Архив за 31 Июл 2020

Қадірменді мұсылман бауырлар, құрметті жерлестер!

Пятница, 31 Июл 2020

Сіздерді әлемдегі барша мұсылмандардың ұлық мерекесі – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі Құрбан айт мерекесі – елдің береке-бірлігін бекемдейтін, қанағат пен қайырымдылықты арттыратын ұлық мереке.

Құрбан айт мерекесі – қазақ халқының салт-дәстүрімен біте қайнасып кеткен мейрамдардың бірі. Себебі, дана халқымыз отбасы мен ағайын-туысты, жақындарды құрметтеп, бауырмашылдықты ту еткен. Үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге ізет таныта білген. Яғни, ізгілік нұрын себу, мұқтажға көмектесу ежелден-ақ қанымызға сіңген абзал қасиеттер. Сондықтан исі мұсылманның Құрбан айт мерекесі мемлекетімізде үлкен құрметке ие, әрі ұлттың ынтымағын арттыруға үлес қосып келеді. Бұл мерекенің басты мәні – сыйластықты арттыру, жақсылық жасау, сыйлық сыйлау, мұқтаждарға көмектесу. Осы мерекеде ізгі амалдар жасап, құрбандық шалып, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға жәрдемдесу, науқас жандардың көңілін сұрау сауапты іс екенін баршамыз білеміз. Құрбан шалу кісіні шүкіршілік пен тәубаға, аманатқа, адалдық пен сертке беріктікке шақырады.

Биылғы Құрбан айт елдегі пандемияға байланысты біраз өзгешеліктермен аталып өтпек. Қазақстан Мұсылмандары діни Басқармасы биыл алғаш рет қашықтан құрбан шалу жобасын қолға алды. Осыған байланысты арақашықтықты сақтап, карантин режимін бұзбауларыңызды сұраймыз.

Қымбатты жерлестер!

Ұлық мереке құтты болсын! Әрбір шаңыраққа шалқыған шаттық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке тілейміз. Құрбан айт мерекесінде жасаған барлық ықылас-ниеттеріңіз қабыл болсын!

А.Ыдырысов, Сәтбаев қаласының әкімі.
Т.Хмилярчук, қалалық мәслихат хатшысы.

Ағымдағы жөндеуден өтуде

Пятница, 31 Июл 2020

Халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін Мемлекет басшысы өңірлерде «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асырған болатын.

Бүгінгі таңда аталмыш бағдарламаға сәйкес Сәтбаев қаласында 800-ге жуық жұмыс орнын құру жоспарланған. Жалпы бағдарламаны іске асыру үшін 3 миллиард теңгеден асатын 18 жоба қолға алынған. Бұл жобалардың 7-і білім беру нысандарын қамтиды. Бүгінгі таңда №19 мектеп-лицейіне де ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Білім ордасының қасбетін қайта қалпына келтіріп, су құбырларын ауыстыру үшін қазынадан 39 млн 984 мың теңге бөлінген. 10 жұмыс орны құрылып, 5-уі жұмыспен қамту орталығы арқылы еңбекке тартылған. Ал, жөндеу жұмыстарын «Инжиниринг групп» мердігер компаниясы жүзеге асыруда. Компания өкілі Азамат Шахманның айтуынша, 25 маусым мен 10 тамыз аралығында жөндеу жұмысы толығымен аяқталмақ.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет автордікі.

Құрметті көлік саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Пятница, 31 Июл 2020

Кәсіби мереке – Көлік саласы қызметкерлерінің күніне орай ыстық ықыласымызды, шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Тынымсыз қозғалыс, қауіпсіздік, нақтылық пен тасымалдаудың сапасы ауқымды инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Дамыған көлік инфрақұрылымынсыз халықтың әл-ауқатын арттыру, өнеркәсіптік өсім сияқты мәселелерді шешу мүмкін емес. (далее…)

Уважаемые работники и ветераны транспортной отрасли!

Пятница, 31 Июл 2020

Сердечно поздравляем вас с Днём работников транспорта!

В этот день с тёплыми словами благодарности мы обращаемся ко всем, кто добросовестно трудится в транспортной сфере, выполняя свой профессиональный долг. Сегодня нашу повседневную жизнь невозможно представить без чёткой, бесперебойной и надёжной работы автотранспортных предприятий – на их долю приходится основной объём перевозимых грузов и пассажиров. Напряженный труд специалистов отрасли во многом является залогом эффективной деятельности предприятий, учреждений и организаций нашего города и региона. (далее…)

Ана тілегі ақталды

Пятница, 31 Июл 2020

Тұрғын үй мәселесі қай кезде де өзекті. «Үйі жоқтың күйі жоқ» дегендей, қаншама отбасы үшін баспана басты мұңға айналғалы қашан?! Дей тұрғанмен, қайырымды азаматтардың арқасында қоныс тойын тойлағандар қатары арта түсуде. Қаламыздағы «Мейірім шуағы» меценаттар клубы осымен үшінші отбасына пәтер сыйлады.

– Бүгін тағы бір отбасын қуанттық. Бұл біздің команда үшін үлкен қуаныш. Негізгі мақсатымыз – ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасыларға барынша көмек беру. Көпбалалы ана Айнұр Жүнісова бізден көмек сұраған болатын. Батыр ананың тілегін Марғұлан Молдашов, Абай Байділдаев есімді кәсіпкерлерге жеткіздік. Өтініш жерде қалмады, азаматтар жомарттық танытты. Нәтижесінде Айнұр Жүнісова Шаталюк көшесі 22 мекен-жайда орналасқан, күрделі жөндеуден өткен тұрғын үйден 3 бөлмелі пәтерге қол жеткізді. (далее…)

Қандай жаңалықтар күтіп тұр

Пятница, 31 Июл 2020

Сонымен, еліміздің барлық мектептері 1 қыркүйектен бастап бірінші тоқсанды қашықтан оқитын болды. Балалар мен мұғалімдердің өмірі мен денсаулығын басты назарда ұстаған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі осындай ұйғарым жасады. Ал, мектептер осы жүйеге әзір ме. Өткен төртінші тоқсанның сабақтарынан қандай қорытынды шығардық. Әңгіме осы төңіректе өрбімек. (далее…)

Тиісті талаптар сақталуда

Пятница, 31 Июл 2020

Шілде айының бесінші жұлдызынан бастап еліміздің барлық өңірінде күшейтілген режим қайта орнағаны белгілі. Қаламызда аурудың алдын алу мақсатындағы талаптар қалт жібермей орындалуда. Тиісінше тексеріс шаралары мен рейдтік жұмыстар уақытылы өткізілуде. Төтенше жағдай кезінде арнайы құрылған 11 мобильді топ өз жұмысын тиянақты атқаруда.

Осы ретте №10-шы мобильдік топ мүшелері шағын және орта бизнес нысандарына атбасын тіреп, тұрғындар арасында карантин талаптарын сақтаудың ережелерін түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

– Бүгін «Акцент» және «Береке» дүкендеріне, өзге де сауда нүктелеріне рейд жүргіздік. Сауда нүктелеріндегі қызметкерлердің тиісті талаптарды сақтауын қадағаладық. Бұдан бөлек санитарлық ережерлерді сақтау турасында ескертулер жасалды, – дейді топтың белсенді мүшесі Р.Габиев.

Рейд барысында қазақ және орыс тілінде карантиндік талаптар жазылған арнайы түсіндірме буклеттері де таратылып, бас санитарлық дәрігердің қаулысын орындамаған кәсіпкерлерге 280 мың теңге айыппұл салынатындығы ескертілді.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет автордікі.

Улыбайтесь, люди, улыбайтесь!

Пятница, 31 Июл 2020

А давайте-ка… улыбнемся. Прямо сейчас. Прямо здесь. Прямо при всех, если кто-то рядом. Или своему отражению в зеркале, если рядом никого нет. Что значит, зачем?! Ну, хотя бы затем, что и нам улыбнутся в ответ. Даже наше отражение в зеркале. Не верите – проверьте. Вот тоже – прямо сейчас. Ну, убедились? То-то же! И почувствовали, что у всех нас сразу же поднялось настроение? Вот и мы о том… А все почему? А все потому, что искренняя улыбка всегда настраивает нас на позитивный лад, помогая преодолевать жизненные трудности. (далее…)

ВсЁ в наших силах

Пятница, 31 Июл 2020

Мы надеялись, что это ненадолго. Мы надеялись, что как-нибудь просидим эти два месяца чрезвычайного положения дома у телевизора либо компьютера, а дальше – лето, солнце, свежий воздух, природа и прочие маленькие житейские радости в парках, скверах, на берегах рек и озер. Мы даже обязательные маски надевали, входя в магазин за продуктами или другое общественное место, и руки антисептиком, разумеется, тщательно обрабатывали. И мечтали: вот как снимут ЧП, так сразу!

Врачи-инфекционисты, в один голос, предупреждали: «корона» коварная, от мер предосторожности одномоментно отказываться нельзя, ни в коем случае! В противном случае защитная маска станет неотъемлемым атрибутом одежды. А для самих врачей дежурство в больницах станет бессрочным.

Но мы ведь сами с усами! Едва только президент страны объявил о прекращении чрезвычайного положения, едва только заработали все магазины и рынки, едва только нам разрешили выходить на работу, мы словно с цепи сорвались! Два месяца без знакомых лиц, без праздников, без богато накрытых дастарханов с многочисленными гостями, да еще по такому поводу – карантин сняли. Это ж для нас целая вечность, да и не по-человечески!

Результат вполне ожидаем: сирены «скорой помощи» не умолкают ни днем, ни ночью; больницы забиты под завязку; врачи сбиваются с ног; родственники госпитализированных сутками дежурят под окнами больничных палат. А ведь впереди еще осень, с её неизменными сезонными заболеваниями, которые вполне могут усугубить ситуацию.

Если, конечно, мы не возьмемся за ум. И многого от нас и не требуется. Более того, – все тоже самое: индивидуальные защитные маски, перчатки, соблюдение социальной дистанции. И при первых же признаках «короны» (они уже общеизвестны) – сразу обращаться к врачу.

Берегите себя! Уверена, здравый смысл в нас гораздо сильнее, и, если следовать ему всем вместе, мы достойно переживем этот сложный период.

Инна ГУВА, член инициативной группы немецкого этнокультурного объединения.

Берегите себя, и любите!

Пятница, 31 Июл 2020

Вот если сиднем дома сидеть да таблетками разными себя пичкать, с коронавирусом точно не совладаешь! В этом на все 100% уверена семидесятилетняя Галина Мукановна ПУЧКОВА. А вот если, несмотря на возраст и на предубеждения, взять в руки лыжные палки да с утречка на улицу, походить по-скандинавски под поднимающимся над горизонтом солнышком, – тогда никакая зараза к тебе не прицепится. Просто не догонит.

Галина Мукановна скандинавской ходьбой занимается с весны. Увлеклась ею, как и оздоровительной гимнастикой, в Центре «Сатпаевское активное долголетие» при городском Доме дружбы.

– С ними, с палками, удобно ходить, и полезно, для позвоночника особенно. Утром пройдешься, и весь день чувствуешь себя хорошо, – говорит Галина Мукановна. – Раньше, до пандемии, каждый день ходили вокруг спортивно-оздоровительного комплекса, по пять километров за утро нагуливали. А потом еще до дому, тоже с палочками… Теперь ходим только три раза в неделю. (далее…)