Архив за Август 2020

Құрметті сәтбаевтықтар! Қадірлі отандастар!

Пятница, 28 Авг 2020

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз!

Халқымыздың заң үстемдігіне, адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге ұмтылысы төл тарихымызда айқын көрініс тапқан. Озық әлемдік тәжірибені, тарихи және ұлттық дәстүрлерді арқау еткен Қазақстан Конституциясы халқымыздың бірлігі мен мемлекет тәуелсіздігінің берік негізі саналады.

Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық референдум негізінде қабылданып, 5 қыркүйек күні өз күшіне енген болатын. Биыл Ата заңымыздың 25 жылдығын атап өтпекпіз. Осы кезең ішінде еліміздің басты заңы жасампаздық пен ілгерілеудің кепіліне айналды. Қазақстан тұтас құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жүйені қалыптастырып, жан-жақты жаңғыру жолына түсті. Тұңғыш президентіміз ұсынған Ұлт жоспары мен институционалдық реформалар соның негізін құрайды.

Біздің мақсатымыз – экономиканың сапалы өсімін және халықтың әлеуметтік сұраныстарын қамтамасыз етіп, тұрмыс деңгейін арттыру, сондай-ақ мемлекеттің саяси жүйесін жетілдіру. Ата заң азаматтарымыздың мүддесіне қызмет етіп, елімізді одан әрі дамытуға септігін тигізе береді.

Баршаларыңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілейміз!

А.Ыдырысов, Сәтбаев қаласының әкімі.
Т.Хмилярчук, қалалық мәслихат хатшысы.

Уважаемые сатпаевцы! Дорогие соотечественники!

Пятница, 28 Авг 2020

Примите искренние поздравления с Днем Конституции Республики Казахстан – основного закона нашей страны, принятого на всенародном голосовании 30 августа 1995 года.

Равенство всех перед законом, свобода мысли и слова, свобода совести и вероисповедания, права на социальную защиту, образование, медицинскую помощь являются нашими демократическими завоеваниями, и мы должны дорожить ими. (далее…)

Құрметті кенді шаһардың кеншілері!

Пятница, 28 Авг 2020

Сіздерді төл мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

Қай кезеңде болмасын кен өндіру саласы мемлекеттің қуатын арттыруда маңызды орын алып келді. Бүгінде де еліміздің индустрия саласында қозғаушы күш болып табылады.

Бұл сала қызметі ауыр әрі құрметті. Біздің өңірде тау-кен металлургия кешені өз жұмысын бастап, шахталар ашылғаннан бері кенші мамандығын меңгеріп, ұрпақтан ұрпаққа мұра еткен әулеттер қатары көбейді. Олар бүгінгі күні де еңбек даңқын арттыруға үлкен үлес қосуда.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС құрылымдық бөлімшелерінде жаңа технология мен техникалық қайта жарақтандыруды белсенді енгізіп, өндірістің көлемін ұлғайтуға қабілетті жоғары кәсіби мамандар еңбек етеді. Кәсіпорындардың тиімді жұмысының нәтижесі қаламыздың ғана емес, аймағымыздың экономикалық дамуына, жерлестеріміздің өмір сүру деңгейін арттыруға үлкен үлесін қосуда. Сондықтан табысты тасқындатқан барша кеншілерге, ардагерлерге зор алғысымызды білдіреміз. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз әрдайым құрметке лайық.

Осындай қуанышқа толы күні Сіздерге мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық пен бақыт тілейміз. Еліміздің кемел келешегі үшін еңбекте жаңа табыстарға жете беріңіздер! Мереке құтты болсын!

А.Ыдырысов, Сәтбаев қаласының әкімі.
Т.Хмилярчук, қалалық мәслихат хатшысы.

Уважаемые шахтёры Сатпаева!

Пятница, 28 Авг 2020

От всей души поздравляем вас с профессиональным праздником!

Профессия шахтера, горняка для нашего города неоценима. Развитие города напрямую связано с развитием меднорудной промышленности, с работой гиганта отрасли – корпорации «Казахмыс». С момента образования горно-металлургического комбината и открытием шахт уже сменилось несколько поколений представителей этой славной профессии, и благодаря их доблестному труду горняцкий город продолжает жить и строить планы на будущее. (далее…)

1 қыркүйек – Білім күні

Пятница, 28 Авг 2020

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар!

Сіздерді жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жаңа оқу жылының бірінші күні бірнеше ұрпақ өкілдерін біріктірген, дәстүрге айналған мереке. Балабақша тәрбиеленушілерінен бастап мектеп, жоғарғы оқу орындарының табалдырығын аттаған азаматтар қуанышқа бөленетін күн. Бұл біздің ортақ мерекеміз, себебі әр істің, әр мамандықтың негізі – білімде. Білім, адамға өз өмір жолын таңдауда сенімділік пен еркіндік береді. Жеңістерге жету жолында қабілетін шыңдайды. Сондықтан, біздің елімізде сапалы білім беруді қамтамасыз етуге ерекше назар аударылған. (далее…)

Дорогие школьники, родители и учителя!

Пятница, 28 Авг 2020

Сердечно поздравляем вас с Днем знаний и началом учебного года!

1 сентября – один из самых светлых и добрых праздников, объединяющий все поколения, символ начинаний, перспектив и новых возможностей. Все мы помним то незабываемое чувство, с которым в первый раз переступили порог школы, помним своего первого учителя и школьных друзей.

Для кого-то наступающий учебный год первый, для кого-то очередной. Желаем учиться с удовольствием, быть активными. Никогда не переставайте мечтать и двигаться к своей цели. Набирайтесь опыта и знаний, учитесь своим трудом и талантом приносить максимальную пользу. Стремитесь быть нужными нашему городу, успехи которого во многом зависят от вас. (далее…)

Үздік спортшылар марапатталды

Пятница, 28 Авг 2020

Өткен аптада қалалық әкімдіктің үлкен залында спортшылардың кәсіби мерекесіне орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Жиында спорт ареналарында намыс туын жықпай, жеңіске жеткен үздік спортшылар мен абырой биігіне көтерілген сала ардагерлері марапатталды.

Спорт – денені сауықтырудың бірден бір жолы. Онымен айналысу денені шынықтырып қана қоймай, жаман әдеттерден арылтып, ой мен бой сергектігіне жол ашады. Бүгінде кәсіби саладағы спортшылардың бағындырған белесі мақтауға тұрарлық. Әлемнің әр түкпірінде өтіп жатқан чемпионаттарда көк байрақты желбіретіп, жарысқанда жүйріктігін көрсетіп келеді. Біздің кенді қалада да сондай өр үмітті өрендер жетерлік. Спорт күніне орайластырылған мерекелік жиында сол міндетті абыроймен арқалап келе жатқан айбынды спортшылар марапатталды. Қала әкімінің орынбасары Айгүл Төлендина марапат иелерін арнайы құттықтап, бағы мен бабы қатар келіскен спортшылар қашан да құрмет-қошеметке лайық екендігін жеткізді. (далее…)

Онлайн байқау мәресіне жетті

Пятница, 28 Авг 2020

Карантин кезінде шығармашыл тұлғаларды дәріптеу жұмыстарына еш кедергі жоқ. Мәдениет саласының қызметкерлері өңір өнерпаздарын қолдау мақсатында қала тұрғындары арасында түрлі онлайн байқаулар ұйымдастыруда.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі ай бұрын шаһарымызда Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Менің Қазақстаным!» атты онлайн байқау бастау алған болатын. Ерекше форматтағы шара Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына және атақты композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толған мерейлі мерекелерге арналған болатын. Осы ретте аталмыш байқауға оннан астам өнерпаз қатысып, Шәмші ағамыздың әндерін онлайн түрде шырқады. Әлеуметтік желіде көп лүпіл жинаған әншілер ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бас жүлдеге орталық кітапхананың әдіскері Парасат Қасымбекова лайық деп танылды.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА,
Сурет автордікі.

Кеншібековтің бригадасы

Пятница, 28 Авг 2020

Батыс Жезқазған кенішінің №67 шахтасында өз ісінің шеберлері атанған еңбек ұжымдары жетерлік. Үздіктер қатарында «Кеншібековтің бригадасы» да бар. №6 проходка учаскесіндегі Нұрлан Кеншібеков басқаратын ұжымның «үздік» атануы кездейсоқ емес. Бұл талай жылғы тәжірибенің, ұзақ уақыт төккен тердің нәтижесі.

— Жоспар бойынша айына 180 метр проходка жүріп өтуіміз керек. Бірақ біз бұл міндетті 200-ге жеткізіп, көздеген межеден асырудамыз. Мұрат Тортаев бригадир болған 2017 жылы кеніш бойынша өткен байқауда «Үздік бригада» номинациясын жеңіп алған болатынбыз. Қазір мен де еңбек ұжымын осы биіктен түсірмеуге барынша тырысып келемін. Жоспарды дер кезінде орындап, мінсіз жұмыс атқаруда еңбек озаттарының үлесі ұшан-теңіз. Олардың жастарды тәрбиелеудегі еңбегін айтсаңызшы. Бүгінгі күні бригадада оннан астам адам еңбек етуде. Олардың арасында істің икемін білетін, кен аттырудың жөн-жобасын түсінетін білікті мамандар жетіп артылады. Солардың қатарында Ербол Досанов, Арнат Қосыбаев, Володия Мурашка, Жандос Мұқанов, Қыдырбек Қожахметов, Ардақ Тапаев, Нұрсұлтан Сейітжаппаров, Дүйсенбек Алпысбеков, Асылбек Ибрагимов, Айтбек Жүсіпбеков, Мұрат Тортаев, Нұржан Есет, Қайрат Әлішев бар. Еңбек көрігін қыздырып жүрген кеншілер еңбек өнімділігін еселей түсіп, кен көзінің тоқтаусыз тасымалдануын қамтамасыз етуде. Ұжымдағы жиырма бес пен отыз жас аралығындағы жастар легі ардагерлерге әрқашан арқа сүйейді. Жастардың жақсы жағынан көрінуіне аға буын өкілдері көп көмек көрсетіп, тәлімгерлік қозғалысына жете көңіл бөледі, – дейді Нұрлан Серікбайұлы.

Бригада жұмысшыларын бір арнаға тоғыстырып отырған Нұрлан Кеншібеков бұдан бұрын ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түсіп, қызметтік өсудің бірнеше сатыларынан өткен. Байыпты бригадирдің алар асуы, жетер жетістігі алдыда екендігі хақ. Ол әңгіме барысында өзінің ұжымды басқарудағы тың әдіс-тәсілдерімен, бастамаларымен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. (далее…)

Ата-Заң – дала заңының дәстүрлі жалғасы

Пятница, 28 Авг 2020

Заң саласында қазақ халқының ата-бабадан қалған бай мұрасы бар. Бұл тарихи құндылығымыз Кеңес заманында еленбей, бағаланбай, жинақталмай, бізге беймәлім болып келген еді. Ал тәуелсіздік алғаннан кейін, осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында үлкен жоба қолға алынды, сөйтіп академик Салық Зимановтың басшылығымен, «Қазақтың Ата заңдары» деген атпен 10 томдық жинақ жарыққа шықты. Бұл көптомдық қазына қазақтың, ресми тарихнамада айтылып келгендей, Ресейдің жетегіндегі мешеу жұрт емес, өзінің өркениеттік жолы бар, заңдары, дәстүрі бар халық екенін көрсетті. (далее…)