Архив за 11 Сен 2020

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Пятница, 11 Сен 2020

Баршаңызды Қала күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бүгінде Сәтбаев қаласы көркейіп, даму үстінде. Бақыттың ұясына айналған кенді өлкемізді еңбек әулеттері тұрақты мекен етуде. Әлеуметтік маңызға ие бірнеше нысан құрылысы жүруде. «Нұрлы мекен» шағын ауданының құрылысы аяқталуға жақын. 320 орындық жаңа балабақшаның, оқушылар сарайының құрылысы қарқын алуда. Шағын және орта бизнеске қатысты мақсатты жобалар жүзеге асырылуда.

Қадірлі жерлестер! Бұл игі істердің барлығы өздеріңіздің қолдауларыңызбен жүзеге асырылуда. Өлшеусіз еңбектеріңіз арқылы қаламызды көркейту үстіндесіздер.

Осы қалада туып-өсіп, қаланы салуға, қарқынды дамытуға өлшеусіз үлес қосқан соғыс және тыл ардагерлеріне айтар алғысымыз шексіз. Үздіксіз қызметі, дарыны, қабілет-қарымы арқылы қаламыздың материалдық және зияткерлік әлеуетін нығайтуға атсалысқан жастар қатарының көбейіп келе жатқандығы қуантады. Олардың спорт, мәдениет саласындағы жетістіктері серпін береді.

Сіздерге зор денсаулық, барлық игі істеріңізге табыс тілейміз. 13 қыркүйекте 47 жылдығы аталынатын Кеншілер қаласы жасампаздық пен тұрақтылық мекені бола берсін.

А.Ыдырысов, Сәтбаев қаласының әкімі.
Т.Хмилярчук, қалалық мәслихат хатшысы.

Дорогие жители и гости города!

Пятница, 11 Сен 2020

От имени руководства города и депутатского корпуса сердечно поздравляем Вас с Днем города!

Сегодня Сатпаев динамично развивается и уверенно движется вперед. Здесь комфортно жить, работать и развиваться людям разных поколений. Строятся сразу несколько объектов, имеющих социальную значимость. Близится к завершению строительство микрорайона «Нұрлы мекен», ведется строительство нового детского сада на 320 мест, здания современного Дворца школьников, реализуются в жизнь многие значимые проекты в сфере малого и среднего бизнеса.

Все это было бы невозможным без вас, вашей поддержки, ваших стремлений и ваших стараний, дорогие сатпаевцы. Именно вы своим трудом делаете родной город лучше, богаче, красивее.

Особую благодарность выражаем заслуженным ветеранам войны и труда. Спасибо вам за огромный вклад в развитие города, за любовь к родной земле.

Радует, что все больше молодых людей связывают свою судьбу со своей малой родиной, прославляют ее своими талантами и достижениями в учебе, спорте, труде, культуре и искусстве.

Желаем всем крепкого здоровья, счастья, новых свершений. А родному городу горняков, которому 13 сентября исполняется 47 лет, – благополучия, добра и стабильности.

А.Идрисов, аким города Сатпаев.
Т.Хмилярчук, секретарь городского маслихата.

Ашықтық пен жариялылық бағытында

Пятница, 11 Сен 2020

«Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова Жезқазған аймағына келген сапарында Сәтбаев қаласына да атбасын бұрды.

«Нұр Отан» партиясы Сәтбаев қалалық филиалының мәжіліс залында праймеризді өткізу тәртібін түсіндіруге арналған семинар-кеңесте Қадиша Оспанова партияның жас өкілдерімен және бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен кездесті. Алдымен жастарға мемлекетке қолдау көрсету керектігін айтып, праймериздің ережелерін түсіндірген Қ.Оспанова бүгінгі таңда басты кадрлық резерв ретінде партиядан патриот жастарды көргісі келетінін жасырмады. Ал, «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Ержан Хамитов өз кезегінде түрлі мемлекеттік бағдарламалар жөнінде баяндап, бұл бағытта қолға алынған жұмыстармен таныстырды.

– Жастарды қолдау бағытында 5 жылға арналған «Жастар-Отанға» деген бағдарлама бар. Онда жастардың белсенділігін, сапалы білім, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту және бос уақытты үнемді пайдалану сынды бес бағыт қамтылған. Бұл жоба тек қағаз жүзінде қалып қоймас үшін әр аймаққа жеке-жеке 5 жылға арналған 19 жол картасы әзірленді. Сәтбаев қаласындағы 15 мың жастың 47-сі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Яғни, түрлі бағыттағы кәсіппен айналысатындар. Бұдан бөлек, 357-сі жұмыссыз ретінде тіркелген. Осы деңгейді қалай төмендетеміз? Оларға қалай жұмыс тауып береміз? Алдағы уақытта осы сауалдарға жауап іздейміз. Жоғарыда айтылған «Жастар-Отанға» бағдарламасы мен JasOtan.kz сайтынан осы сауалдардың жауабын алуға болады, – деді. (далее…)

ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Пятница, 11 Сен 2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына орай облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы онлайн-форматта өтізген конференцияда облыс әкімінің орынбасары Абзал НҮКЕНОВ жастармен жүздесті. Көпшілік көкейде жүрген сауалына жауап алған келелі кездесуге жоғарғы оқу орындарының студенттері, магистранттар мен белсенді жастар қатысты. (далее…)

КӨМІРШІГЕ – ҚҰРМЕТ

Пятница, 11 Сен 2020

Облыстық мемлекеттік архивте Социалистік Еңбек Ері Галиулла ХАЙРУЛЛИННІҢ жеке қоры ашылды. Шахтердің туыстары суреттерін, мақтау қағаздары мен хаттарын, ұзын-ырғасы 60-тан астам құжаттың түпнұсқасын тапсырды. (далее…)

Көрме төрінде – мәдениет мақтаныштары

Пятница, 11 Сен 2020

Өнер дейтін қастерлі ұғым туралы Шәкәрім: «Талаптан да білім мен өнер үйрен, Білімсіз, өнерсіз болады ақыл – тұл» десе керек. Бүгінде өнерді бала бойына жастайынан сіңіріп, тұлға болып қалыптасуына зор еңбек сіңірген мәдениет майталмандары сол жұлдызы жанған шәкірттерінің жетістігін зор мақтаныш тұтады. Қала күні қарсаңында Ш.Ділдебаев атындағы мәдениет және шығармашылық орталығы «Мәдениет мақтаныштары» фотогалереясын салтанатты түрде ашты.

Шаһардан түлеп ұшып, қазақ мәдениетіне зор еңбек сіңірген өнер иелері мен шәкірттеріне, мәдениет жанашырларын ұлықтаған фотокөрменің лентасы сәрсенбінің сәтті күнінде қиылды. Жаңа жобаның ашылуымен құттықтаған Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Төлендина фотокөрменің өскелең ұрпаққа берері мол екендігін еске салып, мәдениет қайраткерлері қашанда құрметке лайық екендігін жеткізді.

«Саған арнаймын, әсем қалам!» атты фестиваль аясында қала күніне арналған «Өнердің жаққан алауын, Мақтаныштары қаланың» атты көрмеге барлығы 130-ға тарта өнер иелерінің суреттері ілінген. Көрме 3 буыннан тұрады. Бірінші қатарда мәдениет саласының ардагер-ұстаздары, мәдениет қайраткерлерінің суреті ілінсе, кейінгі қатарларда мәдениет жанашырлары, ақын-жазушылар мен елге, қалаға танымал өнер жұлдыздарының суреті топтастырылған. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта галерея қорын толықтыру жұмыстары жалғасатынын жеткізді.

Нұрлат ҚОНЫСБАЙ.
Суреттер автордікі.

Мерекелік төсбелгімен марапатталды

Пятница, 11 Сен 2020

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Жезқазған өндірістік аймағындағы алып кеніштің бірі саналатын Оңтүстік Жезқазған кенішіне биыл – 55 жыл. Осы жылдар ішінде даңқы кешегі Кеңес кезеңінде Одаққа жеткен кеніштің мыңдаған кеншілерін, өндірістің өрісін бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттап жүрген журналистер қауымының еңбегі ұшан-теңіз. Арқа журналистерінің елеулі еңбегін ескерген «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Кен-байыту кешенінің Бас директоры Амангелді Минигуловтың тапсырмасына сәйкес бір топ БАҚ өкілі «Оңтүстік Жезқазған кенішіне-55 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталды.

Торқалы тойдың төсбелгісін «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС әлеуметтік-еңбек қатынастары басқармасының Жезқазған аймағы бойынша басшысы Сабыржан Тембаев салтанатты жағдайда тапсырды. Сөз кезегінде ол кен өндірісі саласының кешегісі мен бүгінін қалың жұртшылыққа паш етіп жүрген журналистер қауымына алғыс білдірді.

Құрметке ие болғандардың қатарында «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Баспасөз қызметінің менеджері Ардақ Құлжанбекова бастаған Жезқазған аймақтық «Дидар» телеарнасының, «Мысты өңір», «Подробности» басылымының, сондай-ақ, Сәтбаев қалалық «Шарайна» газеті мен «Ақшам» телеарнасының журналистері, бейнеоператорлары бар. Ақпарат саласы мен корпорация арасындағы тығыз байланыстың айғағындай болған марапаттың өндіріс тақырыбына қалам тербеп жүрген журналистерге шабыт берері сөзсіз.

Өз тілшіміз.

Акция жалғасуда

Пятница, 11 Сен 2020

Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына белсенділік танытатындардың қатары жыл санап артпаса кеміген емес.

Әлеуметтік жағынан қорғалмаған, көп балалы отбасының балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған шараға ағымдағы жылдың наурыз айында өз жұмысын бастаған «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС жанынан құрылған «Бригадирлер кеңесі» де үлес қосуда. Асылбек Қойлыбай басшылық ететін ұжым жаңа оқу жылы қарсаңында жиырма шақты отбасына 15 мың теңгелік сертификат табыс етті. Сертификат арқылы көпбалалы отбасылар «Тұрар» сауда орнынан қалаған затын алу мүмкіндігіне ие болды.

Жалпы, Бригадирлер кеңесінің қызметі кеніш жұмыскерлерінің әлеуметтік мәселелеріне бағытталған. Құрылғанына 6 ай болған кеңестің бүгінде 1000-ға жуық мүшесі бар. Ал, «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын биылғы жылы олар 13-ші рет ұйымдастырып отыр.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет автордікі.

Сәулетті Сәтбаев

Пятница, 11 Сен 2020

Сәтбаев қаласы Қазақстанның бай да терең тарихы бар қалаларының бірі. Қаланың өткені Жезқазған-Қарсақбай-Ұлытау іспеттес ұлан-ғайыр өнеркәсіптік аймақтың тарихымен тығыз байланысты. Қазақ даласында осындай мыс алыбының дүниеге келуіне қаламызға есімі берілген Қаныш Имантайұлы Сәтбаев жүргізген кең ауқымды геологиялық-барлау жұмыстары бастау болды. Қаныштай кемеңгер тұлғаның ұрпақ жадында мәңгі қалар ісінің бірі – мысты шаһар Жезқазған мен сәулетті Сәтбаев қаласының негізін қалады.

Сәтбаев қаласының территориясы 1932 жылға дейін Ақмола мен Семей облыстарының құзырында болды. Кейіннен Қызылорда мен Шымкент облыстарының, ал, 1936 жылдың 29 маусымынан бастап Қарағанды облысының құрамына енді. 1926 жылы құрылған Қарсақбай ауданы мен оған бағынышты болған Жезқазған руднигі Оңтүстік Қазақстан құрамынан толықтай Қарағандының құзырына көшті.

1954 жылы Жезқазған-Рудник поселкесінен 7 шақырым жердегі жазық далада кеншілер кентінің құрылысы басталды. 1956 жылы Никольский жұмысшылар кенті аталып, ал, келесі жылы ол Бүкілодақтық комсомолдық қарқынды құрылыс боп жарияланды. 1973 жылдың 24 желтоқсанында Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен құрамында Рудник және Северный поселкелері бар Никольский кентіне қала мәртебесі берілді. Тәуелсіздік тұғырын көтеруге ұмтылған тұрғындардың өтініш-тілегіне орай 1990 жылдың 13 қыркүйегінде шаһарға оның негізін қалаушы Қ.Сәтбаевтың есімі берілді. Қазірі таңда қаламызда 70 мыңнан аса адам өмір сүріп жатыр.

Сарыарқа жеріндегі алғашқы мыс магниткасының қалыптасуына Қ.И.Сәтбаев бастаған геологиябарлау жұмыстары зор септігін тигізді. Ғұлама ғалым Қ.И.Сәтбаев есімі тау-кен металлургиялық комбинатына берілді. Алғашқы кен өндірісінің қаһармандары М.Бөпежанов., В.Гурба, Л.Тузов., Қ.Кентаев, Ә.Құсайынов, Ғ.Омаров, Ө.Байқоңыровтардың да есімі мәңгілік тарихта қалды. (далее…)

Жылу маусымына дайындық жүйелі

Пятница, 11 Сен 2020

Жылу беру маусымына әзірлік – күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе. Әсіресе әлеуметтік нысандардың қыс мезгіліне дайын болуы маңызды. Сәтбаев қалалық мәслихат депутаттары өткен аптада бірқатар білім беру және денсаулық сақтау мекемесінде болып, ондағы әзірлік жұмыстарымен танысты.

Қазіргі уақытта қала мектептерінде жылу маусымына дайындық қызу жүруде. Барлық құбырлар талапқа сай тексерістен өтіп, кетеуі кеткен құбырлар қайтадан ауыстырылған. Ал жергілікті сумен, жылумен жабдықтау кәсіпорнының күзгі-қысқы кезеңге дайындығы ұйымдастырылған түрде, кестеге сай өтуде. Жылу беру қазандықтары толыққанды жылу беруге қауқарлы. Депутаттарға әзірлік барысын таныстырған қалалық білім бөлімінің басшысы Берік Ақышбеков шаһардағы барлық мектептер жылу маусымына әзір екендігін айтты.

Халық қалаулылары атап айтқанда № 27, 19, 5, 3, 15 жалпы білім беретін мектептердің қысқа дайындығын тексеріп қана қоймай, кей нысандарда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының да барысын бақылады. Жөндеу жұмыстарының бекітілген кестеден кешіктірілуіне байланысты депутаттар ескерту жасап, мердігер ұйым өкілдеріне бұл мәселені дер кезінде жою қажеттігін айтты.

Депутаттық топ бұл мектептерде әзірлік жұмыстары аяқталып, тиісті актілер алынғандығына көз жеткізді.

Апта басында халық қалаулылары қалалық емханада болып, ондағы жылу маусымына әзірлікті бақылады. Нысанда әзірлік шаралары толығымен орындалған, емдеу мекемесінің жылу қабылдау жүйесі күзгі-қысқы мезгілге дайын. Депутаттар бұдан бөлек тұрғындардың флюорография және рентген кабинеттеріндегі кезектің көптігі туралы шағымдарына байланысты емделушілерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру жұмысымен танысты.

Нұрлат ҚОНЫСБАЙ.