Архив за Сентябрь 2020

Әлеуметтік-экономикалық мәселелер қаралды

Пятница, 25 Сен 2020

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің тапсырмасы бойынша өңіріміздегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жете назарға алу мақсатында арнайы ведомствоаралық топ құрылған болатын.

Оның құрамына облыстық құрылымдардың 20-ға жуық салалық басқарма басшылары кіреді. Арасында ішкі саясат басқармасы да бар. Өткен аптада қаламызға арнайы іссапармен келген облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Құсайынов алдымен «AQSHAM» телеарнасы мен «Шарайна» газетінің шығармашылық ұжымымен кездесті. Онан соң ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының директоры Серікжан Байбосыновпен бірге №16 мектепке атбасын тіреді. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды. (далее…)

Баспаналы болды

Пятница, 25 Сен 2020

Елімізде 2017 жылдан бері жұмысын бастаған «Харекет» қоры көптеген қайырымдылық шараларын ұйымдастырып келеді. Игілікті істің жалғасы бұл жолы Ұлт ұясы – Ұлытау төрінде жалғасты.

Қазақ жігітімен отбасын құрған 8 баланың анасы Ирина Короленкоға аудан орталығынан жер үйдің кілті салтанатты жағдайда табыс етілді. Қоныс тойға «Харекет» қайырымдылық қорының Сәтбаев қаласындағы өкілдері мен еріктілері, аудан әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен ақсақалдар қатысып, қуанышқа ортақтасты. Кілтті табыстаған аудан әкімі көпбалалы ананы бір марқайтып тастады. Айтуынша, Ирина үй кезегінде тұр. Алайда, кезектің ауылы алыс.

Кайырымдылық қор өкілдерінен тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыға көмектесеміз деген ұсыныс түскенде қуана қабылдапты. Өз кезегінде Берік Әбдіғалиұлы қайырымдылықпен айналысып жүрген қор өкілдеріне шынайы ниетпен алғысын білдіріп, ҚР бойынша директоры Гүлмира Мұқанқызына Алхыс хат табыс етті.

Осындай қуанышты сәттен кейін үйге бас сұғып, ерлі-зайыптылармен аз-кем сұхбаттастық. Иринаның ұлты орыс болғанымен, қазақ тілін жетік меңгерген. Ұлтының басқа екеніне қарамай, бөліп-жармай қиындықта қолдау көрсеткен әкімшілікке, «Харекет» қайырымдылық қорына алғысын білдірді. Ағынан ақтарыла әңгімесін өрбіткен ана көз жасына ерік берді. (далее…)

Картамен үнемдеңіз

Пятница, 25 Сен 2020

«КәсіпҚорған» кәсіподағы «Kаsip BONUS» карталарын қолданушыларға арналған жеңілдік акциясын жалғастыруда. 10 және одан да көп мөлшерде пайыздық жеңілдіктер жасауға дайын серіктестердің тізімі жаңартылып, Instagram парақшасында жарияланады.

«КASIP BONUS» дисконттық карталары арқылы дүкендер, салондар, шаштараздар, басқа да қызмет көрсету нысандары қызметіне жеңілдіктер беріледі. Ал, картаны «КәсіпҚорған» кәсіподағының Жезқазған филиалынан ала аласыз. Серіктестер қатарына Сәтбаев қаласындағы Сәтбаев даңғылы, 122А мекен-жайында орналасқан «Аморе + Флора» гүл салоны, «Чародейка» шаштаразы, Ұлытау көшесі, 113 үйде орналасқан AY автокөлік жуу орны, Сәтбаев даңғылы 115-те орналасқан Корей косметика орталығы, Милинчук Виктория Владимировна (Сәтбаев қ., Құнанбаев даңғылы, 14 үй, 2-үй, телефон +7 777 378 10 58) жеңілдікпен кәсіби фотосессия жасау салоны, Мәңгілік Ел көшесі, 5А мекенжайында тұрмыстық техника дүкені, «Киім үйі» дүкенінен ерлер, «Бала» дүкенінде (Сәтбаев қ., Сәтбаев даңғылы, 109 б) балалар киімдері, Тәуелсіздік даңғылы, 41 мекен-жайында орналасқан «Тұран» дүкенінде сыртқы киімдерге пайыздық төмен бағалар ұсынылады. (далее…)

Жауапсыздық жарға жығады

Пятница, 25 Сен 2020

Шаһарымызда жүргізіліп жатқан құрылыстардың сапасы мен олардың орындалысы қалалық Қоғамдық кеңес мүшелерінің назарынан тыс қалмай келеді. Өткен аптада кеңестің кезекті отырысы өтіп, күн тәртібінде екі мәселе қаралды.

Тұрғындар тарапынан автокөлік жолдарын жөндеу бойынша айтылған сын-ескертпелер ескерілген жиында алдымен №4, №5 шағынаудандардағы жолдарды орташа жөндеуден өткізу мен жиектастарды айырбастау және Тәуелсіздік даңғылы мен Гурба көшесінің жолдарын жөндеу мәселесі көтерілді. Жөндеу жұмыстары бойынша бюджеттік бағдарламаның орындалысы туралы қалалық ТҮКШ, АЖ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Нұржан Кенжеғұлов баяндады. Бүгінгі күні мердігерлер тарапынан жол жөндеуге қатысты кешіктірілу бар. Мердігерлер мұның себебін материалдардың уақытылы жеткізілмеуіне байланысты әрі «Жұмыспен қамту» бағдарламасы арқылы орналасқан азаматтардың жұмысқа құлықсыздығымен байланыстырды. Кеңес мүшелері мұның барлығы тек сылтау ғана екенін жеткізіп, келісім-шарт жасалғалы бері атқаруға болатынын айтып, жауапсыздықтың жарға жығатынын жеткізді. Сондықтан, өзіне жүктелген міндетті жауапкершілікпен әрі сапалы атқару қажеттігін алға тартты. (далее…)

Дерек пен дәйек өзегі

Пятница, 25 Сен 2020

Ғасырлық тарихы бар статистика мамандығының заман талабына сай жан-жақты дамып, мемлекеттік қызмет саласындағы маңызы арта түсті. Қоғам өмірінің сандық заңдылықтарын олардың сапалық мазмұнымен ажырағысыз байланыста сипаттайтын статистикалық ақпаратты жинап, өңдеуді, талдау мен жариялауды қамтитын қызмет саласы ретінде мемлекетте басты рөлге ие статистика мамандығы сан алуандығымен ерекшеленеді. (далее…)

Пікірсайыс өтті

Пятница, 25 Сен 2020

Өткен сейсенбіде «Nur Otan» партиясының қалалық филиалында партияішілік сайлаудың кезеңдерінің бірі – кандидаттардың кезекті дебаты ұйымдастырылды. Үміткерлер шаһардың қордаланған мәселелерін шешу жолдарын айтып, сайлауалды бағдарламасын ұсынды.

Кезекті пікірсайысқа «Кәсіп­Қорған» салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерболат Сатыбалдин, «Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ директоры Гүлмира Жаппасова, «Сәтбаев қалалық «Шарайна» газеті редакциясы» ЖШС тілшісі Нұрлат Қонысбай қатысты. Дебат білім беру және әлеуметтік сала тақырыбында өрбіді. Үміткерлер қала проблемаларын шешудің жолдарына тоқталып, нақтылы атқармақ істердің ретін баяндады. Пікірталас модераторы Батырлан Сейтжаппаров праймеризге қатысушыларға сұрақтар қойып, көтерілген мәселенің негізгі шешу көздерін анықтауға тырысты. Кандидаттарға жиынға қатысушылар тарапынан да түрлі сауалдар қойылды. Дебат партия филиалының әлеуметтік желідегі парақшасында тікелей эфирде жүргізілді.

Өз тілшіміз.

Бағдарлама нәтижелі

Пятница, 25 Сен 2020

Кенді өлкеде «Жұмыспен қамтудың Жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Кейбір нысандарда бұл бағыттағы жұмыстар тіпті аяқталып, қолданысқа берілуде. (далее…)

Қазынамызды қадірлей білейік

Пятница, 25 Сен 2020

Ғаламтордағы деректерге сүйенер болсақ, адамдар алғаш рет 70-ші жылдары қарттарға арнап мереке құру туралы ойланған екен. Сол мерекені алғашқылардың бірі болып скандинавтықтар тойлай бастапты. Біраз уақыттан кейін АҚШ зейнеткерлер үшін жылдың ерекше күнін бөлуге шешім қабылдайды. Көп ұзамай мереке халықаралық мәртебеге ие болды. (далее…)

Несмотря на пандемию и кризис

Пятница, 25 Сен 2020

1 октября около 3000 сатпаевцев получат от ГУ «Отдел занятости и социальных программ» по 5000 тенге ко Дню пожилого человека в качестве единовременной выплаты. Примечательно, что в этом году на финансовую помощь могут рассчитывать люди в возрасте от 75 лет и выше. (далее…)

Подарили электрокардиограф!

Пятница, 25 Сен 2020

Департамент здравоохранения Карагандинской области передал в дар центральной поликлинике города амбулаторный электрокардиографический комплекс «Поли-Спектр-СМ».

«Поли-Спектр-СМ» – это система ежедневного мониторинга электрокардиограммы по холтеровскому методу, позволяющая записывать ЭКГ в течение 24-72 часов. Кроме того, регистратор позволяет записывать дыхание, двигательную активность, позу, импульсы кардиостимулятора, которые могут дополнять ЭКГ и оказывать существенную помощь в интерпретации результатов.
По словам руководства клиники, по новой системе обследовано 12 пациентов.