Архив за 24 Июл 2020

Құрылыс қарқынды

Пятница, 24 Июл 2020

«Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасы жөндеу көрмеген әрі жаңа әлеуметтік маңызды нысандарды салуға леп берген сыңайлы. Аталған бағдарлама аясында қолданысқа берілгелі бері мүлдем жөндеу көрмеген нысандарда құрылыс қарқын ала бастады. Апта басында шаһар басшысы Асқар Ыдырысов мектепке дейінгі білім беретін орталықтардағы жұмыстармен танысты.

Мәселен, қаламызда 1973 жылы пайдалануға берілген №31 «Балапан» балабақшасы күні бүгінге дейін жөндеу көрмей келген. Енді мемлекеттік бағдарлама аясында күрделі жөндеуден өтетін болады. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мердігер компания жөндеу жұмыстарына кірісті. Құрылыс жұмыстарына жұмыспен қамту орталығы арқылы 47 адам тартылса, жалпы 93 жұмыс орны ашылды.

Құжаттама бойынша шатырды ауыстыру, ғимараттың алдын, терезе және есік блоктарын ауыстыру, жылу, су құбырлары, кәріз жүйесі мен желдету және өртке қарсы дабыл қағу жүйелерін ауыстыру, электр сымдарын айырбастау, сондай-ақ әрлеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Негізгі жұмыстар мамыр айында басталған. Нысан осы жылдың қараша айында қолданысқа берілмек.

Ал №29 «Балдәурен» бөбекжай балабақшасына жарты ғасырға жуық жөндеу жүргізілмеген. Биыл аталған балабақшаның ғимараты салынғалы бері алғаш рет жөндеу көруде. Нысанды қайта қалпына келтіруге «Құрылыс» жеке кәсіпкерлігі кіріскен. Жоба аясында жаңадан 97 жұмыс орны құрылған. Бүгінгі күні мұндағы жұмыстардың шамамен алпыс пайызы орындалған. Мамыр айында басталған жөндеу желтоқсан айында толық аяқталып, пайдалануға берілетін болады.

Қала басшысы жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылап, кемшіліктерді жоюға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Өз тілшіміз.

«Айта-айта Алтайды…» немесе Абайдың ақылы

Пятница, 24 Июл 2020

Әлеуметтік желіні ақтара қалсаң «Пәленше науқас», «Түгенше қайтыпты» деген сияқты көңілсіз хабарларға кезігесің. Телефоны құрғырға телмірмей-ақ қояйын дейсің, заманың осы болса, амалың қанша? Жә, оны қоялық. Күллі дүниенің жүгін арқалаған адамдай жұмыстан соң теңселе басып үйге келесің. (далее…)

Мы продолжаем помогать друг другу

Пятница, 24 Июл 2020

Сатпаевцы в очередной раз поддержали республиканскую акцию «BizBirgemiz».

Сатпаевский городской филиал партии Nur Otan совместно с представителями ТОО СПТВС, в числе которых был и ветеран труда Коргабай Кульшарипов, завезли 200 литров кумыса и 50 килограммов мяса в противотуберкулезный диспансер, центральную городскую больницу и медико-санитарную часть.

– Есть много способов сказать «спасибо» нашим медикам, поддержать тех, кто заболел. Кумыс и мясо необходимы для укрепления иммунитета, – пояснили организаторы акции.

Не отстают в добрых делах от главного коммунального предприятия города и меценаты, предприниматели и городские волонтерские движения. Так, во вторник, волонтеры татаро-башкирского ЭКО «Дуслык» угостили медицинских работников ЦГБ и Тубдиспансера национальной выпечкой и сладостями. (далее…)

Уменьшились вызовы скорой помощи

Пятница, 24 Июл 2020

В последние две недели эпидситуация в Карагандинской области стабилизируется. В настоящее время суточная выписка пациентов выше, чем госпитализация. Снизилась нагрузка на стационары. (далее…)

Кто получит по 5556 тенге

Пятница, 24 Июл 2020

Министерство труда и соцзащиты населения РК разработало и приняло приказ, предусматривающий выплату средств за продуктово-бытовые наборы за июль этого года. Казахстанцы будут получать выплаты на банковские карты с 20 июля и до конца месяца.

Получателями станут граждане, относящиеся к пяти социальным группам на момент вступления приказа в силу. Местные исполнительные органы на основании имеющихся данных формируют список лиц, которым положено получение продуктово-бытовых наборов. После этого получателям будет направлена на банковские карты сумма в размере 5556 тенге (2 МРП) за июль, т. е. за период действия ограничительных мер.

К пяти социальным группам относятся следующие категории:

– дети в возрасте от 6 до 18 лет из семей, получающих адресную социальную помощь;
– дети-инвалиды до 16 лет за исключением инвалидов, постоянно проживающих в медико-социальных учреждениях;
– инвалиды I, II, III групп всех возрастов за исключением инвалидов, постоянно проживающих в медико-социальных учреждениях;
– лица, воспитывающие ребёнка-инвалида;
– безработные граждане, зарегистрированные в местном органе по вопросам занятости.

С марта по май 2020 года эти выплаты были начислены миллиону казахстанцев на общую сумму 13,5 млрд тенге.

По информации пресс-службы Министерства труда и соцзащиты населения РК. www.gov.kz

Кәсіпкер қолғабысы

Пятница, 24 Июл 2020

Кесірлі кеселмен күреске жұмылған жұртшылық ауруханаларда жатқан науқастар мен олардың өмірі үшін күресіп жатқан дәрігерлерге қолдау көрсетіп келеді. Бірі дертке дәру болар медициналық құрылғылар алуға қаражат жинаса, енді бірі азық-түлік жиынтықтарын таратуда. Адам жанына араша түсіп жүрген ақ халатты абзал жандарға көңіл білдіріп, жанға жылу сыйлағандар арасында кәсіпкерлер де жетерлік.

Қаламыздың қоғамдық өміріне белсене араласып, кәсіпкерлердің алғы шебінде жүрген «Бақдәулет» мейрамханасының иесі Меруерт Бақбергенова қатерлі індетпен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне қолдау білдіру үшін ауруханаларға бір реттік ыстық тамақ таратты. Кәсіпкердің қолғабысы дәрігерлерге тиді.

– Ел үшін қиын-қыстау кезеңде бір болып, бірлігімізді көрсетіп жанашырлық танытуымыз қажет деп білемін. Сондықтан осы дертті жеңуге жұмылған дәрігерлерге азық-түлік жиынтығын таратудамыз. Азын-аулақ болса да, кеселмен күресушілердің көңіліне жылы тиер деген ойдамыз. Қазіргі таңда қалалық меценаттар клубы ауруханаларға жетіспейтін қажетті құрылғылар алуға қаражат жинауда. Мен барша жомарт жүректі жандарды қолдау көрсетуге шақырамын, – дейді кәсіпкер.

Меруерт Мұқарқызы алдағы уақытта осындай қайырымды істің жалғасын табатынын айтты. Бұл ретте кәсіпкер қолдан келгенше көмек қолын созып жатқан еріктілерге де шынайы алғысын жеткізді.

Нұрлат ҚОНЫСБАЙ.
Суреттер автордікі.

Ұлытаудың ұлы

Пятница, 24 Июл 2020

Қазақ «қарты бар үйдің қазынасы бар» дегенді тегін айтпаса керек. Кешегінің арты, бүгінгінің алды деп аса құрметтейтін арамыздағы ақсақалдарымыздың көш басында Сабыр Омаровтың тұруы заңды. Сексеннің сеңгіріне шыққан мерейтой иесі туралы замандастары жазған жазбаларынан-ақ елге сыйлы, көпке қамқор екендігін ауыз толтырып айтуға болады. Назарларыңызға ардагер журналист Сейітбаттал Кенебаевтың жазған мақаласын ұсынамыз.

Үш жүздің басын қосқан киелі Ұлытау өңірінің тумасы Сабыр Омаровты 1963 жылдан бері білемін. Жезқазған мен Ұлытау ауданы біріктіріліп, Жезді ауданы құрылып, орталығы Жезді кенті болып белгіленді. Жаңа ауданда жаңадан әлеуметтік және тұрмыстық, мәдени құрылыстар, тұрғын үйлер салынды. 1965 жылда пайдалануға берілген тұрғын үйлерде көршілес тұрдық. Оның әкесі Базыл, менің әкем Нарымбай ақсақалдардың бір атаның баласындай, ағалы-інілі болып жүрген кездер әлі күнге дейін көз алдымыздан кетер емес.

Сабыр аудандық ауылшаруашылық басқармасындағы жоғары оқу орнын бітіріп келген жас маманның бірі болатын. Мен Жезді аудандық атқару комитетінде ұйымдастыру бөлімінде нұсқаушымын. Аудандық комсомол комитетінің өткізетін іс-шараларына, пленум, конференцияларына қатысып, ауданның экономикалық және әлеуметтік дамуына лайықты үлес қосқан алғыр жастың бірінен көрінді. Ол аудандық комсомол комитетінің штаттан тыс хатшысы міндетін қоғамдық негізде бірнеше жыл атқарды. Қарағанды облыстық комсомол комитеті Сабырдың қоғамдық жұмысқа белсене қатысуын жоғары бағалағандығын 1969-1972 жылдарда Жезді аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы лауазымдық қызметті атқарғанымда білдім. Келмеске кеткен кеңес кезінде жастар ұйымдарының атқарған жұмыстары зор болды. Ұйымдастырушылық қабілеті бар жоғары білімді жастар жауапты қызметтерге көтерілетін. Партия органдарында резервтегі кадрлардың арасынан Сабыр өзі туған қасиетті Ұлытау жеріндегі кеңшарға директор болуға ұсынылды. Шарушалықты өрлету жолында тынымсыз еңбек етті. Халықпен тіл табыса білді. Қолына алған ісін жеріне жеткізгенше тыныштық таппайтын. Еңбеккерлермен істің басы-қасында болып, оның саналы орындалуын қатаң қадағалайтын. Кісілігі, менмендігі жоқ, қарапайымдылығымен көзге түсті. Өз заманына лайық елінің елеулісі, халқының қалаулысы бола білді. Ұлытаудың аудандық кеңесіне депутат болып сайланды. Еңбек жолы өнегелі, іскер басшылардың бірінен саналды. (далее…)

Қобызшы

Пятница, 24 Июл 2020

Дүние жаратылғанда қоса жаратылған алғашқы тау Ұлытау деседі. Яғни, жер жаратылғалы 4,5 миллиардтай жыл болса, Ұлытаудың қанша тарихтың куәсі екенін есептей беріңіз. Ұлытаудың бірнеше атауы болған дейді: Көк тау, Ертағы, т.с.с. Ал осы Ұлытауға Найманның бір бұтағы Бағаналыны Ер Шоштан қоныстандырған деген сөз қалған. Анығын тарихшылар анықтай жатар. (далее…)

#БерегиБлижнего

Пятница, 24 Июл 2020

Здравствуйте, уважаемые соотечественники!

Меня зовут Малая Юрате Альфонсовна. Я, заведующая отделом профилактики в консультативно-диагностической поликлиники г.Сатпаев, хочу еще раз напомнить, что главное – это профилактика. Я призываю вас соблюдать эпидемиологический режим.

Давайте не забывать, какие существуют методы защиты от Covid-19:
– поддерживайте хорошую гигиену рук, часто мойте с мылом,
– используйте дезинфицирующие средства для рук, кожные антисептики, особенно после кашля, чихания или использования туалета; перед приготовлением или употреблением пищи, а также после контакта с больными или их личными вещами,
– избегайте объятий, поцелуев и рукопожатий,
– максимально избегайте прикосновения к глазам, носу и лицу,
– ношение маски, в первую очередь, рекомендуется при наличии симптомов простудного заболевания. Используя маску, убедитесь, что она прикрывает нос и рот. Надев маску, постарайтесь не прикасаться к ней. Выбросьте одноразовую маску сразу после использования и вымойте руки.
– максимально избегайте контактов с больными людьми и их принадлежностями. В случае вынужденного контакта, носите маску,
– если у вас имеются симптомы гриппа, держитесь на расстоянии не менее одного метра от окружающих.
– при высокой температуре, кашле, затрудненном дыхании, как можно скорее обратитесь за медицинской помощью. Если до этого вы совершали какие-либо поездки, расскажите об этом врачу.
– во время кашля или чихания используйте салфетки для прикрытия рта и носа. После чего утилизируйте их в мусор и тщательно помойте руки. В случае, если вам недоступны салфетки, избегайте использования ладони, воспользуйтесь локтевым сгибом, чтоб прикрыть рот и нос. Придерживайтесь хороших гигиенических привычек в целом.
– откажитесь от поездки, если у вас появилась высокая температура или кашель. Если вы почувствовали себя нездоровым в поездке, как можно скорее сообщите об этом экипажу и обратитесь за медицинской помощью.
– тщательно мойте овощи и фрукты перед их употреблением.

Употребляйте, только тщательно приготовленную пищу и помните, что сбалансированное питание, занятие физической культурой, а также полноценный восьмичасовой сон, помогут поддержать иммунную систему вашего организма в хорошем состоянии. Будьте здоровы, берегите себя близких.

Важна сейчас сплочённость

Пятница, 24 Июл 2020

Во всём мире ведётся непримиримая борьба с коронавирусной инфекцией. Врачей, которые работают в больницах, теперь приравнивают к супергероям. Только есть между ними одно различие. Если выдуманные персонажи в той или иной степени неуязвимы, то реальные медицинские работники каждый раз рискуют собственным здоровьем, открывая двери больницы. История доказывает нам, что Врач – это не профессия, а образ жизни. И к этому образу невозможно прийти случайно. (далее…)