Архив за 10 Авг 2020

Абай Ораз: Оймақтай ой

Понедельник, 10 Авг 2020

Адам баласы өз-өзімен өлгенше алысып өтеді-ау. Ойы келіссе, ісі қиюласпай, әуелден өлшеп-пішілген дүниесінің өзі әбігерлеп, кейде титықтатып тастайды. Жан-жағына қарағыштап, жақын жерден ақылын айта қояр аға табылмаған соң, бастағаны баянсыз қалып жатады. Ашуға бой алдырғанның — ақылы алыста.

Кірпияздана қалғанда кісі аузына жүгінетініміз тағы бар. Мұқым елдің баласы ондайда Абайды аузына алады. Әуелгі сөзге шегінсек, қолға алған істің баяндылығы баба сөзінен басталса жарар еді.

Абай күні құтты болсын!

Даулет Сейтпеков: Биыл Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы.

Понедельник, 10 Авг 2020

Осы орайда, Үкімет отырысында Қ.Тоқаев 10 тамыз Абай күні болып жарияланған кейін, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев: Абай – рухани реформатор атты мақаласы жарияланған болатын. «10 тамызда­ұлтымыздың ұлы ақыны, ойшыл тұлғасы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. (далее…)

Қасым-Жомарт Тоқаев: Абай – рухани реформатор

Понедельник, 10 Авг 2020

10 тамызда ұл­­ты­­мыздың ұлы ақы­ны, ойшыл тұл­­ғасы Абай Құнан­­бай­­ұлы­ның ту­ға­нына 175 жыл тол­ды. Бұ­дан ши­рек ға­сыр уақыт бұ­рын Тұңғыш Прези­дентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың бастамасымен Абайдың 150 жыл­дығы ЮНЕСКО деңгейінде өткі­зіл­ген еді. Бұл торқалы той – сол тама­ша дәстүрдің жалғасы.

Биылғы мерейтойға орай бірқатар іс-шара жоспарланған болатын. Бірақ әлемді жайлаған індетке байланысты со­ның көпшілігін онлайн форматқа ауыс­тырдық. Әрине сан сынақтан сү­рін­беген халқымыз бұл дертті де жеңе­ді. Қиындық  өтпелі, ал Абай мұрасы мәң­гілік.

Менің тапсырмам бойынша Үкімет оныншы тамызды «Абай күні» деп бел­гілеп, мерекелер тізбесіне енгізді (бірақ жұмыс күні болып қала береді). Ұлы ақынның мұрасын ұлықтауға арналған іс-шаралар жыл сайын өткі­зіліп тұратын болады. Мәселе мерейтойда емес – тұғырлы тұлғаның туын­ды­ларынан терең тәлім алуда. Абай­дың рухына тағзым ету – оның қағи­датын ұстану, аманатына адал болу. Сонда ғана жас ұрпақтың сана­сына қастерлі құндылықтарды сіңі­реміз. (далее…)