Архив за 07 Авг 2020

Құрметті құрылысшылар және сала ардагерлері!

Пятница, 07 Авг 2020

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрылыс саласы қай уақытта да құрметті және абыройлы саланың бірі. Сіздер сол талапқа сай өңір аумағында әлеуметтік және өндірістік нысандарды сапалы және мерзімінде іске қосуға атсалысып келесіздер. Қарышты даму жолына түскен қаламызда қазіргі заманға лайықты сәулетті ғимараттар қатары күн сайын өсу үстінде. Кеншілер шаһарының сәнін келтіріп, айшықтандырып тұрған құрылыстардағы қолтаңбаларыңыз біз үшін үлкен мәртебе.

Қаламызда құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес. Жаңа шағынаудандар мен көпқабатты тұрғын үйлер қатары жыл сайын ұлғая түсуде. Осының бәрі құрылыстың қарқынды жүргізіліп жатқандығын, құрылысшылардың аянбай еңбек ете білетіндігін көрсетеді.

Әрине, қандай құрылыс болсын орасан зор еңбекті қажет етеді. Өңіріміздің экономикасына қосып отырған үлестеріңіз бен ел мүддесін қанағаттандыруға, әлеуметтік саланы жетілдіруге атсалысып отырғандарыңыз үлкен құрметке лайықты.

Кәсіби мереке қарсаңында сіздерге зор денсаулық, бірлік пен ынтымақ, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Еңбектеріңіз жемісті болсын!

А.Ыдырысов, Сәтбаев қаласының әкімі.
Т.Хмилярчук, қалалық мәслихат хатшысы.

Уважаемые работники и ветераны строительной отрасли!

Пятница, 07 Авг 2020

Примите искренние и сердечные поздравления с профессиональным праздником – Днём строителя!

За каждым строительным объектом – домом, школой, детским садом – стоят трудолюбивые и преданные своему делу люди. Именно Вы закладываете фундамент достойной жизни, создаете облик нашего города, от вас зависят комфорт и уют зданий, где мы живем, работаем и отдыхаем.

День строителя – праздник многих профессий, среди которых есть архитекторы и каменщики, инженеры и проектировщики, плотники и штукатуры. Сегодня ваш труд преображает облик наших городов и населенных пунктов. Нельзя не отметить, что в нашем городе за последние несколько лет выросли новые микрорайоны, сданы десятки тысяч квадратных метров жилья. Все это создается руками строителей. Ваша работа – создавать комфорт и дарить людям счастье новоселья. Именно поэтому Строитель – замечательная профессия. А те, кто носит это звание, заслуживают почета и уважения.

Желаем всем работникам строительной отрасли крепкого здоровья, неиссякаемой энергии, новых творческих замыслов, счастья, благополучия, больших успехов в нужном и благородном деле на благо родного города!

А.Идрbсов, аким города Сатпаев.
Т.Хмилярчук, секретарь городского маслихата.

ВОПРОСЫ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ НА ПОВЕСТКЕ ДНЯ

Пятница, 07 Авг 2020

В минувшую субботу в рамках рабочей поездки по Жезказганскому региону депутат Мажилиса Парламента РК Арман Кожахметов побывал в нашем городе. В сопровождении акима города Аскара Идрисова и руководителя зонального представительства управления здравоохранения области Ляззат Рановой мажилисмен посетил ряд лечебных учреждений города.

Посещение объектов было начато с центральной городской больницы. О работе инфекционного отделения, где лечатся больные Covid-19, вкратце проинформировал директор ЦБ №1 Жомарт Аханов. Затем депутат ознакомился с ходом ремонтных работ родильного отделения и побывал в отделении гемодиализа, открытом в рамках государственно-частного партнерства в ноябре прошлого года на базе горбольницы для больных с почечной недостаточностью.

Далее по программе визита гостем была посещена городская поликлиника, он также смог ознакомиться с работой инфекционного госпиталя, расположенного в медсанчасти, и побывал в двух аптеках города – «Миллениум» и «Қызыл май». «Какие проблемы есть в работе?», «Имеется ли нехватка врачебных кадров?», «Как дела обстоят с оборудованием, необходимым для лечения больных коронавирусом?», «Есть ли проблемы с обеспечением лекарственных препаратов?» – вот неполный перечень вопросов, которыми по ходу объезда во время посещения учреждений здравоохранения интересовался парламентарий.

По завершении программы посещения горняцкого города в рамках рабочей поздки А.Кожахметов выехал в Улытауский район.

Айгуль ТУТЕЕВА.
Фото автора.

«Казахмыс» помогает

Пятница, 07 Авг 2020

Три новых аппарата искусственной вентиляции легких пополнили мощности инфекционного отделения Центральной больницы
№1 г.Сатпаев для борьбы с коронавирусной инфекцией COVID-19 в минувшую среду. Столь значимый для всего нашего города дар преподнесла корпорация «Казахмыс».

Как прокомментировал Сабыржан ТЕМБАЕВ, начальник Управления социально-трудовых отношений ТОО «Корпорация «Казахмыс» по Жезказганскому региону, это стало возможным благодаря меморандуму, заключенному между корпорацией «Казахмыс» и Управлением здравоохранения Карагандинской области.

– Корпорация «Казахмыс» выполняет свои обязательства. В течение месяца все провизорные центры Жезказганского региона – городов Жезказган и Сатпаев – получают медицинские аппараты. В первый раз центры получили кислородные концентраторы. Во второй раз они получили два аппарата для снятия мокроты. И вот сейчас, в третий раз, многопрофильная больница города Жезказган получила от корпорации «Казахмыс» четыре аппарата искусственной вентиляции легких, сатпаевская Центральная больница № 1 – три. Скоро в ЦБ-1 прибудет аппарат компьютерной томографии. (далее…)

Бар жақсылық – ана мен балаға

Пятница, 07 Авг 2020

Қаламызда «Жұмыспен қамтудың Жол картасы-2020» бағдарламасы қарқынды жүзеге асуда. Мемлекеттік бағдарлама аясында биылғы жылы қалалық ауруханаға қарасты Перзентхана ғимаратына толыққанды күрделі жөндеу жасалуда.

Ғимарат 1963 жылы пайдалануға берілген. Содан бері 2003 жылы «Қазақмыс» корпорациясының ұйытқы болуымен алғаш рет жөндеу жұмыстары жасалыпты. Енді, міне, араға 7 жыл салып «КZ Центр» ЖШС мердігер компаниясы жөндеу жұмыстарын жасауда. Бұл бағытқа қазынадан 223 млн көлемінде қаражат бөлінген. Айта кетейік, ағымдағы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша қаламызда 421 бала дүниеге келіпті. (далее…)

Мониторинг жасалды

Пятница, 07 Авг 2020

Коронавирус инфекциясының күн санап таралуына байланысты халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібіндегі өзекті тақырыптың біріне айналды. Осы дерттің салдарынан дәрі-дәрмек бағасының шарықтап кеткені де жасырын емес.

Одан бөлек емделуге қажетті препаратты таба алмай сандалып қалғанымыз тағы бар. Дәрі жеткіліктігін тексеру, құны, сату ережелерін бақылау мақсатында «Нұр Отан» партиясы Сәтбаев қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясы мүшелері кезекті рейд өткізді. Рейдке полиция бөлімінің қызметкерлері мен қалалық әкімдік өкілдері қатысты. Қаламыздың бірнеше дәріханаларына бас сұққан комиссия мүшелері шаһарда дәрі тапшылығының азайғандығын алға тартуда.

– Бұл алғашқы тексеріс емес. Бұған дейін де бірнеше дәріханаға бақылау жүргізгенбіз. Басты мақсатымыз – дәрі бағасының шарықтап кетпеуіне мониторинг жасау және сатылымға шығу ережесін қадағалау. Рейд барысында заң бұзушылықтар анықталмады. Дәрі-дәрмек жеткілікті, – дейді қалалық филиал кеңесшісі Ершат Әубәкіров.

Алдағы уақытта дәріханалардың қызметін бақылау жалғаспақ.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Суреттер автордікі.

Алдын алудың тиімді құралы

Пятница, 07 Авг 2020

Қауіпті індетпен күресте дәрігерлерге зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Көпшілігіміз қауіптің әлі де жойылмағандығын біле тұра, көшеде бетпердемен жүру қажеттілігін, санитарлық талаптарды орындауды естен шығара бастадық.

Сондықтан, ақ халатты абзал жандар Instagram платформасы арқылы тұрғындармен тікелей байланысқа шығып, «Дәрігер – онлайн» пилоттық жобасы аясында індеттен қорғанудың қарапайым сақтық шараларын қолдануға кеңес беруде. Тікелей байланыс арқылы тұрғындар тарапынан туындаған барлық сұрақтарға жауап беруге тырысуда. Бұл тәжірибені вирустық аурулардың алдын алудың тиімді құралы ретінде атап өткен жөн. «Ахметова» ЖШС директоры Айткүл Ахметованың айтуынша, №5 отбасылық денсаулық орталығында 8200 адам тіркелген. Олардың арасында коронавирустық инфекцияның 135 жағдайы тіркеліп, 91-і сауығып шықты.

– Бүгінгі таңда 6 адам ем алып жатыр. Тікелей бақылауымызда 38 адам бар. 2 мобильді бригада жұмыс істейді. Олар мекенжай бойынша дене қызуы бар, жіті респираторлық вирустың алғашқы белгілері анықталған азаматтарды тексеріп, бақылауға алады. Шілде айында 357 адам үйде бақыланып, дәрігердің кеңесімен медбикелер онлайн түрде ем-дом жасады. Коронавирустық инфекциясы өздеріңіз білетіндей жұқпалы вирус. Адамнан адамға жылдам тарайтын бұл індеттен барынша сақтанған дұрыс. Дене қызуының көтерілуі, құрғақ жөтел, ентікпе, әлсіздік, көп терлеу, тұмау, иіс және дәм сезбеу қауіпті індеттің алғашқы белгілерінің бірі болып табылады. Осы аталған белгілер анықталған жағдайда бірден дәрігерге жүгінген абзал. Дене қызуы 38 градустан жоғары болса дәрігерді үйге шақырыңыз. Біздің байланыс нөміріміз:7-99-02, 7-35-48. Бұл ауру өте қауіпті. Жасы ұлғайған кісілер, созылмалы аурулары бар азаматтар сақтық шараларына аса мән беруі тиіс. Көпшілік жиналған жерге бармай, арақашықтықты сақтап, сыртқа шыққан жағдайда міндетті түрде бетперде қолдануды әдетке айналдырыңыздар. Жеке бастың гигиенасы маңызды рөл атқарады. Осындай қарапайым сақтық шараларын қолдансақ, індеттен арыламыз, – дейді Айткүл Сәкенқызы.

Мамандар өзіңізді және басқаларды қорғаудың ең жақсы тәсілі – оқшаулану екендігін жеткізуде. Ауру негізінен жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде мұрын немесе ауыздан шыққан кішкентай тамшылар арқылы беріледі. Дүниежүзілік өзін-өзі оқшаулау жағдайында онлайн режимде байланысқа шыққан дәрігерлер осылайша халықпен өзара әрекеттесудің жақсы мүмкіндігін ұйымдастырып отыр.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет автордікі.

Шыңырауда шыңдалған

Пятница, 07 Авг 2020

Кен өндіру ісінің алғы шебінде жүретін кеншілердің еңбегі қанша мадақталса да лайықты. Себебі, жер асты жұмысының қаншалықты қауіпті әрі зор жауапкершілік жүктейтінін айтпаса да түсінікті. Қарапайым жұмысшыдан бастап кен ісінің маманы болу үшін де зор күш, қажыр-қайрат, білім мен білік керек. Қаламыздағы Ерғазиновтер әулеті де өндірісте еңбек етіп, ел дәулетін еселеуге зор үлес қосып келеді.

Жұмабай Төлеуұлы осы әулеттің үлкені бүгінде. Әке жолын қуып, кен өндіру ісінің талай мектебінен өткен ол туған-туыстары мен әріптестері арасында зор құрметке ие. Өйткені «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-на қарасты Оңтүстік Жезқазған кенішінде табан аудармай қырық бес жыл еңбек етіп, құрметті еңбек демалысына шықты. Қазір де бейнетінің зейнетін көріп отырған кеншінің еңбек жолын балалары жалғастыруда. (далее…)

Елдік мұраттың айнымас темірқазығы

Пятница, 07 Авг 2020

Қай халықтың болмасын өсіп-өркендеуі, ақыл-ойы мен санасының, әдебиеті мен мәдениетінің, өнері мен білімінің, қысқасы, бүкіл рухани жан дүниесінің дамуы, жалпы адамзаттық өркениетке ұмтылысы сол халықтың өміріне, ұлт ретінде адами болмысы мен рухына іргелі бетбұрыс жасаушы ұлы дарындардың тарихи еңбегімен, қайталанбас қайраткерлік тұлғасымен тығыз байланысты болады. (далее…)

«Давайте подумаем о детях!»

Пятница, 07 Авг 2020

Мы можем верить в COVID-19, а можем и не верить. Мы можем верить в пользу карантина, а можем и сомневаться. Мы можем верить в защитную силу масочного режима, а можем и категорически его отрицать. Все это мы можем. Ведь сколько голов, столько и мнений, и в этом наша, человеческая ценность. Поэтому сейчас я не буду принимать чью-то сторону и с пеной у рта доказывать неправоту оппонентов. (далее…)