Архив за 10 Июл 2020

КЛЮЧИ ОТ ДОЛГОЖДАННЫХ КВАРТИР

Пятница, 10 Июл 2020

Во вторник в честь Дня столицы в большом зале заседаний акимата города состоялось торжественное вручение ключей от квартир многодетным семьям.

Этот День столицы для них всех стал началом новой жизни. Новоселье отметят сразу 22 семьи, состоявшие в продолжение ряда лет в очереди на получение жилья из государственного фонда.

Ключи счастливым новоселам от долгожданных трехкомнатных квартир в новом 60-ти квартирном доме, построенном частным инвестором, вручил аким города Аскар Идрисов. В своей поздравительной речи Аскар Абылаевич, обращаясь к виновницам торжества, собравшимся в зале, отметил, что многодетным семьям оказывается особое внимание и забота со стороны государства. Только в прошлом году по городу 51 семья из категории многодетных получила заветные ключи. И данное мероприятие в скором времени получит свое дальнейшее продолжение.

Все, что осталось новоселам, это обставить новое жилье и создать комфортные условия для проживания. Все женщины были очень рады, довольны, получая ключи из рук акима города. Даже за маской они не смогли скрыть восторга и нахлынувших позитивных эмоций.

Айгуль ТУТЕЕВА.
Фото автора.

Халықтың 99,3%-ы интернетпен қамтылмақ

Пятница, 10 Июл 2020

2020 жылдың соңына дейін Қазақстан халқының 99,3% кең жолақты интернетті пайдаланатын болады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. (далее…)

Дәріханаларға жөнелтіледі

Пятница, 10 Июл 2020

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек аймаққа дәрі-дәрмек жеткізу жағдайы туралы айтып берді. Бөлшек дәріхана желілеріне жақын арада дәрі-дәрмектердің ірі партиялары жеткізілетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоймаларға «Ингавириннің» 10 мың орамасы, «Азитромициннің» 15 мың орамасы және «Цефтриаксон» келіп түсті. Сондай-ақ, «Арпефлю» жеткізіледі деп күтілуде. Жақын арада парацетамолдың 190 мың орамасы облыстың дәріханалық желісіне жөнелтіледі. Маусым айының соңғы күндері дәріханалық желілерден дене қызуын түсіретін, вирусқа қарсы препараттар мен антибиотиктердің кейбір түрлерінің бір айлық қоры сатып алынды. Және де жеткізу тоқтатылған жоқ. Аймақ басшысы дәрі-дәрмектер саласында алыпсатарлыққа жол берілмейтінін атап өтті. Пандемия кезінде пайда көздегендер кейбір науқастардың өмірін арашалап қалуға кедергі болуы мүмкін. «Дәрі-дәрмектердің бағасын өсіріп сататындардың барлығын қатаң жаза күтетінін ескерткім келеді. Дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сату – бұл адамгершілікке жатпайтын нәрсе. Біз дәріханаларда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың болуын анықтау бойынша мониторинг топтарын құрдық. Егер дәрі-дәрмектерді дәріханадан тыс сату фактілері анықталса, полицияға жүгіне аласыздар. Қазірдің өзінде ұсталғандар бар», – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек. Өңір дәріханаларына дәрі-дәрмек жеткізу үнемі бақылауда. Қарағанды облысының азық-түлік қоймаларында және тұрақтандыру қорында 57 мың тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры бар. Жеткізумен еш іркілістер жоқ. Жақын арада картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат, күріш, қарақұмық және өсімдік майының ірі партиялары келіп түседі. Осы жылдың наурыз айында болғандай, оларға деген сұраныс үш есе артса да, қолда бар азық-түлік өңірдің барлық тұрғындарына жеткілікті.

За спекуляцию – ответишь

Пятница, 10 Июл 2020

Аким Карагандинской области Женис Касымбек рассказал о поставках лекарств в регион. В розничные аптечные сети в ближайшее время будут отгружены крупные партии медикаментов.

На склады уже поступило 10 тысяч упаковок ингавирина, 15 тысяч упаковок азитромицина и цефтриаксон. Также ожидается поступление арпефлю. 190 тысяч упаковок парацетамола в ближайшее время будут отгружены в аптечную сеть области. (далее…)

Тарихы тылсым Қарқаралы

Пятница, 10 Июл 2020

Қарқаралы тарихы – тереңнен тамыр тартқан, сарқылмас сырға толы мекен. Тіпті кейбір шежіре дастандарда Қарқаралы мөлдір махаббаттың өлкесі деп әспеттелсе, енді бір аңыздарда жоңғарларға мекен болған.

Кез келген өңір мен өлкенің, тау мен орманның, өзен мен көлдің, жер-су атаулары топонимика ғылымы арқылы зерттеліп, көрініс табады. Жер-су атауларының қойылуында ұлттық менталитет пен таным, қазақ руханиятындағы саяси жағдай мен тарихи оқиғалар ықпалы зор болды. Сондықтан болар, географиялық атаулардың (топонимдердің) шығу төркіні, олардың аталу себептері адамзат баласын ерте заманнан-ақ қызықтырып келеді. Осы орайда «National digital history» интернет порталының «Ұлы дала» жобасы қазақтың жер-су, елді-мекен, атамекен тарихына үңіліп, зер салуды көздейді. Қазақтың шұрайлы да кең байтақ даласын оқырман назарына таныстырып, жер жәннатына атауының сырына үңіліп көрмек. (далее…)

ҚАЖЕТ ҚҰЖАТ КӨП ЕМЕС

Пятница, 10 Июл 2020

Бейнеттің зейнетін көру – көпшіліктің көкейіндегі арман. Алайда, зейнетақыны есептеудің тәртібі мен тәсілін былай қойғанда, сол зейнеткерлікке шығу үшін қандай құжат жинау керектігін, оны қайда өткізетінін екінің бірі біле бермейді. Оған редакцияға хабарласып жататын оқырман өтініші куә.

Сондықтан, азды-көпті көмегі тиер деген ниетпен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ облыстық филиалы қалалық бөлімі басшысының орынбасары Маржан Ерғазиновамен сұхбатты ұсынып отырмыз.

Әңгіменің әлқисасын «зейнеткерлікті рәсімдеу үшін қандай құжат қажет?» деген сауалдан бастатсақ…

– Оған қажетті құжат былайша көп те емес, қос қолыңыздағы саусақтың санына да жетпейді. Олар: жекебасты куәландыратын құжат, банктегі есеп-шот нөмірі, жұмыс орнынан табыс туралы анықтама, еңбек кітапшасы, білім туралы диплом, әскери билет, неке туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігі. Бұдан басқа қосымша құжатты ешкім талап ете алмайды.
Бір ескеретін жәйт, әскери билет еңбек өтілін дәйектеу үшін Отан алдындағы азаматтық борышын өтеген адамға немесе әскери қызметкерге ғана қажет. Сондай-ақ, баланың туу туралы куәлікті ана ғана тапсырады.

Құжатты рәсімдеу үшін қайда бару керек?

– Өтінішті халыққа қызмет көрсету орталығы қабылдайды.
Оны egov.kz электронды үкімет онлайн-порталы арқылы беруге де болады. Ол үшін электронды сандық қол болуы керек. Тіркеліп, қуатталғаннан кейін порталда өтінішті толтырып, оны электронды сандық қолмен (ЭЦП) бекітесіз. Порталда өтініштің мақұлданғанын немесе қабылданбағанын қадағалап отыру мүмкіндігі бар.

Құжат қабылданды дейік, сосын?.. (далее…)

Бізге тәртіп пен сабыр керек!

Пятница, 10 Июл 2020

Уа, халқым, ат төбеліндей аз ғана Алашым! Індеттің беті ары қарайды деп жайбарақат той-тойлап, құдайы-садақаны жағалап жүрген бейқам қазағым! Соңғы он күннің ішінде қынадай қырылып жатқан жоқпыз ба?

Телеарнадағы жаназа хабарландырудан ондаған адамның бұл дүниеден өткенін құлағымыз естіп, көзіміз көріп отыр. Пандемия басталған кезде, тіпті төтенше жағдай жарияланса да қазақ баяғы «құдай сақтайдыға» салып, сақтық шараларына назар аудармады. Білікті мамандардың үйден шықпауға үндеп «балалардың болашағына балта шаппаңдар, сендер даладан жұқтырып келіп, бүкіл отбасына таратасыңдар» деген ақылдарын айтты, тыңдадық па?

Бір туысқанымның баласы кенеттен қайтыс болды, екі-үш інімді қасыма ертіп алып, бетпердемізді, қолғабымызды киіп барсақ, үлкен ағаларымыз мұнымызды күлкіге айналдырды. «Ештеңе де жоқ, ақша істеудің амалы, биліктің ойлап тапқаны» деді. Соңында бұл сенбестік сергелдеңге әкеп соқты. Ағаларымыз індеттің барына енді көз жеткізген шығар…

Кеше ғана сөйлесіп, амандасып жүрген азаматтар бүгінде жоқ.

Дүние қарап тұрсақ
шолақ екен.
Адамзат бір-біріне
қонақ екен!

Жол апатынан қайтыс болған жап-жас жиеніміздің жақында жаназа намазы болды, сапта тұрған жас жігіттердің көбінде маска жоқ. Саптың алдында сөз бастап аз ғана мағлұмат бергеннен кейін «Жігіттер, маска қайда?» десем, иықтарын қиқаң еткізеді.

Асқанды да көргенбіз,
Тасқанды да көргенбіз.
Асып-тасып болғасын
Сасқанды да көргенбіз!
Өскенді де көргенбіз,
Бөскенді де көргенбіз.
Өсіп-бөсіп болғасын
Өшкенді де көргенбіз!,

– деп Шынболат ағамыз жырлағандай, Құдай сақтайды деген бір бейқамдық басым. (далее…)

Баспаналы болды

Пятница, 10 Июл 2020

Жақсылық – жан азығы. Көмекке мұқтаж отбасыларға қолұшын созып, баспанамен қамтуды басты мақсат еткен «Харекет» қайырымдылық қоры тағы бір жанұяға қуаныш сыйлады.

«Әр қазақ – менің жалғызым» деп ұрандатқан қор өкілдері бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып шама-шарықтарынша мұқтаж жандарға баспаналы болу бақытын сыйлауда. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі жомарт жандар жолдаған қаржыға алынған пәтерлердің бірі бұл жолы сәтбаевтық Сауытбековтер әулетіне берілді. (далее…)

Жарқын істердің жаршысы еді

Пятница, 10 Июл 2020

Күні кеше ғана ашылған Оңтүстік Жезқазған кенішіне 55 жыл болыпты, оның ішінде алып №65 шахтаға – 45 жыл. Осы уақыт аралығында қаншама тонна мыс кені өндірілді. Жарты ғасырға жуық уақыт ішінде жүздеген кенші өндіріс ошағында ширықты.

Өндірістің бел ортасында жүріп «Социалистік Еңбек Ері» атанған Ә.Құсайынов, Қ.Кентаев, Д.Баймағанбетов пен «Ленин» орденінің иегері Р.Аппазовалардың есімдері елдің есінде. Еселі еңбекпен жиған тәжірибе арқасында олар үздіксіз өндірісте қаншама шәкіртті шыңдап шықты. Солардың қатарында Ерзақ Аппазовтың есімі жүруі бекер емес.

Ол кезеңде қазіргідей техниканың дамыған уақыты емес. Кенші-бұрғышылар ағын судың астында немесе суды кешіп тұрып-ақ бұрғылай беретін. Сондықтан, мұндай жұмысқа жігіттің жампозы ғана шыдап баратын, бұрғылап болған соң шпурларды оқ-дәрімен оқтап аттыратын.

Сондай жұмыста жүріп Ерзақ Аппазов та іскерлігін, өз ісіне деген жауапкершілігін шебер байқата білді. Адамдармен тіл табыса алатын қасиетін байқаған шахта басшылығы тың бастамаға түрен салады. Комсомол жастар бригадасын құруды ұсынып, оның жетекшісі етіп Ерзақ Аппазовты тағайындайды. Жалынды жігіттің басқаруымен жастар ұжымы жүктелген міндетті он бес жыл бойы абыроймен атқарып шықты. Әр ай сайын берілген тапсырманы 10-15% артығымен орындап отырды. Іскерлігімен ілкімді бастамаларға жол ашып, жастар арасындағы социалистік жарысты дамыту шараларын қолға алды. Сол еңбектің арқасында қалалық, облыстық комсомол конференцияларының делегаты болды. Қалалық Советке депутат болып сайланды. Еткен еңбектің өнбегіне қарай «Қызыл Ту» орденімен марапатталды, есімі Қазақстан Республикасының Құрмет кітабына жазылды.

Атақты кенші жарқын істердің жаршысы бола білген Ерзақ Аппазовтың жарқын бейнесі ұрпақ есінде мәңгіге сақталады.

Ибадулла БАЙБАТЫРОВ,
«Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС жанындағы Ардагерлер кеңесінің Сәтбаев филиалы төрағасының орынбасары.

Минус один пустырь

Пятница, 10 Июл 2020

Пандемия пандемией, а от благоустройства наш город никто не освобождал.

На этот раз городские власти обратили свое внимание на пустырь между улицей Мәңгілік ел (Комарова) и проспектом Независимости, в районе ОШ № 25, который автомобилисты давным-давно превратили в транзит. Правда, транзит этот до недавнего времени представлял собой настолько гремучую смесь ухабов с ямами, что даже в нормальные дни быстрее было добраться от одной улицы до другой в объезд, что уж говорить о проезде по нему в распутицу. Конечно, некоторые несознательные водители использовали в качестве «дороги» тротуар, но и тот, не выдержав сверхнормативных нагрузок, вскоре пришел в негодность.

Что именно повлияло на решение городских властей превратить «дорогу жизни» в полноценный автобан – праведные возмущения лишенных тротуара горожан-пешеходов или жалобы автовладельцев на плохое качество пустыря, – мы не знаем. Но искренне приветствуем почин руководства города, обещающий в скором времени каждому – пешеходу и водителю – идти своей качественной дорогой.

Евгений ВАНЮШОВ.
Фото автора.