет реализован масштабный проект «Цифрлық білім» («Цифровое образование») по повышению цифровой грамотности населения, который предусматривает развитие базовых IT-компетенций граждан, целевую подготовку IT-кадров и междисциплинарную IT-подготовку работников других сфер. В рамках данного проекта планируется ежегодно обучать свыше 400 тысяч человек». (далее…)