Архив за 17 Июл 2020

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2020 жылғы 1 шілдеден бастап ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беру үшін өтінімдерді қабылдайды

Пятница, 17 Июл 2020

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беруге келесі бағыттар бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды:

1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;

2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;

3) қоршаған ортаны қорғау;

4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау; (далее…)

Министерство информации и общественного развития Республики Казахстан с 1 июля 2020 годаначнет прием заявок на соискание премии для НПО

Пятница, 17 Июл 2020

Министерство информации и общественного развития Республики Казахстан объявляет о проведении конкурса на соискание премии для неправительственных организаций по следующим направлениям:

1) достижение целей в области образования, науки, информации, физической культуры и спорта;

2) охрана здоровья граждан, пропаганда здорового образа жизни;

3) охрана окружающей среды;

4) поддержка молодежной политики и детских инициатив; (далее…)

Қарағанды облысында дәрі-дәрмек бағасын көтеру фактілері анықталды

Пятница, 17 Июл 2020

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде облыс прокуратурасы полиция, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу және тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау органдарымен бірлесіп дәрі-дәрмектердің бағасын көтеру фактілерін анықтау үшін рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Бүгінгі таңда мобильдік топтар (05.07.2020 ж.бастап) 45 фактіні анықтады, оның ішінде 9 тәртіп бұзушы жауапкершілікке тартылыды және 1,2 млн. теңгеге айыппұл салынды, 36 факті бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдауда. (далее…)

В Карагандинской области выявлены факты завышения цен на лекарства

Пятница, 17 Июл 2020

В рамках исполнения поручения Главы государства прокуратурой области совместно с органами полиции, антикоррупционной службы, экономических расследований и контроля качества и безопасности товаров и услуг проводятся рейдовые мероприятия для выявления фактов завышения цен на лекарства.

На сегодня мобильные группы (с 05.07.2020 года) выявили 45 фактов, из них 9 нарушителей привлечены к ответственности и оштрафованы на общую сумму 1,2 млн. тенге, по 36 фактам Департамент контроля качества и безопасности товаров и услуг принимает меры по привлечению виновных лиц к ответственности. (далее…)

Өкпені жасанды желдету құрылғылары жеткізіледі

Пятница, 17 Июл 2020

Жезқазған өңірінің медициналық мекемелері ауыр науқастарды емдеуге арналған қосымша жабдықтармен жарақтандырылады. Қазірдің өзінде 14 ӨЖЖ аппараты сатып алынды, тағы 13-і жеткізіледі деп күтілуде. Бүгінгі таңда қажетті жабдықты «Қазақмыс» корпорациясы сатып алуға көмектеседі, делінген Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында.

Сондай-ақ, компания 150 оттегі концентратын, 70 пульсоксиметрлерді және 2 рентген-аппаратты сатып алады. Жабдықтар Жезқазған және Сәтбаев ауруханаларына таратылады. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекке Жезқазғанда медицина қызметкерлерімен өткен кеңес барысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев мәлімдеді.

Кеңесте облыс басшысы жергілікті ауруханаларды дәрігерлік кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін көтерді және Қарағандыдан қосымша дәрігерлер бригадасын жіберу міндетін қойды. Сондай-ақ, олар келген кезде тұру үшін барлық жағдай жасауды тапсырды. (далее…)

По основным показателям обеспечен рост

Пятница, 17 Июл 2020

Карагандинская область в первом полугодии сохранила положительную динамику социально-экономического развития. Этот темп необходимо удержать. Для этого принят антикризисный план, включающий в себя меры по поддержке бизнеса и обеспечению занятости. (далее…)

ҮНЕМШІЛДІК – УАҚЫТ ҮРДІСІ

Пятница, 17 Июл 2020

Былтыр күзде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Энергетика министрлігінің, облыс әкімдігінің және елдегі БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен кеншілер қаласында энергетикалық қуатты үнемдеу мен жаңғырмалы энергия көзін қолдануға арналған аймақтық форум өтті. Елді елең еткізген үш күндік іс-шара қала әкімдігі мен елдегі БҰҰ Даму бағдарламасы ынтымақтастығы аясында алынған оң нәтижені ортақ игілікке айналдыруды, сондай-ақ, бұл байланысты одан әрі нығайтуды алдына мақсат етіп қойды.

Форумның бастапқы күні өткен семинарда жаңғырмалы энергия көзінің тетігі мен технолгиясын енгізу мүмкіндігі, бәсекеге қабілеттілікті арттырудағы энергия үнемдеудің орны, жаңа жұмыс орнын ашу мен қоршаған ортаны сауықтыру туралы ақпарат алмасты. Әсіресе, қаржы табу, инвестициялық жоба дайындау, келісім-шарт жасау сияқты бірқатар мәселенің ұйымдық-қаржылық қырына баса назар аударылды.

Келесі күні кезек инвесторлар мен басқа да мақсатты топтарға, қаладағы ресурстық жастар орталығының өкілдеріне арналған тренингтер мен шеберлік сыныптарына келді. Онда нақты мысал негізінде кез-келген бастаманы баянды етудің жолы қарастырылды, білікті сарапшылардың қатысуымен іске жастарды тарту мүмкіндігі талқыланды. Алқалы жиын «Жаңғырмалы энергия көзі мен энергия үнемдеу негізінде тұрақты даму жолындағы қалалар» атты қортынды конференциямен аяқталды. (далее…)

Ер дәулеті – еңбек

Пятница, 17 Июл 2020

«Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасы бүгінде қоғамға айтарлықтай пайдасын тигізуде. Аталған бағдарламаның нәтижесінде Сәтбаев қаласында жұмыссыз жүрген азаматтар жұмысқа орналасып, еңбекке бейімделіп келеді.

Екі қолға бір күрек таппай жүрген азаматтарды жұмысқа орналастыруды мемлекет басты назарда ұстап келеді. Нәтижелі жұмыспен қамту мақсатындағы бағдарлама аясында жұмыссыздарды тұрақты жұмысқа орналастыру көзделген. Осылайша елдегі жұмыссыздық деңгейін азайтып, еңбекке ынталы азаматты инфрақұрылымдық жобаларға тартудың маңызы зор. Бағдарлама аясында кеншілер қаласында да жұмысқа орналасушылар қатары көбейіп келеді. Азаматтар мамандықтарына сай құрылыс, абаттандыру секілді жобаларға тартылуда.

– Жұмыссыздардың қатарында жүргеніме көп бола қойған жоқ. Жақында жұмыспен қамту орталығына барып, «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасымен «Рокада-А» ЖШС-на орналастым. Қаланы абаттандыру жұмыстарына атсалысып жүрмін. Айлық көлемі 85 мың теңгені құрайды. Уақытылы аламыз. Мен секілді жұмыспен қамту орталығы арқылы келген азаматтар жетерлік. Тегіс жұмысқа орналасып жатыр, – дейді қала тұрғыны Кеңес Исаев.

Ол бос жатқан азаматтарға «Жұмыспен қамтудың Жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша еңбек етуге, отбасын асырау үшін ақшаны адал жолмен табуға болатынын айтып, өз замандастарын жұмысқа шақыруда. Осылайша өңірдегі жұмыссыздық мәселесі мемлекеттік бағдарламалар арқылы өз шешімін табуда.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Суреттер автордікі.

Бағдарламаның берері мол

Пятница, 17 Июл 2020

Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының біріне жатады. Лайықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстарының әлеуетін дамытудың және іске асырудың маңызды шарты, қоғам игілігін өсірудің және өмір сүру сапасын арттырудың негізгі құралы. (далее…)

Тегін қымыз таратуда

Пятница, 17 Июл 2020

Елімізде коронавирус індетінің кесірінен қалыптасқан ахуал оңай болып тұрған жоқ. Қанша шаңырақты қайғыға орап үдеп бара жатқан дертті жеңуге бекінген Ұлытау жұртшылығы осы кеселмен күресуге барын салып жатқан дәрігерлер мен өмірі үшін күрескен науқастарға тегін қымыз таратып, азаматтық танытуда. Терісаққан ауылының тұрғындары бастамасын бүкіл аудан қолдап, дертке дәру болатын қымызды ауруханаларға жөнелтуде.

«Берекені көктен емес, бірлігі бар көптен тіле» деген бабаларымыздың баталы сөзін ұран еткен Терісаққан ауылының азаматтары осындай игі іске ұйытқы болуда. Ауылдағы бие байлаған бірде-бір отбасы қайырымды істен тысқары қалмай, қолдан келгенше көмек көрсетуге бел буған. Ауыл азаматтарының бұл бастамасы көпге үлгі болып, бүгінде тұтас Ұлытау жұртшылығы дертке шипа болатын сусынды өңірдегі ауруханаларға таратуда. Жақында терісаққандықтар қаламыздағы ауруханаларға екі жүзден аса литр қымыз таратты. Ауыл халқы осы игі істі одан әрі жалғастырмақ ниетте.

– Елімізді індет жайлап, халқымыздың басына қара бұлт үйірілген заман туғанда біз, ауыл халқы, бұл жағдайда бей-жай қарап отыра алмадық. Ауыл азаматтары шұғыл түрде бас қосып ақылдаса келе төрт айдан бері бел шешпей, осы майданның қақ ортасында жүрген ақ халатты абзал жандарға қолымызда бар қымызымызды алып барайық деген шешімге келдік. Әрине, бір ғана таратылған қымызбен көмек жасау қарлығаштың қанатымен су сепкендей көмек болғанымен, біздің бұл жердегі мақсатымыз – осындай қиын қыстау кезеңде біз біргеміз, берік іргеміз. Шалғай аймақта жатсақ та, ел азаматтары бармыз деген ниетпен «Жақыныңа жанашыр бол!» деген ұранмен бүгінгі күннің батырлары – дәрігерлерге қолдау көрсеткіміз келді. Осы орайда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыла кеткен ауыл тұрғындарының ауызбіршілігіне, азаматтық танытқанына алғысымыз шексіз. «Көп түкірсе – көл» демекші, осылай ел-жұрт болып, тонның ішкі бауындай біріккенде ғана еліміз бұл індетті тезірек жеңіп, мамыражай, бейбіт күндерде жүздесеміз деп ойлаймыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, – дейді ауыл тұрғыны Қуандық Қожадияс.

Нұрлат ҚОНЫСБАЙ.